Бірге оқимыз» жобасы аясында «Оқымысты отбасы» тақырыбымен өткізілетін қалалық сайысының ережесі



жүктеу 62,15 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі62,15 Kb.
#13585

ММ «Өскемен қаласының білім бөлімі»

«Бірге оқимыз» жобасы аясында



«Оқымысты отбасы» тақырыбымен өткізілетін қалалық сайысының ережесі

Өскемен қаласы, 2015 ж.
«Оқымысты отбасы» сайысының ережесі
Сайыстың мақсаты: Отбасымен оқу дәстүрін қайта жаңғырту.

Міндеттері:

1.Отбасымен ынтымақтастық орнату негізінде баланың оқу мәдениетін дамыту.

2. Балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру, кітаппен үлгіқалыпты емес әдіс-тәсілдер арқылы өз ой-өріс шығармашылықтарын ортаға салуға мүмкіндік беру.

3.Өсіп келе жатқан ұрпақта оқу құндылықтары және оқу маңыздылығы мен кітап мәдениеті туралы ойды қалыптастыру.



Жалпы ережелері:

  1. «Оқымысты отбасы» сайысын «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ «Бірге оқимыз» жобасы аясында өткізеді.

  2. Сайыс 4 номинация бойынша шығармашылық тапсырмалар түрінде жүргізіледі.

  3. Жұмыстар мемлекеттік тілінде қабылданады.

  4. Тапсырылған жұмыстарға баға беру мен марапаттау орындарды сарапшы алқасы Өскемен қаласы мектептерінің кітапханашылары жасайды: №3 мектеп-гимназиясы, №16 орта мектеп, №35 орта мектеп, О.Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі.

  5. Жұмысты № 3 мектеп-гимназиясына тек қана жетекшілер өткізулері қажет.

  6. Сайыстың ұйымдастырушылары сайыстық жұмыстарды бұқаралық ақпараттық құралдарға, ғаламтор желісіне, жинақ ретінде жарыққа шығару, фотоальбом жасау (сайысқа қатысушылардың қолжазба рұқсаты бойынша, №2 қосымшадан көруге болады) пайдалануға құқылы.

  7. Әр мектептің жұмыс саны 4 -тен аспауы қажет. Әр номинация

1 жұмыстан аспауы қажет.

Сайысқа қатысушылар:

Сайысқа Өскемен қалалық мектептерінің 1-11 сынып оқушылары ата-аналарымен бірге қатыса алады.



Сайыстың өткізілу мерзімі:

1.Дайындық кезең 2015 жылдың 21 желтоқсан мен 2016 жылдың 04 сәуір аралығында өтеді.



Жұмыстар 2016 жылдың 04 сәуірінен кейін қабылданбайды.
2.Жұмыстарды тексеру мен қорытындылау 2016 жылдың 5,6 сәуір күні жүргізіледі.

3. Марапаттау 2016 жылдың 20 сәуір күні «Бірге оқимыз» атты соңғы мерекесінде өткізіледі.



Сайыстық жұмыстарға қойылатын талаптар:

1.Қатысушылар таңдалған кітапқа 4 номинация бойынша визиткалық карточка жасау қажет (сайыс ұйымдастырушылар ұсынған әдебиеттік тізімнен, №1 қосымшадан көруге болады )



1.1 Ертегіні өзіміз құрастырамыз: «Егер мен Алдар көсе болсам... (немесе басқа кейіпкер тізімнен) 1-4 сыныптарға.

Қатысушылар ертегінің мазмұнын қиялмен, әдебиет сөзімен сауатты құрастыру қажет. Ертегі қолжазба түрінде, 2 парақтан, А4 форматында орындалуы қажет.Суреттеуге, қаптауға рұқсат беріледі. Жалпы жұмыс көлемі 4 беттен болуы керек.



1.2 Әдеби кейіпкерге хат жазу (кейіпкер шығарманың тізімінен болуы керек) – 5-6 сыныптар аралығында.

Қатысушылар бұл хатты шығармашылықпен орындап , хат салатын қалтаға (конверт) аты-жөнін жазып, хат алушының аты-жөнін жазу керек. Хат көлемі 2 беттен аспауы қажет. Сайысқа қатысушының өз қалауымен , қолымен салған суреттермен безеңдіруге болады. Хат қолжазба түрінде, ұқыпты, қаламмен түзетусіз орындалуы қажет. Жазған күні беттің жоғарғы оң бұрышына қойылып, беттер реттік сандармен белгіленуі керек.



1.3 Коллаж «Кітапты отбасы ауқымына алыңыз» (берілген кітап тізімінен алынады)- 7-8 сынып аралығында.

Құжат бойынша шығармашылық жұмыс А3 көлемінде орындалып, ұқыпты және сапалы жадығаттармен, мәтіні сауатты құрастрылып, берілген тақырыпқа сәйкес келіп, ұқыпты рәсімделуі қажет..



1.4.Жарнама « Кітап туралы ең үздік пікір» (электрондық презентация түрінде- Power Point, ұсынылған кітаптың тізімінен) – 9-11 сыныптар аралығында.

Жұмыстың авторлары жарық, ақпаратқа толы жарнамалық, 10 слайдтан тұратын өнімді ұсынулары қажет. Презентацияның жалпы көлемі 20

Мb-тан аспауы қажет, көрсетілім кестесі 3 минуттан аспауы қажет. Жұмыс тек қана шығарма туралы ақпараттан емес, тізімнен таңдалып алынған кітап пайдасына дәлел жасау. Бұл кітап қызықты, тартымды және қазіргі оқырманға қажет екенін дәлелдеу.
2. Сайысқа жұмыстар дайындау кезінде келесі ұсынылады:

* Шығарманың өзектілігін дәлелдеу

*Оқырмандарда кітап қандай эмоцияларды оятқанын жеткізу

*Тізімнен таңдалып алынған кітапты, басқа оқырмандарды оқуға

қызықтыру.
3. Сайыстық жұмыстарды бағалау өлшемдері (критерии)

* Өзіндік (Оригинальность)

*Толық мазмұнды (шығарманы толық ұғыну, кітаптың негізгі идеясын

ашу, тапсырма талаптарына сай болуы)

*Шығармашылық үйлесім
Сайыстың өткізілу тәртібі:

Сайысқа қатысу үшін Қалалық білім беру бөліміне ұсыныс жасау қажет (№3 қосымша ), әдіскер- М.Е.Ерсаиноваға ,2015 жылдың 01 ақпанына дейін.


Өскемен қаласы

ММ «Өскемен қаласының білім бөлімі»

Тел:26-89-06 Е-mail: Ersainova@goroo.ukg.kz

1 қосымша

1-11 сыныптарға

Отбасылық оқуға арналған әдебиеттік ұсыныс тізімі


1-4 сынып:


  1. Алдаркөсе

  2. Тазша бала

  3. Ертөстік



5-6 сынып

  1. «Менің атым Қожа» Б.Соқпақбаев

  2. «Арыстан мен виолончель» М.Қабанбаев

  3. «Жабайы алма» С.Мұратбеков



7-8 сынып

  1. «Көксерек» М.Әуезов

  2. Абайдың өлеңдері

  3. «Сайтан көпір» О.Бокей



9-11 сынып

  1. І.Есенберлин «Көшпенділер»

  2. М.Әуезов «Абай жолы»

  3. Ш.Айтматов «Ақ кеме»

2 қосымша


Мен, _________________(баланың аты-жөні) ата-анасы ________________

______мектеп оқушысы____сыныбы, біздің шығармашылық жұмысымызды бұқаралық-ақпараттық құралдарда, ғаламторға, жинақ жасауға, фотоальбом шығаруға рұқсат беремін.


Қолы

3 қосымша




Қатысуға ұсыныс

1.Оқушының аты-жөні_____________________

2.Оқып жүрген орны_______________________

3.Номинация______________________________

4.Жұмыстың аты___________________________

5.Жетекшінің аты-жөні_____________________



6.Жетекшінің жұмыс орны, телефон, электрондық мекен-жайы___________________________________________
жүктеу 62,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау