Шортанды музыка мектебініѕ



жүктеу 84,01 Kb.
Дата14.12.2017
өлшемі84,01 Kb.
#4107

Урынбасарова Жумабике Сулейменовна

Шортанды музыка мектебінің домбыра класының мұғалімі

домбыра класының мұғалімі
Фольклорлық ансамбльді ұйымдастырудағы мәселелер
Қазіргі заман талабына сай қоршаған ортаның ауысымдылығы халық шығармашылығының рухты дәстүрлерін насихаттау бағытында фундаментальды қозғалысының жағдаяттары негізінде ауысып отырады. Қазақ халқының ең жоғарғы рухты құндылығының бірі болып, ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан, ғасырлар бойы халық жадында сақталып қалған өнер болып табылады. Қазіргі таңда өзекті мәселе ретінде, келешек ұрпақтың туған жеріне деген махаббаттық сезімін ояту үшін, бірнеше өмірлік факторлар қарастырылған. Мұндай фактордың бірі ретінде қазақ фольклорлық ансамбльінің ұйымдасуы мен жұмыс жасауы болып табылады. Мұнда музыкалық фольклордың мақсатты даму бағыты, тәрбиелеу жұмысына бағытталады.

Ансамбль «орындаушылармен бірге бірлесе отырып, жұмыс жасайтындарды» білдіреді. Фольклорлық ансамбль да – ұлттық музыкалық аспаптарда түп нұсқасында немесе қайта түзетілген түрлерінде ойнайтын орындаушылардың ұжымы болып есептеледі. Фольклорлық ансамбльді ұйымдастыру кезінде, өнердің эстетикалық құндылығын ұғынуда, халықтың дәстүрлі ұлттық негізі ретінде оның фундаменті болып «фольклор» табылады. Фольклор – халықтық музыкалық өнер арқылы, тұлға бойына нақты оқу көзі ретінде, жақсылықпен зұлымдықтың айырмашылығы ретінде, халықтық түсінікті қалыптастыруда, туған тілді тану құралы болып есептеледі. Фольклор – ұлттық дүниетанымдықты қалыптастырады, әлемге халықтың көзімен қарауға үйретеді. Бұған көмек ретінде Республикамыздағы музыкалық жоғары оқу орындарында фольклорлық ансамбльдің қалыптасуына осы мақаладағы айтылған ойдың мән -мазмұны үлкен септігін тигізеді.

Фольклорлық ансамбль – нақты функцияларды атқаратын өте күрделі және толыққанды ұжымды қамтитын музыканың бір өнері болып табылады. Фолклорлық ансамбльді ұйымдастырмас бұрын, ең алдымен оның негізгі функцияларын анықтап алған жөн. Ансамбльдің нақты жұмыс атқаруы оның ұйымдастырылған нақты функциялары мен оның жұптық ұжымына байланысты. Ғасырлар бойы музыкалық фольклордың дамуы мен өзгеруі, функционалдық міндеттерінің негізгі тапсырмасы ретінде фольклорлық ұжым әсер етеді. Музыкалық – фольклорлы ұжым, өзінің тыңдаушыларымен орындаушыларының мәдениетінің дамуына алдағы уақытта үлес қосатыны айқын. Қазақстанның қазіргі таңда қоғамдық әлеуметтік – саяси болып жатқан өзгерістері фольклорлық ұжым дамуының өмірлік мүмкіндіктерін жақсартады.

Мұндағы өзекті мәселе, фольклорлық ансамбльдің тұрақты контингентін іріктеу мен сақтау болып табылады. Ансамбльдің қатысушыларының мақсаты бір болуы шарт. Музыканың әуендік сарыны, музыканы айту мәнері мен тәртібі жоғары деңгейде болу үшін, ұстаз бен оқушы арасындағы қатынас мықты әрі берік болуы қажет. Ансамбльдегі ұжымдық жұмыс - музыканттардың ынтымақтастық бірлігі мен өзара түсіністігі, бір – біріне деген кішіпейілділігі, сонымен қатар, рухты өмірлік жағдаяттағы жалпы интеллектуалдық дамуының маңызы есепке алынады. Қызығушылықты жоғалтпас үшін, берілген тапсырма оқушы санасына ешбір кедергісіз түсінікті боуы керек. Сонда ғана, ансамбль қатысушылары қажеттілік пен шығармашылық жұмыстардың адам баласына қажет екенін түсінеді. Фольклорлық ансамбль жұмысына толыққанды – бағдарлы көлемі негізінде, оқушылардың білімдік нәтижесін қалыптастыруда топтық жұмыс өз әсерін тигізеді.

Фольклорлық ансамбль жұмысында музыканттардың психологиялық шығармашылық - кешенді дамуына жол табуының бір негізі ретінде - әндердің әуенін байланыстыра алуы, фольклордың тарихы, музыкалық аспаптарда ойнай алуы - басты ерекшелік болып табылады. Шығармашылық жұмыс барысында, сонымен қатар, ұжымдық қарым – қатынаста жақсы қамқорлы қатынас қалыптасуы керек. Және сол уақытта әрдайымғы шығармашылық жұмыста әрбір қайталанбас тұлғаның жауапкершілігі мен қажеттілігі қамтамсыз етілетін ізгілік қарым – қатынастар жауапкершілігін алып тастауға келмейді. Музыканттардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мен оларды халықтық салт - дәстүр мәдениетіне тәрбиелеу музыканттардың шығармашылық дамуына негіз болады. Фольклорлық ансамбль жұмысының ең негізі - музыкалық ойлау өрісін кеңінен дамыту болып табылады.

Оқушылардың бірлесіп атқаратын жұмыстары нәтижелі болу үшін, ұстаздың берген тапсырмасы мазмұнды, кең көлемді болуы шарт. Мұнда музыканттың бойындағы қасиеттерін аша білу, әнге деген қызығушылығын арттыру есепке алынады.

Фольклорлық ансамбль жұмысына қала немесе кент ішіндегі музыкалық ұжым арасында өткізілетін конкурстар, өнер фестивальдері, концерттік бағдарламалар мен шығармашылық көрмелер көп септігін тигізеді. Осындай конкурстар ансамбльдің шығармашылық мүмкіндіктерінің даму факторы бірі болып саналады. Оған қатысатын музыкаттардың орындау деңгейін жоғарылатуда және қоғамдық маңызы бар істердің маңыздылығын түсінуге көмек көрсетеді. Мұның бәрі олардың атқарған шығармашылық істерінің деңгейін жоғары дәрежеде болғанын мақтанышпен көрсетеді.

Кез – келген музыкалық ансамбльді ұйымдастырған кезде музыкалық жоғарғы оқу орнының ең осал жері- ұстазға жүктелген музыкалық кабинеттің материалдық базасымен оның рәсімделгені болып есептеледі. Мұнда фольклорлық ансамбльдің тұлғалық түсінігі тек жоғары оқу орындарының шеңберінде ғана емес, сонымен қатар, қала мен республикада негізгі рөлді атқарады. Халықтың музыкалық материалдарының жинағында орын алатын, мақсатты түрде бағытталған үгіт – насихаттық репертуарды құру қажет етіледі. Біздің заманымыздағы өткір мәселенің бірі - үшінші мың жылдықтағы адам өмірінің рухты қалыптасуының жандануы мен гүлденуі Қазақстанның дәстүрлі мәдениетінің дамуы өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені Республиканың музыкалық жетістігінің насихатымен шығармашылық дамуы үшін, үлкен мүмкіндіктерге ие болған фольклорлық ансамбль шеше алады.

Халықтың өнеріне, салт – дәстүріне, қайнар көзіне жүгіну кездейсоқ емес. Қазақстан экономикалық дағдарыспен қатар, қазіргі таңда өскелең ұрпақ тәрбиесінің қиыншылығын басынан кешіп отырғаны, құпия емес. Аға буын мен өскелең ұрпақты байланыстыратын дәстүрлер мен қарым - қатынастар бұзылған. Сондықтан да, аға буын бойындағы сақталып қалған патриоттық сезімдерді, моральді принциптер мен сабақтастықтықты жаңғыртуымыз қажет. Оқу үрдісіндегі халықтықтан бас тарту немесе түпкі тамырларын шауып тастау, келешек ұрпақты рухсыздыққа тәрбиелейді. Мұндай бағдарламаны жүзеге асыруда фольклорлық ансамбльдің функцияналдығы үлкен септігін тигізеді. Онда өнегелі музыканың Ұлы дала ұрпағының ХХ және ХХІ ғасырлардағы мәдени - әлеуметтік және оқыту үрдісінің даму тарихы негізге алынады. Ғасырлар бойы музыкалы – поэтикалық және аспаптық өнер бойында халықтың рухани мықтылығын байытып отырған. Есте сақтау қабілеттің, назар аударудың, еркіндік тәрбиесінің, сонымен қатар, ежелгі музыкалық үлгілерді мәдени – эстетикалық қабылдау базасының бірі - қазақтың музыкалық мәдениеті болып табылады. А. Жұбанов қазақтың музыкалық аспабының тәрбиесі негізінде: «Біздің қазіргі заманғы Кеңестік қазақ аспаптық музыкасы өзіндік жалпы репертуарымен және музыкалық аспаптарының көптігімен бай». Бірақ, үнемді музыкалық аспаптардың иесі ретінде, біз сыбызғыны жоғалтқымыз келмейді. Оның шынайы үнімен оны жаңғыртуда көп жұмыстар атқарамыз деп жазған».

Фольклорлық ансамбльдің жетекші функциясы - өнерлі –орындаушылық қызметтің көп қырлы мәдени процесін жоғалтпайды. Мысал ретінде, музыкалық орындаушылық қабілетінің жоғары болуы және көрермендердің, қазақтың музыкалық мәдениетінің образды жақсы үлгілерін қамтамсыз етуі сараланады. Фольклорлық ансамбль - өзінің репертуары негізінде, орындаушылық әрекетті, киген ұлттық киімдерімен өз халқының мәдени ерекшелігін көрсетеді. Мұндай қырда фольклорлық ансамбль ұлттық және эстетикалық құндылықтың нышанын өзі жүктейді.

Қазақстандағы фольклорлық ансамбльдің ұйымдастырушысы тарихи қызығушылықпен қазақтың ұлттық мәдениетінің жарқын болашағын көрсетеді. Фольклорлық ансамбльдің кішігірім және ұйымдасқан ұжымы әрбір музыкалық аспаптың жеке – дара тембральді бояғыштарының қайтпас байлығын және олардың үйлесімділіктерінің адам бойына сіңе алатындай мүмкіндіктер береді. Қазақстандық ансамбльдердің жетістігі – қазақ музыкасындағы дауыс ырғағының үндестігін бере алу бірегейлігі болып табылады.

Қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын қайта жаңартудағы фольклорлы ансамбльмен байланысты кезіндегі тарихи үрдісіне назар салсақ. Этнографтармен мұражай үлгілері бойынша 50 – ден астам музыкалық аспаптар қайта жаңартылған. Қазақтың музыкалық аспаптарының тарихын ұғынуда, үйренуде, қайта жаңғыртуда Қазақстанның әйгілі композиторы

А. Жұбанов, этнограф Б. Сарыбаевтар өмірлерін арнаған болатын.

Б. Сарыбаевтың еңбегі негізінде ежелгі халықтық музыканы жаңғыртқан көп санды музыкалық аспаптары қазақтың ұлттық мәдениетіне енген. Сонымен қатар, ұмытылып бара жатқан орындаушылық дәстүрлерді қайта жандандыруға себепші болған. Б. Сарыбаев «Қазіргі заманғы концерттік тәжірибиенің сұраныстарын есепке ала отырып, музыкалық шеберлердің ежелгі қол өнерін қайта жаңғырту қажет болатын. Әуеннің жақсы дыбысталуы, аспаптардың техникалық мүмкіндіктерін кеңейту, ойын түрлерін қабылдау мен тембрін күшейту талап етілген» деп жазған.

Б. Сарыбаевтың қызметінде музыкалық аспаптардың (300 - дей) коллекциясын құруы қызықты факт болған. Олардың көпшілігі қазақтың халықтық мұражайында сақталған. Халықтық музыкалық өнердің дамуында «Жетіген» ұжымы құрылды, оның Құрманғазы атындағы қазақтың ұлт аспаптық оркестрінен айырмашылығы бар екені көрініп – ақ тұр. «Ежелгі ұлттық аспаптарды дұрыс пайдалана алу арқылы олардың оркестр партитурасында өзінің орнын табуға болады. Әрбір тартылатын күй немесе музыкалық әуен әрбір музыкалық аспапқа сай жасалуы қажет». Қазіргі таңдағы ансамбльдер осындай орындаушылық қабілеттерін тәжірибие жүзінде көрсетуге талап қояды. Ежелгі музыкалық аспаптардан ансамбльді құру кезінде, олардың әрқайсысының ерекшеліктері, алдағы уақытта аспаптарды қайта өңдеуде әсер ететін ғылыми жақындастығы айқындалады. Содан кейін, ежелгі аспаптарда негізгі түрлерін қайта өңдеу жүргізіледі және олармен ойнау әрекеттері іске асырылады. Бұл жұмысты аяқтау үшін көп уақыт қажет етіледі. Осыдан кейін, әрбір аспаптың ұясын құруға және халықтық аспаптардың үлкен оркестрін ұйымдастыруға болады.

Қазақ мәдениетіндегі фольклорлы – этнографиялық ансамбльдің тұлғалық қызметі «Отырар сазы» ансамблі болып табылады. Бұл ансамбль 1979 жылы Жамбыл атындағы Алматы филормониясы негізінде этнограф Болат Сарыбаев ұйымдастырған. Ансамбльдің негізі тапсырмасы – ансамбльді насихаттау мен қазақ әндерін жұртқа тарату болған. Ансамбльдің репертуарына қазақ халқының әндері мен күйлері, кәсіби композиторлардың күйлерімен қазіргі заманғы композиторлардың күйлері енген. 1982 жылғы қазан айында осындай ансамбльдің негізінде Мемлекеттік оркестр құрылған болатын. Бұл оркестрдің жетекшісі және бас дерижері Нұрғиса Тілендиев болған. Б. Сарыбаевтың ісін жалғастыруда, ансамбльге ежелгі аспаптарды енгізген, қазіргі заманғы мәдениетте қолданылмайтын: саз сырнай, үскірік, жетіген, шертер, сыбызғы, мес-қобыз, шаңқобыз, асатаяқтардың әртүрлісі,және т.б.

Келешекте (консерваторияларда, музыкалық колледжерде, А. Жұбанов және К. Бәйсеитова атындағы арнайы музыкалық мектептерде, институттарда т.б.) фольклорлық ансамбльдер мен топтарды құру болған. Мұндай дәстүрді біздің мектебіміздің «Балдәурен» фольклорлық ансамблі де жалғастыруда. Қатысушылар мен ансамбль солистері арасындағы республикалық және облыстық конкурстардың лауреаттары Б. Сағидолла, Т. Таукелова,

Т. Баймуканова. Ансамбльдің құрамы әрдайым жас және талантты оқушылармен қосылып отырады. Ансамбльдің репертуары нақты, жан – жақты қамтыған, түп нұсқалы және эстетикалық құндылығы жоғары дәрежеде болуына көп көңіл бөлінеді. Осының негізінде мұғалім әрдайым әрбір оқушының жеке тұлғалылығын ескере отырып, өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіріп отыруы қажет.

Қазақстанның қазіргі заманғы композиторларының шығармалары мен дәстүрлі музыканы насихаттауы ұжымның нақты тапсырмасы болып табылады. «Балдәурен» ансамбльінің репертуары қазақтың ұлттық музыкалық аспаптырының жақсы үлгілерін көрсетеді, композитор – классик Құрманғазы, Дайрабай, Тәттімбет, Байжігіт, Жантөре, Сүгірлердің образдарын көрсетеді. «Балдәурен» ансамблі әрбір концерттік бағдарламаларда, алаңдардағы концерттерге қатысып, аудандағы мәдени іс-шараларға белсенді ат салысады.

Мұндай музыкалық фольклорлы ансамбль ұжымдары қазіргі заманғы қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанда, халықтық музыкалық мәдениетті насихаттау мен сақтау істері негізінде жүзеге асырылады. Осындай фольклорлық ұжым жұмыстарын әрі қарай ұйымдастыру кезінде, шығармашылық жұмыстардың шеңберінде жаңа шешімдерді табуда, тәуелсіз мемлекеттің шарттары негізінде жасалған жақсы істерді көруге болады.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Музыка. Үлкен энциклопедиялық сөздік. 1998 жыл. 672 бет.

  2. А.Қ. Жұбанов. Жүзжылдық ғасырлар. 1958 жыл. 298 бет.

  3. Б. Сарыбаев. Қазақтың ұлттық аспаптары. 1978 жыл. 176 бет.

жүктеу 84,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау