Еңбек. Шаршау мен болдыру. Адам психикасын қалыптастыруда шешушi рөль атқаратын әрекеттiң бiрi — еңбек. Еңбек адам тiршiлiгiнiң арқауы, оның өмiр сүруiнiң басты шарты. Еңбектiң адам сана-сезiмiнiң қалыптасуына қалайша әсер ететiндiгi жөнiнде К. У. Ушинский: “...Еңбек тән мен рухани адам жаратылысының және жер бетiндегi адамның тiршiлiгiнiң күрделi заңына айналады, ол адам тәнiнiң, адамгершiлiгi мен ақыл-ойының жетiлуiнiң жағдайы, оның адам- гершiлiк ар-ұяты, бостандығы және ақыр аяғында қуанышы мен бақыты болып табылады” дейдi. Еңбек әрекетiнiң психологиялық табиғатын А. С. Макаренко былайша түсiндiредi: “Адам жұмысты сүйiп iстейтiн болса, одан саналы түрде қуаныш сезетiн болса, еңбек ол үшiн жеке басын және талантын тудырудың негiзгi формасы болатын болса, сонда ғана творчестволық болуы мүмкiн. Еңбекке мұндай көзқарас мүмкiндiгi, тек еңбекке күш салу нағыз әрекетке айналған кезде ғана, ешбiр жұмыс көңiлсiз болып көрiнбейтiн болса, онда бiр мағына болса ғана туады”. Ұлы педагог еңбексiз тәрбиенi дұрыс тәрбие деп түсiнуге болмайтындығын, еңбек адам психологиясын, кiсiлердiң бiр-бiрiмен ынтымақты қарым-қатынасын қалып- тастыратын негiзгi фактор екендiгiн еске салады. Жалпы еңбек әрекетiнiң (жеке және ақыл-ой) негiзгi ерекшелiгi — оның жоспар-лылығы мен белгiлi тәртiпке бағынатындығында. Еңбек процесi қызметкерде арнаулы бiлiм жүйесi, дағды, икемдiлiктердiң болуын, зейiндiлiктi, күштi ерiк күшiн, белгiлi еңбек тәртiбi қажет етедi. Еңбектегi табыстар мен нәтижелер, адамның дүние танымына, наным-сенiмiне, мақсат-мүддесiне, нақты қажетiне сәйкес келу-келмеуiне қарай әр түрлi болады. Не үшiн еңбек ететiндiгiн бар саналылығымен сезiну еңбек етудiң ең басты түрткiсi болып табылады. Еңбек үстiнде кiсi өзiне, қоғамға қажеттi материалдық игiлiктердi өндiрумен бiрге өзiнiң психологиялық қасиеттерiнiң жақсы жақтарын (еңбек сүйгiштiк, тәртiптiлiк, ұқыптылық т. б.) бiртiндеп қалыптастырып отырады. Еңбек үстiнде кiсiнiң өзiне-өзi қызмет ете алу қабiлетi, практикалык iскерлiгi, дербестiгi, икем дағдысы, ынтасы мен тапқырлығы, белсендiлiгi шыңдала түседi. Ғылым мен техниканың дамуы, адамның ой-санасының өсуi, бiлiм жүйесi мен дағдының ойдағыдай қалыптасуы еңбектегi қара күштiң салмағын бiртiндеп кемiте бередi, техниканың тетiгiн бiлiп, оны басқару оңайланады. Еңбектiң қандай түрi болса да құрметтi және қадiрлi, жаман еңбек болмайды. Адам өз еңбегiнiң жұртқа және өзiне пайдалы екендiгiн, одан шығатын нәтиженi үнемi сезiнiп отыруы тиiс. Еңбек тек өнiмдi, пайдалы болып қана қоймай, ол сонымен қатар творчествалы сипатта болуы қажет. Шаршау организмде әр кез пайда болып отыратын заңды психофизиологиялық құбылыс. Дұрыс ұйымдастырылған демалыстан кейiн шаршау басылады да, организм тың қалпына кайта келе бастайды. Ал, шаршау қайталана берсе, ол оның созылмалы түрi - қажып, болдыруға ауысуы мүмкiн. Қажу немесе болдыру ми қабығының бiркелкi жұмыс iстеу қабiлетiнiң бұзылуынан байқалады да, адамның көңiл-күйiне колайсыз әсер ете бастайды. Мұндайда бас ауырады, адамда орынсыз ашушаңдық, әлсiздiк, асқа тәбет шаппау, ұйқы бұзылу, т.б. осы секiлдi қолайсыз жағдайлар туындайды. Жүйке жүйесiнiң қажуы ақыл-ой жұмысының нәтижесiн төмендетедi, адамнын, оқуға ықыласы соқпай, оқығанын тез ұмытып қала беретiн болады. Қажу, болдыру кейде үй жағдайының тынымсыздығынан, айналасындағылармен түсiнiсе алмаудан, бүларға iштей ренжiп, қайғырып қиналудан да туындайды. Сондықтан, невроз ауруына шалдықпау үшiн, үйде және мектепте қолайсыз жағдайлар болса, шамадан тыс көп оқуға, ұйқы режимiнiң дем алу тәртiбiнiң жүйесiздiгiне т.б. жол бермеу қажет. Жиi шаршау - болдырудың субъективтiк көрсеткiшi, 'бұл' "басталып келе жатқан болдырудың белгiсi" - дейдi А. А. Ухтомский (1875-1942).
Достарыңызбен бөлісу: |