Мектебінде



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет26/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35

97
2. Күз мезгілін салыстыра отырып,қалай атауға болады?
VI. үй тапсырмасын беру: 2-тапсырма. Мәтінді оқып, 
қазақ тіліне аударту және мазмұндау.
VII.  Бағалау.Әр  оқушының  алған  бағасын  талдай 
отыра, кім не себепті қанша алды, қалай алғанын түсіндіру. 
Оқушының күдігін сейілту, мүмкіндігін айту.
VІІІ. Рефлексия: 
А) Бүгін сабақта қандай сөздермен таныстық?
Ә) Күзде ауа райы салқын болады, жел соғады, жаңбыр 
жауады.
Б)  Ал,  балалар,  сабақ  аяқталды.  Тілге  құрметімізді 
көрсетейік:
Әр тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер бабаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!
   
   
 
Индира САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№19 жалпы білім 
беретін мектептің мұғалімі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 
ТАНЫТҚАН ТӘУЕЛДІК 
ЖАЛҒАУЛАРЫ
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) Қазақстан Республикасы туралы 
білімдерін  одан  әрі  кеңейту,  тәуелдік  жалғаулары  туралы 


98
ұғымдарын    нығайту.  Жаңа  сөздерді  меңгерте  отырып 
олармен  сөз  тіркестерін,  сөйлемдер  құрастыруға  үйрету; 
2)  Тіл  байлықтарын,  сөздік  қорларын,  қазақша  ойлау 
қабілеттерін дамыту;  3) Тілді құрметтеуге, Отанды сүюге, 
жауапкершілікке, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап,  аударма, 
әңгімелеу,  түсіндіру,  сын  тұрғысынан  ойлау.  Көрнекілігі
Қазақстан  Республикасының  картасы,  электронды  оқулық, 
слайдтар.
І.  Ұйымдастыру  кезеңі.  Оқушылардың  зейіндерін 
сабаққа аудару. Оқу құралдарын әзірлету.
ІІ. Өзектендіру.
1. Жалғаулардың түрлерін атату.
2. Тәуелдік жалғауы дегеніміз не?
3. Тәуелдік жалғауы қандай екі түрге бөлінеді?
4. Тәуелдік жалғауының неше  жағы бар?
5. Жекеше тәуелдік жалғауларын атату.
6. Көпше тәуелдік жалғауларын атату.
Үйге берілген 4-тапсырманы тексеру.
Менің  отаным,  оның  жолдасы,  сенің  міндетің,  оның 
үйі, менің білімім, оның қаласы, сенің ауылың.
ІІІ.  Жаңа  түсінік-ұғымдар  мен  іс-әрекет  әдістерін 
қалыптастыру.
1. Оқушыларға «Отан» деген сөзді екі жақта тәуелдету.
Менің Отаным      Біздің Отанымыз
Сенің Отаның       Сендердің Отандарың
Сіздің Отаныңыз  Сіздердің Отандарыңыз
Оның Отаны         Олардың Отандары
2. – Балалар, біз қай Республикада тұрамыз?
– Қазақстан Республикасында тұрамыз.
– Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз.
Біздің  бүгінгі  өтетін  тақырыбымыз  –  «Қазақстан 
Республикасы танытқан тәуелдік жалғаулары».


99
Қазақстан    өзінің  жер  көлемі  жөніне  әлемдегі  ең  ірі 
мемлекеттер  қатарында  тұр.Бұл  көрсеткіш  бойынша  ол 
тоғызыншы  орынды алады.
Қазақстан 
Батысы 
мен 
Солтүстігінде 
Ресей 
Федерациясымен, Оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстанмен 
және  Қырғызстанмен,  ал  Шығысында  Қытаймен 
шекараласады.
Еліміздің  мемлекеттік  тәуелсіздігі  1991  жылы  16 
желтоқсанда жарияланған.
Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл толып отыр.
Қазақстан  өте  бай  мемлекеттердің  қатарында  тұр. 
Қазақстанда  мұнай,  алтын,  мыс,  көмір,  мақта,  т.б  заттар 
өндіріледі.
Қазақстанда 14 облыс орталығы бар.  Еліміздің табиғаты 
тамаша.
Қазақстанда әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны бар.
3.  Электронды  оқулықтан  ҚР-ның  астанасы  Астана 
қаласы туралы фильм көрсету.
4.  «Интервью  әдісі»  арқылы    оқушыларға  мына 
сұрақтарды қою:
1. ҚР-ның астанасы қай қала?
2. ҚР-ның рәміздерін ата.
3. ҚР-ның Президенті кім?
4. ҚР-ның мемлекеттік тілі қай тіл?
5. ҚР-ның қандай ұлт өкілдері тұрады?
6. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
7. Біз қай қалада тұрамыз?
8. Алматы қаласы әлемге несімен әйгілі?
9. ҚР-да неше облыс орталығы бар?
10.Биыл тәуелсіздікке неше жыл толып отыр?
Оқулықпен жұмыс.
1. Сөздікпен жұмыс жүргізу: Көмір – уголь; 
Мұнай – нефть; Темір – железо;    Мыс – медь;


100
Кендері – ископаемые;            Ерекше – особенный;
Мақта – хлопок;                       Мақтан етемін – горжусь;
Биіктеген сайын – чем выше; Мөлдір – прозрачный.
2. Сөздіктегі сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырту.
1-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқыту, орыс тіліне аударту. 
Өлеңнен тәуелдік жалғауы бар сөздерді тапқызу.
Елім-І жақ жекеше түрі, анам-І жақ жекеше түрі, атам- І 
жақ жекеше түрі.
2-тапсырма.  Мәтінді  оқып  беру,  оқушыларға  оқыту.
Оқушылармен    бірлесе  отырып,  «Қарама-қарсы  эле-
менттер» әдісін пайдаланып орыс тіліне аударту.
Мәтіннен тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.
Мысалы: Отанымыз, Республикамыз, елімді.
IV.  Сабақты  бекіту  мақсатында  семантикалық 
картаны толтырту.
Мысалдар 
Көптік 
жалғау
Септік 
жалғау
Тәуелдік 
жалғау
Жіктік 
жалғау
Мектебім
Оқушылар
Отаның
Көшелер
Барады
Досы
Сыныбы
Көйлегі
Ананы
Биледім
Дәптерім
Көшелер
Көліктеріңіз
Мұражайдың
Мұғалімдер
Келдің
Қаладан
Қаламым
Күлді


101
V.  Сабақты  қорытындылау  мақсатында,  «Авторға 
сұрақ  қою»  әдісін  пайдалана  отырып,  оқушыларды  екі 
топқа бөлу. Бірінші топ екінші топқа сұрақ қояды.
1. ҚР-да ең үлкен тау қалай аталады?
2. Отан сөзін жекеше түрде тәуелдеп бер.
3. Қала сөзін көпше түрде тәуелдеп бер.
4. Қазақстанда қандай кендер өндіріледі?
5. Отан туралы мақал-мәтел айтып беріңдер.
6. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына қанша жыл толды?
Сабақты мына мақал-мәтелмен аяқтау.
– «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» 
демекші,  балалар,  сендер  әрқашанда  өз  Отандарыңды 
қадірлеп, қастерлеулерің керек.
VI.  үйге  тапсырма:  алма  сөзін  жекеше,  көпше  түрде 
тәуелдеп келу. Отан туралы 5 мақал-мәтел жаттау.
VII.  Бағалау.  Сабаққа  белсене  қатысқан  оқушыларды 
мадақтау, бағалау.
   
   
 
Әлия ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан облысының
 Орал қаласындағы 
№32 жалпы білім 
беретін мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
КЕЛЕР ШАҚТА – КӨНЕ ҚАЛАЛАР
Сабақтың  мақсаты:  а)  көне  қалалар  туралы 
оқушылардың білімдерін кеңейту, тереңдету; ә) оқушыларды 
өз бетінше ізденіп,  өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, оқып-
үйренуге  дағдыландыру,  сөздік  қорын  молайту;  б)  туған 


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау