110
арқылы ғұлама болғым келеді.
2. Мен әкем туралы бәріне дайынмын.
сияқты кітап жазсам деймін.
арқылы жазушы боламын.
үшін өмір сүруді үйрендім.
3. Мен сабақтан кейін тамақ ішемін.
бұрын демаламын.
соң футбол ойнаймын.
4. Мен төртке таман кітапханада отырамын.
дейін сенің үйіңе барамын.
шейін үйде демаламын.
жақын серуендеуге шығамын
8. Әр тапсырма бойынша қорытынды шығару.
- Септеуліктің алдындағы сөз 4 септікте тұрады.
- Септеуліктер сөзге қосымша мағына береді.
- Септеуліктер әр түрлі тұлғадағы сөзді байланыстырады.
- Септеуліктер түрленбейді.
9. Мәтінмен жұмыс.
Уақытқа байланысты екі топқа мәтіндер таратылады.
Бір философ қайыққа мінеді. Қайыққа орналасқаннан
кейін қайықшыдан сұрайды:
- Философия ғылымын білесің бе?
- Жоқ, білмеймін,- дейді қайықшы.
- Қап, өміріңнің жартысы босқа кеткен екен,- деп философ
күлді.
Қайықшы философтың күлгеніне ашуланды, бірақ
ештеңе демеді. Бірақ оған жауап бергені үшін өкінді. Біраз
уақыт өткеннен кейін дауыл басталды. Қайық үлкен-үлкен
толқындардың арасында қалды. Философ қорыққаны
үшін қайықтан мықтап ұстайды. Қайық суға батқан кезде
қайықшы философқа айқайлайды:
- Жүзуді білесің бе?
- Жоқ, білмеймін,- дейді философ. Сонда қайықшы
111
айтады:
- Қандай өкінішті! Бүкіл өмірің босқа кетті.
- мәтінді оқып, мазмұнын айту;
- септеулік шылауларды табу;
- қорытынды жасау.
10. Сабақты қорытындылау. Абайдың «Шегіртке мен
құмырсқа» аудармасынан үзінді оқу (Оқушылар өздері
кімнің шығармасы екенін еске түсіріп, айтады).
Тапсырма: І топ – септеулік шылауларды пайдаланып,
шегірткенің уақытты қалай өткізгенін әңгімелейді.
ІІ топ – септеулік шылауларды пайдаланып, құмырсқаның
уақытты қалай өткізгенін айтып береді.
11. Бағалау.
Қазақ әдебиетінен 7-сыныпқа арналған жылдық тесті:
1. Халық ауыз әдебиетінің тарихи оқиғаларды,
адамдардың ерлік істерін бейнелейтін түрі. а) өлеңдер; ә)
батырлар жыры; б) ертегілер.
2. Тайбурыл кімнің аты? а) Алпамыс батырдың;
ә) Қамбар батырдың; б) Қобыланды батырдың.
3. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды?
а) XV-XVIII ғ.; ә) V-VІ ғ.; б) IX-X ғ.
4. Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
өлеңі кім туралы?
а) байдың баласы; ә) кедейдің баласы; б) жетім бала.
5. Ірі жырау әрі жыршы Сүйінбай Аронұлы кімнің
ұстазы болған?
а) Жамбылдың; ә) Абайдың; б) Шалкиіздің.
6. Абай өзінің өмірден түйген тұжырымдарын өлеңнен
басқа қандай үлгіде жазған? а) өлең; ә) қара сөз; б) роман.
7. «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде
С.Торайғыров не туралы жазған?
а) денсаулық; ә) білімсіздік; б) оқып, білім алу.
8. Ерлікті жырлайтын «Ленинградтық өренім» өлеңін
кім жазған? а) Жамбыл Жабаев; ә) Мағжан Жұмабаев;
112
б) Сұлтанмахмұт Торайғыров.
9. «Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы,
Жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы»,-
деген мақал Ахмет Байтұрсыновтың қандай өлеңінің
мазмұнына сәйкес келеді.
а) «Оқуға шақыру»; ә) «Егіннің бастары»; б) «Маса».
10. Жүсіпбек Аймауытовтың «Әнші» әңгімесінің
басты кейіпкері кім? а) Әмірқан; ә) Жәлен; б) Шәкет.
11. «Айт күндері» әңгімесінің авторы?
а) М.Жұмабаев; ә) Б.Майлин; б) С.Сейфуллин.
12. С.Сейфуллин кім?
а) саясаткер; ә) қобызшы; б) ақын, қоғам қайраткері.
13. «Көксерек» кімнің әңгімесі?
а) С.Мұқанов; ә) М.Әуезов; б) С.Сейфуллин.
14. Ғ.Мүсіреповтің өзі туралы жазған әңгімесі?
а) «Қос шалқар»; ә) «Оянған өлке»;
б) «Автобиографиялық әңгіме».
15. Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары»
повесінің тақырыбы не?
а) табиғатты суреттеу; ә) қазақ халқының мейірімділігі;
б) екі жастың махаббаты.
16. Әңгімеде неміс баласын асырап алған кім?
а) Дәуренбек; ә) Берден; б)Ахмет.
17. Әңгімедегі асықжілік ұстар тойы деген не?
а) бала есейген кезде өткізілетін той;
ә) бала өмірге келген кезде өткізілетін той;
б) тілашар той.
18.Мақалды жалғастыр. Балалы үй – базар, баласыз
үй – ...... а) мола; ә) мазар; б) зират.
19. Қадыр Мырза Әли кім?
а) жазушы; ә) ақын; б) публицист.
20. 1979 жылы ақынның қандай өлеңдер жинағы
шықты?
а) «Домбыра»; ә) «Мәңгі майдан»; б) «Көктем».
113
Бақыт ЗЕЙНІЛҒАБИДЕНҚЫЗЫ,
Донецк орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Тайынша ауданы.
ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАР ҚОНАҒЫ –
ҚАРСЫЛЫҚТЫ САЛАЛАС
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақтың тарихи
қалаларын қайталау. Түркістан, Отырар, Тараз қалаларына
шолу жасау. Иассауидің кесенесі жайлы әңгімелесу;
дамытушылық – берілген мәтінді түсініп, сұрақтарға
дұрыс жауап беруге дағдыландыру; жаңа сөздерді меңгерту,
сауатты жазуға төселдіру; өз беттерімен сөйлем құрастыру,
қарсылықты салалас құрмаласты қайталау, мысалдар келтіру;
тәрбиелік – қазақ тілін үйрету арқылы оқушылардың
патриоттық сезімін арттыру, оларды өз Отанын сүюге
тәрбиелеу.
Сабақтың барысы.
І. Психологиялық кезең.
ІІ. Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздер:
саяхат жасаймыз – отправимся в путешествие;
сөзжұмбақ – кроссворд;
пойыз – поезд;
Көкшетау стансасы – станция Кокшетау;
сергіту сәті – физминутка;
жасырылған – спрятан, скрыто.
ІІІ. Сабақты бастау. Мұғалімнің сөзі: - Құрметті
оқушылар, бүгін біз қазақ елінің тарихи көне қалаларына
саяхат жасаймыз. Саяхатымыз жақсы болу үшін бізге
сөзжұмбақтар көмектеседі. Пойыз орнынан қозғалды.
Достарыңызбен бөлісу: |