Компанияның инновациялық әлеуетін арттыру мәселелері
Автордың аты-жөні
ЖОО, факультет,
мамандық, курс
Ғылыми жетекші: ғылыми жетекшінің аты-жөні
ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың, ақпараттық технологияның қарқынды түрде дамуы кезеңінде инновациялық әлеуетті арттыру маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Шет елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, дұрыс қалыптасқан инновациялық әлеует кез келген салада өз жемісін береді. Мысалға алып қарастырсақ, өнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, банк жүйесі, ауыл шаруашылығы салаларындағы ірі компаниялардың жетістіктерін атап көрсетуге болады. Дегенменде компаниялардың барлығындағы инновациялық үрдістің нәтижелері ойдағыдай бола бермейді. Әсіресе, инновациялық қызметтермен байланысты кемшіліктер компанияның өңдеу жүйесінде кездесіп отыр. Себебі экономикамызда біраз жылдар бойы үстемдік еткен дамудың шикізаттық бағыты соңғы жылдары өзінің тиімсіздігін, болашағының жоқтығын, жақын арада экономиканың дағдарысқа ұшырау ықтималдығын, ресурстардың шектеулі екендігін еске түсірді. Ғалымдардың пікірінше, дәл қазіргі қарқынмен пайдаланылып отырған шикізат ресурстары алдағы 25-30 жылға ғана жетеді екен.
Инновациялық әлеуетті қарастырғанда біз компания қызметінің әлеуметтік аспектілерін де ескеруіміз керек, яғни компания ішіндегі еңбек шарты, білімді басқару, біріккен ойлап табулар, дистанциялық оқу және т.б. Кез келген инновацияны енгізу компания персоналының қызметіне тікелей байланысты. Əдетте, ииновацияны енгізу еңбек шартының, еңбек үдерісінің өзгеруіне, ұйым жұмысшылар тарапынан жақсы көзқарасқа ие болмайтын басқа да факторлардың пайда болуына алып келеді. Тәжірибеде жиі ашық түрдегі қарама қайшылық пайда болады: бір жағынан ұйым инновациялық үдеріс тиімділігін арттырғысы келетін, екінші жағынан ұйым персоналы келіспеушілігі себебінен жаңа заманға өте қажет инновациялық саясатты толығымен сақтап қала алмайу қауіпі туындайды. Бірақ бұл қарама қайшылықпен күресуге болады. Кадрлық саясатты жүргізу кезінде инновациялық үдерісте маңызды орын алатын әлеуметтік, адамдық ресурстарға талдау жүргізу қажет. Бірақ компанияда инновацияларды енгізу барысында туындайтын келіспеушіліктерді жою күрделі үдеріс, бұл тұста бірнеше қиындықтар тууы мүмкін. Біріншіден, компаниядағы эксперттер және зерттеушілерге басқару саласында жалпы мәселеден инновациялық кадрлық мәселені бөлу қиынға түседі. Екіншіден, белгіленген әлеуметтік өзгерістер әрқашанда масштабты емес және статистикалық өлшенбейді. Келіспеушіліктер инновацияның әлеуметтік салаға әсері онша маңызды емес болып көрінеді және оны тек сапалы әдістерді қолдану арқылы ғана анықтай аламыз. Үшіншіден, көптеген менеджерлер инновациялық жобаны басқару барысында, оның нәтижесін бағалауда экономикалық тиімділікке көп көңіл бөлу себебіне байланысты әлеуметтік өзге-ріске онша мән бермейді [1]. Нәтижесінде инновациялық үрдіс аяқталуы мүмкін. Нақтырақ атап айтқанда, отандық компниялардың инновациялық әлеуетіне байланысты негізгі мәселелер ретінде төменде атап көрсетілгендерді көрсетуге болады:
1) «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын қолдау үшін мейлінше нақты инновациялық әлеуеттің жоқтығы;
2) инновацияларға сұраныстың төмен болуы;
3) инновациялар үшін жаңа саясаттың және уақтылы қазіргі заманғы заңнамалық реформалардың қажеттілігін түсінудің жетіспеушілігі;
4) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірленімдер мен инновациялық жобаларда ғылым, өнеркәсіп пен университеттер арасындағы өзара іс-қимылдың жетіспеушілігі;
5) экономикаға шағын және орта бизнес пен кәсіпкерлер ықпалының шамалы болуына әкелетін ел ішіндегі кәсіпкерліктің әлсіз дамуы;
6) инновациялық жүйенің түрлі элементтерінің арасындағы әлсіз үйлестіру;
7) ғылыми қызметкерлер мен өнертапқыштардың ақпараттық құзыретінің төмен болуы;
8) өңірлік инновациялық жүйелердің жеткіліксіз дамуы;
9) экономиканың кен өндіру саласына жоғары тәуелділігі [2].
Әлемдік өркендеудің алдыңғы елулігіне ену – кемел келешектің маңызды сатысы. Негізгі мақсатқа барынша жақындай түсу бағытындағы жұмыстар өміріміздің барлық саласында бірдей күнделікті атқарылып жатуы қажет. Бұл жағдай ғылым мен инновацияға тікелей қатысты. Ғылыми-инновацияның өркендеуіне кең өріс ашылмайынша, толыққанды дамуға қол жеткізу мүмкін емес.
Инновациялық-технологиялық даму стратегиясының басты мақсаты өнеркәсіпті тұтастай тұрғыдан да, сондай-ақ жекелеген өндірістер тұрғысынан да қайта құрылымдау болып табылады. Бұл өнеркәсіп өндірісінің құрылымында оңды өзгерістерге қол жеткізуге, бүгінгі заманға сәйкес корпоративті құрылымдарды дүниеге әкелуге және ұзақ мерзімдік ыңғайда сервисті-технологиялық экономикаға көшу үшін негіз әзірлеуге тиіспіз деген сөз. Отандық өнеркәсіп өнімінің әлемдік нарықта бәсекелесуге қабілеттігіне қол жеткізу ең елеулі міндеттің бірі ретінде алға тартылып отыр. Бұл мәселелер Бүкіл әлемдік сауда ұйымына енетін уақыты жақындаған сайын айқындала түсуде. Біз көмірсутегі шикізаты мен қара және түсті металдар нарығын берік орнықтырдық, деді Елбасы. Сонымен бірге, біз республика экономикасының жоғарғы қосымша құнды өнімдерімен халықаралық еңбекті бөлуде де лайықты орын алуы үшін ұмтылатын боламыз. Елімізде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы жасалып, бекітілді және іске қосылды. Оның басты мақсаты экономиканың салаларын әртараптандыру, оны неғұрлым жоғары өнімділік пен жаңа технологияларды қолдануға бағдарлау арқылы тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу болып табылады. Осы орайда, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда қол жеткізген алғашқы табысымыз ретінде өткен жылдары құрылған бес даму институтын атауға болады. Аталмыш институттар болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсетеді.
Өнеркәсіптік өнімдерді жаңа технологиялық деңгейге көтеру инновациялық үдерімді дамытпайынша мүмкін емес. Сондықтан инновациялық үдерім тегершігін жасақтау қажет. Инновациялық құрылымдарды, технопарктерді, технологиялық инкубаторларды, инновациялық орталықтарды дамыту өзекті мәселеге айналады.
Қазақстан ғылымы жаңа экономикалық идеялар, ғылыми ашылымдар, технологияларды серпінді жүзеге асыруды қажетсінеді, өйткені ғылымы мен инновациясы екінші орындағы басымдыққа ие ел еш салада бірінші болып бағы жанбайды.
Мемлекет басшысы инновациялық білім беру мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының қызметі инновациялық білім беруге, яғни өзінің теориялық тәжірибесін практикалық нәтижелерге бағыттауы қажет. Осыған орай оқу ордаларының жанынан инновациялық, ақпараттық технологиялар бөлімдері мен тәжірибелік-зерттеу орталықтарының ашылуы бұл студенттердің қолданбалы білімге деген ынтасын арттырады. Осындай инновацияға негізделген білім ордалары арқасында мемлекетті қарқынды экономикалық дамудың жаңа белесіне көтеруге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, экономика салаларының мәселелерін талдау барысында озық ғылыми-инновациялық тәсілдер жүйелі тұрғыда қолданылуы тиіс. Осы орайда Елбасы еліміздегі барлық жоғары оқу орындарындағы математикалық бағыттағы қолданбалы кафедраларда дәріс беру деңгейлерінде тың инновациялық технология үрдістерін кеңінен енгізу қажеттігін қадап айтты. Яғни, әлемдік практика көрсеткендей, кез келген маман иесінің, математикалық әзірлігінің жоғары деңгейі барлық салаларда сапалық секірісті қамтамасыз ететіндігі айтылды [3].
Отандық компаниялардағы инновациялық әлеуетті дамытудың біркелкі жүйесі біртіндеп қалыптасып келетінін көреміз. Сондықтан біз үшін осы жолдан өтіп, бүгінде айтарлықтай экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тиімділіктерге қол жеткізіп отырған елдердің тәжірибесі өте қызғылықты. Осыған орай, өнеркәсіп саласын дамыту барысында кластерлер желілерінің құрылуына көп қолдау көрсетілуде. Кластерлер таяу орналасқан кәсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тәжірибесі болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-технологиялық секторы үлкен әлеуетке ие, ол әлеует елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттарына барынша жұмсалады да. Әлемдік тәжірибеде сыннан өткен инновациялық даму тәсілдері біздің елімізде де қолданысқа енетін болады. Бұл тәсілдердің алғашқысы технология мен құрал-жабдықтардың халықаралық рыногын тартуға келіп тіреледі. Оның негізгі тетіктері трансфер және технологияны бейімдеу орталықтары, лизинг бойынша құрал-жабдық алу, франчайзингті қолдану, бірлескен кәсіпорындар құру үшін мүмкіндіктерді кеңейту. Екінші тәсіл төл ғылыми-техникалық әлеуетті арттыруға негізделеді. Еліміздің ғалымдарының ұсыныстары негізінде Отанымызда бірнеше өндіріс орындарында тың технологияларды енгізу мәселесі қолға алына бастады. Аэроғарыш саласындағы жоғары технологиялық өндірістерді дамыту, сондай-ақ, көптеген аймақтарда өндірістік бірлестіктерінің өнеркәсіптік базасы негізінде арнаулы технопарктер құрылып, биотехнологиялық өндіріс жөнінде үлкен жұмыстар жүргізілуде. Осындай, инновациялық игі үрдістер жалғаса түспек.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Демек, өз жұмысында инновациялық ойларды іске асыра білген адам да, компания да алдыңғы қатардан көрінеді деген сөз. Яғни, инновация дамудың қозғаушы күші болмақ.
Отандық өнімдердің халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруда әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшудің маңыздылығы зор. Яғни, шығарылатын өнімдеріміздің әлемдік стандарттарға сай келуіне баса назар аударуымыз қажет. Әрине, осы мақсатпен сапаның ИСО-9000 халықаралық стандарттарын енгізу жөнінде көп күш-жігер жұмсалады [4].
Ұлттық компаниялардың инновациялық әлеуетін арттыру жолдары ретінде төменде атап көрсетілгендерді ұсынуға болады:
- инновациялық процестер шығармашылық сипатқа ие және же олар креативтік менеджмент тәсілдерін қолдануды талап етеді;
- инновациялық қызметтің субъектісі болып табылатын новаторлар мен инновациялық менеджерлердің тұлғасын күрделі әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру керек. Олар әлеуметтік – психологиялық, эвристикалық, дидактикалық тәсілдерін қолдануды талап етеді;
- экспортқа бағытталған өнімдердің шығарылуын қамтамасыз ететін технологияларды енгізу;
- ішкі және сыртқы нарықтарда тұрақты сұранымға ие болатын өнімдерді шығаруға бағдарланған ғылымды қажетсінетін өндірістерді іске қосу;
- инновациялық сала үшін білікті кадрлар даярлау;
- халықаралық ғылыми – техникалық ынтымақтастықты дамыту.
Барлық елдерде мемлекет инновациялық әлеуетті дамытуға қаржылай түрде, ұйымдастыру процесіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қааржы кризистері кезенде же мемлекет инновациялық қызмет саласы қолдап, дамытып отыруы қажет.
Әдебиеттер тізімі
Управление инновациями в организации: учебное пособие по специальности «Менеджмент организации». А.А.Бовин, Л.Е.Чередникова, В.А.Якимович. 2-ое издание, М.: Издательство «Омега-Л», 2008, 415 с.
Қазақстан республикасы ұйымдарының инновациялық белсенділік деңгейінің даму жағдайы мен болашағы. / Купешова С.Т.,Нурмагамбетова А.М. //ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.-2015.-№3.-243б.=Вестник КазНУ. Серия экономическая.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» 2015 жылғы 30 қараша. — Егемен Қазақстан.-Астана, 2015. — 11 бет.
Самат Л. Инновациялық даму жағдайында өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру жолдары мен даму стратегиясы //Cтуденческое научное творчество:международное партнерство и перспективные технологии: Сб.докл.междунар.студенч.науч.-практ.конф.(9-10апр.2010г.). -Усть-Каменогорск, 2010.- 1-бөлім.-73б.
Достарыңызбен бөлісу: |