Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет27/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33

108
Сыныптан тыс сабақ
Нұржамал МОМЫНОВА,
«Таушық» ауылындағы
орта мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы.
«ҮРКЕР» РОМАНЫНДАҒЫ ЕСЕТ 
КөКІҰЛЫНЫң БЕЙНЕСІ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  қазақ  халқының  
жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған 
әйгілі батыры Есет
 Көкіұлының ерлік, батырлығын романнан 
оқытып меңгерту, Есет  батыр тұсында өмір сүрген басқа да 
тарихи тұлғалар жөнінде оқушыларға  қысқаша түсінік беру; 
дамытушылық  –  оқушыларды    романның  идеялық  мәнін 
түсіне білуге, образға өзіндік талдау,  жинақтау жасау, ойлай 
білуге  дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста  шапшаңдық, 
тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге  
төселдіру; 
тәрбиелік – Есеттің ерліктерін, батырлығын айта 
келіп  оқушыларды  Отанын  сүюге,  адамгершілікке,  елін 
құрметтеуге, инабаттылыққа тәрбиелеу. 
Әдісі: баяндау,талдау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары. 
Көрнекілігі:  1)  Есеттің  жауынгерлік    суреті,  2)  Ақтөбе 
облысының  картасы,  3)  «Қазақтың  Есеттері»,  «Қарабура»  
(плакаттар), 4) «Қырымның қырық  батыры» жыры, Мұрын 
жырау суреті, 5) Айрақты тауының суреті.
Сабақтың жүрісі.
Үйге  «Үркер»    романынан  Есет  батырға  қатысты 
мәліметтер тауып келу тапсырылған болатын.
-  Оқушылар,  бүгін  біздің  өтетін  сабағымыз  «Үркер» 
романындағы батыр Есет Көкіұлы туралы болмақ. Қазақтың 
Есет батыры туралы естігендерің бар ма? 
Есеттің  шыққан  төмендегі  тегі  жайлы  оқушыларға 
түсіндіріп  өтемін:    (Тама,  Қарабура,  Нәрік,  Шора, 


109
Есенгелді, Атамшыл, Торым, Базарқұл, Көкі,  Есет).
Тама –  Шыңғыс хан сайлауында белсенділік көрсеткен 
тама  тайпасының      шығыс  батыс  жорықтарына  қатысқан 
әйгілі батыр.
Қарабура  –  Қожа  Ахмет  Иассауиді  ақтық  сапарға  ақ 
жуып аттандырған,  оның рухани шәкірттерінің бірі, үлкен 
қасиет иесі. Есімі халық арасында құрметпен аталады. Нәрік, 
Шора, Есенгелді, Атамшыл, Торым, Базарқұл – «Қырымның 
қырық батырында» суреттелетін батырлар.
Көкі.  Жауға  үнемі  тайсалмай  шабатындықтан  «Таймас 
батыр»  деген  ат  алған.  Тарихшылар  Салқам  Жәңгір  хан 
жоңғардың  50  мыңдық  әскеріне  600  жауынгермен  қарсы 
тұрып  шайқасып  жатқанда,  20  мың  әскермен  көмекке 
келетін  Жалаңтөс  баһадүрдің  әскерінің  ішінде  осы  Көкі 
батырдың  да  болғандығын,  сонда  оның  шеп  бұзып  үлкен 
ерлік көрсеткенін жазады.
Оқушылар  сендерге  алдын  ала  тапсырма  берілген, 
соны тыңдаймыз. 
1-оқушы.  Атақты  Көтібар  Бәсендеұлы  қалмақтарды 
қуып  қайтқан  сапарында  қатты  жаңбыр  жауып,  жолдағы 
Есет  Көкіұлының  зиратына  келіп  түнейді.  Түсінде  Есет 
батыр  Көтібарға  ақбоз  ат  мінгізіп,  ол  атпен  батыр  көкке 
көтеріліпті. Түсін жақсылыққа жорыпты. Ертеңінде Шалқар 
көлінің басында отырған ауылына келсе, әйелі босанып ұл 
туыпты. Түсінде аян берген батырдың атын ұлына қойыпты. 
Тарихта мәңгілік есімі қалған сол – Есет Көтібарұлы.
2-оқушы. Есет Көкіұлы – 1667-1749 жылдар аралығында 
Әбілқайыр хан тұсында өмір сүрген әйгілі батырлардың бірі. 
Кіші жүздің Тама руынан шыққан. 
Есет  жауынгерлік  заманда  туып,  күреспен  есейіп,  ер 
жеткен  тұрғыластары  сияқты  ел  қорғау  жорығына  ерте 
араласады.  Жеке  ерлігімен  көзге  түсіп,  батыр  атанады. 
Тәуке  хан  тұсындағы  жеңісті  шайқастарда  Есет  батыр 
Кіші жүз қолын бастайды. Осындай шайқастардың бірінде 
найзагерлігімен  көзге  түсіп,  ерен  ерлік  көрсеткен.  Есетке 


110
риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса 
түссін,  найзаң  мұқалмасын,  ел  намысы  тұздығың  болсын» 
деп бата берген.  
3-оқушы. «Үркер» романында былай суреттелген: Есет 
батыр  әйгілі  «Ақтабан  шұбырындыдан»  кейін  ел  болып 
бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты 
шайқасына  қатысып,  езілген  елдің  еңсесін  көтерткен  Ұлы 
жеңіске  өз  үлесін  қосады.  Ал  тарихи  бетбұрыс  жасаған 
Аңырақай соғысында ол кіші жүз құрамының туын көтерген 
атойшы болады. 
Есет  батырдың  кейінгі  өмірі  Әбілқайыр  ханның 
саясатымен  тығыз  байланысып  жатады.  Ханның  қасында 
болып, ақыл-кеңесін береді, хан мен халық арасына түскен 
жарықшақты  дәнекерлеп  біріктірушісі  болады.  Әсіресе, 
хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің 
тарихи  ірі  тұлғалары  Бөгенбай,  Жәнібек  батырлармен 
бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетеді. 
Сұрақ: Есет батыр жайлы ертеден Маңғыстау өңірінде де 
бірнеше аңыздар айтылады, соны  кім айтады?
4-оқушы.  Бейнеу  ауданының  Тоқсанбай  бағытына 
жүргенде Ырғызбай-Қарасайдың тұсынан оңтүстік шығысқа 
қарағанында  адамның  имек  тұмсығына  ұқсас  «Тама  Есет 
батырдың  тұмсығы»  деген  жер  көрінеді:  Қалмақтардың 
үстірт Маңғыстауды билеп тұрған кезі болса керек. Қазақтар 
қолы таудың астындағы жауды ала алмайды. Таудың асты – 
бұлақ. Шұрқыраған көк алалы жылқы су ішіп, шығып бара 
жатады. Алдындағы таудан түсіп кеткен аттылардың қайдан 
түсіп жүргенін білмей аң-таң болған әскер сол таудың үстіне 
түнеп, таңертең ерте қарап тұрса, шұбырып таудан шығып 
бара жатқан құландарды байқап қалады. Келіп көрсе, бір аяқ 
қия жол. Сол арқылы барып, қалмақтарды тас-талқан етеді.
5-оқушы. Кіші жүз әскері Маңғыстаудағы қалмақтармен 
қазіргі  Шетпе  елді  мекенінің  Бозашы  бағытындағы  «Иір» 
жерінде соғысады. Соғыстың қатты болғандығы сондай – ой 
қанға бөгіпті. Есет батыр шатырын Айрақтының үстіне тігіп, 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау