жiберiп, жер-суы
мен шаруашылық кәсi бiн, қазба байлығын, салт-дәстүрiн, әдет-ғұрпын зерттеудi
көздеген.
Ұлттық тәрбие саласы мол, мазмұны бай. Оны халқымыз үзбей тәлiм - тәрбие iсiне пайдаланып
келедi.
Аңыз әңгiмелерден үзiндiлер айтғызып, жаңылтпаштар айтысып, ой әрiсiн кеңейтiп, тiлiн ширатып,
жұмбақ айтысып, жұмбақты кәп айта алғанға ңпай жинатып, не сыйлық ұсынып, санамағтар
айтып, оны шешуден мүдiрмеген
баланы мадағтап, мағал - мәтел жаттаудан озған балаға ғұрмет
кәрсетiп, шешендiк сөздердi жаттатып, т.б. ұлттық дәстүрлердi талап ете бiлу керек. Халықтын
ойындары, әсiресе, қуыршақ ойынын театрландырып, үй iшiне ата - ана ұйымдастыра бiлсе, үлкен
тәрбиелiк жұмыстарды атғарған болар едi. Әулет дәстүрiн қастерлеп, дәстүрлiк мұраларды алға
апаруды насихаттап, игiлiктi iстердi ұйымдастырушылар да ата - аналар. Елге белгiлi болып жүрген
отбасылық ансамбльдер ұлттық дәстүрлер мен мұраларды алға апарудың үлгiлерi болып
табылады. Үй iшiнде "туған күн", "ата - ана - бiздiң күнiмiз", "әке - қорғанымыз", "тазалық күнi",
"меймандоспыз - бәрiмiз" тағы басқа тақырыптарда отбасылық той - думан, қонақ күту дәстүрiн
өткiзуге де ата - ана тәлiмдiк басшылық жасап, қасиет айтып, өнеге көрсетуге тиiс.
Ұлттық тәрбиені пайдалану iсi одан әрi дамытылып балалар бақшасында "Ертегiлер
әлемiнде"бөлмесiмен қатар, ұлттық - фольклорлық қойылымдар, музыкалық ойындар, тiл
ширату
дәрiстерi ұйымдастырылады. Бәрiне де ертегiлер, жұмбақтар, санамақтар, ұлттық ойындар
пайдаланылады. Ертегiлерден үзiндi алынып, қызықты қойылымдарды даярлау кезiнде, өрендер
кейiпкерлердiң бет - бейнесiн, тiрлiк - тiршiлiктегi орнын байқап, сол бейненi айнытпай көрсетуге
тырысады.
Тәрбиешi жұмбақ айтыс,
санамақ айту, жаңылтпаш айта бiлу ойындарын ұйымдастырады.
Ойын қызықты болу үшiн ойынды әнмен, күймен безендiрiп отырады.
Әсiресе, қуыршақ ойындарына ұлттық тәрбиені қалыптастыра бiлудiң тәрбиелiк мәнi зор.
Қуыршақты "сөйлету" арқылы өзiнiң көп тақпақты жаттап, талай бейненi ойнап үлгергенiн
байқамай да қалады. Қуыршақ ойындарының тәрбиелiк тиiмдiлiгi тәрбиешiнiң
ұйымдастырушылық қабiлетiне байланысты.
Балалар бақшасында ұлттық тәрбие дәстүрлер мен салт - сананың алғашқы қарапайым, негiздерiн
өрендерге өнеге ретiнде үйретiп, жаттықтырып, оны iс жүзiнде олардан талап ету керек. Ол iс
балабақша бағдарламасында кеңiнен орын алуы тиiс.
Біз өзіміз, яғни тәрбиешілер қауымы қазақ халқының ұлттық салт –дәстүрін толық білеміз бе? Осы
төңіректе біз ойланып көрейікші.Халқымыздың әдет ғұрыпын, салт-дәстүрін, ата-ана, тәрбиеші өзі
толық білмей тұрып,балаларға ұлттық тәрбие беруі мүмкін емес.Қай заманда болсын, ұлттық
өрлеудің халықтық қалыптасудың ең негізгі шарты –білім.Ұлттық тәрбиенің өрісі мен өресі –бүгін
де, ертең де, халық үшін көкейтесті мәселе .Ұлттық мәдениет болмаса ұлт сақталмайды. Ал
балабақша ұлттың да, ұлттық мәдениеттің де, өмір сүруімен
дамуының, алғашқы баспалдағы
болып саналады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру.
Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны
түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,
мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім
беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады.
Ұлттық рухта
адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін
жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жоспарлы
түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс
әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған
шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған тәрбиешілік жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен
патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған
дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік
жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты
істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен
шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда
болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге
белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы оның ұлттық рухта, моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау бүгінгі
күннің және алдағы күндердің талабы, оған тәрбиешілердің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
Сондықтан да қазіргі кезде халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт дәстүрі
мен әдет ғұрыпқғұрыпттарын қымбат қазына ретінде бағалап балабақшадағы тәрбие жұмысын
кешенді ұйымдастыру жағына көңіл бөлуіміз қажет.Адам баласы дүниеге келген күнен
бастапүнемі салт дәстүр аясында өседі Бала тәрбиесінде халықтық ,тұрмыстық салт дәстүрдің туу
себептерін, даму ерекшеліктерін ашып көрсетудің тәрбиелік мәні зор.Мектепке дейінгі
мекемелерде балалардың жас ерекшеліктенріне сай ата –баба дәстүрі мен халықтық
педагогиканы басшылыққа алып,тәрбие жұмысынғылыми негізде ұйымдастырып,ұтымды жүргізе
білуміз қажет .
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру және жүзеге асыру келесі
принцптерге негізделіп,мақсаты айқындалады.
Ұлттық тәрбие жұмысын ізгілендіру
Ұлттық тәрбиені демократияландыру
Ұлттық тәрбие жұмысын жекелей жүргізу.
Мақсаты: ұлттық тәрбие жүйесін дамыту үшін педагогикалық ұйымдастырушыны қажетті ғылыми
әдістемелік ,ақпараттық-әдістемелікпен
қамтамасыз ету ,оның ішінде білім беру мекемелеріндегі
өскелең ұрпаққа ұлтижандыққа тәрбие беруге қолайлы орта жасау
Ашық ақпараттанған, әлеуметтік жағынан мығым, білімді ортаны дайындау арқылы балалардың
танымдық және шығармашылық әрекетке жеке тұлға ретінде өзін өзі дамыту өзін өзі танытуын
ұйымдастырдың кешенді шараларын жасауды қамтамасыз ету.
Мектепке дейінгі мекемелердегі ұлттық тәрбие жұмысында тиімді педагогикалық ынтымақтастық
жүйесін дамытуды қалыптастыру. Ұлттық тәрбиеде патриоттық және адамгершілік тұрғыдан
түсіндіру.
Күтілетін нәтижелер
Балалардың бойында ұлттық тәрбиені, төзімділікті, мәдениетілікті салауатты өмір салтын
ұсынуды шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыру үшін ұлттық тәрбие
жүйесін құру .
Білім беру мекемелеріндегі ұлттық тәрбие жүйесінің жаңашыл тәжірбиелерін тарату;
Оқыту және тәрбие үрдісінің үштігін тәрбиеші, ата –ана ,бала ны тарта отырып,
тәрбиенің жаңа
түрлерінің жүйесін құру
Ата бабамыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің тәжірибелеріне көз салсақ,осы кезеңде
балдырғандарға тәрбие беру ісін жан-жақты –тіл үйрету, ақыл ойын өсіру, денсесін жетілдіру,
еңбксүйгіштікке баулу адамгершілік ізгілік қасиеттерді сіңіру бағытында жүргізілгенін көреміз.