Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп-бақшасының



жүктеу 194,02 Kb.
Дата18.12.2017
өлшемі194,02 Kb.
#4682



Ақтөбе облысы, Алға ауданы

Үшқұдық мектеп-бақшасының

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Алниязова Жанар Абибуллаевна


ПӘН МҰҒАЛІМІ:

Алниязова Жанар Абибуллаевна

ПӘНІ:

Өзін-өзі тану

КЛАСЫ:

8 «а»

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:

Іздегенде табылатын қасыңнан..........

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:


«ДОС», «ДОСТЫҚ» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адал достық пен жалған достықты ажырата білуді үйрету. Дос арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру. Айнала қоршаған ортаға тілеулес, ізгі ниеттерін, өзіндік ойларын ортаға сала білуге, сыни ойлауын дамыту. Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиелеу.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:


Достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғынады. Айнала қоршаған ортаға тілеулес, ізгі ниеттерін, өзіндік ойларын ортаға сала біледі,сыни ойлауын дамыту. Жауапкершілікке, сезімталдыққа тәрбиеленеді. Өзімшілдік, менмендік әдеттерден аулақ жүруге үйренеді.

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ:


Жақсымен дос болсаң жетерсің мұратқа.

Жаманмен дос болсаң қаларсың ұятқа.



Әдіс-тәсілдер:

АКТ, СТО,сергіту сәті, аудио, түрлі-түсті қалам, «серпілген доп» әдісі, сұрақтар, бейне ролик, «бортты журнал» әдісі, «ассоциация» әдісі, джигсо, «веер» әдісі, сұхбаттасу, мәнерлеп оқу, «ойлау себеті» әдісі.

Сабақ кезеңдері / уақыты

Сабақтағы іс-әрекет

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе (сабақ басталмас бұрын оқушылар алдын-ала нені білетіндігін анықтау жұмыстары) 5 минут


Сәлемдесу

(Бүгінгі сабақтың қызықты өтуіне барлығымыз ат салысып отырайық)

Топтастыру ( түрлі- түсті қалам мен сыныпты 3 топқа бөлу)





Аудио Қалам



Үй жұмысын сұрау

« Серпілген доп» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру

  1. Кешіру-өзгені түсінуге тырысу дегенді қалай түсінесіз?

  2. Өз бойыңызда қандай кемшілігіңіз бар деп ойлайсыз ?

  3. «Біреудің жақсы ісін көрсең, оны ардақтай біл, кінәліні кешіре біл...» осыны сіз қалай түсінесіз? Осы оймен келісесіз бе?




Доп

Сұрақтар



Сергіту сәті

Жаңа тақырыпты бастамас бүрын бойымызды сергітіп алайық







Жаңа материалдың таныстырылымы

5 минут


Қызығушылықты ояту. Видеоролик

-Бұл бейне роликтен не байқадыңыздар ?

-Достың немесе достықтын қандай түрлерін білесіздер?

Жаңа материалды хабарлау.

Ассоциация (кластер) әдісі:

Адал дос


Жалған дос

Дос


-Достың тағы да бір түрі бар – ол виртуалды дос қазіргі тіл мен айтар болсақ агенттегі дос. Бұл жандарға сенуге де сенбеуге де болмайды. Бірі таныс, бірі жат, бірі ашық, бірі жұмбақ болып келеді.

Үш шапалақ



Бейне ролик

Постер


Жаңа материалды қолдану (сабақта қолданылатын нақты мысалдар, проблемалар, жобалар және т.б. )

30 минут


«Джигсо» әдісі бойынша топтарға тапсырма беріледі.

«ойлан дегенде ойланамыз, топтас дегенде топқа бөлінеміз, бөліс дегенде өз ойымызбен бөлісу»

1 топ: «Веер әдісі» (оқу, веерге түйінді ой жазу)

2 топ: Сұхбаттасу «»

3 топ: «Достық туралы жыр» өлеңді мәнерлеп оқу

Әр топ өз жұмыстарына талдау жасайды.


Топтық жұмыс


Электронды оқулық,

деректер



Дәптермен жұмыс

1 топ: өлең құрастыру «Дос жүрегі» тақырыбына

2 топ: «Менің ойымша нағыз дос......» мысалды жалғастыру

3 топ: «Дос табу оңай-сақтау қиын» достық ережесің құру





Автор орындығы

Үй тапсырмасы

- «Виртуалды дос» шынайы дос болуы мүмкін бе? Өз пікірлеріңді жазу.

- «Саралайын салыстырып»...қазіргі және бұрынғы кездегі достық тақырыбына ауызша журнал дайындау.

- «Доссыз өмір – тұзсыз ас» тақырыбына эссе жазу.








Қорытынды (оқушылардың оқып-үйрену нәтижесін анықтау үшін бағалау тәсілдерін (кері байланыс) қолдану) 5 минут

«Ассоциация әдісі» арқылы қортындылау
Саусақ арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерім




Стикерге жазу

Ән айту

« Жан досым » әнін топпен айту




аудио

Не сәтті өтті?











Не сәтсіз өтті?












Нені өзгерткіңіз келеді?Нені дамыта аласыз?







Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен адам өмір сүріпті. Бір күні замандастары әңгіме-дүкен құрып отырғанында оған: 


- Осы достықтың неше түрі болады?, - деп сауал тастапты. Сонда ол: 
- Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық , екіншісі – амал достық, - деп жауап қайтарыпты.
Замандастары тағы да:
- Енді осы екі достықты қалай ажыратамыз? – деп сұрапты. Әйтімбет ойланбастан: 
- Адал достық - өмірлік нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, - депті. 
Иә, Әйтімбет атамыз айтпақшы, өмірде өзінің бас пайдасы үшін уақытша дос болатындар көп. Олар қиындыққа тап болғаныңда, лауазымды қызметіңнен кетіп қалғаныңда, кездейсоқ кедейленгеніңде, өзіңе жазықсыз жала жабылғанында тайып тұрады. Ал, қайтадан бағың жанып, жұлдызың жарқыраса, қайтадан қасыңнан шықпайды.Егерде билік басындағыларға ұнамай қалсаң, дос санап жүрген жақында-рыңның ішінен сол шенеунектерге жағымпазданамын деп сені сатып кететіндері де кездеседі. Өйткені, олар өзінің, туған-туыстарының қызметте өсу жолы бастықтардың сөзін сөйлеу деп ұғады. Осындай жексұрын қылығымен жағдайын жақсартып алғандар да қанша ма. Бірақта көп адам оның қандай жол-мен өскенін де, көкелерінің арқасында қандай сый-құрметке бөленіп отырғанын да жақсы біледі. 
Достықтың адал және алдамшы болатынын кезінде Әбунасыр Әл-Фарабиде жазып кеткен екен. Біз енді ғұламаның ғибратты сөзіне назар аударсақ. 
«Достықтың екі түрі болады, - деп жазады Әл-Фараби, - Оның бірі – адал дос та, екіншісі – айнымалы, алдамыш дос. Адал досқа үнемі зор ілтипатпен қарап, одан айрылып қалмау жағдайын көздеген дұрыс, адамдар бір-біріне жақсылық, өзара қамқорлық жасауы қажет. Жақсы достың сенімін ақтаған абзал. Осындай достар ащы-тұщыны бірдей татысып, нені болса да бірдей көретін болады. Жалған досқа адам өзінің құпиясын, мінез-құлқындағы кемшіліктерін айта берудің қажеті жоқ. Осындай жалған достарды адал жолға түсіру үшін қажымай-талмай жұмыс жүргізген ғанибет». 
Біздің ата-бабаларымыз да досыңның ақылды болуын қалап: «Ақылды дұшпаннан қорықпа, ақымақ достан қорық», «Досың өзіңнен жақсырақ болсын», - деген ғой. Иә, надан адаммен дос болу жақсылыққа апармайды, жолыңды оңғармайды. Нашар адамдармен дос болу да адамның мінез-құлқын бұзады. «Жаман жолдас жауға алдырар», - демекші, жаманмен жолдас, дос болсаң сырыңды шашып, өзіңді ұятқа қалдырады. Өмірде қателеспейтін адам жоқ. Сондайда шынайы дос жанашыр болып қана қоймайды, сенің не себепті мұндай қателік жіберіп отырғаныңды бетіңе тура айтып, оны жоюға ақыл-кеңесі мен көмегін аямайды. 

Олай болса, дұрыс дос таңдай білгеніміз жөн. 


Бүгінгі студияда болған қонағымыз Әйтімбет атамызға көп-көп рахмет .

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «Қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.


Буат-буат ақшаң болғанмен бақытыңды бөлісер бір досың болмаса тірлігіңнің мазмұнды бола қоюы қиын. Қазақ халқы үшін "дос” киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен-ақ айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: "Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас”. Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем. Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс.Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Шынайы достық қандай да болмасын өмірлік жағдайларда досыңа көмекке келіп, оны қолдай білуді талап етеді. Өзінің досынан белгілі бір нәрселерді қажет ететін адам шынайы достыққа лайық емес. Бұрын адал достық ең жоғарғы адами құндылық саналатын, сондықтан оны белгілі ақындар жырға қосқан. Біздің ойымызша, бұрын достыққа үлкен сезіммен және жауапкершілікпен қараған. Достық үшін құрбан болуға да дайын болған. Бұрын асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскери байланыспен ғана шектеледі. Яғни, қазіргі таңдағы қарым-қатынас киноға бару және бірге отырып теледидар қарау шеңберінде қалған сияқты.Мүмкін бізге достар да, достық та қажет емес шығар?Әрине, жоқ! Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық.Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді
жүктеу 194,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау