103
45. Мұқағали
оқулары.
1
46. Менің
Отаным –
Қазақстан
(шығарма).
1
47. Әлем
әдебиетіне
шолу.
1
48. Әбілхасан
Рудаки.
1
49. М.Фраги.
1
50. Александр
Пушкин.
1
Александр
Пушкин
өлеңдері.
51. Расул
Ғамзатов.
1
Қосымша
мәліметтер
жинау.
52. Шыңғыс
Айтматов.
1
Сұрақтар
әзірлеу.
Шыңғыс
Айтматов
портреті,
хроноло-
гиялық
кесте.
53. Шыңғыс
Айтматов.
«Най-
ман ана»
әңгімесі
бойынша
дебат.
1
54. Шығарма-
шылық
жұмыс.
2
Білім сайы-
сы-2010.
55. Сынақ хат.
1
56. Елтаңба –
елдігімнің
айшығы
(шығарма).
1
57. Қайталау.
1
104
Балабақша бағында
Сандуғаш ОРАЗОВА,
Алматы қаласындағы
№139 балабақшаның
тәрбиешісі.
ӘДЕПТЕН АСПАЙМЫЗ,
ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАЙМЫЗ
Мақсаты: туған ауыл, қалаға, көшеге ыстық ықыласпен
қарауға баулу; балаларға экологияның тірі ағзалар үшін
маңызы туралы түсінік беру; адам еңбегін бағалауға және
табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, көліктің түрлері, ағаштар, гүлдер,
т.б.
Сабақ барысы.
- Балалар, бүгін бізге келген қонақтармен танысып
алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түссін қаламыз.
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым!
Бүгінгі оқу іс-әрекеттерімізді ізгі ниетпен, жақсы
тілекпен, жылы лебіздермен бастасақ.
1. Қаламыз көркейе берсін. 2. Күніміз жарқырасын. 3.
Аспанымыз ашық болсын. 4. Деніміз сау болсын. 5. Қаламыз
гүлге толсын. 6. Табиғатымыз таза болсын. 7. Жеріміз дәнге
толсын. 8. Елімізде татулық болсын. 9. Балабақшамызда
бала көп болсын. 10. Таза болсын табиғат, Қорғап жүрсін
адамзат.
105
Өте жақсы тілектер, сендер ауырмай үлкен азамат
болыңдар.
Балалар, біз не көріп тұрмыз?
- Кең жол, машиналар, көп қабатты үйлер, дүкендер,
жасыл желек ағаштар, т.б.
- Ендеше, балалар, қаламызға жақынырақ барып,
дауысын естіп, қаламыздың тазалығын, әдемілігін көріп,
танысып қайтайық. Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы –
Әдептен аспаймыз, тазалықты сақтаймыз.
- Балалар, қараңдаршы, қаламыз қандай көркем, сұлу,
әдемі. Бұл көше кімнің құрметіне берілген?
- Мұқағали Мақатаев.
Күтпеген сәт. – Ой, балалар, қараңдаршы, міне, керемет,
мына шар қайдан ұшып келген? Шардың түсі қандай?
Шардың пішіні қандай?.. Шармен бірге ғажайып бір
тапсырма келген екен? Қане, ішін ашып көрейік, не бар екен?
Тапсырма: Ағаш, жол, көлік, қала туралы қандай жұмбақ,
тақпақ білесіңдер?
1. Көк орманда ну ағаш
Өскен жақсы аралас.
Жапырағым жап-жасыл,
Өсе берем сан ғасыр.
2. Ұзын-ұзын, ұзын жіп,
Ұшына шыққан жан бар ма,
Ақырын басқан жан бар ма?
Ұшына шықпас жалғанда (жол).
Күзде киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды (ағаш).
Арқасында ауыл жүр,
Ала тайым шауып жүр (автобус).
- Балалар, біз санауды білеміз, ендеше 1-ден 20-ға дейін
тура және кері санап берейікші... Енді мына көшедегі
көліктерді санап көрейікші, көліктердің түсі қандай? ...
106
Пішіні ше?... Бағдаршамның неше көзі бар? ... Көздерінің
пішіні қандай? ...
Өткен оқу іс-әрекетіміздегі бағдаршам туралы өлеңді
есімізге түсірейікші...
Көліктен не шығады?.. Көліктен шығатын түтіннен
қандай зиян бар?
- Ауаны ластайды.
- Көліктен шыққан түтін ауаны ластайды, адам
денсаулығына зиян. Ауа таза болу үшін не істер едіңдер?
1. Ауаны былғайтын көлік түрлерін азайтар едім. 2. Мен
ағаштар гүлдер отырғызар едім. 3. Бау-бақша отырғызар
едім. 4. Зауыттар мен фабрика қаланың алыс шетіне
салдырар едім.
1. Көк түтінге тұншығып,
Аяқ асты тапталып,
Жатыр қанша гүл солып?!
2. Жер шары – дәу әлем
3. Өмір сүріп тамаша,
Қоршаулы ауамен.
Қуанайық балаша.
Ауасыз кім шыдар,
Таза болса қаламыз,
Ауасыз тұншығар.
Болар бәрі тамаша!
- Дұрыс айтасындар, балалар, қаламызды көркейту,
сендердің қолдарыңда, сендер өз үлестеріңді қосуларың
керек.
Көрініс. Балалар ойнауға барады. Ойнап отырып, сынық
ойыншықтар, қағаздар тастап кетеді. Әже бақылап отырады.
Балалар ойнап болып кетіп бара жатқанда балаларды қуып
жетеді.
– Тоқтаңдар, балалар! Менімен бірге жүріңдер. Балалар
мына алаңды не ғып ластап кеткенсіңдер. Қоршаған
ортаның бәрі – біздің жеріміз, еліміз. Жерімізді, елімізді,
табиғатымызды ластамаймыз. Қоқыс салатын ыдыс бар,
соған салады. Сендердікі дұрыс емес.
Сол кезде басқа балалар келеді.
107
– Мына алаңға не болған? Кімдер ластап кеткен?
Балалар, қане бәріміз жабылып алаңды жинайық.
(Балалар жинайды).
Жинап болған соң әжеден кінәлі балалар кешірім сұрайды.
Әже: – Балалар, естеріңде болсын. Келешек жарқын
болашағымыз сендердің қолдарыңда. Қаланың тазалығын
сақтауымыз керек, сонда ғана біздің қаламыз көркейеді.
Бала: – Менің кішкентай достарым! Көшеде, аулада
немесе орманда бейберекет лақтырып тасталған қоқыстар
біздің жеріміз бен табиғатымызды қатты ластап, өлшеусіз
залал келтіреді.
– Балалар, бәріміз еңбектеніп ауланы жинадық. Енді
еңбек туралы мақал-мәтел айтайық.
1. Еңбек етсең – емерсің. 4. Гүл өсірсең терлеп,
2. Еңбегі аздың өнбегі аз Мұны аты – еңбек.
3. Бір тал кессең он тал ек.
- Балалар, әжеміз бізге ақылын айтып дұрыс жол
нұсқағаны үшін біз өзіміздің білімді ақылды екенімізді
көрсетіп, әріптерге байланысты бір сергіту жаттығуын
орындайық.
А дегенде қолдарын көтеріп шапалақтайды (қуаныштың
белгісі).
У дегенде қолдарын алға созады (шексіздіктің белгісі).
О дегенде қолдарын дөңгелетіп ұстайды (қанағаттың
белгісі).
Е дегенде қолдарын айқастырып кеуделеріне қояды.
И дегенде бір қолдарын жоғары, бір қолдарын төмен
созады (тепе-теңдік белгісі).
Осы бес белгіні адамдар ұстана білсе, келешегіміз
жарқын, қаламыз көркейіп, елімізде тыныштық болады.
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Балалар көрген, естіген, білгендерін қағаз бетіне түсіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |