Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет18/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30

72

73

Химия 



қызықтары 

(қосымша 

мәліметтер 

дайындау).



ІІІ. Жаңа сабақ.

1.  Сабақтың  эпиграфы:  «ХХІ  ғасыр  –  білікті, 

білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі.» 

                                           (Н.Ә. Назарбаев)

-  Балалар,  бүгінгі  сабақты  біздің  Елбасымыздың 

сөздерімен бастағым келеді -  «ХХІ ғасыр – білікті, 

білімді,  бәсекеге  қабілетті  жастардікі.»  Қалай 

ойлайсыңдар, Елбасымыз осы сөздермен не айтқысы 

келеді? 

(Оқушылар жауап береді).

- Иә, дұрыс. Қазіргі заман ақпараттық технология 

дамыған заман. Тек ақылды, білімді жастар ғана өз 

мақсаттарына жете алады. 

Сендердің  назарларыңызға  бір  бейнеролик 

ұсынғым келеді. (бейнеролик  арқылы оқушыларды 

сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру).

2. Рөлдік ойын (4 оқушы арасындағы әңгіме)

1-оқушы:  –  Біздің  мектептің  мұғалімдері  қызық. 

Алгебра  пән  мұғалімі  бар  ғой:  «Математикасыз, 

логикасыз  сіздер  болашақта  нан  таба  алмайсыздар. 

Математика  сіздің  ойлау  қабілетіңізді  арттырады. 

Математиканы таңдаңыздар»- дейді. 

2-оқушы: – Ал, биология пән мұғалімі: «Биология 

– ол денсаулық, ол – организм. Ол – тіршілік. Сенің 

денің сау болмаса, атақ, абыройың бір тиын» - дейді.

3-оқушы: – Физика пәнінің мұғалімі: «Физика – бұл 

құбылыс. Ол өмірде болып жатқан қозғалыс. Барлық 

сұрақтың жауабын физикадан табасың»- дейді.

4-оқушы:  –  Тарих  пәнінің  мұғалімі:  «Тарихсыз 

болашақ  жоқ!  Ата-бабаңды,  салт-дәстүріңді  білу 

керексің!» - дейді.

- Барлық пәннің маңызы зор! Ал сендер қай пәнді 

сүйіп оқисыңдар?

1-слайд.


-  Ал,  балалар,  біздер  бүгін  сабақта  да  осы 

сұраққа  жауап  беруге  тырысамыз,  пікір  алысамыз, 

шығармашылықпен жұмыстанамыз. Бүгінгі сабақтың 

тақырыбы: «Маған ұнайтын пән. Синтаксис тарауын 

қайталау»  бүгін сендер екі топқа бөлініп отырсыңдар. 

І  топта  –  гуманитарлық  бағыттағы  пәндерді 

таңдаған  оқушылар,  ал  ІІ  топта  –  жаратылыстану- 

математикалық  бағыттағы  ғылымдарды  (пәндерді) 

таңдағандар.

- Ал,  енді, ұнайтын пәнге келетін болсақ, сендер 

қай пәнге ерекше көңіл бөлесіңдер? Неге?

(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

І. 2 оқушының сұхбаты.

– Мен қазақ тілі пәнін жақсы көремін. Өйткені мен 

қазақ әндерін айтқанды ұнатамын.

- Ал,  сен қазір бір әннің үзіндісін орындап бересің 

бе?

- Жарайды. (ән орындайды) Маған ағылшын тілі 



де ұнайды. Көп тіл білген  жақсы ғой! Заман талабы   

– осы.


-  Сенің  ұлтың  еврей,  ал  өз  ана  тіліңді  білетін  – 

шығарсың?

- Әрине, білемін. (еврит тілінде ән салады)



74

75

-  Максим,  қандай  керемет  жігітсің!  Қанша  тіл 



білесің. Өте жақсы ғой! Кім болғың келеді?

- Әнші болғым келеді.

- Ал, сендер ұнайтын пәндер көп екен, осы пәндер 

көп екен, осы пәндер бойынша қандай жетістіктерге 

жеттіңдер? Айта аласыңдар ма? Нәтижелерің бар ма?

ІІ. 2 оқушының  жауабы.

1-оқушы:  -  «7-сыныпта  физика  пәні  мені  өте 

қызықтырды. Әрі қарай білуге тырыстым. Көп кітап 

оқыдым. «Авиамоделирование» үйірмесіне жазылып, 

көптеген  ұшақ  түрлерін  өз  қолыммен  жасадым. 

Содан кейін мен планер спортына жазылдым. 100 рет 

ұшақпен аспанға көтерілдім. Мен болашақта ұшқыш 

болғым  келеді.  Физика  пәні  көп  әсерін  тигізді.  

Сондықтан мен физика пәнін таңдадым».

2-оқушы:  -  «Маған  қазақ  тілі  өте  ұнайды.  Қазақ 

тілі  –  бай  тіл.  Ұлы  Абайдың  тілі.  Мен  өлеңдерді 

жатқа  айтқанды,  достарыммен  қазақша  сөйлегенді 

жақсы  көремін.  Мен  5-сыныптан  бастап  сахна  

қойылымдарына қатысып, көп жетістіктерге жеттім. 

Сонымен  қатар  қазақ  тілі  олимпиадаларына, 

сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. 

Болашақта  мен  аудармашы  болғым  келеді.  Менің 

ойымша,  Қазақстанда  тұратын  барша  халық  қазақ 

тілін білуі қажет».

-  Балалар,  рахмет,  жақсы  нәтижелерге  жеткен 

екенсіңдер,  болашақта  тек  биіктен  көрініңдер!  Ал 

енді, балалар, үйге сендерге шығармашылық жұмыс 

тапсырылды.  Әр  топ  арнайы  тақырып  бойынша 

сұхбат дайындап келу керек еді, дайынсыңдар ма?

І  топ  мектеп  оқушыларынан  «Саған  қандай  пән 

ұнайды?»,  ал  ІІ  топ  мектеп  ұстаздарынан    «Сіз  өз 

пәніңіз туралы не айтасыз?» деген сұхбат алу керек 

едіңдер.

(Оқушылар  өз  шығармашылық  жұмыстарымен 

таныстырады)

-  Әрине,  балалар,  ұстаздардың  еңбегі  зор.  Пәнге 

деген  қызығушылықтарыңды  арттыру  үшін  ұстаз 

бар күшін аямай, бар білімін сендерге беруге дайын. 

Сендер  Қазақстанның  адал,  білімді  азаматтары 

болады деп сенеді.

-  Ал,  енді,  балалар,  «Грамматика»  тақырыбына 

көңіл бөлейік:

1. Синтаксис нені зерттейді?

2. Сөз тіркесінің неше түрі бар?

3. Сөздер неше түрлі тәсілмен байланысады?

4.  Сөздердің  қандай  байланысу  түрлерін 

білесіңдер?

5. Сөйлем дегеніміз не?

6. Айтылу мақсатына қарай қандай түрлері бар?

7. Сөйлемнің құрылысына қарай түрлері қандай?

Синтаксистік талдау жасау. (тақтада орындалады) 

Екі топқа үлестірмелі кәртішкілер таратылады.  

а)    Наданмен  дос  болғанша,  кітаппен  дос  бол. 

(хабарлы,  қарсылықты  бағыныңқылы  сабақтас 

құрмалас  сөйлем;  І.  жай,  жалаң,  толымсыз,  жақты 

сөйлем; ІІ жай, жалаң, толымсыз, жақты сөйлем)

ә)  Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды  жығады. 

(хабарлы, жалғаулықсыз ыңғайлас салалас құрмалас 

сөйлем)



жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау