|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2013 ж. «19» желтоқсан
№ 666-ө-м бұйрығына
қосымша
|
Техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер санының
салааралық үлгі нормативтері
Астана қаласы,
2013 жыл
1. Жалпы бөлім
Осы Қызметкерлер санының салааралық үлгі нормативтері (бұдан әрі – Нормативтер) техникалық қызмет көрсетуді іске асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің санын белгілеуге арналған.
Сан нормативтерін әзірлеу негізіне мыналар алынған:
функциялар матрицасы;
еңбектің озық әдістерін зерделеу;
өндірістік процесті талдау, оны элементтерге бөлу;
еңбек процесінің құрамын, регламентін және орындалу жүйелілігін жобалау;
нормаланатын жұмыстың ықтимал нұсқаларын ғылыми негіздеу;
еңбек нормаларының мөлшерін, нормалар есебін айқындау және оларды енгізу;
еңбек технологиясының, тәсілдері мен әдістерінің оңтайлы нұсқасын, жұмыс орындарына қызмет көрсету жүйелерін, еңбек пен демалу режимдерін таңдау;
санға әсер ететін факторлардың сандық мәні;
әрбір функция бойынша жұмыстарды орындау көлемі;
персоналдың лауазымдық нұсқаулықтары.
Нормативтер персонал санын мыналарды ескере отырып белгілейді:
дайындау-аяқтау жұмысына, демалуға, жеке қажеттіліктерге және жұмыс орнына қызмет көрсетуге жұмсалатын уақыт;
әрбір жұмыс түрі үшін жұмыс уақытының жылдық.
Жұмысқа келетін персоналдың саны мынадай формула бойынша айқындалады:
,
мұндағы Фп –бір қызметкердің жұмыс уақытының жылдық пайдалы қоры, сағат.
Тн – сағатпен белгілегенде жұмыстың орташа жылдық еңбек сыйымдылығы мынадай формула бойынша айқындалады:
,
мұндағы: - нақты нормаланатын жұмыс түрін орындауға жұмсалатын уақыт, сағат;
- бір жылда орындалатын жұмыстың нақты түрінің көлемі;
i=1,…,k – жұмыстың тиісті түрі;
k – функция бойынша жұмыстардың жалпы саны.
Персоналдың тізімдік саны мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы - демалыс уақытында, ауырған кезде персоналдың жоспарлы жұмысқа шықпауларын ескеретін коэффициент, ол мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы жоспарлы жұмысқа шықпаулар % бухгалтерлік есеп деректері бойынша айқындалады.
Редактордың (мәтіндерді аудару жөніндегі) саны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011жылғы 24 қарашадағы № 275-п бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардағы НҚА және басқа да құжаттарды орыс тілінен мемлекеттік тілге және мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару жұмысына арналған уақыттың үлгі нормаларына сәйкес айқындалады.
Қызметкерлер кәсіптерінің атауы Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес келеді.
Көрсеткіштердің (факторлардың) мәні, есепті жылдың басында қалыптасқан олардың нақты мәндері бойынша айқындалады.
«Дейін» деп көрсетілген нормативтерді қолдану кезінде пайдаланылатын сандық көрсеткіштер шектерін қоса деп түсінген жөн.
Егер нақты саны Нормативтерде көзделгеннен аз болса, бұл ретте еңбек заңнамасында көзделген шектегі жұмыстардың белгіленген технологиясын сақтау және жоғары сапасы қамтамасыз етіледі, онда Нормативтер нақты санды арттыруға негіз болып табылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |