Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет32/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

129
деген не? (мысал)
II топ сұрақтары (жасыл түсті кеспе қағаздар):
1. Зат есімнің түрлерін ата. 
2. Туынды зат есім деген не? (мысал) 
3. Күрделі зат есім деген не? (мысал) 
4. Дерексіз зат есім деген не? (мысал)
Кітаппен жұмыс. Жаттығулар орындау.
1-слайд. «Мақал-мәтел жарысы» (жалғасын табу).
«Тіл» тобына:
1. Тіл – қылыштан (өткір).
2. Басқа пәле – (тілден).
3. Тәрбие тілден (басталады).
4. Тіл тас жарады, (тас жармаса бас жарады).
5.  Шешеннің  тілі,  шебердің  бізі  (өрнегін  сендей  сала 
алмас).
«Сөз» тобына:
1. Қаһарлы сөз (қамал бұзар).
2. Мал шөпке тоқтайды, (адам сөзге тоқтайды).
3. Сөз тапқанға (қолқа жоқ).
4. Оқ жарасы бітер, (сөз жарасы бітпес).
2-слайд. «Сөзжұмбақ» шешу.
1. Ұлт аты
2. Үй құсы
3. Оқу пәні
4. Аңның аты
5. Жаңа астана
6. Киім ілетін орын
7. Сүттен жасалатын тағам
3-слайд. «Орнын тап» ойыны. 
«Тіл» тобына:
   
                 
қ 
а 
З   
а 
қ 
 
 
қ 
А  
з 
 
 
 
 
Т  
а 
р 
и 
х 
 
к 
Е  
р 
і 
к 
 
 
а 
С  
т 
а 
н 
а 
 
 
І  
л 
г 
і 
ш 
 
М  
а 
й 
 
 
 


130
Анау – аспан, мынау – бақ, 
Аспанда – бұлт, бақ – жадау. 
Мамық ұшты қылаулап,
Қыс та келіп қалған-ау.
Сөз» тобына:
Сұр бұлт, түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. 
Өлең  шумақтарындағы  зат  есімдерді  кеспе  қағаздағы 
орындарға орналастыру. 
4-слайд. Тест (топ басшыларына).
«Тіл» тобына – 
Жалпы есімді тап:
А) Алатау, Көкшетау; 
Ә) жиырма, мың; 
Б) мектеп, дәрігер; 
В) қызыл, жасыл.
«Сөз» тобына – 
Жалқы есімді тап:
А) орман, көл, гүл; 
Ә) Ақтөбе, Сарыкөл; 
Б) ата-ана, биік; 
В) бала, қала.
Үйге тапсырма беру: «Тіл» тобына да, «Сөз» тобына да 
тілге байланысты шағын шығарма жазып келу тапсырылды.
Білімдерін бағалау.
Екі  топтың  бірін-бірі  бағалауы,  мұғалімнің  бағалауы, 
соңында ортақ бағасын қою.


131
Ардақ САБЫРОВА,
№67 жалпы орта білім
 беретін мектептің мұғалімі.
Алматы қаласы.
БҰҚАР ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫ
(9-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  Бұқар  жырау 
Қалқаманұлының  өмірі мен шығармашылығынан  мәлімет 
беру, толғауларының  тақырыбы мен идеясын ашу; тәрбиелік 
– оқушыларды  өз елін , өз жерін , ана тілін  сүюге  тәрбиелеу, 
ата-бабамыз аңсап өткен Тәуелсіздігімізді  сақтауға, елінің  
бүтіндігін  ойлауға  баулу;  дамытушылық  –  әр  оқушының  
өзіндік  қиялына    ерік    бере  отырып,  өзінше    ой  түйіп  , 
қорытынды жасауға  баулу,  терең сезімдерін ояту.
Түрі:  аралас  сабақ.  Көрнекілік:  жыраулардың 
портреттері, жырауларға байланысты слайдтар. Техникалық 
құрал- жабдық : компьютер, интерактивті тақта.                 
Сабақтың   барысы.
І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Сабаққа 
психологиялық  дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
XV-XVIII ғ. жыраулар поэзиясы.
-  Балалар,  үй  тапсырмасын    «Тұлғаны    танисың  ба?» 
ойыны  арқылы  тексеремін.  Халқымыз  «Қазақты  көргің 
келсе  –  міне,  осы»  деп  жер  жүзіне    көрсетуге    тұрарлық  
марғасқалардан  кенде  емес.  Елінің    бүтіндігі,  бірлігі  үшін  
қара  сөздің    қаймағын    сүзген    жырауларымызды    тану, 
есімдерін    ұлықтау  –  келешектің  де,  бүгінгі    біздің    де 
борышымыз.  


132
Тапсырма: жыраулардың   толғауларынан  үзінді  беріледі. 
Сіздер  қай  жырау    екендігін    тауып,  қысқаша    сипаттама  
бересіздер.  Жауаптың    дұрыс-бұрыстығын    тұлғаның  
потретімен  тексеремін.
ІІІ. өзектілеу  кезеңі.
- Жырау  дегеніміз кім? Жыршы  дегеніміз кім?
- Жыраулар  поэзиясының  негізгі тақырыбы не?
IV. Жаңа  сабақ.
- Ей, Абылай , Абылай!
- Сені мен алғаш көргенде
Тұрымтайдай ұл едің,
Түркістанда  жүр едің.
Әбілмәмбет  төренің
Қызметінде  тұр едің,- деп  жырлап, XVIII ғ. ІІ жартысын-
да  хандық құрған  Абылай  ханның  ақыл-кеңесшісі, ақыл-
гөйі болған жырау кім еді?
- Бұқар  жырау Қалқаманұлы.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.
-  Бүгінгі    сабағымыз  жыраулар    поэзиясының    ірі  өкілі 
  Бұқар    жырау  Қалқаманұлына    арналады.  (Сабақтың  
мақсатымен  таныстыру).
Хронологиялық  кесте арқылы  өмірі мен  толғауларын  
таныстыру.
Толғауларының   тақырыбы
1.  Өмір  жайлы  («Ей,  Абылай,  Абылай»,  «Сен    он  бір 
жасыңда», «Атам  болған  жиырма  бес»).
2. Ел  бірлігі  («Бірінші  тілек  тілеңіз», «Керей,  қайда  
барасың?»).
3. Абылай   ханға  арналған  толғаулары. 


133
Оқулықпен  жұмыс.
Толғауларын    талдау,  салыстыру  (Оқушыларға    әр  
тақырыпта  жазылған  толғаулары  таратылады).
V. Деңгейлік  тапсырмалар:
ІII деңгей.  Толғауларды  өлең  құрылысына  талдау.
ІІ деңгей.  Толғауда  кездесетін  мақал-мәтелдер
І деңгей. Толғауға  мазмұндас  кімнің  қандай  шығармасы  
бар?
  Бұқар  Қалқаманұлы    өз  шығармасында    бұрынғы   
жыраулар  поэзиясының  үлгісін  әрі  қарай  дамытады . Кәне,  
осыны  өздеріңіз  дәлелдеңіздер.
(Тақтада 3 қатарға  өлеңдер  беріледі. Оқушылар  өздері  
талдайды).
VI. Бекіту  кезеңі.
Сұрақ-жауап.
–  Сонымен,  балалар,    біз  Бұқарды      неліктен    жырау              
дейміз?
VII.  Қорытынды.  Сабағымызды    қорытындылау    үшін 
«Ойлан  тап» ойынын  ойнайық.
Тәуелсіздік  туралы  айтарым  бар... (эссе)
VIII.  Бағалау.  Үш  топтан      белсенді    қатысқан   
оқушыларды  түрлі- түсті   қималармен  бағалау. 
IX. Үй  тапсырмасы: 1) «Бұқар  жырау  толғауларының   
негізгі    тақырыбы  –  ел    бірлігі»  тақырыбында      шығарма  
жазу; 2) «Тілек» өлеңін  жаттау.
XI. Рефлексия.
 Бүгінгі  сабақтан  алған  әсеріңізді  өз  қабілеттеріңізге  
қарай  білдіріңіздер. 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау