95
10-оқушы: - Оралу (немесе Қайрат ескерткішін
ашардағы сөз).
Дархандық
пен кенделіктің,
Адамдық пен пенделіктің
Арасында мәңгі итжығыс түсіп
Жатқан осы алапат майданды
Жігеріңмен
көктеп өтіп,
Төбең бір сәт көкке жетіп,
Өз өлкеңе ескерткіш боп
Оралдың ба, айдарлым?!
Жетекке
алып саналы арман,
Бүршігіңді жаңа жарған шағыңда
Денең қалып сонау
Семей түрмесінің маңында,
Рухыңмен
туған өлке топырағын
Қайта бастың кемелдеп,
Ара жігін ерлік пен ездіктің
Бір-ақ қадам екендігін дәлелдеп.
Қиын
сәтте жалау еткен намысын,
Бағың жансын, қайсар ұлым,
Жанын қиған ары үшін.
Алматыға Ноғайбайдың
Перзенті
боп аттанып,
Бар қазақтың мақтаны боп
Қайта оралған арысым!
«Елім менің» әні орындалды.
97
білімге құштарлығы, жалпы көзқарасы, таным-талғамы
басқаша. Бұрынғы елгезек, ізденгіш, тапсырманы мұқият
орындауға тырысатын, көркем әдебиетті іздеп жүріп
оқитын оқушылар қазір сирек кездеседі. Қазіргі шәкірт те
– күрделі бір музыкалық аспап. Құлақ күйін бабымен дұрыс
келтіре алмасаң, домбыра дұрыс тартыла ма? Өзің аңсаған
қоңыр үнді ести аласың ба? Оқушы да сол секілді, оның да
«құлақ күйін» келтіріп алу керек, яғни, сабаққа алдын ала
психологиялық тұрғыдан даярлап, тақырыпқа қызықтырып,
шығармашылық танымдық белсенді әрекетке тарта білу
қажет. Қазіргідей білім алуға, өнерге жастардың ынтасы
азайып, самарқаулық күшейген уақытта бұл оңай міндет емес.
Бәрі де айналып келгенде ұстазға, оның пәнді, сөз өнерін
сүюіне, кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.
Факультатив курс міндеті: оқушыларды сауаттылыққа
үйрету; курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды
толық игерту; қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде
әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана білуге
үйрету; ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен
жұмыс түрлерін істей білуге дағдыландыру; жұрт алдында
өз ойын толық жеткізуге, сөз мәдениетін сақтай отырып
тіл шұбарламай, ана тілінде қысылмай, мүдірмей сөйлеуге
үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Өз ойын көркем тілмен жеткізетін,поэзияны сүйетін,
сахнада рөлдік ойындар ойнай білетін, әдебиеттің сырлы
әлеміне терең бойлай алатын тұлға қалыптасады.
2. ҰБТ-да, пәндік олимпиадада жақсы көрсеткішке
жетуіне мүмкіндік мол.
3. Білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра
отырып
ізденімпаз, шығармашыл оқушы қалыптасады.
Факультатив курс бағдарламасы