«Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ
150800, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56, анықтама үшiн телефон 8(71531)21449, факс 8(71531)21557, электрондық мекенжай: mzhumabaeva-akimat@sko.kz, Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарың бос орындарына iшкi конкурс жариялайды:
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ, еңбек нарығын талдау бойынша сектордың меңгерушісі, 1 бiрлiк.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты E-R-3.
Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейiн.
Негiзгi функционалдық мiндеттерi:
Еңбек нарығын талдау секторының жұмысына басшылықты жүзеге асыру. Секторға жүктелген міндеттердің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету және сектордың жұмысына дербес жауапкершілін өз міндетіне алу.
«Жасырынды жұмыссыздық туралы мәліметтер» (3ТН) статистикалық нысанының жинағын ұйымдастыру. Мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалардың және аумақтарды дамыту бағдарламасының, сондай-ақ жеке сектордың бастамалары шеңберінде жүзеге асатын жобалардағы қажетті мамандықтар кесінінде құрылатын жұмыс орындардың болжамы туралы бірыңғай ақпараттық әлеуметтік-еңбек саласы жүйесінің деректер базасын құруға қатысу.
Ауданның Жұмыспен қамту картасын әзірлеу, өзгерістерді ескере отыра жылына екі рет түзетулерді енгізу. Мүгедектер үшін арнаулы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. Өз құзыретіне енетін сұрақтар бойынша нормативтік- құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу. Еңбек нарығы көрсеткіштерінің өсуі туралы талдау жүргізу. Жұмыспен қамту картасының көрсеткіштерін жүзеге асыру мониторингін жүргізу. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша экономика саласында жұмыс орындарын құру мониторингін жүргізу. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарынан азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша мониторинг жүргізу. Ауылдық округтерден Мағжан Жұмабаев ауданына еңбек күші мол өңірлерден отбасылардың көшуі туралы мәліметтерді жинау. Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша қосымша жұмыс орындарын құру бойынша бағдарламалық тапсырманы жыл сайын әзірлеу. Ауылдық округтердің мамандарынан есептерді қабылдау. Жұмыспен қамту органдарына жүгінген азаматтардың салалық картаны жүргізу, Аумақтарды дамыту бағдарламасының шеңберінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру және жұмыс орындарын құру бойынша мәліметтерді жинау. Жұмыспен қамту сұрақтары бойынша ақпаратты дайындау, жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша хат алмасу. Аумақтарды дамыту бағдарламасына еңбек нарығын талдау және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау бойынша іс-шараларды құру. ЭҚЖ жұмыс жүргізу. Оралмандарды және қоныстанушыларды қабылдау және жайғастыру бойынша мәліметтерді әзірлеу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негiзгi талаптар:
Жоғары бiлiм: ««білім» (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану), немесе «құқық» (құқықтану), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «қызмет көрсету» (әлеуметтік жұмыс) бейіндері бойынша.
Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;
мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;
жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызметiстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.
Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;
тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртiпте, пошта арқылы немесе электронды түрде электрондық пошта мекен-жайына не «E-gov» электронды Үкiмет порталды немесе интеграциялық ақпараттық «Е-қызмет» жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы немесе интеграциялық ақпараттық «Е-қызмет»жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн 2 сағаттан кешiктiрiлмей берiледi. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясы мен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.
Әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер одан «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ әңгiмелесуге жiберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде өтедi.
Әңгiмелесу өткiзу кезiнде басқарушы лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тiзiмiнен бiр эссенi жазады.
Конкурс комиссиясының жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар және сарапшылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлғалар әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, Қағидаларының 26-тармағында көрсетiлген ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшiрмелерiн ұсынады.
Конкурсқа қатысуға қажеттi құжаттар iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ mzhumabaeva-akimat@sko.kz және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң www.kyzmet.gov.kz интернет-ресурстарында соңғы жарияланған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жайға ұсынылуы тиiс: 150800, Солтүстiк Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейная көшесi, 56, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкiмiнiң аппараты» КММ немесе электрондық пошта арқылы немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы немесе «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде. Анықтамаларды 8(71531)21449, факс 8(71531)21557 арқылы алуға болады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Қосымша (ZIP 3 Kb)
Достарыңызбен бөлісу: |