Лекция жинағы Шымкент, 2020ж №1- дәріс Заманауи психология пәні, міндеттері мен әдістері. Жоспары



жүктеу 78,15 Kb.
бет4/12
Дата12.03.2022
өлшемі78,15 Kb.
#37779
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
352464 (1)

Жоспары:


  1. Объективті шындықтың бейнесі ретінде психика туралы жалпы түсінік.

  2. Жануарлар әрекеті мен психикасының даму деңгейлері мен кезеңдері: талдағышты психиканың қарапайым кезеңдері; перцептивті психика кезеңдері; зияткерлікті әрекет.

  3. Адам санасының дамуы мен пайда болуы. Сана құрылымы. Бейсаналық күй.
Табиғат заңдылықтарын жеке түсініп, олардың мән-жайын бағдарлауда психиканың пайда болуын, адам санасының жетілуін байыптап баяндау ең күрделі мәселенің бірінен саналады. Матералистік ағымды жақтаушы ғалымдар психиканы ұзақ уақыттағы материя дамуының эволюциясы деп түсіндіреді. Материя табиғатын зерттеп, оның түрлері мен формаларын, олардың бөлінбес қасиеттерін анықтауда қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі екендігін анықтайды. Қозғалмайтын, абсолютті тыныштықта болатын материя жоқ. Әлемде өлі табиғатта, тірі табиғатта үнемі қозғалыста, өзгерісте, дамуда болады. Күллі материяның, өлі табиғаттан бастап ең жоғары сатыдағы күрделі материя-адам миының бейнелеу қасиеті мен оның әсерге жауап қайтаруы да үнемі дамып, өзгеріп отырады. Материяның бейнелеу формасы оның өмір сүру тәсіліне байланысты. Бейнелеу сыртқы әсердің сипаты мен формасына қарай білінеді. Өлі табиғаттағы денелер мен заттардың қозғалысы механикалық, физикалық, химиялық әсерлер түрінде байқалады. Мысалы, жердің бетін үнемі судың шаюы, жел мен ауаның әсері арқылы жастардың мүжілуі, теңіздің үнемі жағаға соғып тұратын толқыны салдарынан өзге заттарға қысым түсіріп, олардың түр-тұрпатын өзгертеді.

Материяның тірі табиғатқа ауысу кезеңінде оның қозғалу формасы да өзгереді, тірі табиғатқа тән бейнелердің жаңа сапалық түрі-психика пайда болады. Материф қозғалысындағы биологиялық форма- табиғат тіршілігіндегі жаңа сапалық көрініс. Өлі табиғаттан тірі табиғатқа өту жөніндегі түрлі болжамдар бар. Солардың бірі-А.И.Опариннің тірі табиғаттың пайда болуы жайындағы көмірсутек негізінде азот, көміртегі, сутегі, фосфор және күкірт атомдарының түрлі конфигурациялық байланысуы нәтижесінде түзілістер пайда болады деген теориясы. Қазіргі ғылымда бұл теорияны қолдайтын мағлұматтар мол. А.И.Опариннің болжамы бойынша, бұдан шамамен екі миллиярд жыл бұрын атмосферада бос оттегі бөлініп, органикалық заттарда фото-химиялық реакциялардың жүруіне жағдай туған. Ол алғашында қоймалжын зат түрінде болған. Органикалық қосылыстар көмірсутектердің полимерленуі нәтижесінде алып молекула пайда болған. Молекула өзінің құрамдас бөліктеріне жеңіл бөлінген. Бұл қосылыстардың тіршілігі ары қарай жалғасып тұруы үшін үнемі ортамен зат алмасуы қажет болды. Молекулалар бойына ортадан жаңа затты сіңіріп ассимиляцияланып, бөлінген заттарды ыдыратып, өзі өндіретін жүйеге айналады. Ортамен зат алмасуын автокатализдік ретке келтіреді. Белок молекуласымен ортаның зат алмасуы әуел бастан жедел жүргекн. Бұл алып молекула коацерват деп аталады. Коацерват тамшылары өзара бәсекелесті. Химиялық құрамы жағынан әсерлі кейбір тамшылар өзгелернен тез өсті. Олар алып дәрежеге тез жетіп, тез ыдырап отырды. Өсу, ыдырау процестері осылай қайталана береді. Ал химиялық құрамы жөнінен түрлі тамшылар бірімен-бірі бірікті. Сонымен, каоцерваттардың қасиеті мол болды. Осы орайда, оны тірі организм құрлымы деп қарауға болады. Бұл қасиеттер нендей нәтижелер берді? Каоцерваттар ортадағы қоректі заттарды сіңіріп, өмір сүруін жалғастыру үшін қажет заттпарға тітіркеніп, оларға жауап қайтарады. Ал өмір сүруіне қажетсіз заттарға тітіркенбейді. Зат алмасудағы бұл қажеттілік өзін-өзі реттеу қабілетінің нәтижесі болды. Каоцерваттар бөлінуге, түрлі химиялық қосылыстармен конструкциялануға бейім тұрған. Сондай-ақ, сыртқы әсерлерді бейнелеу түрлі әсерлердің күші мен сипатына ғана емес, олардың органикалық түзілістері мен каоцерваттардың ішкі жағдайына да байланысты болған. Мұндай органикалық түзілімдердің алғашқы бейнелеу формасы қазіргі тірі организмдердің арғы ата тектерінің геологиялық дәуірлердегі пайда болу жағдайына сәйкес келеді.

Өлі табиғаттағы бейнелеуге қарағанда, тірі табиғаттың герототипі-каоцерваттарда кез-келген тірі организмдерде бейнелеудің жаңа сапалық ерекшеліктері пайда болған. Ондай өзгерістер сыртқы әсердің күші мен сипатына ғана емес, организмнің ішкі жағдайына да байланысты. Кез келген тірі организм тіршілік қажетіне қарай сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, тірі материя жаңа сапасының өзін-өзі реттеуіне ықпал етеді. Организмнің ұзақ мерзімді эволюциялық дамуы нәтижесінде бейнелеудің айқын түрлері-түйсіну, қабылдау, ес, ойлау формалары пайда болды.

Психика тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі. Психиканың ең алғашқы қарапайым түрі жәндіктерге тән. Ал психиканың ең жоғарғы формасы- адамның санасы. Сана-адамның қоғамдық тарихи дамуының жемісі.Ол әлеуметтік даму заңына сәйкес үнемі жетіліп, күрделеніп отырады.

Адам психикасының ерекшеліктері біздің санамыздан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, әралуан нәрселерді түйсіну, қабылдау, елестету арқылы көрінеді. Олардың адамның сезім мүшелері арқылы тікелей көріп білуге, ұстап көруге болмайтын қасиеттері мен белгілері, өзара шартты байланыстары адамның абстрактылы ойлау формалары болып саналатын ұғым, пікір, ой қорытындылары арқылы танылып, жанама жолмен бейнеленеді. Соның нәтижесінде біздің айналамыздағы заттар мен құбылыстардың заңдылықтары, олардың пайда болып туындауы және өрістеп дамуы адамның дүниені танып білуі мен бейнелеуін көрсетеді. Жәндіктер мен хайуанаттар тіршілік ететін ортасына қаншалықты бейімделгенімен, оны өзгертіп, қайта жасай алмайды. Ал адам оны өзінің мақсат-мүддесіне сәйкес жоспарлы түрде өзгертуге шамасы келетінін нақты іс-әрекетімен дәлелдейді. Ол – табиғат қожасы. Осы орайда В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде» «Адамның санасы объективтік дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды» дейді. Адамның табиғат пен қоғам дамуында алатын орнын, қызметін ғылыми тіректерге сүйене отырып баяндап, оның мәнін терең түсінуге болады. Біз тіршілік етіп отырған Жер шары бұдан төрт жарым миллмард жыл бұрын шамасында пайда болды деген жорамал бар. Бұдан екі жарым—үш миллиард жыл бұрын оның бетінде ещқандай психикалық құбылыс болмаған. Ұзақ дәуірлерге созылған зволюциялық даму нәтижесінде Жер бетінде тіршілік пайда болды. Соның арқасында тірі организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті оянды. Мұндай қасиет бертін келе тірі жәндіктерге тән күрделі құбылыс – психиканы тудырды.

Психика сезім мүшелерінің бізді қоршаған сыртқы заттар мен құбылыстарға әсерленіп, тітіркенуінен пайда болады. Мұндай жайт психиканың, сыртқы орта мен объективтік ш ындықтың өзара шартты байланыста екеуін көрсетеді. Сыртқы нәрселердің адам миына әсер етуі салдарынан түйсінулер мен қабылдаулар, елестер мен сезімдер, тағы басқа да психикалық процестер пайда болады. Сонымен, психика дегеніміз—үнемі болып отыратын қозу мен тежелу сияқты физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы. Сыртқы заттар мен құбылыстардың әсері мида түйсіну, қабылдау, елес тудырып, олар адамның алуан-алуан ойлау әрекеттері арқылы қорытылады. Адам өзінің мақсат- мүдделеріне орай оларға тітіркеніп иекмделеді. Осы жайттар психика адамның өзін қоршаған сыртқы ортамен қарым- қатынасынан пайда болып отыратын күрделі бейнелеу процесі екенін көрсетеді.

Адам психикасының пайда болуы, дамып жетілуі—тарихи процесс. Ол адамның қоғамдық еңбегі, дыбысты тілі және сөйлеуінің даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Бұл психика дамуында айрықша мәнді физиологиялық құбылыс және адам тіршілігі үшін де маңызды. Психикалық бейнелеудің өзіндік сипаты, ең алдымен, жүйке жүйесінің қызметімен байланысты болса, екіншіден, мұндай бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады да, жан дүниесінің сырына айналады. Психика идея да, материалдық сипаты бар зат та емес.Ол—адамның миында бейнеленетін таңба, зеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат-мүдделеріне лайықтап қайты жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбектенуі оның өз табиғатына психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады. Жануарлар психикасын адам психикасымен салыстырғанда, адам өзі өмір сүрген ортамен тығыз байланыста болып, белгілі заңдылықтар бойынша дамиды, сыртқы жағдайлардың әсеріне беиімделіп қана қоймай, оны саналы түрде өзгертеді. Сөйтіп, өз ықпалына бағындырады сыртан алынатын сан алуан хабарларды бұрынан қалыптасқан іс тәжірибесімен салыстырады. Ненің пайдалы, ненің зиянды екеніне ой жүгіртіп сарапқа салады. Адам психикасының дамуы болмыс пен дүниенің шындығын айна тәрізді беинелеумен ғана шектелмеи оны ақыл-оймен саналы түрде қортады. Мұндай әрекет адам психикасының терең сырларын, өзіндік ерекшеліктерін айқындай түседі. Адам психикасының дербестік сипаты сыртқы ортамен қатынаста болып, обьективтік дүние мән-мазмұнының субъективтік түрде беинеленуі үнемі бірлікте болып отыратындығын көрсетеді. Адамның психикалық құбылыстарды бейнелеуінің тағы бір ерекшелігі-сыртқы дүние мен болмыстың адам миында қалай беинелеуіне байланысты. Әркімнің өмір тәжірбибесіне білім дәрежесіне сәйкес бұл ерекшелік түрліше болып отырады. Болмыс пен шындықтың қаншалықты дұрыс беинеленгендігі адамның қоғамдық-тарихи тәжірибесімен салыстырады. Мұндай жайт адамның өмір тәжірибесіне сүйене отырып беинеленген ұғымдарын ғылыми мағлуматтарын мүдделерін шындыққа жанастыруды оладың ақиқаттығын дәйектеуде елеулі қадам жасайтындығын көрсетеді.

Табиғат пен қоғамның барлық құбылыстары сияқты психика да үнемі даму үстінде болады. Бұл –табиғи заңдылық. Психиканың пайда болуы ғылыми көзқарастарға сәйкес материяның ұзақ дәуірлер бойғы эволюцияларға дамуымен бірлікте қарастырылады. Материя табиғатын зерттеу әрқилы қозғалыс түрлерімен ұштастырылады. Қозғалыс-материяның өмір сүру тәсілі, оның негізгі қасиеті. Материя ішінде де қозғалыс даму процестері жүріп жатады.Қозғалыссыз материя жоқ. Бүкіл әлем заттары,әлемнің өзі де мәңгілік қозғалыста болып үнемі өзгеріп, дамып отырады.



Барлық материяға-жансыз заттардың бастап ең жоғары дәрежеде дамыған дамыған күрделі материя-адам миына да тән қасиет олардың бейнелеу ерекшелігі-материяның сыртқы әсерге жауап беруі. Жансыз заттың жанды материяға ауысуы да, оның негізгі қозғалыс түрі де өзгерістерге ұшырайды. Материяға тән жалпы қасиет-биологиялық бейнелей формасы. Жанды материяның белгілі даму сатысында психика пайда болады. Бейнелеудің жаңаша түрі туады. Ал материяның биологиялық дамуы тіршіліктің пайда болуымен байланысты. Бұл-сән жөнінен табиғат дамуындағы жаңа басқыш эволюциялық даму нәтижесінде тірі организмдер сыртқы жағдайлардың әсерінен тітіркеніп, бейнелеудің көптеген түрлері келіп шығады. Организмнің мұндай бейнелеу қасиетіне орай, әлсіз тітіркенуден бастап бейнелеудің күрделі түрлері болып саналатын түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сияқты формалары пайда болды. Сөйтіп, психикалық тіршілік әр түрлі салаға жіктеледі. Барлық өсімдіктер мен жәндіктер дүниесіне тән биологиалық бинелеу қасиеті-тітіркендіштік. Тітіркену- тірі организімдегі биологиалық мәні бар сыртқы әсерге жауап беретін биотоктік қасиет. Мұдай қасиет өте қарапайым бір кілеткалы тірі арганизімдерді мысалы амемиаларда болады. Ал сол қарапайым, көзге көрімбеитін арганиздердің биотоктік әсерлерге қозғалып, тітіркенуі тропизімдер не тактистер деп аталады. Жәндіктер дүниесінде кездесетін тітіркенудің жаңа бір түрі-сезімтадық- тірі организімнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркеніп, тіршілік етуге биімделуі. мұндай сезімталдық сигнал қызметін атқарады. Тірі организімдердің эволюциялық даму барысым мен тітіркену қасиетінің сезімталдық қасиетке өту жолында оладың тіршілік бейнесіне орай әр түрлі сезім мүшелері қалыптасады. Организмнің сыртқы жағдайдың әсеріне тітіркенуі мен биімделуі жіктеліп, бөліне бастайды. Әрбір мүше өз алдына арнайы қызмет атқаратын дәрежеге жетеді. Жануарлар психикасының бұдан кейінгі эволюциялық дамуында инстинкттік әрекетермен дағдылар қалыптасады. Егер инстинк жануарлардың әрекеті мен қылығындағы бейімделу қасиеті болса, ал олардың дағдылары әрбір жәндіктің дара тіршілік әрекеті болып саналады. Жануарлардың психикасы дамып, жоғары сатыға көтерілген сайын олардың өмір тіршілігінің ең жоғары басқышы-интеллектік мінез пайда болады. Жануарлардың интеллектті мінезі-олардың заттар арасындағы байланыстар мен қатынастарды бейнелеу үстінде бұрын кездестірмеген жаңа міндетерді шеше бастауы. Интеллекттік мінез-жануарлардан сыртқы ортаға биімделуі ғана емес, олардың сол орта әсерін қабылдап, әр қилы әрекет-қылық көрсетуі. Ал адам баласы өзінің саналы әрекеті арқылы өмір сүрген ортасына бейімделіп қана қоймай, оны жоспарлы түрде өзгертеді. Организмнің бейнеленуінің дәлдігі мен теңдігі сезім органдарының және жүйке-жүйесінің құрлысына, сондай-ақ, тітіркендіргіштің түрлерін сезіну мен оған әсерлену рецепторларының жетілу деңгейіне байланысты. Мысалы, көру рецепторы күн жарығының шапағын бейнелеу арқылы қалыптасады. Қарапайым және көп клеткалы жәндіктер мен ішек қуыстылардың жарыққа реакциялануы фототропизм сипатында болатыны байқалады. Жауын құртының эпидермасында жарықты мезінетін клеткалар бар. Бұл клеткалар жарықтың бар-жоғын анықтуға ғана қабілетті. Бұлқылдақ денелілердің жарықты сезінетін клеткалаор тобы болады. Олар бүкіл денеге таралған. Көру органының бұл түрі жарықтың дененің қай жағынан түсіп тұрғанын да ажырата алады. Омыртқалы жануарларда жарықты сындыратын қасиеттер бар. Ондай қасиет зат кескінін анық көрсетеді. Рецепторлардың жетілуі белгілі мөлшерде жүйке-жүйесінің бір типінің дамуына сәйкес келеді. Сезім органдары мен жүйке-жүйесінің дамуы психикалық бейнелеу деңгейін қалтқысыз анықтайды. Ішекқуыстылардың жүйке-жүйесі бірімен бірі өскін арқылы торкөз тәрізді байланысып, олардың өне бойына таралады. Мұндай жәндіктердің әсерлерге тітіркенуі тропизм деңгейінде деуге болады. Оларда уақытша байланыстар күштеп жасалғанымен, тез жойылады. Дамудың келесі сатысында жүйке-жүйесі сапалық өзгерістерге түсіп, тор және түйін түрінде болады. Түйіндік жүйке-жүйесі бпар жәндіктер тітіркендіргіштерге едәуір әсерленіп, оларды қайта өңдей алады. Себебі, сезімтал клеткалар тітіркендіргіштерге тікелей «әсерленіп, оның сапасын арттырады. Мұндай жәндіктердің негізгі бөлігі- бас түйінінде және оның құрлысы басқа түйіндерге қарағанда күрделірек. Ең қарапайым ганглийлік жүйке-жүйесіне ие жәндік-жауын құрты. Жүйке-жүйесінің жоғарғы типі-түтік тәрізді болып келетін хордалылар. Олардың эволюциясында біртіндеп омыртқасы қатайып, бас сүйегінде орналасқан орталық жүйке-жүйесі жұлынмен ұштасады. Ондай жануарлардың рецепторлары дамып, психикалық бейнелеу түрлері күрделене түскен. Омыртқалылардың эволюциялық дамуында бас миының атқаратын қызметі артып, түрлі функцияларды басқаратын орталықтар жетілген. Жануарлардың әрекеті неғұрлым күрделенген сайын орталық жүйке-жүйесінің де қызметі жетіле бермек. Ондай жануарлар сыртқы орта әсерін нәзік әрі дәл етіп бейнелей алады. Жоғары сатыға көтерілген сайын жануарлардың жүйке жүйесі жетіліп, даралық шартты рефлекстердің жиынтығын құрайды. Сонымен, психика дамуында рецептордың қызметі де күрделеніп әр алуан әрекеттер жасай алады. Жануарлардың сезім оргадарының, дене құрлысы мен жүйке-жүйесінің сандық әрі сапалық өзгеруі олардың тіршілік ортасымен байланысты түрде дамиды.

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады.

Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р.Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық «антропсихизм» бағдары. Оның мәні: психиканың пайда болуы адамның келіп шығуы мен байланысты. Психика тек адамға тьән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория «панпсихизм», яғни бүкіл табиғаттың жан-рухи қасиетке иелігі жөніндегі ұғым. Бұл біріне-бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған «биопсихизм» теориясы бар. Биопсихизмшілердің пікірі- психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оың тек жанды бөлігіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас: психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке-жүйесіне ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұндай тұжырым «нейропсихизм» деп аталған.


жүктеу 78,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау