Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет22/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33

86
– Болды,- деді Баукең. – Әскери Академияда оқып жүрген 
кезімде  Сталин  өз  кабинетіне  шақырып  сөйлесті.  Әрине, 
мен  ол  кісімен  ұшырасуды  сұрағаным  жоқ.  Өзі  шақырды. 
Менен  соғыстағы  қиян-кескі  шайқас  туралы  және  Әскери 
академиядағы жағдай туралы айтып беруді өтінді.Мен бастан 
аяқ жиырма минуттай айтып бердім.Баукең Сталин екеуінің 
екі рюмка коньяк ішкенін жасырмады.Кабинет есігіне дейін 
шығарып салды.Кейін білдім, ол кісі мені Момышвили деген 
грузин офицері деп шақырыпты,– деді...» (23-24-беттер).
«Сөйтіп,  мен  беремін  деген  сұрақты  кездесуге  келген 
ауыл  еңбеккерінің  бірі  берді.  Мен  Баукеңнің  жауабын  аса 
ыждағатпен тыңдадым...» дейді Жүсіп ақсақал. Сол кездесуде 
Баукең көптеген сұрақтарға жауап берді. Ондай сұрақтардың 
ішінде мынадай қызықты сұрақтар да бар: «Сіздің картаны 
отқа жаққаныңыз рас па?», «Сізді фашистер қара орыс деп 
атапты,  сол  рас  па?»,  «Мәскеу  түбінде  қорғаныс  шебінде 
жатқанда Сіз Сталиннің шабуылға шықпау туралы бұйрығын 
орындамай,  батальоныңызды  шабуылға  алып  шығыпсыз, 
осы рас па?». Мұның бәріне Бауыржан батыр өте қызықты, 
әсерлі етіп жауап берді.
Жүсіп  Әлқожаұлы  өзінің  естелік  кітабында  Бауыржан 
Момышұлының Тамдыға келгені туралы одан әрі былай деп 
жазады:  «Баукеңдер  келгеніне  үш  күн  болғанда  1-мамыр 
мерекесі өтті. Ол кісі трибунаға шақырылды. Бірақ бармады. 
Алаңға  адамдар  сыймай  кетіпті.  Сол  адамдар  арасында 
Маржан  Нұрмаханова  деген  келіншекпен,  т.б.  бір-екі 
әйелдермен  алаңда  би  биледі.Осының  өзі-ақ  Баукеңнің 
халықшыл, адами бейнесін көрсетіп тұрған еді.
Иә,  батыр  аға  Баукең  соғыста  қанша  ерлік  жасағанмен, 
оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілмей, ол дүниеден 
өткеннен кейін ғана осы атаққа ие болды.Бірақ оның халқы 
Баукеңді  әлдеқашан-ақ  «Халық  Батыры»  деп  атап  кеткен 
болатын.Баукеңнің  Тамдыға  барғаны  күні  бүгінге  дейін 


87
Өзбекстандағы  қазақтар  арасында  жыр  болып  айтылып 
келеді. Ал бүгінде теміртаулық балғын ақын Руза Алдашова
«Алматы!
Байлаулы саған тағдырым,
Баукеңдер салған бар бұрын
Арасындағы үлкен жол
Алматы менен Тамдының...» деп жазды.
«Ауданымызға  ғылым  докторы,  Абай  атындағы 
педагогикалық  институттың  көп  жылдар  бойғы  ректоры 
Серғали  Толыбеков,  жазушы  Жәрдем  Тілеков,  Қуандық 
Шаңғытбаев,  атақты  балалар  жазушысы  Өтебай 
Тұрманжанов,  Өтеген  Оралбаев,  Бекділда  Алдамжаров, 
Бексұлтан  Нұржекеев,  Зейнолла  Серікқалиев,  Мереке 
Құлкенов,  ақындардан  Әнуарбек  Дүйсенбиев,  Қадыр 
Мырзалиев,  Кеңшілік  Мырзабеков  т.б.  ондаған  ақын-
жазушылар барып, халықпен кездесіп, ел аралап қайтты...» 
(23-25-беттер).
–  Аты  аңызға  айналған  батырдың  қолын  алу  мен  үшін 
үлкен  бақыт  еді,  менің  өмірімдегі  ұмытылмайтын  сәт 
еді,–дейді  Жүсіп  ақсақал.  –  Шашын  артына  қайырып 
тастаған  Баукеңнің  жүзі  сұсты  болатын.  «Егер  неміс-
фашист  Баукеңмен  бетпе-бет  келіп,  Баукеңе  тік  қараса, 
жүрегі  жарылып  өлетін  шығар  ...»  деп  ойладым.  Себебі 
Баукең  Мәскеу  түбіндегі  шайқастарда  фашистердің  түсіне 
енетін  болған.  Гүрілдеген  жуан  дауысы  санаңды  сілкіп, 
бойыңда  Отанға  деген  сүйіспеншілік  жалыны  шалқып  қоя 
беретін.  «Сталиннің  оғынан  аман  қалған  жолбарысым-
ай!..»  дедім  ішімнен.  Мәскеу  түбіндегі  қиян-кескі  шайқас 
көз  алдымда  жүріп  жатты.  Баукеңнің  «Алдияр,  тақсыр!..» 
деген  дауысынан  селк  ете  қалдым.  «Тыңдап  тұрмын!..» 
дедім өкшемді сарт еткізіп. Баукең «О, мынау тақсыр нағыз 
жауынгер ғой, қазықтай қатып қалғанын қарашы!..» деді.


88
Жүсіп сол кезде ерекше толқу үстінде болды. Көкірегінде 
рух пайда болды. Әлемге әйгілі әскери қолбасшыны, дивизия 
командирін көзбе-көз көріп қолын алуы, екеуінің арасындағы 
қысқа  әңгімелесу  көңілін  көтерді.  Бүкіл  Қазақстан,  бүкіл 
Панфилов дивизиясы Тамдыға көшіп келгендей болды.
Иә,  сол  бір  жылы  Тамды  ауданының  ғана  емес,  Бұқара 
облысындағы  көптеген  аудандардағы  қазақтар  кітаптан, 
кинодан  көріп  жүрген  Бауыржанды  көз  алдында  көріп, 
оның  сөздерін  құлағымен  естігенін  жыр  қылып  айтып 
жүрді.  Тамды  жастарының  көкірегіне  ұлтжандылық  рух 
сеуіп кеткен Бауыржандай батыр аталарының сол тұлғасын 
көрген  жастар  қазіргі  таңда  жігіт  ағасы,  бірқатары  елге 
басшы  болып  тарихи  Отаны  –  Қазақстанға  көш  басын 
түзеп,  Жетісуға,  Әулиеатаға,  Маңғыстауға  қоныс  аударып 
келіп  жатыр.  Бәрінің  көңілінде  –  тарихи  Отанына  деген, 
Бауыржан батырға деген ынтызарлық. Сол кездерде халқы 
үшін  от  кешкен  қаһарманның  халқына  айтқан  қанатты 
сөздері оларды Қазақстанға жетелеген еді. Көптеген жастар 
Алматыда, Шымкентте, Таразда қалып жатты.Ал оның соңы 
Ұлы Көшке айналғаны белгілі.
...Сонау Өзбекстанның Бұқара облысының қазақтар көп 
шоғырланған,  өздерінің  атамекені  –  Тамды  жерінен  қоныс 
аударып  келген  Жүсіп  ақсақал  саябақта  аяңдап  келеді. 
Тамдыда  қалған  қазақтарды  ойлайды,  «Тезірек  жетіңдер, 
қарақтарым...» дейді. Уақыт өткен сайын көркейіп, жасарып 
бара  жатқан  Таразға  сүйсіне  қарайды.  «Жолбарысым, 
Баукең-ай, өзіңіз аңсаған тәуелсіздікті көрмей кеттіңіз-ау!..» 
деді  күбірлеп.  Сонан  кейін  «Тәубә!  Тәубә!..»  деді.  «Сізді 
ұрпақтарыңыз,  бүкіл  қазақ  халқы  ешқашан  ұмытпайды. 
Сіздің айбатты тұлғаңызға  қарап  жас ұландар сап  түзейді! 
Сіз – біздің мақтанышымызсыз!..» деді.


89
Желтоқсан жаңғырығы
Гүлхан ӘКІМАНҚЫЗЫ,
Ақтөбе қаласындағы 
№1 кәсіптік лицейдің оқытушысы.
ҚАЙРАТ РЫСҚҰЛБЕК                 
ТҰЛҒАСЫ
Бүгін біз сыныптан тыс шарада Желтоқсан қозғалысының 
құрбандығы  болып,  «Халық  қаһарманына»  айналған  жас 
қыршын  Қайрат  Рысқұлбек  тұлғасына  тоқталмақпыз. 
Еліміздің  танымал  жазушысы,  Мұхтар  Әуезов  атындағы 
сыйлықтың  лауреаты  Дүкенбай  Досжанның  1986  жылғы 
Желтоқсан  трагедиясын,  еліміздің  тәуелсіздікке  қол 
жеткізуін көркем кестелеген «Алаң» атты романы бойынша 
Қайрат тұлғасымен жете танысамыз.
(Баяу күй ойналып тұрады).
1-оқушы:    1986  жылғы  ызғарлы  желтоқсан  күндері... 
Қанға  бөккен  алаң...  Азаттық  үшін  шейіт  болғандар...  Сол 
көтерілісте  тозақ  отынан  өткен  жастар...  Қар  үстінде  итке 
таланғандар, қорланған, зорланған арулар... Осы Желтоқсан 
оқиғасында  қарулы  әскерге  қарсы,  бронетранспортер  мен 
танкілерге қарсы, қолдарында саперлі күректер мен шойын 
кеспелтектер  бар  40  мыңдай  қанішерлерге  қарсы  құр  қол 
шыққан ержүрек қазақ жастарының қандары төгіліп, кейбірі 
шейіт  болғанын  қазір  дүние  жүзі  біледі.  Олар  туралы 
шындық  әлі  дұрыс  ашылған  жоқ.  Ал  осы  оқиғаның  басты 
қаһарманы, халқымыздың адал ұлдарының бірі – Қайрат еді.
2-оқушы: 
  «Елбең-елбең жүгірген,
  Ебелек отқа семірген
  Арғымақ мінген жаратып,


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау