4
5
Ғылыми ойлар отауы
ӘОЖ 81:37.016 А.САҒЫМОВА,
аға оқытушы,
Алматы технологиялық
университеті
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫң
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Автор мақалада кәсіби қазақ тілін оқытудың
әдіс-тәсілдері,
мақсаты,
әлеуметтік-қатысымдық
қызметі, мемлекеттік тілді мамандыққа сай оқытудың
ерекшеліктері туралы баяндайды.
Түйін сөздер: мемлекеттік тіл, тілді оқыту, озық
технологиялар, әдіс-тәсілдер, мақсат-міндеті.
Елбасы «Қазақстан-2050» стратегиясында қазақ тілі
және тілдердің үштұғырлылығына тоқталып,«Қазақ
тілі-біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз-оны
барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз
ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының
тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен
толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз.
Бұл-өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс
міндет» деп атап көрсетті.
Әлемдік өркениетке қадам басқан еліміздің бүгінгі
жаңару бағыты – мемлекеттік тілді жетік білетін, терең
білімді, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны оқытып,
қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстаннның қоғамдық-
CONTENT
Center of scientific thought
A.SAGYMOVA. Teaching methods of Professional
Kazakh Language ......................................................5
Z.MAKHADIL. The development of functional literacy of pupils ....16
R.SHAKIROVA. Application of Zh. A. Karayev’s technology ...........29
Development of the speech
S.AKHMETZHANOVA. Role of dictionary work in development of the
speech of pupils .......................................................37
R.BEKESHOVA. Development of students’ speaking skills using
elements ethnopedagogics .......................................43
For the aid to teachers
A.IZBASOVA. Spiritual
and moral education of the
younger generation .................................................50
N.DUYSENBEKOVA. Development of critical thinking skills of pupils
and formation skills of speech culture at
Kazakh language lessons .........................................54
Z.SHILDEBAEVA. Development of functional literacy
of pupils at lessons of the Kazakh language ...........60
Educational space of college
M.TUGELBAYEVA. “The correct use of forms of a verb” .......................63
Teacher’s tribune
B.KOLBAYEVA. “The teacher is the most honourable and at
the same time most difficult profession” .................66
In the world of technique: the Kazakh language
G.MUKANOVA. My favourite subject ...............................................71
L.AYTZHANOVA. Pets ..........................................................................78
T.MUKASHEVA. Correction of mistakes ...........................................83
G.PANFILOVA. When the spring came ............................................89
V.SULTANKYZY. Food-supports a person ........................................95
A.NURMAGANBETOVA. Ybyrai Altynsarin – a teacher-educator ..................98
E.SHERIYAZDANOV. Summer vacation ..................................................104
Knowledge Base in primary school
G.KAYYPOVA. Magnificent colours ..............................................108
A.KALIEVA. Computer Science ...............................................111
G.KASENOVA. Our school ............................................................115
Out of class work
G.NAUKHANKYZY. “Friendship – our support” ...................................119
L.AUBAKIROVA. “My native language – an invaluable
spiritual wealth” ....................................................125
ZH.KAYRZAYEVA. Kazakh land- a cradle of peace
and harmony ..........................................................131
Test work
A.NURIYEVA. Test questions .......................................................135
6
7
саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа
бастамалар білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізіп,
мемлекеттік тілді мамандыққа бейімдеп оқытуға,
яғни, ғылыми тілдің қалыптасуына мүмкіндік туып
отыр. Қазақстанның түкпір-түкпірінде әр саладағы
мамандыққа кәсіби қазақ тілі қолданылады.
«Кәсіби қазақ тілінің» мақсаты - қазақ тілін кәсіби
деңгейде меңгерту. Бұл деңгейді аяқтаған студент
мемлекеттік тілде таратылатын мол ақпараттар
толқынынан өзіне, өз мамандығына қажеттісін
таңдап алып, оны коммуникативті-функционалдық
бағытта қолдана білуі, мемлекеттік тілде өзіндік
көзқарасын таныта алу, оны дәлелдеп, қорғау,өзінің
алған білімі мен білік-дағдыларын, қазақ тіліндегі
сөздік қорын,терминологияны үнемі дамытып
отыруы,мемлекеттік тілде өз мамандығы аясында
шешен сөйлеуге дағдылануы, кез келген жағдайда өз
бетінше шешім қабылдау, проблеманы танып, оны
шешудің жолдарын айқындау, оны мемлекеттік тілде
көркем жеткізе білуі керек,
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-қатысымдық қызметін
кеңейту мен дамытуда оның қоғамның барлық саласында
қолдану аясының кеңи түсуі тіл үйренушілердің болашақ
мамандығымен байланысты екендігі баршамызға мәлім.
Осыдан бәсекеге қабілетті, мемлекетіміздің мақсаты
мен мүддесіне қызмет ететін білікті маман даярлауда
студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне
еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар
жүргізе алуға,мамандық саласына қарай жиі кездесетін
лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік
құрылымдарды қолдануға,өз мамандығы бойынша
хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға, мамандық
бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге
үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап,
түсіндіруге, мемлекеттік тілде сөйлеу дағдысын дамыту,
ауызша қарым-қатынас жасау кезінде коммуникативтік
тілді қолданулары үшін сөздік қорларын байыту, өз
ойларын жүйелі түрде айтуға машықтандыруымыз
керек.Білім алушы әр түрлі жанрдағы жеңіл мәтіндерде
айтылған ойдың негізгі мазмұнын түсініп, сөйлемдерді,
мәтін және сұхбаттарды мәнерлеп оқып, фонетикалық,
грамматикалық, лексикалық жаттығуларды орындай
алуы тиіс. Аударма, кәсіби бағыттағы сөздіктерді
пайдалану, қазақша дұрыс мәнерлеп сөйлеу машығын
қалыптастыру,белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы
танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті
ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі қажет.
Осы мақсатта соңғы жылдары қазақ тілін мамандыққа
сәйкестендіріп оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми
зерттеулер жүргізіліп, ол зерттеулердің нәтижесінде
кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалды.
Қазақ тілін мамандыққа сай оқытудың басты
ерекшеліктерін
анықтауда,тиімді
әдістемесін
ұсынуда әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының
докторы,профессор
Ф.Ш.Оразбаеваның
бүгінгі
күнде үлкен бір ғылыми-әдістемелік мектебі
қалыптасқан.Ғалым теориялық және әдістемелік
тұрғыдан тілдік қатынастың негізін қалаған еңбегінде