Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет6/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

17 

 

да арна тайыз және тар. Ол баланы ересек адамның сөзінсіз өз-



дігінен үйренуіне жағдай жасайды. Бара-бара арна кеңейеді. Ба-

лабақшада жүрген кезінде бала құрылымды оқыту арнасына тап 

болып, оны одан әрі мектепте және жоғары оқу орнында жалғас-

тырады  (шарықтау  шегіне  жеткізеді).  Тәжірибе  алу  арнасы 

жүйелі оқудың балаларды мәдени жетістіктерге баулудың ең не-

гізгі жолы болып табылады. Ересек адам жас сәбиді осылай бас-

палдақтан баспалдаққа, одан әрі жоғары “үйрету арнасына” ба-

ғыттайды. 

Сондай-ақ,  дүниені,  қоршаған  ортаны  түсіндірудің,  та-

нытудың басқа да жолы бар. Ол алғашқыға қарама-қарсы. Бұл – 

күрделіден  қарапайымға  көшу  жолы.  Өйткені,  қоршаған  дүние 

баланың үйрену арнасы бойынша баспалдақтан баспалдаққа ке-

зегімен  өмірді  танып-білгенін  тосып  тұрмайды.  Бала  өмірінің 

алғашқы  күнінен  бастап  түсініксіз  көп  қырлы  қасиеттері  мен 

танымал дүние бала үшін әлі құпия, ол оны сол бойынша немесе 

өзінше  қабылдап  жүйелейді,  ұйымдастырады  және  түсіндіреді. 

Түсіндіргенде  де  тек  өзіне  ғана  тән  кіші-гірім  білім  қорын 

негізге алады. Сондықтан да, көптеген табиғи және психикалық 

құбылыстар бала санасына таныс емес. Ол көбін байқағанымен, 

жете  түсіне  алмайды.  Осы  уақытта  бала  өзінен  үлкен  неліктен, 

неге деген сұрақтар қояды. Бірақ, көбінесе бұл сұрақтар жауап-

сыз  қалуы  да  мүмкін.  Өйткені,  5  жасар  бала  жел  неге  соғады, 

шөп неге жасыл деген сұрақтарға жауап табуда қиналады. Сон-

дықтан да балабақша жағдайында балаға бақылау жасату, көрсе-

тіп талдау, көрнекілікке негіздеу оның табиғатқа деген сүйіспен-

шілігін,  табиғат  әсемдігін  түсіне  білу  қабілетін  дамытады.  Осы 

тұста түрлі шығармалар үлгісімен де таныстырылады да, сол ар-

қылы  олар  жазушы  тілінің  ерекшеліктерін  де  түсінеді,  шығар-

маларда  суреттелген  көріністер  мен  әсемдікті  дұрыс  қабылдай-

ды. Бала жаны сезімтал, сенгіш, жүрегі, жаны табиғаттың әсем-

дігін де, музыканы да, сөзді де өте нәзік қабылдайды. Сондық-

тан бала тілін дамыту үшін олардың сезіміне әсер ету керек. Дү-

ниетанымын,  сезімін  оятпай,  санасын  тәрбиелемей  балалардың 

тілін дамытуға болмайды. 




18 

 

Балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, сөздік 



қорын  байыту  мен  бекіту  жұмысы  қоршаған  дүниені  белсенді 

танумен  байланысты  болғандықтан,  оны  бақылау  кезеңдерінде 

жүзеге асыру қарастырылады. 

Бақылау – балаларды табиғат құбылыстарымен танысты-

рудың жетекші әдісі, сонымен бірге тәрбиеші басшылық жасай-

тын табиғатты танудың негізгі құралы. 

Бақылау – мақсатты қабылдау, ол сезім және ақыл-ой тұ-

тастығын табатын күрделі танымдық үрдіс. Балалардың қабыл-

дауы, көру, есту, иіскеу, тыңдау, сезу сияқты танымдық процес-

тер  көмегімен  жүзеге  асады.  Бақылау  арқылы  қабылдау  сөзді 

белсенді пайдалануға негіз болып, оның ойлау, ой қорыту үрді-

сімен жалғасады. 

Тәрбиешінің  табиғат  құбылыстарын  бақылауды  ұйым-

дастыруы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  табиғатпен  таныс-

тырудың негізгі түрі болып табылады. Объектіге және балалар-

дың жас ерекшелігіне байланысты бақылау қысқа (ұзақтығы бір-

неше минут) және ұзақ (бірнеше күн немесе тіпті апта бойына) 

болуы  мүмкін.  Ересектер  топтарында  өткізілген  бақылауларда 

балаларды табиғат құбылыс-тарымен таныстыру кезінде әңгіме-

нің  өзегі  жекелеген  құбылыстар  емес,  бүтіндей  табиғаттың  тұ-

тастығын оның маусымдық өзгерістерін, байланысын саналы тү-

сінуге жетелейтіндей деңгейде жүргізіледі. 

Табиғат құбылыстарына бақылаулар жасау кезінде әсіре-

се табиғатта болып және байқап көруге мүмкіндік туғызатын құ-

былыстарды бақылауды таңдаған дұрыс (сүңгі, көктайғақ, нажа-

ғай, т.б). Осы арқылы бірінші кезекте баланың танымдық қабыл-

дауын  жүзеге  асыру  қарастырылады.  “Көктайғақ  қалай  пайда 

болды?”, “Оның адам өмірінде қандай қауіпі бар?” т.б. сұрақтар 

арқылы  балалардың  дұрыс  қабылдауы  жүзеге  асырылады.  Ба-

қылау ізденістік сипатқа ие болды, балалар құбылыстың себебін 

табуға тырысуды, салыстыруға, қорытынды жасауға төселеді. 

Балалар  зерттеушілік,  ой  пайымдау,  салыстыру  әрекет-

теріне төселіп, сөз қолдануға тырысады. Кейде бақыланатын құ-

былыс суреттегі бейнемен салыстырылады. Сондықтан балалар-

дың  назары  олардың  айырмашылықтарын  белгілеумен  бірге 



19 

 

(қарлы  боран,  құмды  боран)  бірнеше  құбылыстың  ортақ  белгі-



леріне (боран кезінде негізгі құбылыс желмен байланысты екен-

дігі), әсіресе, олардың елеулі жақтарына (жел) назар аударылып 

отырылады.  Бақыланып  отырған  құбылысты  салыстыруға  тап-

сырма  беріледі.  Сондай-ақ  тек  қиналған  жағдайда  ғана  көмек 

көрсетіліп, салыстырылатын белгілерді анықтауда балаларға ер-

кіндік беріледі. 

Бақылаудың  нәтижелерін  балалар  өздерінің  салған  су-

реттерінде көрсете біледі. Балалардың ойын жандандыруға, қо-

рытынды  жасай  білуге,  құбылыстарды,  олардың  себептерін  ай-

қындауға  “Сен  оны  қалай  білдің?  ойыңды  дәлелде”  деген,  т.б. 

сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 

Бақылаудың ерекше түрі – эксперимент. Ол арнайы жа-

салған  жағдайларда  ұйымдастырылады.  Сабақтарда,  серуен  ке-

зінде  немесе  табиғат  бұрышында  және  балабақша  жер  үлескі-

сінде балаларды жеңіл-желпі тәжірибелер жүргізуге тарту олар-

дың  бақылағыштығын дамытып,  объектілерге  және  табиғат  құ-

былыстарына белсенді де дұрыс қарым-қатынасын тәрбиелеуде 

зор мәні бар. 

Қарапайым  тәжірибелердің  көмегімен  балаларға  судың 

қатуын,  қар  мен  мұздың  суға  айналуын,  кемпірқосақтың  жаса-

луын және басқаларды көрсетуге болады. Мысалы: “Толқынның 

жасалуы”.  Легенге  суды  құйып,  балаларға  қолды  суға  салып, 

онымен жан-жаққа қозғауды ұсыну керек. Олардың назарын су 

толқынының  қалай  пайда  болатынына  аудару  керек.  Егер  қол-

мен қаттырақ қозғалтса, толқынның қозғалысы жылдамдайды. 

Кемпірқосақтың жасалуы. Арқаны күн жаққа қаратып

 

тұру 


және пульверизатордан немесе шлангтан суды шашырата себу. 

Көктайғақ секілді құбылыстармен таныстыру кезінде кө-

шедегі машиналардың жүрісіне бақылау жасалады. Мұз үстінде 

машинаны  бірден  тоқтатудың  қиындығын  балалар  бақылау  ке-

зінде көріп біледі. Балабақша жер үлескісіндегі жолдың бір бөлі-

гіне су құйдық, ол мұз болып қатты. Содан соң балалар оның үс-

тімен  жүрудің  қиын  екенін,  аяқ  тайғанап,  жығылып  қалуға  бо-

латынын бақылауды тапсыру керек. 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау