Чкалов орта мектебі



жүктеу 46,5 Kb.
Дата13.02.2020
өлшемі46,5 Kb.
#28946
түріСабақ



Чкалов орта мектебі.
Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділігі.


Орындаған:Чкалов орта мектебінің қазақ тілі менәдебиеті пәнінің мұғалімі Қабдөшев А.С.

2005—2006 оқу жылдары.

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. «Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, білікті инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады» -- деп көрсетілген «Қазақстан – 2030 бағдарламасында. «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына ұқсас келеді», -- деген В.С.Конидің сөзі бар. Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншіліктер тек білім арқылы келеді.

Білім – адам қоғамының дамытушы факторы екені белгілі. Білім беру арқылы бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі өз бетімен шешім қабылдап, қажетті ақпарат жинап, өндеп, орынды жұмсаушы маман ретінде қалыптасады. Білім алу арқылы адамзат ұрпағы өзінің алдыңғы ұрпақ легінен биік деңгейлерге даму жолын таба алады, тани алады.

Бүгінгі білім саласында алға қойылып отырған басты мақсаттардың бірі – білімді ақпараттандыру, яғни оқу ақпаратын қолдану үшін тиімді құралдар мен қажетті мүмкіншіліктер жасауды қамтамасыз ету. Сондықтан республикамызда білім беру жүйесі бойынша ақпараттық технологияларды енгізу елеулі мәселеге айналуда. Осындай ізгі мақсаттарды іске асыру жолындағы президентіміз бен өкімет басшыларының, облыс әкімдерінің еңбңектері орасан зор деуге болады. Қазақстандағы барлық орта мектептердің компьютермен жоспарлы түрде жабдықталуы – оның айқын дәлелі.

Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді қолдану айтарлықтай нәтиже беретіні белгілі. Заман ағымына қарай ондай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге не тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылар өздері де берілген ақпаратты дискетасына не аудио, бейне таспасына көшіріп алып, онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады.

Көптеген мұғалімдерде компьютерге оқушымен қарым-қатынасты нашарлататын кедергі ретінде қарайтын теріс көзқарас пайда болған.


Олардың ішінде кейбіреулері компьютерлік сабақтарды оқушылардың бір-бірін көрмей тек дисплей мен пернетақтаға қарайды, ал мұғалімнің сыныпты бақылаумен қатар өз компьютеріне қарайлауы қосымша жұмыс деп ойлайды. Бірақ күрделі оқып үйретуші программалармен, электронды оқулықтармен жұмыс істеу өте қызықты және оқытуды белсендетіп, педагогикалық әсерін тигізеді. әрине, бұның бәрі сабақ жақсы техникалық, программалық және әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген кезде, ал мұғалім компьютермен еркін жұмыс істей алған кезде ғана туады.

Мультимедиа, Интернет технологияларының кең етек жаюы ақпараттық технологияларды толық білім сапасына енгізіп, оқытудың жаңа тиімді құралы етуге болатынын дәлелдейді. Бүгінгі күннің өзінде бастауыш сыныбындағы оқушылар компьютердің кейбір жұмыс істеу принциптерін меңгереді, яғни бала «машинамен» тіл табысып, сол арқылы ақпарат алу тиімділігін түсініп келетінін мойындау қажет. Сабақтарда ақпараттық технологияларды қолдану оқушының білім алу ынтасын арттырады, танымдық қызығушылығын көтереді және де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі. Осыған байланысты В.С.Кукушин былай дейді: «Компьютер вместе с информационными технологиями открывает принципиально новые возможности в области образования в учебноц деятельности и творчестве учащегося. Впервые возникает такая ситуация, когда информационные технологии обучения становятся основными инструментами дальнейшей профессиональной деятельности человека. Образование поистине интегрируется в жизнь на всем ее протяжении».

Сондықтан біз, мұғалімдер қауымы, бұл мәселеге немқұрайлы қарамай, өзіміздің компьютерлік сауаттылығымызды үлкен міндетпен қарау керекпіз. Жаңа ақпараттық технология мұғалімдердің еңбек сапасы мен біліктілік дүниесіне ғана емес, педагогикалық шеберлігіне де қатаң талап қояды.

Компьютермен жұмыс жасау оқытудың тиімді жолдарын арттыратыны сөзсіз. Оқушыларға олармен жұмыс жасау қызықты әрі оңай, себебі олар өз практикасында информатикадан алған білімдерін қолдана алады, бірақ мұғалімдерге қиын. Мысалы дайын электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшін компьютерді қолдана білу және программаны іске қосу үшін қажет командаларды тере тере білу жеткілікті. Ал әрбір оқушы дербес компьютерде жұмыс жасағанда мұғалім олардың бәрімен жұмыс істеп үлгеруі керек, яғни қосымша тапсырмалар беру, тексеру, кез келген уақытта олармен сұхбат жүргізу, олардың білімін автоматты түрде бақылау үшін компьютерді терең меңгеру, өз программаларын құра білу, өз жұмысымен байланыстыра білу қажет. Яғни кез келген мұғалім ақпараттық технологияларды меңгерген, оны оқыту үрдісінде қолдану әдісі мен тәсілін жетік білетін болуы тиіс.

Ақпараттық технологияларын тілді үйрету мен оқытуда қолдану – ол тілді өз бетімен меңгеруге, қажетті коммуникативтік бірліктерді таңдап, оларды күнбе күнгі «сөйлеу активіне» айналдыруға тікелей көмек береді. Сонымен қатар ақпараттық технологияларды, соның ішінде өзге тілді мектептерде қазақ тілін оқыту үрдісіне компьютерді қолдану оқушының сабақ барысында белсенділігін арттырады.

Қазақ тілін оқытуда ақпараттық технологиясын қолдану – оқушылардың пәнге, қазақ тілін үйренуге қызығушылығын арттырудың негізгі кепілі. Мемлекеттік тілдің беделін түсірмеу – қазақ тілі мамандарының басты міндеті.

Орыс сыныптарында жұмыс істейтін мұғалімдер мемлекеттік тілді қойылар талапқа сай жүргізу үшін барлық мүмкіндікті пайдаланғаны дұрыс. Сондай мүмкіндіктердің бірі – компьютер. Қазақ тілін оқыту процесінде компьютерді қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, жоғарыда атап кеткендей, оқушылардың қазақ тіліне деген құштарлығы артады. Оқушылар теориялық білімін өздерін-өздері тексеру арқылы әрі қарай жандандырады. Сабақта жаттығулар көлемі ұлғайып, оқушылардың ойлау, жұмыс істеу қабілеттері дамиды. Өз беттерінше ізденіп, бағдарлама дайындауға шығармашылық шабыт алады. Мысалы, 11- сынып оқушысы Аскарова Гүлнара «Қазақстан» атты модульдық тақырып бойынша тест дайындады, Виховский Олег деген оқушы «Казақ тілі» тақырыпқа сөздік-минимум жасады.

Қай тілді болмасын үйрену үшін 1-ден ынта, 2-ден орта, 3-ден қажеттілік керек. Осы үшеуі бар жерде тілді тез игеруге мүмкіндік мол болады. Ал, оқушылардың ынтасы, талабы болғанымен, ортасы жоқ жерде мемлекеттік тілдің заман талабына сай меңгерілуі қиын мәселе. Сол себепті мұғалім ортаны да қажеттілікті де сабақ үстінде жасап отыру керек. Ол үшін сабақ барысында электронды оқулықтарды пайдаланған жөн. Мысалы мен сабақтың кейбір кезеңдерінде «Қазақша сұхбат», «Қазақ тілі», «Казахский язык (11 класс)», «Қазақ әдебиеті» атты электронды оқулықтарды пайдаланып келемін. Сонымен қатар бұл оқулықтар оқушылардың өз беттерімен де қазақ тілін үйренуге өте қолайлы. Яғни оқушылар сабақ үстінде ғана емес, сабақтан кейін де бос уақыттарында бұл оқулықтармен жұмыс істейді.

Енді осы электронды оқулықтармен таныстыра кетейін. ( ЭО-мен жұмысты көрсету).

Ендігі сөзімді орысша аяқтайын.

Работа с электронными учебниками дает возможность ученикам освоить новые информационные технологии обучения, выйти на современный уровень обучения.

В современном обществе ХХІ века отчетливым становится понимание последовательного наступления информационной цивилизации, в которой важнейшим продуктом, а так же средством развития общества и производства становится информационные ресурсы. Поэтому одной из важнейших проблем в реализации программы информатизации образования, является освоение новых информационных технологий учителями школ.

В условиях сельской школы именно с внедрением информационно-коммуникационных технологий расширяются возможности индивидуального обучения.

Компьютер оказывает стимулирующее воздействие на творческую активность ученика, благоприпятствует решению познавательных задач, позволяет реализовать индивидуальные интересы детей.



Новому поколению учителей предстоит работать в качественно новой среде, с использованием нетрадиционных средств и технологий. И именно новая информационная технология – одна из эффективных педагогических технологий, имеющий большой гуманистический потенциал. Таким образом, внедрение информационно-коммуникационных технологии имеет большие возможности для реализаций гуманистической концепции образования. Настало время, когда не ученик приспосабливается к образовательной среде, а образовательная среда подстраивается под индивидуальные особенности ученика и способствует его становлению и развитию независимо в какой школе учится ребенок.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Білім берудегі менеджмент. ( 3/2004, 5/2004).

  2. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. ( 3/2005, 1/2005, 8/2003)

  3. Кукушин В.С. «Воспитание толерантной личности в поликультурном социуме»

  4. Байшоланова Қ.С. «Ақпараттық жүйелер теориясы».( Алматы: Экономика, 2002).

  5. Народное образование. ( 2/2001, 4/2002).





жүктеу 46,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау