Ұлттық ТӘрбие негізі -балабақшада әдістемелік қҰрал



жүктеу 0,66 Mb.
Pdf просмотр
бет6/25
Дата19.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#21015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Ақыл — өсиеттерді санада ұстап, өз ұрпағының тәрбиесіне  жауапта ата — ана рөлі әрдайым 
бірінші орында.Баланы тіл әдебіне дағдыландырып, тіл мәдениетіне тәрбиелеу ата — ананың 
басты міндеті.Тәуелсіз еліміздің ертеңгі күні мен бүлдіршіндеріміздің ертеңгі күні жақсы болуы 
үшін, ерте кезден ат салысып, сөз әдебін қалыптастыруға бар күшімізді жұмсайық, ағайын!    
 
Ұлттық тәрбие ғасырлар бойы сараланып халықтың ой –арманы ,тіршілік тынысы,шаруашылық 
кәсібі,салт –дәстүрмен тығыз байланысты. Демек Халық «Баланы жастан» деп бекер айтпаған. Бас 
қосуларда үлкен адамдардың жақсы ісін,еліне сіңірген еңбегін,мінез құлқын үлгі өнеге етіп 
отырған. Жаманнан жиреніп жақсыға жақындап отырған. Бабаларымыздың өсиет сөздерін 
балалардың құлақтарына құйған «Талаптыға нұр жауар» «Бала теңіне қарап өседі.» Баланы ең 
әдемі мейір шапағатқа ,сонан соң ақыл парасатқа нағыз пайдалы ғылымға баулу», «Ұл қызыңды 
бес жасқа дейін хандай көтер, он беске келгенше құлдай жұмса ,одан соң құрбыңдай көріп 
ақылдас» «Ақылсыз ұл қырыққа келгенше бала ,ақылды бала қырқында –дана», «Дәрігердің 
қолы,ұстаздың жүрегі жылы» ,осындай мақал мәтелдерді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде 
пайдалану баланың тілін ширатып,ұлттық рухқа тәрбиелейді. 
 
Ұлттық тәрбиенің қайнар бұлағы–бауырмашылдық қазақтың ұлттық рухын оятатын әдемі бір 
көрініс. «Баланы бауыр еттен жаралған» деп таныған қазақтың бауырмашылдығы басқа 
халықтардан ерекше көзге түсетін ерен қасиеті барынша сүйіп, аялап өсірген баланың ата –ананы 
құрметтеуі де осы бауырмашылдықтан бастау алған жақсы өнегенің жемісі-деп есептеген жөн. 
 
Жеті ата 
 
Халық жеті атасын білмеген ұрпағын «тегін білмейтін тексіз» деп кіналайді. 
 
Қазақтардың таным-түсінігінде Жеті ата ұғымы бар. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында 
адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір қазақ баласы өзінен бастап жеті 
атасының аты-жөнін білуге міндетті. 
 
Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. 
Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы–туыс 
саналады. Қазақтар негізнен жеті атаны былайша таратады: 
 
1. Бала. 
 
2. Әке. 
 
3. Ата. 
 


4. Үлкен ата. 
5. Баба. 
 
6. Түп ата. 
 
7. Тек ата. 
Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғаса-ды: ата, әке, бала, 
немере, шөбере, шөпшек, немене. 
 
Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын 
болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында 
іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. 
Ол – этникалық тұтас-тықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті 
атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын 
білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Ата текті жан-жақты жақсы ,білуде бауырмашылықтың 
негізі. Иманды адам текті ажырата білуді өзіне парыз санайды. 
 
Қазақ халқының сүйегіне сінген атам заманнан асыл қасиет –бауырмашылдық. Сондықтан оған 
ешбір адам баласы жат емес.Барлық азамат баласы халыққа дос, бауыр.«Ақ,қарамыз,сарымыз-
дос бауырмыз бәріміз-деп кішкентай балалар да бауырмашылдық дәстүрді мақтан тұтады. 
 
Қайырымдылық пен мейірімділік –ұлттық тәрбиенің ең игі қасиеті.Қазақ халқы «жылу жоқ үйден 
без,қайырымы жоқ биден без» деп,қайрымдылық қасиеті жоқ басшының қадірі де болмайды –
деп кесіп айтқан. 
 
Халық ұрпағын қайрымдылықты ес біле бастағанан үйретіп,талап қою,дағдыландыру арқылы ол 
қасиетті тұрмыстық салтқа ,адамгершілік дәстүрге айналдырған.қайырымдылықты халық қайыр 
садақа берумен де ұштастырып отырған.Адам өміріндегі ең игі істің бірі –қайыр садақа беру деп 
түйіндейді халық. Халықтың ежелден қалыптасқан игі дәстүрі соңғы кезде «қайырымдылық 
қоғамдарының іс-әрекеттерімен жалғасады. 
 
Үлкеннің кішіге қамқорлығы ,кішінің үлкенге көмегі, баланың ата-анаға қызмет етуі, ата-ананың 
бала шағасына мейір шапағаты, ер азаматтың елге қызмет етуі, кемтарларға жанаямай жәрдем 
беру борышы-қайрысмдылықтың қайнар көздері. 
 
Халық бір жанұяда нешеу болсаң,»бір-біріңе қонақсың», «бір-біріңді сыйласаң жан семіреді»деп 
қайрымдылықты ұрпақтарына өнеге етіп қастерлеп уағыздайды.Қайырымдылық пен мейірімділік 
ұлттық тәрбиенің негізгі көрінісі. Жас ұрпақтың бойына халқымыздың төл мәдениетін, өнерін, 


салт-дәстүрін,әдет-ғұрыпын, аталар сөзін, халық педагогикасынның өсиеттерін сіңіруді, батыл 
қолға алуға тиіспіз. 
 
Ақын Мұқағали Мақатаев 
 
«Ақынмын деп мен қалай айта аламын , 
 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
 
Шекпен жауып өзіне қайтармын»,-деп жырласа ,бізде ұзақ жылдар бойы бала тәрбиелуде 
қалыптасқан өзіміздің тәрбиешілер қауымына іс-тәжірибемізден жинақтап,ұлттық тәрбиенің 
өнегелерін жаңа жағдайға бейімдеп, халқымыздың салт-дәстүрлерін шығармашылықпен 
меңгеріп,өңдеп бір жүйеге келтіруге әрекет жасадық.Бұл еңбегімізді жаңалық деп айтуға 
аулақпыз. Себебі ұлттық тәрбиенің ғасырлар бойы өмір сүріп,адамзаттың рухани азығы болып 
келді.Ұлттық тәрбие туралы ежелден әр ұлттың саналы өкілдері көп жазды.Әрине халықтың салт –
дәстрлерін ,әдет –ғұрыптарын,мақал мәтелдерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде,тәрбие 
жұмысында пайдалану бағдарламаға сәйкес жүргізіледі. 
 
Іс-тәжірибеге сүйеніп,балабақшада ұлттық тәрбиені жандандыру өте күрделі жұмыс Халық 
даналығына байланысты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті ұйымдастыру ұлттық тәрбиенің басты 
саласы болып есептеледі.Ырымдар мен тыйым сөздердің тәрбиелік мәніне баса назар 
аударылады және халық аузында кеңінен айтылып жүрген халық қағидаларын ,қанатты сөздерін 
нақылдарын шәкіртердің біле беруіне бағыт беріледі.Сөздің құдіретіне кәміл сенген халқымыз 
«Жақсы сөз- жарым ырыс», «Батамен ер көгереді» деп тегін айтпаса керек . Тоқсан ауыз сөздің 
тобықтай түйіні» демекші бата беру –халқымыздың салт дәстүріндегі әдет –ғұрыптарына,қанатты 
сөздеріне халық қағидаларына түйін ретінде «Батамен ел көгереді»деп қорытынды 
жасамақпыз......дегенмен көпшілікке ширек ғасырғы іс-тәжиірбемізден жинақтаған ұлттық тәрбие 
қоржынынан сіздерге шығармашылығымызды таратамыз. 
 
Бұл еңбек тәрбиешілерге ,ата-аналарға арналған әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамыз 
 
Осы еңбекте айтылған ойлар пікір ұсыныстар тәрбиешілер мен ата-аналарға 
 
ғалымдардың назарына іліксе белгілі бір кәдесіне жараса онда еңбегіміздің жанғаны деп 
ойлаймыз. 
 


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау