Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет9/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

26 

 

дегі тәжірибе және осы құбылысқа негізделген топырақта судың 



болатынын дәлелдеу жөніндегі тәжірибе, т.б. 

Табиғат  құбылыстары  мен  заттары  арасындағы  байла-

ныстарды  анықтау  балалардың  ойлау  қызметінің  белсенділігін 

арттырады.  Табиғаттағы  өзара  байланыстар  туралы  білімдерді 

қалыптастырудың  маңызды  шарты  –  балаларда  құбылыстарды 

сезу және қабылдау нәтижесінде алынған мағлұматтардың бел-

гілі  бір  қорының  болуы.  Табиғатта  бар  өзара  байланыстарды 

белгілеу  балаға  бақылаған  құбылысын  түсіндіруге  көмектеседі. 

Адам өмірі үшін табиғаттың мәнін түсіну  – оны қорғау, сақтау 

қажеттігін түсіну болып табылатын қарым-қатынасты қалыптас-

тыру керек. Табиғат құбылыстарымен таныстыру үрдісі негізіне 

баланың  нақты  заттармен  әрекеті,  табиғаттың  құбылыстарына 

педагог-тәрбиешінің  басшылығымен  жүргізілетін  бақылаулар 

жатады. Бала материалдық объектіні олардың қасиеттері мен қа-

рым-қатынастарын зерттей отырып, олармен үнемі бірлесе әре-

кет  жасайтын  болуы  керек.  Сонда  табиғаттың  белгілі  бір  және 

басқа құбылыстары туралы білімдерді ол қызмет үрдісінде, яғни 

ізденіс  және  ойлау  үрдісінде  алады.  Балалардың  білімі  өзіндік 

жаңалық  ашу  нәтижесіне  сүйене  алғанда  ғана  толық  болады. 

Мұндай ұғым жүйеге келтірілген сабақтар үрдісінде және бала-

лардың  табиғат  құбылыстарына  сабақтан  тыс  кезде  мақсатты-

лықпен  жүргізген  бақылауларына  басшылық  жасау  барысында 

жүзеге  асады.  Физикалық  құбылыстармен  таныстыру,  көбінесе 

тек баланың заттарды зерттеуі дәл мәліметтерге сүйену арқылы 

жүргізілген кезде, яғни қарапайым физикалық эксперимент қою 

кезінде барынша мол нәтиже береді. Мұндай эксперимент үрді-

сінде  баланың  назары  зерттелініп  отырған  заттың  физикалық 

қасиетіне  ерекше  аударылады.  Бұл  тәрбиешінің  нұсқауларын 

мүлтіксіз орындау дағдысын алуға, білімдер мен біліктерді иге-

рудің жаңа құралдарын меңгеруге әкеледі. Эксперимент жүргізу 

үрдісінде баланы құбылысқа өздігінен талдау жасауға, оның се-

бебін табуға және жеңіл-желпі қорытынды жасай білуге баулу-

дың маңызы ерекше. Жоғарыда көрсетілгеннен басқа, сабақ үр-

дісінде  бала  жүргізген  эксперимент  зерттелініп  отырған  құбы-

лыс немесе зат туралы барынша толық ақпарат беруге; әдеттегі 



27 

 

баяндау  әдісі  кезінде  мектеп  жасына  дейінгілерге материалдың 



көрнекілігі  мен  түсініктілігін  арттыруға;  таныстыру  үрдісін  ба-

рынша тиімді жасауға; мектеп жасына дейінгі балалардың таби-

ғи  қызығушылығын  барынша  толық  қанағаттандыруға  мүмкін-

дік береді. 

Ең алдымен балаларды қалай болғанда да, ұйымдаспаған 

тәжірибе үрдісінде болашақта олардың игілігіне айналатын нақ-

ты  шынайы  деректермен  таныстыру  қажет.  Мұндай  жағдайда 

алға  қойылатын  міндет  –  оларда  дұрыс  және  мүмкіндігінше 

объективті білім қалыптастыру керек. Таныстыру баланың нақ-

ты  ықыласына  негізделуі  және  ол  үшін  қызығушылығын  арт-

тырып,  ойын  әдісін  баса  қолдану  негізінде  жүзеге  асуы  керек. 

Әрине, баланы табиғатпен таныстырып, қоршаған орта әлеміне 

ендіру  теориялық  қорытынды  жасауды  керек  етпейді.  Бірақ, 

нақты  заттармен,  олардың  ерекше  қасиеттерімен  таныстыру 

олардың  сезім  мүшелеріне  әсер  етуді  сезінуін  жетілдіруді,  сол 

бойынша өздігінен ой қорытуларын жасауды керек етеді. 

Іс-тәжірибе  барысында  практикант-студенттер  сабақтар 

өткізу кезінде  көрсететін затты балалардың өздері сезінетіндей 

жағдай  жасайды.  Сонда  ғана  балалар  сұрақтарға  жауап  қайта-

рып, өздігінен жасаған тәжірибелеріне сүйеніп, байқаған қасиет-

терінің дұрыстығына көздерін жеткізеді. 

Мәселен,  ауаның  қасиеттерімен  таныстыру  төрт  сабақ 

барысында  жүргізілді.  

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті тақырыбы: “Ауа”. 

Сабақтың  мақсаты:  Ауаны  сезінудің әдісін  үйрету  және 

оның барлық жерде болатындығын дәлелдеу (ауа банканың, шы-

нының, стаканның, доптың ішінде, т.б.). керек. 

– Ауа тек сыртта және бөлмеде ғана емес, сондай-ақ, то-

пырақта, суда, қантта т.б. болатындығын көрсету. 

Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  тақырыбы:  “Ауаның 

қысымы”, “Ауаның салмағы”. 

Сабақтың    мақсаты:  -  Ауаны  қысуға  болатынын,  ауада 

салмақ барын көрсету  керек. 

–  Ауаның  серпімділігін,  жеңілдігін  дәлелдеу,  ол  үшін 

допты,  шарды  үрлеп  көрсету,  доптың  секіруі,  ауа  толған 



28 

 

шардың, доптың суға  батпайтындығын  тәжірибе жүзінде бақы-



лау, дәлелдеу  керек.  

– Ауаның қасиеттерін адам өмірінде және өндірісте пай-

даланудың маңызы. Ол үшін топырақпен, сумен тәжірибе жасау  

керек. 


Мұндай  сабақтарды  ұйымдастыру  кезінде  ауа  туралы 

ғылыми дұрыс ұғымдардың қалыптасуына баланың затты көріп 

қана қоймай, онымен тәжірибе жүзінде танысуы қамтамасыз еті-

леді. Сол себепті әр сабақтың негізгі мақсатын жүзеге асыру ба-

рысында  тәжірибе  жасау  оның  нәтижелерін  қорытып,  ұғымда-

рын ретке келтіру жағына баса көңіл бөлінеді. Қоршаған дүние-

ні  дұрыс  түсіну  үшін  балаға  қолайлы  жағдайлар  жасалынады. 

Олардың  тәжірибе  жасауы  жаңа  ұғымдар  қалыптастырудың 

бірден-бір бастау бұлағы болады. 

Табиғат  құбылыстармен    таныстыру  арқылы  балалар-

дың  байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастырудың  келесі  тиімді 

әдісі  проблемалық  оқыту  екенін  ескере  отырып,  эксперимент 

жұмысы барысында польшалық дидакт В.Оконь “Проблемалық 

оқыту” дегенді былай деп сипаттайды: “біз бұны мынадай әре-

кеттердің  жиынтығы  деп  түсінеміз  олар:  проблемалық  ситуа-

цияларды ұйымдастыруға, проблемаларды тұжырымды етіп ай-

туға  (бұған  балалардың өзі  бірте-бірте  үйренеді),  проблемалар-

ды шешуде балаларға қажетті көмек көрсетуге, бұл шешімдерді 

тексеруге,  алынған  білімнің  жүйелену  процесі  мен  бекітілуіне 

басшылық жасалынады”. 

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті кезінде бала ойын өр-

біту мақсатымен

 үнемі проблемалық жағдаяттарға сүйеніп отыр-

ған дұрыс. Бұл жағдайды олар өздерінде бұрыннан бар ұғымда-

рына әлі таныс емес құбылыстар мен заттарды, олардың ерекше-

ліктерін  нақты  қалпында  қабылдайды.  Мұндай  жағдайда           

баланың алғашқы реакциясы – таңғалу. Таңғалу қызығушылық-

қа, қызығушылық танымдық құмарлыққа, білгісі келу алға қой-

ған  міндетті    шешуге  даяр  болуға  ұласады.  Бала  бұған  дейін 

оған әдеттегі болып көрінген нәрседен ерекшелік тапты. Таныс, 

талай  рет  көрген  құбылыстардан  ол  күтпеген  және  оғаш  жай-

ларды  аңғарады.  Оның  бойында  осы  бір  таңқаларлық  жайды 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау