№27 жалпы білім беретін орта мектебі
Қарағанды
Тақырыбы: табиғат пен адам егіз
Мақсаты:
А) оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түінік беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиясы нашар және жақсы аймақтармен таныстыру
Ә) туған елдің табиғатын сақтауда оқушыларды ізденіске белсенділікке, логикалық ойларының жылдамдығын дамыту
Б) Қоршаған ортаны қорғай білуге, оны көгалдандырып өсіруге тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: жарыс, топқа жұмыс, ізденіс жұмыстары
Көрнекілігі: 1. Қазақстанның картасы
2. Табиғат көріністерінен стенд
3. Газет-журналдардан, мақалалардан үзінді, суреттер.
4. Табиғат туралы қанатты сөздер
5. Альбомдар, Қазақстанның өсімдіктері мен қорықтары, жануарлары.
Жарыстың шарттары:
Топтың атын таныстыру
Ақындардың табиғат туралы өлеңін жатқа айту.
Мақал-мәтелдер жарысы
Көрініс
Шығармашылық жұмыс
Сабақ үш топ арқылы жарыс түрінде өткізіледі. Бірінші тобымыздың аты – Көкшетау бөктері. Екінші тобымыздың аты – Алатау маңы. Үшінші тобы – Алтай аясы. Балалар, өз жерлерін уартадан көрсетіп таныстырады. Екінші мәселеміз қандай ақындардың табиғат туралы өлеңдерін білетіндігін айтады.
1-оқушы. Қазақстан – туған өлкем
Жер көп пе сендей көркем,
Көрсін деп күллі әлемге
Жалауыңды желге желпем.
2- оқушы: көз алдыңда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып.
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
3-оқушы. Тасып жатқан өзендер жағасында
Сары белде сағымдар арасынан
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.
Мақал-мәтел жарысы:
Туған жердің қадірін
Шетте жүрсең білерсің.
Туған жердің ауасы да шипа.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Туған жерді қастерле,
Туған жерді құрметте.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Әр топтар өз альбомдарын таныстырады. Мысалы: табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат – адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагері.
Барысы:
А) «Бір тал кессең, он тал ек»
Ә) «Жасыл желек»
Б) «әке мен бала»
Шығармашылық жұмыс әр топ осы көріністерден көргендерін, қорыта отырып шағын шығарма жазу керек.
Мысалы: бір оқушы шығармасынан үзінді.
«Мен табиғатымды сүйемін»
Мен өз туған жерімнің табиғатын қатты сүйемін. Мен өз туған жерімнің табиғатын нәрін бізге береді. Өйткені, Жер Ана барлық нәрін бізге береді. Табиғаттың сұлулығы туралы әсіресе, Қазақстан табиғатының әсемділігін көптеп ақындар жырға қосқан, біздің әсем қалаларымызды, биік тауларымызды, шырайлы жерлерімізді айта берсең сөз жетпейді. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан – аяулы Ана.
Мұғалім: бүгінгі өмір талабына сай оқушылар арасынан журналистер дайындалып, әр топтан сұхбаттар алып, «Жасыл ел» бағдарламасына сәйкес ақпарат құралдарының да ән қосып жатқандығын, теледидардың макеті арқылы көрсетіп, балаларды одан әрі қызықтыра түсті.
Содан соң әділқазылар өз бағаларын береді.
Қорытынды: мектепте экологиялық бекетте біздің сынып биылғы жыл қорытындысы бойынша бірінші орын алды. Бұл жұмыс кезінде көптеген көшеттер отырғызып, өзіміздің мектепке бөлінген Туркебаев көшесін тазарттық. Мен сендерге алғыс сезімімді білдіремін. Табиғат – өз үйің, әр жеке тұлға сынып бөлмені әрқашан қастерлеп, өз табиғаатыңды күтіп ұстап, ауаны тазартып гүлдендіруге өз үлестеріңді қосыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |