Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет2/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

3
Көкейкесті көзқарас
Бейбіт ИСХАН,
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың
әдебиеттану және тіл білімі
 ғылыми-зерттеу институтының 
қызметкері, ф.ғ.к., доцент.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 
 ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ 
САБАҚТАРЫНДА
Қазіргі  білім  беру  жағдайында  электронды  құрал-
жабдықтарға  негізделген  ақпараттық-қатынастық  техно-
логияларды  (АҚТ),  сандық  білім  қорының  біртұтас 
жиынтығын,  интерактивті  тақта  мен  ғаламтор  желісі 
мүмкіндіктерін,  т.б.  пайдаланбай,  солардың  көмегіне 
сүйенбей  сабақ  беру  мүмкін  емес.  Сол  себептен  АҚТ-ны 
бүгінгі  заманның  орасан  зор  жетістігі  ретінде  қазақ  тілі 
мен әдебиеті пәнінің сабақтарында да пайдалану маңызды 
да  өзекті.  Бұл  технология  елімізде  соңғы  он  шақты  жыл 
көлемінде кең қолданыс тауып, өркен жаюда.
Әлемдік және отандық іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, 
қазіргі заманның кез келген пән мұғалімі (оқытушысы) кем 
дегенде  Microsoft  office  бағдарламаларын  пайдаланады. 
Мәселен, филолог-ұстаздар үшін Word бағдарламасы әрбір 
сабаққа қажетті түрлі мәтіндік материалдар құру үшін керек 
болса, Excel кесте, сызба, график, тест құру үшін, PowerPоint 
оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарына, яғни, 
сабаққа  қажетті  электронды  жалғама  әзірлеу  үшін  қажет. 
Ал  Publisher  бағдарламасы  оқылатын  сабақ  тақырыптары 
бойынша буклет, реферат, жобалар дайындауға, жобаларды 
бағалап  қорытындылауға,  Access  бағдарламасы  мұғалім-
оқытушыға өз оқушылары мен студенттері туралы сан алуан 


4
мәліметтер базасын жасауға ыңғайлы.
Алайда  еліміздің  барлық  деңгейлік  білім  ошақтарына 
еніп  жатқан  ақпараттық  және  техникалық  прогресс  ұстаз-
педагогтан  ғаламтор  желісін  де  тиімді  пайдалануды, 
интерактивті технологияларды да мейлінше меңгеруді талап 
етеді. Міне, осындай қазіргі жағдай қазақ тілі мен әдебиеті 
сабақтарын  жүргізетін  мұғалім-оқытушылардың  АҚТ-ның 
барлық  мүмкіндігін  қарапайым  орфографиялық    ереже-
қағидалардан бастап интерактивті тақтаға дейін пайдалана 
отырып қашықтан оқыту үшін ғаламтор желісінде де жұмыс 
істей алуды талап етеді.
Электронды  құрылғыларға  негізделген  оқытудың 
ақпараттық-қатынастық  жаңа  әдіс-тәсілдері  мен  тиімді 
жолдарының  біраз  жылдық  іс-тәжірибесі  нәтижелерін 
зерттеп-зерделесек,  еліміздің  оқу  орындарындағы  қазақ 
тілі  мен  әдебиетін  оқытуда  мынадай  басымдылықтарды 
анықтауға болады:
оқытуды  даралау  және  саралау,  оқытудың  түрлі 
бағдарламаларында  қиындық  келтіретін  тұстарды 
нақтылау,  әрбір  тақырып  бойынша  қорытынды  жасау, 
шығармашылық жұмыстың түрін таңдау;   
зерделенетін материалдың қолжетерлігі, білімгерлердің 
ғаламтор қорларын еркін пайдалана алуы;
ақпараттың кез келген түрімен өз бетімен жұмыс істеу 
дағдыларын,  тиімді  сандық  білім  ресурстарын  жинақтау 
ептілігін (машығын) дамыту;
ақпараттық интерактивті технологияларды қолданып, 
шығармашылық-зерттеушілік  жұмыс  орындауда  оқушы-
лардың (студенттердің) таным белсенділігін арттыру.
Біздің  зерттеп  пайымдауымызша,  соңғы  онжылдықта 
қоғамдық-гуманитарлық,  соның  ішінде  тіл  мен  әдебиет 
пәндерін оқытатын мектеп мұғалімдері мен ЖОО ұстаздары 
өздерінің әрбір сабақтары үшін электронды жалғама (сабаққа 


5
қажетті қосымша материалдар) дайындауды жақсы дәстүрге 
айналдырған. Мұндай жалғамалар сабаққа қатысты көрнекі 
құралдар,  жаңа  тақырыпты  түсіндіретін  дидактикалық 
материалдар, сабақ ұғынықтылығына сеп болатын сызбалар 
(схемалар)  мен  кестелер,  сабақ  жүргізу  барысында  оқу-
шыларды  немесе  студенттерді  бір  сәт  сергіту  мақсатында 
қолданылатын ақпараттық-танымдық материалдар, бағалау-
бақылау материалдары болып келетіні анықталды. 
Әр  сабақтың  осындай  оқу  материалдарын  дайындауға, 
жасауға  мұғалім-оқытушылармен  қатар  білімгерлер  де 
тартылатыны  әркімге  болсын  түсінікті.  Өздерінің  сапалы 
әрі  жан-жақты  білім  алулары  үшін  мұндай  жұмыстарды 
орындауға  білімгерлер  де  белсене  қатысып,  зор  ынта 
көрсетеді. Алайда, білімгерлерге сенім білдіргенмен, оларға 
аса  көп  жүк  арта  берудің  қажет  еместігі  де  байқалған. 
Мәселен,  олар  көрсетілім  (презентацияны)  материалдарын 
дайындағанда өте ашық, айқын, жарық түстерді, суреттерді, 
анимацияны шамадан тыс қолданады. Бір қарағанда, мұндай 
дүниелер есте жақсы сақталатын сияқты болып көрінгенімен 
сабақтың  негізгі  мақсатына,  мазмұнына,  ақпаратына  кері 
әсерін де тигізеді. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін 
жыл басында оқушылар үшін жақсы дайындалған үлгілерді 
көрсетіп, тиімді көрсетілім ойластырудың шағын шеберлік 
сабақтарын өткізген жөн сияқты. Әлбетте, бұл сабақтан тыс 
уақытта орындалуы қажет.
Жаңа  технологиялар,  электронды  құрал-жабдықтар 
кең  пайдаланылып,  сабақтар  жүргізілетін  мектептерден 
білім алып шыққан оқушылар кейін ЖОО-да оқып жүрген 
кездерінде олармен (электронды құрылғылармен) нәтижелі 
жұмыс  атқара  алады.  Мәселен,  филология  факультетінің  І 
курс  студенттерінің  дайындаған  көрсетілімдері  (қазақ  тілі 
мен  әдебиеті  пәндері  бойынша)  түрлі  стильді  ұстанған, 
түрлендіру,  мәтінді  пайдалану,  көрнекілікті  ұсыну 


6
талаптары  сақталған  әдемі  дүниелер  болып  келетінін 
тәжірибе  аңғартып  отыр.  Мәселен,  қазіргі  кезде  қазақ  тілі 
мен  әдебиеті  сабақтарында  электронды  құрылғыларға 
негізделген  жаңа  технологиялар  бойынша  дайындалған 
дүниелер  кең  қолданысқа  ене  бастады.  Соны  ескере 
отырып,  айталық,  «Қазақ  тілінің  дыбыстық  жүйесі»  деген 
тақырыптағы  курста  студенттер  өздерінің  көрсетілімдер 
жиынтығын әзірлейді. Алайда бір семестр (бір кредит) бойы 
ғана аптасына 1-2 сағаттан өтілуге есептелген бағдарламада 
ондай  көрсетілімдерді  зерделеу,  толықтай  бағалау  мүмкін 
емес.  Сол  себепті  студенттер  тарапынан  ұсынылатын 
материалдарды демеу мақсатында әрі қандай да болсын бір 
сабақтың білім ресурсын байытатын материалдар есебінде 
оларды  дайындауға  арнайы  Орталық  құру  қажет  екендігі 
туындайды. 
Әдетте  біз  оқу-тәрбие  үдерісінде  қазақ  тілі  және  қазақ 
әдебиеті  пәндері  (курстары)  сабақтарының  тақырыптары 
бойынша өтілген материалдарды бағалап қорытындылайтын 
кезде  өз  бетімен  орындалатын  жеке  жұмыс  ретінде 
студенттерге  MS  Publisher  бағдарламасын  пайдаланып, 
буклет  немесе  реферат  дайындауды  ұсынамыз.  Мұндай 
жұмыстарда  тақырып  қорытындысы  тезис  не  көрнекілік 
түрінде  беріліп  қана  қоймай,  бақылау  (ауызша,  жазбаша, 
тестілік  емтихан  немесе  сынақ)  сұрақтары  және  олардың 
жауаптарымен де толықтырылады. Міне, осындай буклеттер 
мен  рефераттар  кейбір  сабақ  тақырыптарын  өз  бетімен 
тереңірек  игеруге,  меңгеруге  қажетті  құрал  болып  та 
саналады.
Қазақ тілі мен әдебиетінің ұстаздары отандық білім беру 
бағдарламаларын  басшылыққа  алып,  кеңінен  қолданады. 
Сабақта пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру 
бағыттары  бойынша  сан  алуан  интерактивті  кестелерді, 
сызбаларды, қызықты мультимедиалық сабақтарды, ауызша-


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау