Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет4/26
Дата19.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#21024
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

11 

 

ғымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бей-



нелі  сөздерді  меңгеруге  жаттығады.  Бұл  жастағы  балалар  өзі 

қайталап  жүрген  шығарманы  суреттеп  байланыстырып  сөйлеу-

ге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады. 

Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты 

әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға 

жаттықтырады. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үй-

ретудің екі  түрі бар: 

1.  Екі  немесе  одан  да көп  адамдардың  арасындағы  әңгі-

мелесуді-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір 

нәрсе жайында сұрап, соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеу-

дің  бұл  түрін  үйретуде  алдын  ала  әзірленген  әңгімелесу  әдісі 

қолданады.  Алдын  ала  әзірленген  әңгімелесудің  міндеті  бала-

ларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны 

тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше 

күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші 

топтағы  балаларға  әңгімеге  тақырып  боларлық  нәрсе  жайында 

қысқаша  түсінік  беріп  таныстырады.  Тәрбиешінің  мұндай  әңгі-

месі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әң-

гімелердің аяқталуынан, қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріс-

пе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалар-

дың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір 

мақсатқа  негізделіп,  сол  оқиғаны  немесе  нәрсені  балаларға  то-

лық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу 

немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады. 

Байланыстырып  сөйлеудің    екінші    түрі  монологты, 

яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланысты-

рып  сөйлеудің  бұл  түріне  үйрету  екі  жастан  басталады.  Зерт-

теулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқа-

ғанын,  тыңдағанын  өз  сөзімен  айтып  бере  алады.  Монологты 

сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және 

ойдан  шығарып  айту.  Қайталап  айту  кезінде  бала  тәрбиеші  тү-

сіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы 

бойынша баяндайды. 



12 

 

Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген 



ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және 

балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құ-

рап жеткізеді.    

 

Студенттерге берілетін тапсырма    

1. 


Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің

 түрлері қандай? 

2. Монологты сөйлеу, оның ерекшелігі. 

3.  Диалогты сөйлеу, оның ерекшелігі.    

 

 

Әңгімелесу барысындағы балалардың  ойлау 



әрекетінің ерекшелігі 

 

Баланың айналадағы өмірді, қоршаған дүниені, адамдар 



арасындағы қарым-қатынасты танып-білудегі басты жәрдемшісі 

–  тіл.  Тілдің  дамуы  оның  сана-сезімінің,  ой-өрісінің,  жеке  бас 

ұйытқысының  қалыптасуына  негіз  болады.  Болашақ  азаматтың 

жеке бас тұлғасын қалыптастыру негізі мектепке дейінгі кезеңде 

басталады. 

Педагогика  саласында  тіл  біліміне  ерекше  мән  беріліп, 

тіл мен сана, сөйлеу мен ойлау өте тығыз байланысты қарасты-

рылады. Адам ойы сөйлеу тілінде көрініс табатындықтан, дұрыс 

сөз құрау, өз ойын нақты да, тиянақты жеткізу ақыл-ойдың көрі-

нісі болмақ. Сөздердің грамматикалық жүйесін, оларды қолдану 

тәсілдерін  меңгеру  арқылы  адамның  ойлау  жүйесі  де  дамиды. 

Сонымен  қатар  көргенін  айтып  талдау  арқылы  бала  қоршаған 

дүниені таниды. 

Психолог Н.И.Жинкиннің пікірінше ішкі сөйлеуде пайда 

болатын  ой  басқа  адамға  акустикалық  кешен  арқылы  жетеді. 

Дыбыс есту мүшелерінің қызметімен жүйке сигналдары түрінде 

миға жетіп, тыңдаушыға жеткізіледі. 

Бала айналасындағы заттар мен құбылыстарды, көрініс-

терді біліп қана қоймайды, соларды ұғынуға талпынады, соның 

негізінде  біртіндеп  ол  жайында  ұғым  қалыптастыруға  ұмтыла-

ды.  Сондықтан  бала  мынау  не?  Бұл  неліктен  болады?  т.с.с.  сұ-



13 

 

рақтар қойып өз ойын айқындауға тырысады. Сұрақтарға жауап 



алу барысында олардың ойлау қабілеті дамиды. Ойдың жемісі – 

сөз. Бала сөз арқылы өз ойын сыртқа шығарады. Тіл мен ой ты-

ғыз  бірлікте  болғандықтан,  байланыстырып сөйлеуді  дұрыс  қа-

лыптастыру  арқылы  ойлауды  да  жетілдіруге  мүмкіндік  туады. 

Тілі  дұрыс  қалыптасқан  бала  басқаның  да  ойын  тез  түсініп,  өз 

ойын  да  жүйелі  жеткізе  алады.  Сонымен  қатар  тіл  мен  ойлау 

бір-бірімен  байланыста  екенін  ұғады.  Тілсіз  ойлаудың  болмай-

тынына,  әрбір  ой  тіл  арқылы  ғана  көрінетініне,  яғни  сөйлеуді 

ойлаудан бөліп алудың мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. 

Зерттеуші-ғалым,  профессор  Х.  Досмұхамедов  тіл,  сөй-

леу  адам  психологиясының  басты  белгілерінің  бірі  екендігін 

айта келіп: “Тіл  – жұрттың жаны. Өз  тілін өзі білмеген ел бол-

майды.  Тілінен  айырылған  жұрт  –  жойылған  жұрт…  Ана  тілін 

білмей тұрып, бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш. Ана тілін 

жақсы  біліп  тұрып,  бөтенше  жақсы  сөйлеу  бұл  –  сүйініш”  деп 

жасаған тұжырымы бүгінгі заман талабымен үндесіп жатқанын 

көреміз. 

Бала  тәрбиесіндегі  тіл  мәніне  ерекше  көңіл  бөлген  ұлы 

чех педагогы Я.А.Коменский: “Бала тілін мектепке дейінгі сәт-

тен бастап дамытпай, жеке адам тәрбиелей алмаймыз”деген  тұ-

жырым  жасады.  Ол  өзінің  баршаға  танымал  “Аналар  мектебі” 

еңбегінде:  “Сөз  әр  заттың  мәнін  бейнелейді,  сөзді  түсінбес  бұ-

рын  заттың  мәнін  түсінуі  керек,  сөз  заттардың  жеке  белгілерін 

түсінуі  барысында  сыртқа  шығады”  деген  ойы  бүгінгі  таңда  өз 

мәнін сақтауда. 

Ал Н.Құлжанова мектепке дейінгі тәрбие мәселесін зерт-

тей келіп, баланың нені үйренуі керектігіне тоқтала келіп: 

- сөйлеу, яғни сөз бен сөзді байланыстырып, өзінің ойын, 

талабын, көңіл сезімдерін басқаға жеткізу

- ойлай білу сырттан алып, ойға тоқыған заттарды салыс-

тырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, әр нәрсе туралы 

өзінің ойын айтып, бір пікір шығару

-  ойға  тоқығанды  және  оған  деген  көзқарасын  жарыққа 

шығару (ойын, сурет, әңгіме арқылы); 




жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау