Бұл жөнінде С.Дорженов өзінің «Ұлттық тәрбиенің тәлімі «деген еңбегінде «Қазақ халқының тұла
бойы Жүріс тұрысы, мінез –құлқы, істеген ісі-тұнып тұрған тәрбие.
Сондықтан біздің алға қойған
міндетімізбалабақшада Ұлттық тәрбие жұмысындағы жақсы салт дәстүр, әдет ғұрыптарды
жинақтап саралаппайдалану арқылы болашақ ұрпақты адамгершілік қасиеттерге баулу» -деп атап
көрсеткен. Барлық дәстүр әдет ғұрыптар ұлттық тәрбиеге байланысты.
Ұлттық тәрбиеден ата –баба мұрасынан ұрпақ нәр алатын саналы жетілген азамат ретінде
тәрбиелеу міндетін атқаратын педагогикалық ғылымдардың қайнар бұлағы –ұлттық тәрбие екені
сөзсіз.
Тәрбиеші –балабақшадағы ұлттық тәрбиені бағыттаушы басты тұлға. Қазіргі уақыт талдабына сай
стандарт талабына ұлттық тәриені енгізу тәрбиешінің басты шартты.
Ұлттық тәрбиені тарату кезінде балалрдың бойында қалыптасатын салалар:
1.Дене шынықтыруға, күш–қуатты шыңдай түсуге, мүсінді түзетуге бағытталған;
2. Еңбексүйгіштікке,достыққа,жолдастыққа қайраттылыққа тәрбиелеу
3. Тілін ұстартуға, ой-өрісін кеңейтуге батылдыққа ептілікке баулу.
4.Санамақ ойындары санауды үйретеді, математикалық логикасы қалыптастырады.
Еліміздің болашағынның тізгінін ұстар тұлғаның бойына білімнің нәрін ұлттық тәрбиенің иісін
сініруіміз қажет.
«Балалар бақшасындағы «Балапан» бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты
дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты
ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар
үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның
ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты
қамтыған сайын, олардың
ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың ұлттық рухта дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы
қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да
болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады,
еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік,
парыздың сезімі сияқты қасиеттер, отансүйгіштік сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Қазақ халқының бала тәрбиесі жөнінде ерте заманан бері жиып терген
мол тәжірибемізді ортаға
салып отырмыз. Оны халқымыз ең жақсы қасиеттермен байытып,ұл –қыздарының бойына сіңіртіп
отырған.
Бала тәрбиесі — баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мақсат — мүддесі біреу, ол —
болашақ ұрпақ тәрбиесі. Болашақ ұрпақ тәрбиеленетін алғашқы ұя — отбасы, ата — ана
құшағы.Жас сәбидің өмір табалдырығын аттағандағы алғашқы еститіні шешесінің мейірбан сөзі,
көретіні анасының аялы алақаны. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» немесе «Әке көрген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» деген де осының айғағы.Яғни, ата — әженің, әке - шешенің
өнегесі, өнері балаға үлгі болатыны, бала үйде қандай игі істерге тәрбиеленсе, ұядан ұшқанда да
сол өнеге — өсиет оған сарқылмас қазына болары сөзсіз.Халқымыз «Балаңа бес жасқа дейін
патшаңдай қара» деген сөзінде де тәрбиенің терең мәні дәл осы кезеңде іске асатынын меңзесе
керек.Қазірде дүниеге дені сау бала әкеліп, ол нәрестенің өсуіне, жан — жақты жетілуіне, жеті
жасқа дейінгі дамуының педагогикалық мүмкіндіктерін айқындап, ата — аналармен
бірлескен
ынтымақты тәрбие жүйесін қалыптастыру көзделуде.Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар
Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі
жайында айтылған.Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңдал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне
дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру
әрбір ата – ананың міндеті деуге болады.Тіл - ұлт мәдениетінің қайнар көзі.Әр халықтың ұлттық
дәстүрінің, сана — сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез — құлқының, мәдениеті мен
әдебиетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.Тіл-адамның өмірлік қажетін өтейтін
қатынас құралы.Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.Сондықтан баланың өз ойын дұрыс
жеткізіп, басқа адамдармен дұрыс қарым — қатынас жасай білуі үшін оған ең
алдымен сөз әдебін
үйрету керек.Қазіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді, өсіп жатқан буынды өзінің ана
тілімен сөйлету — ұлттық қасиеттеріміздің дамуының бірден — бір жолы.Мектепке дейінгі тәрбие
саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі — халқымыздың ежелден келе жатқан салт
— дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.Әрбір бөбектің өз ана
тілінде тілі шығып, осы тілде ойлау қабілетінің дамуы ұлттық мінез — құлқының қалыптасу
жолы.Ана тілінің қадір — қасиетін жастайынан түсініп өскен баланың жақсылыққа жаны құмар,
таза, пәк, инабатты, биязы, сыпайы болып өсетініне өмір тәжірбиесі куә.Міне, біздің кішкентай
ботақандарымыз тіл шұрайының шырын — балын татып өссе екен дейміз.Сөз — тілдің
негізі.Сондықтан бүлдіршіндерге үйрететін сөздер де қылыштай кесіп түсетін өткір де дәл, сезімге
әсер етіп, сөйлеуде жандандырытын, ойлаудың икемділігі мен тездігін дамытатын, балалардың
сөздік қорын жетілдіре түсу қызметін атқаратындай болуы шарт.Сөйлеу қатынасы
баланың білімді
меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.Баланың өз ойын
түсінікті, ұғымды жеткізе білуі отбасынан бастап қалыптасады.Оның алғашқы ұстазы ата — анасы,
тетелес ағалары мен әпкелері.Олармен күнбе — күн араласу, сөйлесу арқылы баланың тілі күн
санап жетіле береді.Баланың тілі неғұрлым бай болса, ойы да соғырлым кең болады.Сондықтан
бала тілін кішкентай күнінен байытып, ойын кеңейте түсу отбасының, балабақшаның қажырлы
еңбегінің арқасында жүзеге асады.
Сөз этикеті деген ұғым тек сыпайы сөйлеу немесе мәдениетті сөйлеу деген мағынада ғана емес,
адамдар арасындағы қарым — қатынасқа ұйтқы болып реттеп отырудың құралы ретінде тұрақты
түрде қолданылатын сөздер, сөз тіркестері, тұрақты сөз орамдары, өзге де тілдік амал тәсілдер
деген мазмұнды аңғартады.Сөз әдебі бүлдіршіндердің адамдармен қарым — қатынас
жасауы
үшін, оның сыпайы түрде жүзеге асуы үшін, сондай — ақ көңіл — күйге жағымды әсер етуі үшін
жұмсалады. Белгілі бір әлеуметтік ортада, ұжымда, мәдени - көпшілік орындарда және т.б.
жерлерде бүлдіршіндердің өзге адамдармен өзара қарым — қатынас жасауы алуан қырлы, сан
түрлі болып келеді.Оларды санамалап айтып тауысу мүмкін емес.Әйтсе де мұндай сан алуан
қарым — қатынастың типтік түрлері болады.Оларды, негізінен, мынадай басты — басты топтарға
бөлуге болады:сәлемдесу, қоштасу, танысу, кешірім сұрау, жұбату, құттықтау, тілек айту, ризалық
білдіру, өтішіш жасау т.б.
Бұл тізбек, әдетте, тұйықталған тізбек емес, сондықтан басқа да тақырыптық топтардың болуы
мүмкін. Қазақ сөз әдебі қорындағы қаратпалар сан жағынан алғанда аса мол, түр жағынан
алғанда сан алуан.Олардың, негізінен, туыстық қарым — қатынасқа, таныс — бейтанысқа және
әлеуметтік жікке байланысты айтылатын түрлері бар. Біралуан сөздер
өзінің тілдегі кәдімгі
қызметінен тыс жүк арқалап, сөз саптауда қаратпаға көшеді.Олардың аражігін балаға түсіндіріп,
орынды қолдануға үйрету керек.Мысалы, екінің бірі күнде қолданатын «әке» сөзін алайық.Ол,
бірішіден, «балалы болған ер адам» дегенді білдірсе, екіншіден, баланың әкеге қарап айтатын
қаратпасы.Ал, үшіншіден, әке сөйлеу тілінде өзінен жасы кіші адамға «қарағым, шырағым» деген
мағынада айтылатын қаратпа, Туыстық атауларды мағынасына қарай дұрыс қолдану қажет екенін
балаға жастайынан үйретіп, дағдыландыру керек.Себебі, жас өсіп келе жатқан сәби, біріншіден,
кімнің кім екенін ажырата алады, екіншіден, баланың сөз әдебін қалыптастырады.Қазақ тіліндегі
туыстық атауларды мағынасына қарай былайша топтап қарастыруға болатын сияқты:
1)Әке жағынан қандастық туыс атаулары: әке, шеше, аға, апаәпке, әпше, тәте), іні, қарындас, сіңлі,
баба, ата, әже, немере, шөбере, немере аға, немере апа, немере қарындас, немере іні, немере
сіңлі,
шөбере аға, шөбере іні, шөбере апа, шөбере қарындас.
2)Шеше жағынан қандастық туыс атаулары: нағашы, нағашы ата, нағашы әже, нағашы әпке,
нағашы аға, нағашы іні, нағашы қарындас, жиен, жиеншар.
3)Некелік қатынасқа байланысты атаулар: жезде, жеңге, нағашы жеңге, нағашы жезде.
4)Құдалыққа байланысты туыстық атаулар: құдаша, құда бала, құдағи, құда.
Бұл атауларды бүлдіршіндерге үйретуіміздің басты себебі жоғарыда айтып өткеніміздегідей
туыстарымен қалай туысатынын біледі және қазіргі кездегі
қалыптасқандағыдай аға, апай дей
бергеннен гөрі осындай туыстық атауларды қолданса, енді бір жағынан жеті атаны білу ұғымымен