Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет23/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33

90
Ақсауыт киген темірден,
Алатаудай бабалар,
Аруағыңмен жебей көр!»
Биіктен  құлаған  тау  суындай  буырқанған  тасқын  бар 
емес пе бұл үнде? Жас тұлпар тұяғының дүбірі келмей ме 
құлағыңызға? Оқыстан шыққан айқай-шуға елеңдеп, бүйірі 
қызған  дарабоздың  шабысын  танисыз  ба?  Иә,  танисыз. 
Таныдыңыз.  Тоқыраудың  тоғышарлары  тобықтан  қағып 
құлатқан  Қайраттың  үні  ғой  бұл.  Ол  тірі  қалғанда  ақын 
болар ме еді?
(Күй тоқтайды).
3-оқушы: - 1966 жылы Жамбыл облысындағы Мойынқұм 
ауданының  Құмөзек  ауылында  дүниеге  келген  екен. 
Желтоқсан оқиғасы тұсында Алматы қаласындағы Сәулет-
құрылыс  институтының  1-курсында  оқып  жүреді.  Қайрат 
Алматы халқы жаңа жылды қарсы алған күні ұсталыпты. Сол 
сәттен бастап оның қасында біраз уақыт бойы бір камерада 
болған Құттыбек Аймаханов үміт пен күдікке толы екеуінің 
азапты күндері мен түндері жайлы былай деп еске алады.
4-оқушы: - «Темір есік сықырлап ыңыранып ашылатын, 
сосын  жабылатын.  Қайратты  жауап  алуға  алып  кететін. 
Қайтып келгенде үсті-басында сау тамтық жер болмайтын. 
Біраз жатып есін жинағаннан кейін ол:
- Жоқ! Шындықтың жеңілуі мүмкін емес. мүмкін емес!– 
дейтін қабырға жаққа теріс қараған күйі булығып...» 
Қашан да әділеттіліктің жеңетініне сенді ол. 
5-оқушы: Орысша-қазақша бірдей өте сауатты, өз ойын 
ашық  та  бүкпесіз,  айқын  жеткізе  алатын  жігерлі,  отты 
жігіттің
«Сөйлесең даусың жетпейтін
Кез болдық мына заманға.
Шовинизм еді гой
Басты себеп жанжалға» деп іргесі іріп-шіріген, шаңырағы 


91
шайқалған  «бақытты»  заманымыздың  бар  болмысын  тап 
басып  танып,  жалғандықтың  жамылғысын  бір-ақ  ауыз 
сөзбен сыпырып алғаны қатты шошытқан Колбин мен оның 
қолшоқпарлары Қайраттан тезірек құтылуға асықты.
Қайрат:  -  «Иә,  мен  сіздерден  ештеңе  жасырмаймын. 
18-желтоқсан күні алаңға бардым. Ол жерге барған себебім, 
бар мақсатым  біріншіден, ол  жерде не  болып,  не  істеп,  не 
қойып жатқаның өз көзіммен көру болды. «Алаңда қазақтың 
уыздай жас қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр» дегенді 
елден естіген соң өз басым қолымды жайып «Күл болмасаң, 
бүл бол» деп отыра беруге еркектік намысым жетпеді. Менің 
түсінігімше, әйел адамға ер адамдар тұрмақ аң екеш аңдар 
да мүйіз, болмаса тұяғын көтермейді. Ал біз бәріміз де аң 
емес, адамзаттың ұлы – адамбыз. Осындай түсінікпен, әйел 
затына ер болып, өз қол ұшымды беріп көмектесуге, оларды 
арашалап қорғау үшін барғаным рас. Ол үшін әлі күнге дейін 
өкінбеймін, керісінше, үлкен мақтаныш тұтамын. Бірақ та, 
бір құдай – өзі куә, адам баласын өлтіргенім жоқ. Мұндай 
айуандық жасаудың өзі сор маңдай менің қолымнан келмейді, 
еш  уақытта,  ешқашан  да...      Ал  әйел  затына  айуандықпен 
қол  көтеріп,  шашынан  тартып,  көкпарша  сүйрегені  үшін 
бір  милицияны  ұрып-соққаным  рас.  Ол  адам  өлген  жоқ, 
күні бүгінге дейін аман-есен зыр жүгіріп жүр. Өз қолыммен 
жасаған бір теріс қылық, бар қылмысым – осы ғана... 
Жүргізуші: - Ақтық демі таусылғанша осы айтқанынан 
танбаған  қайсар  жігіт  тергеуде  өзін  еркін  ұстап,  тағылған 
айыпты мойындамады, үкімді де қаймықпай қарсы алды.
Қайрат: 
Күнәдан таза басым бар,
  Жиырма бірде жасым бар. 
  Қасқалдақтай қаным бар,
  Бозторғайдай жаным бар,
  Алам десең алыңдар! 


92
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
«Еркек тоқты – құрбандық»,
Атам десең атыңдар! 
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен кетермін...
Жүргізуші:  -  Жамбыл  Тайжұмаев  15  жылға,  Түгелбай 
Тәшенов 15 жылға, Қайырғали Күзембаев 14 жылға, Ертай 
Көпесбаев  4  жылға  бас  бостандықтарынан  айырылды. 
Ал  басты  айыпкер  деп  танылған  Қайрат  Рысқұлбек  өлім 
жазасына кесілді.
Қайрат:  -  Үкімді  естігенде  аяғымның  астындағы  еден 
төмен  лықсып  кеткендей  сезілді.  Қапталыма  қараймын, 
ұнжырғасы  түсіп,  сағы  сынған  серіктерім  10,  15  жылдан 
алып жатыр. Кұлағым бірде ашылып, бірде тығындалып, түк 
естілмей әлекке салғаны. Ең әуелі санама сақ етіп келген ой 
«Осы мен кіммін?» сауал болды.
Әкетай-ау, пайғамбардай жасың бар,
Туа бермес сіз секілді асылдар.
Қартайғанда жүрегіңді қаралап,
Кесір болды-ау біз секілді масылдар.
Айналайын ағалар мен жеңгелер,
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер?
Сүмірейіп сот алдында отырған
Бауырыңды енді кімдер ескерер.
Айналайын қарындасым, қарағым,
Қолда кісен, мен айдауда барамын.
Қайғы жеген, азап тартқан ағаңды,
Айтшы жаным, қандай жанға баладың?
Айналайын інішегім, құлыным,
Сені ойласам үзіледі жұлыным.


93
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай
Кетіп барам, мен айдауда, құлыным.
Жүргізуші: - Оның жаны нәзік, жүрегі қайсар, көкірегі 
толған  ән  еді.  Енді  Желтоқсан  құрбаны  болған  Қайраттай 
ұл-қыздарымызға арнап осы оқиғаға байланысты жазылған 
«Желтоқсан желі» атты әнді тыңдайық.
(Ән орындалады).
Жүргізуші:  -  Түрменің  тас  қапасында  отырып,  Қайрат 
інісіне арнап мынадай соңғы хатын жазыпты:
6-оқушы:  -  «Бауырым  Талғат!  Мен  жоқпын  сендерге. 
«Танымайтын жазығы жоқ милиционерді неге ұрдың?» деп 
сұрайтының кәміл. Бәлкім, іштей бәрін түсініп сұрамассың 
да.  Сол  шіркіндердің  көше  жиегінде,  тал  түбінде,  әуез 
жанында жас қыздарды ұстап алып шырылдатып сабағанын 
көрсең ғой. Қолындағы дойырмен шаптың ішін ала тартып 
жібергенде  әлгі  бейбақ  жер  тіреп  тұра  алмай  қалды, 
еңгезердей екіншісі сүйрелеп әлгі қызды тор көз машинаға 
апарып лақтырды. Тағы бір өрімдей бойжеткенді күрекпен 
шүйдесінен  ұрып  талдырып  түсірді,  қыз  құлаған  жерді 
қан жуып кетті, «Өлді-ау» деп ойладым, қимылсыз қалған 
денені  былқ-сылқ  көтеріп  апарып,  көк  қасқа  самосвалға 
атып ұрды. Ол қыздар алаңға барғанымен ешқандай кінәсі 
жоқ,  үкіметке  карсы  сөз  де  айтқан  емес,  талшыбықтай 
талдырмаш  жандарды  айуандықпен  қол  көтеріп  ұрып 
жатқанын  көргенде  көз  алдың  бұлдырап,  өзінді-өзің  ұстай 
алмайды екенсің. 
7-оқушы:  -  Жатақханага  келгенде  естідік:  біраз  қызды 
қала  сыртына  шығарып,  киімдерін  шешкізіп,  ақ  қар  көк 
мұзға  отырғызып,  тоңдырып  жазалапты.  Мені  түсінсең 
де,  түсінбесең  де  бастан  кешіргенім,  көргенім  –  осы. 
Сенен  басқа  артта  қалған  ерекшелерім,  біріңе  аға,  біріңе 
іні  ретінде  өтінерім:  саушылықтарыңды  сақтай  біліңдер. 
Мына аз күн жарық дүние, ұлы өмірдің қадіріне жетіңдер. 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау