Мектебінде


-топ.  1. Синонимдер қатарын толықтыру, сөз тіркесін



жүктеу 2,18 Kb.
Pdf просмотр
бет25/35
Дата14.12.2017
өлшемі2,18 Kb.
#4131
түріЛитература
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35

93
1-топ.  1. Синонимдер қатарын толықтыру, сөз тіркесін 
құру. Ежелден, соғыс, шейіт болды, тәуелсіздік, өмір, соңғы.
Зат есімнің 5 тәуелденген формаларын теріп жазыңдар.
Жерінің, жандарын,  өмірін, халқына,  жолында.
2-топ. 1. Антонимдік қатарын толықтырыңдар.
Аз, жау, өмір, соңғы, жастар, айтпаған.
2. Етістіктің құрамын анықтаңдар.
Айтпаған, шайқасты,күресіп,ұстап тұру.
7. Топтастыру.
- Ал, енді, балалар, ойымызды жинақтап қорытайықшы.
Т.Рысқұлов  кім?
                                  революционер
                                  мемлекет басшысы
                                  қоғам қайраткері
Т.Рысқұлов             жалынды патриот
                                  саясаткер
                                  қазақ халқының ұлы перзенті

Балалар, 
ертеден-ақ 
қазақ 
халқы 
өзінің 
қонақжайлылығымен  белгілі  болған.  Келген  қонақтарды 
дәмді  тағамдармен  қарсы  алып,  өлеңмен  шығарып 
салған.  Енді  қазір  біз  Бекболат  Тілеуханның  орындауында 
«Атамекен» әнін тыңдаймыз. 
ІV. үнтаспа. Б.Тілеухан. «Атамекен».
V.  Халық  кешпейтін  бір-ақ  нәрсе  бар:  елдің  қолына 
зарықтырып  қонған  бақыт  құсынан  –  Тәуелсіздіктен 
айырылуды  кешпейді.  Сабағымызды  қорытындылай  келе, 
балалар,  «
Еліңнің  ұлы  болсаң,  еліңе  жаның  ашыса, 
азаматтық  намысың  болса,  қазақтың  ұлттық  жалғыз 
мемлекетінің  нығайып-көркеюі  жолында  жан  теріңді 
сығып жүріп еңбек ет. Жеріңнің де, еліңнің де иесі өзің 
екенін  ұмытпа!»    деп  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың 
сөзімен аяқтағым келеді.
VІ. Бағалау.
VІІ . үйге тапсырма. Ойтолғау: «Тәуелсіздік жолында».
 


94
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Гүлжанар СЕРІКҚЫЗЫ,
Алматы қаласындағы
№28 лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
КүЗ АЙЛАРЫНДАҒЫ                     
ЖАңА СӨЗДЕР
Сабақтың  мақсаты:  1)  күз  айлары  туралы  толық 
мағлұмат беру, жаңа сөздерді түсіндіру арқылы тақырыпты 
меңгерту;  2)  күз  айларына  қатысты  сөздерден  сөйлем,  сөз 
тіркестерін  құрастыру  арқылы  оқушылардың  есте  сақтау 
дағдыларын  қалыптастыру,  сөздік  қорларын  байыту  және 
ойлау,  ойтолғау  қабілеттерін  дамыту;  3)  оқушыларды 
еңбекқорлыққа  баулу,  табиғатымызды    қорғауға  тәрбиелеу  
және елге, жерге деген  сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдіс-тәсілдері:  түсіндіру,  сұрақ-
жауап,  әңгімелесу,  тіл  дамыту.  Көрнекілігі:  интерактивті 
тақта, слайдтар,суреттер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:    
1. Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.
2. Сыныптағы оқушыларды түгелдеу.
II. Өзектілігі:
1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. 
А)  «Алтын  күз»  тақырыбындағы  суреттер  бойынша 
сөйлем құрастырту.
Ә) Сұрақ қою арқылы күз мезгілін суреттеу.
Б) Өздері салған суреттері бойынша әңгімелеу.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 
1. Жыл мезгілдерін атап көріңдер (Көктем, жаз, күз, қыс).
2.  -  Балалар,  біз  сендермен  бүгінгі  сабақта  «Күз 


95
айларындағы жаңа сөздер»» деген тақырыбын өтеміз.
3. Күз айлары туралы кіріспе сөз. 
4. Жаңа сөздерді тақтаға жазып қою, таныстыру, айтқызу. 
Есте сақтауларын қадағалау.
Сөздікпен жұмыс:
Ерте күз – ранняя осень;     ену – входить; 
Мағына – значение;               сылбыр – вялый;
Шық – роса;                          қоңыр күз – поздняя осень;
Көбею – умножаться, увеличение; күшею – усиливаться;
Теңелу – равняться;             қырау – иней;
Алтын күз – золотая осень;  тоңазыту – застывать;
Толассыз – беспрерывно.
1. Сөздікті мұғалім оқиды. 2. Оқушыларға оқытқызу.
ІV. Біліктілік дағдыны қалыптастыру:
Оқулықпен жұмыс.
1. Жаңа сөздерден  сөз тіркесін, сөйлем құрастырыңдар.
1-тапсырма.  1.  Мәтінді  оқу,  аудару,  сұрақ-жауап 
құрастыру.
Қыркүйек
Қыркүйек  (ерте  күз)  –  күздің  бірінші  айы.  Бұл  суық 
түсті, жайлаудағы мал келді деген мағынада айтылады. Ауа 
салқындай бастайды. Шық түседі. Қайтқан құстардың тобы 
көбейеді.  Қыркүйектің  жиырма  екісінде  күн  мен  түннің 
ұзақтығы теңеледі.
2. Мәтінді оқып, диалог құрастыру.
Қазан
Қазан  (алтын  күз)  –  күздің  екінші  айы.  Бұл  кезде  қара 
суық  басталады.  Кешегі  жасыл  жапырақтар  қызыл,  сары, 
қоңыр түске еніп, жерге төгіледі. Күздің  сылбыр жаңбыры 
толассыз жауады. Үйрек пен қаз жылы жаққа ұшып кетеді.  
3. Мәтінді оқып, сөйлемнің  тұрлаулы  мүшелерін анықтау.
Қараша
Қарашада  (қоңыр  күз)  күн  қысқарады.  Қазақстанның 


96
солтүстігінде  қара  суық  басталады.  Шөпті  қырау  басады. 
Суық  аспан  жер  бетін  тоңазытады.  Құстар  жылы  жаққа 
ұшып кетеді.
3-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырту.
Қыркүйек айында, жаңбырлы мезгіл, аспан бұлтты, күн 
қысқа,  жылы жаққа, суық жел, адамдар дайындалады, жылы 
киім, жерге түседі, түрлі-түсті жапырақтар, қоңыр күз.
4-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңдар.
Күзде күн
Суық жел
Ағаштардың жапырақтары
Құстар жылы жаққа
Күзде жемістер,көкөністер
Диқаншылар егін
Күз – молшылық
Күзгі табиғат
5-тапсырма. Мына сызбаны толықтырыңдар.
Кімдер? 
нелер?
Қашан? Қайда?
Нені?
Не істеді?
Не істейді?
Егіншілер  күзде
егістікте
егінді
орады
Оқушы-
лар 
қыркү-
йекте
мектепте
тіл 
мерекесін
тойлайды
Адамдар 
қара-
шада
бау-
бақшада
көкөніс-
терін, 
жеміс-
жидектерін
жинайды
IV. Жаңа сабақты бекіту:
Жаңа сабақ бойынша оқушыларға сұрақтар қою:
1. Күзде ауа райы қандай болады?
2. Күз айларын ата.
3. Неліктен «алтын күз» деп атайды?
4. Ағаш жапырақтарының түсі қандай?
5. Құстар күзде  қайда ұшып кетеді?
6. Күзде нелер піседі? 
V. Сабақты қорытындылау: 
1. – Балалар, күз туралы  кім сурет салып келді?


жүктеу 2,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау