Жоспары:
1. Психологиядағы іс-әрекет ұғымы
2. Іс-әрекеттің негізгі теориялары
3. Іс-әрекеттің түрлері мен құрылымы
4. Мотивация және іс-әрекет
Адамның психикалық өмiрiнiң жан-жақты дамуы белгiлi әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмiр сүру барысында өз психикасын түрлi жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейiнгi бала өз психологиясын ойын арқылы бiлдiрсе, ересек адам өзiне тән ерекшелiктерiн еңбек процесiнiң сан алуан салаларында көрсетедi. Әрекет дегенiмiз түрлi қажеттердi өтеуге байланысты белгiлi мақсатқа жетуге бағытталған процесс. “Әрекетiмiз дұрыс болу үшiн,— дейдi Әл-Фараби, — бiздiң соған баратын жолымыз қандай болу керек екенiн ...анықтап алуға тиiспiз”. Адамды iс-әрекетке итермелейтiн оның түрлi қажеттерi екенi өткен тарауда айтылды. Адам iс-әрекетi — күрделi процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердiң жүйесi кiредi. Iс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажет. Өйткенi мұның бiрiншiсiнiң ауқымы аса кең, ал әрекеттiң сипаты шағын. Әрекет iс-әрекеттiң шағын бөлiгi, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекеттi орындау тәсiлдерi операция деп аталады. Адам iс-әрекеттiң белгiлi түрiмен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсендi түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертiп отырады.Адам iс-әрекетiнiң қашан да қоғамдық әлеуметтiк мәнi зор. Iс-әрекеттiң саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелiлiгi оның ең басты белгiлерi болса, алда тұрған мiндеттi шешу, яғни ойлаған Iстен бiр нәтиже шығару — оның екiншi бiр басты белгiсi болып табылады. Адамның сана-сезiмi өскен сайын оның әрекетi де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында iс-әрекеттiң шешушi орнымен қатар, бiз сананың да күрделене түсуiне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтiп сана мен iс-әрекеттiң бiрлiгi, психиканың iс-әрекет үстiнде дамитындары жайлы мәселе психологияның басты принциптерi болып табылады. Адам әрекетi сан алуан. Оның негiзгi түрлерi: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгiлi бiр мақсат, мiндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгiлi қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерiнiң әр кезеңiнде түрлiше көрiнетiндiгiнде.
Достарыңызбен бөлісу: |