Мектебінде



жүктеу 0,89 Mb.
Pdf просмотр
бет17/30
Дата20.05.2018
өлшемі0,89 Mb.
#15273
түріЛитература
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30

68

69

атқаратын – тек өз еңбегіне шың жүрегімен берілген 



мамандық иелері болуы тиіс деп ойлаймын. 

Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры 

Бауыржан  Момышұлы  «Ұстаздық  –  ұлы  құрмет. 

Себебі,  ұрпақтарды  ұстаз  тәрбиелейді.  Болашақтың 

басшысын  да,  данасын  да,  ғалымын  да,  еңбекқор 

егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ 

берген  аналарды  қандай  ардақтасақ,  сол  ұрпақты 

тәрбиелейтін  ұстаздарды  да  сондай  ардақтауға 

міндеттіміз”  деген.  Бала  бойына  ата-анадан  кейінгі 

ақыл-ой,  адамгершілік,  әдептілік,  ар-ұят,  ұлттық 

сана-сезімді  сіңіруші  адам  –  Мұғалім.  Ендеше  өз 

ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, 

шәкіртінің  жанына  нұр  құйып,  оларды  бақытқа 

жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да 

бөлек.

Тәуелсіздігімізді  алып,  төбемізге  ту  тігіп, 



тіліміздің  мәртебесі  артып,  әлемге  атымызды 

танытып  жатқан  кезеңде  ұлттың,  елдің  болашағы 

–  жас  ұрпақ  тәрбиесіне  де  мықты  көңіл  бөлінуі 

қажет.  Осы  тәуелсіз  Қазақстанда  өркениетке  бастар 

жолдың    бастауы  –  мектеп  десек,  мектептің  басты 

тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ. Адамның  адам  болып 

қалыптасуына  ата-аналармен  қатар,  мұғалімнің  де 

рөлі  зор.  Мінекей,    менің  де  ұстаздық  еткеніме  20 

жыл  болыпты.  Басқа  ұлт  мектебінде  еңбектеніп, 

шәкірттерімнің жетістіктеріне, жеңістеріне, өмірден 

өз орындарын тауып жүргеніне қуаныштымын.

Қазіргі  кезде  сол  ұстаздардың  еңбегін  көбінесе 

ата-аналар  тәрк  етуде.  Балаларының  біліміне, 

тәрбиесіне  ат  салысудың  орнына,  керісінше  менің 

балам  «аппағым,  жұмсағым»  деп  шығатын  ата-

аналар  аз  емес.  Бірақ,  барлығы  сондай  деп  айтуға 

болмайды. Негізі балаларының сөздерін қолпаштап, 

мұғалімді  жамандап,  шағымданып,  мұғалімнің 

еңбегін  жоққа  шығарып  жататындар  жетерлік.  Бұл 

жерде  ата-аналарды  да  түсінгім  келеді.  Бірақ,    әр  

ұстаз  өзінің  шәкірті  алдыңғы  қатарда  болса  екен 

дейді  ғой.  Қазіргі  кезде,  ата-аналардың  барлығы 

дерлік балаларына небір қымбат ұялы телефондарды 

алып, солардың ішем дегенін ішкізіп, жеймін дегенін 

жегізіп, аламын дегенін алғызып, бетімен жіберген. 

Олардың  сабаққа  деген  ешқандай  ынталарының, 

қызығушылықтарының  жоқ  екенін  көруге  болады. 

Әйтеуір,  сабаққа  келдім,  болды  деумен  шектелетін 

сияқты.  Осындай  жәйттерді  кейбір  оқушылардан 

көрген  кезде  ішім  ашып,  қынжылады.  Өмірден 

қанша  мысал  келтіріп,  сабаққа  деген  ынталарын 

қанша  айтқың  келсе  де,  олар  өз  еріктері  өздерінде 

екенін дәлелдеуде. Бұның бәріне, әрине ата-аналары 

кінәлі  десек  те  болады.  Ата-аналар  балаларының 

тәрбиесіне  әлі  де  болса  көңіл  бөлсе  екен  деймін. 

Кейбір  кезде,    өзімнің  балалық  шағым  есіме  түсіп 

кетеді.  Ойлап  қарасам,  біздің  ата-аналарымыз  

мықты адамдар болғандай. Өзім он балалы ортадан 

шықтым. Әкем жеті жасымда қайтыс болды. Анам он 

баланы жеткізіп, білімдеріне көңіл бөліп, барлығын 

оқытқан  кісі.  Анамның  тәрбиесі  он  балаға  қалай 

жеткен? Қандай шыдамдылық, қандай парасаттылық, 

қандай  күш-жігер,  қандай  қайраттылық  керек 

десеңізші  –  деп  ойлаймын.  Анамның  сол  кездегі 




70

71

айтқан ақылдарын еске түсірсем, білім алу, тәрбиелі 



болу,  оқып-тоқу,  барлығы  біздің  болашығымыз 

үшін  екен  ғой.  Ал,  қазіргі  кездегі  ата-аналардың 

тәрбиесінде  бір-екі  баладан  ғана  бар,  соның  өзіне 

тәрбие  беруге  немқұрайлылық  жасайтындары 

әбден өкінішті.  Кейбір ата-аналар мектепке бердік, 

болды,  қалғанын  ұстаздардың  өздері  тәрбиелесін 

деп  те  шығады.  Бұл  жерде  айтпағым,  ұстаздардың 

беретін  тәрбиесі  бір  бөлек,  ата-аналардың  тәрбиесі 

бір  бөлек.  Қазақта  «Ұяда  не  көрсең,  ұшқанда  соны 

ілерсің»  деген  сөз  бар.  Сол  сияқты  үйдің  тәрбиесі 

мектеп  тәрбиесіне  қарағанда  жоғары  болуы  тиіс. 

Мектептен  алған  тәрбие,  ол  өмірдің  бастаушысы, 

жолшысы, ақылшысы, жебеушісі. Ал үйдің тәрбиесі 

өмірлік  серігің  десек  те  болады.  Әрине,  ұстаздар  

да    қарап  отырмайды.  Олар  ата-аналармен    жұмыс 

жасап, тығыз байланыста болады. Әр баланы жетік 

танып, білуі үшін, отбасымен тығыз қарым-қатынас 

жасаудың  маңызы  зор.  Бірақ    кейбір  ата-аналар  

жұмыс  бастылығын  сылтауратып,  балаларды  өз 

еріктеріне  қоя  берген.  Баланың  тәрбиесіне  көбірек 

көңіл бөлейік, сол кезде ғана мұратқа жетеріміз анық 

дегім келеді. 

Әріптестеріме  айтарым,  еңбектерің  жаңа  берсін! 

Өмірде  қиындыққа  мойымай,  барлығына  төзе 

біліңдер,  әрқашан  еңбектерің    абырой  мен  береке 

әкеле берсін демекпін.



Әдістеме әлемінде: қазақ тілі

Г.МҰҚАНОВА,

№7 жалпы орта білім 

беретін мектеп.

Орал қаласы. 



МАҒАН ҰНАЙТЫН ПӘН

Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 

білім  деңгейін  көтеру,  ұжымдық  түрде  білім  алуға 

баулу, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру; 

дамытушылық  –  сөйлем  құрауға  дағдыландыру, 

сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, 

оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын, 

белсенділігін, 

ойлау, 

сөйлеу, 


танымдық, 

ізденімпаздық  қасиеттерін  арттыру;  тәрбиелік  – 

мемлекеттік тілді меңгеру арқылы мамандықтарына 

деген қызығушылықтарын арттыру;



Түрі:  аралас.  Әдіс-тәсілдері:  әңгімелесу,  сұрақ-

жауап,  монолог,  диалог,  СТО  технологиясы,  жеке, 

топтық, интерактивті тақтамен жұмыс. Пәнаралық 

байланыс: әдебиет, химия, математика. Көрнекілігі: 

слайдтар, үлестірмелі кәртішкілер, тест  сұрақтары, 

бейнеролик.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды 

түгелдеу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.



ІІ. Үй жұмысын тексеру.


жүктеу 0,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау