Лекция жинағы Шымкент, 2020ж №1- дәріс Заманауи психология пәні, міндеттері мен әдістері. Жоспары



жүктеу 78,15 Kb.
бет1/12
Дата12.03.2022
өлшемі78,15 Kb.
#37779
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
352464 (1)



ЖАНДАБАЕВА ИНДИРА СЕРІКБАЙҚЫЗЫ

«Жалпы және жасерекшелік психологиясы» пәнінен

Лекция жинағы

Шымкент, 2020ж



1- Дәріс Заманауи психология пәні, міндеттері мен әдістері.



Жоспары:

  1. Психологияның ғылым ретіндегі анықтамасы, оның ғылымдар жүйесіндегі орны.

  2. Психология пәні, міндеттері мен қағидаттары.

  3. Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдері.

  4. Психологиядағы негізгі бағыттар.

  5. Психология әдістері.
.
1.Психология - психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының”) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар. Бiр қарағанда бұлардың мәнiн әрқайсымыз тез ажырататын да, бiлетiн де сияқтымыз. Бiрақ психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселенi ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзiндiк заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан бiлiм салаларының бiрi. Оның дүниеге тұңғыш келген жерi ежелгi Греция. “Психология” терминi гректiң екi сөзiнен тұрады: оның бiрiншiсi - “псюхе” (жан), екiншiсi — “логос” (сөз, iлiм). Сөйтiп, бұл сөз “жан туралы iлiм” деген ұғымды бiлдiредi. Ерте замандарда пайда болып, ғасырлар бойы соқыр сенiм нанымдар мен кейбiр зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсiнiктер бойынша, адамда тәннен тәуелсiз “жан” болады, мәңгiбақи жасайтын жан адамның барлық психикалық, тiршiлiгiнiң (ойының, сезiмiнiң, еркiнiң) иесi де, себепшiсi де. Жан туралы осындай жалған түсiнiктiң пайда болуына алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс түсiне алмауы себеп болды. Олар дүниеде табиғатқа бағынбайтын, одан оқшау тұратын ерекше бiр сиқырлы күш бар, ал жан болатын болса, соның бiр көрiнiсi, ұйқы кезiнде ол денеден уақытша шығып кетедi де, адам оянған кезде қайтып келедi, егер келмей қалса, адам өледi деп тұжырымдады. Жан туралы осындай анимистiк (барлық нәрседе де жан бар дейтiн түсiнiк) пiкiрлер кейбiр тайпалардың арасында күнi бүгiнге дейiн кездеседi. Мәселен, Лусан аралының (Филиппин) тұрғындары тагалдар ұйықтап жатқан адамды еш уақытта оятпайды. Өйткенi олар ұйқы кезiнде адамның жаны басқа жақта жүредi дейдi. Тасманиялықтардың тiлiнде жан мен көлеңкенiң, ұғымы бiр сөзбен берiледi, өйткенi олардың ойынша, жан мен көлеңке бiр iспеттес нәрсе. Абипон тайпасының индеецтерi “лоакаль” деген сөз арқылы көлеңкенiң, жанның, дыбыс берудiң, бейненiң үғымын бередi. Жан туралы осы тектес қарапайым түсiнiктердiң пайда болуы адамдардың өздерiнiң дене құрылысы жайында ғылыми түсiнiгi жоқ кездерде, яғни жан мен тәннiң толысуы бiр-бiрiнен байланысын дұрыс ажырата алмай жан өлгеннен кейiн денеден шығып кететiн, мәңгiбақи өмiр сүретiн нәрсе деп ұғынудың нәтижесi едi.
2. Жан туралы ғылыми түсiнiк ежелгi гректердiң әмбебап ғалымы Аристотель (б. з. д. 384—322) есiмiмен байланысты. Екi жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану т. б.) аралас, астарласа дамып келдi. ХIХ-ғасырдың екiншi жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсiк, ес, ойлау, қиял т. б.) эксперимент (тәжiрибе) жүзiнде әртүрлi құрал-жабдық аспаптардың көмегiмен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тiгiп, тәжiрибелiк ғылым ретiнде дамыды. Ғылымның осы саласына эксперименттi тұңғыш енгiзген немiс ғұламасы В. Вундт (1832—1920) болды. Психология ғылымының тарихы да бiрiне-бiрi қарама-қарсы жоғарыда аталған екi бағыттың үздiксiз ой-пiкiр тартысына толы. Мысалы, ертедегi грек ойшылдарының бiрi Демокрит (б. э. д. 460—370) сол кездiң өзiнде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсiндiрдi. Ол жанның мәңгi еместiгiн, оның өсiп, өшiп отыратындығын айтып, материалистiк тұжырым жасады. Сол заманның екiншi бiр ойшылы, идеалист Платон (427—347) керiсiнше “жан мәңгi өлмейдi, шпейдi”, - деп тұжырымдады. Психикалық әрекеттi осылайша екi түрлi көзқарас тұрғысынан түсiну, қоғам дамуының кейiнгi кезеңдерiнде, әсiресе орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өрiс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870—950) дүние материядан құралады, ол жойылмайды, бiр түрден екiншi түрге көшiп, өзгере бередi, жан денеден бұрын өмiр сүрмейдi, бiр денеден екiншi бiр денеге барып орналаса да алмайды деп материалистiк тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225—1274) жанның мәңгi өлмейтiндiгi, оның денеден бөлек өмiр сүретiндiгi жайлы пiкiрлердi ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өрiс алуына мүмкiндiк бередi. Психологиялық ғылыми бiлiмдердiң тарихы екi кезеңге бөлiнедi. Оның бiрiншiсi — шамамен 2500 жылға созылған, көш басы Аристотельден басталатын жан дүниесi жайлы түрлi ой пiкiрлердiң iлкi тарихы. Осы кезең iшiнде психология басқа ғылымдармен, әсiресе, философиямен қосақтаса дамып келедi. Оның екiншi тарихы 1879 жылдан басталады. Осы жылы немiс ғалымы В. Вундт (1832—1920) Лейпцигте тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, мұның дербес эксперименттiк ғылым болуына себепкер болды. Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбуәлi Ибн Сина, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т. б. оқымыстылардың есiмiмен тығыз байланысты. Жан дүниесiнiң сыры жайлы дәйектi пiкiрлердi қазақ ойшылдары да айтқан. Тiптi мұндай ой-пiкiрлер фольклорда, әсiресе, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседi. Мәселен, “Тән ауырса, жан ауырады”, “Тәнi саудың жаны сау”, “Тән өледi, демек жан да өледi”, “Жан бар жерде қаза бар” “Жан - кеудеге қонақ” т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннiң ара қатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан қазақ ұғымында жан-жануарға, адамға тiршiлiк, күш-қуат беретiн рух. Ал Асанқайғы, Шалкиiз, Жиембет, Ақтамбердi, Бұқар, Шал, Дулат, Махамбет т. б. қазақ ақынжыраулары мен ойшылдарының толғауларында да көшпендi ата-бабаларымыздың жан дүниесiнiң сырлары әр қырынан сөз болып, осылар жайлы сындарлы пiкiрлер айтылған. Өресi биiк, материалистiк психологиялық ой-пiкiрлердi Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт шығармаларынан да көптеп кездестiруге болады. Мәселен, С. Торайғыров (1893—1920) жан мен тән ылғи да бiрлiкте, байланыста болады (“Дене азыққа тоюдан жан ер жетер, жан ер жетiп, дүниенiң сырын табар”), адамның тәнi өсумен қатар, жаны да (ақыл-ой, санасезiм) бiрге өсiп, жетiлiп отырады, осы екеуiнiң қоса өзгеруiнiң негiзi тәнде, адам өлгеннен кейiн, онда қимыл жоқ, сезiм жоқ... жек көру жоқ, махаббат жоқ... Өмiр жоқ, яғни, бiр сөзбен айтқанда, тәннен бөлiнген жанда еш уақытта өмiр болмайды деп тамаша материалистiк қорытынды жасайды. Осы iспеттес пiкiрдi Шәкерiм Құдайбердиев те (1858—1931) айтқан болатын (“Жан тәнге, ақыл жанға маталып тұр”). Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негiзiн жасауда, оны материалистiк тұрғыдан түсiндiруге орыстың, ұлы ғалымдары И. М. Сеченовтiң (1829—1905) рефлекстер жөнiндегi пiкiрлерi мен И. П. Павловтың (1849—1936) жоғары жүйке қызметi туралы iлiмiнiң маңызы зор болды.

Психикалық әрекеттi ғалымдар бейнелеу теориясы негiзiнде түсiндiредi. Осы қисынның iрге тасы әл-Фараби еңбектерiнде алғаш сөз болған (“Сыртқы әсерлердiң әсерiмен... заттардың образдары пайда болады”). Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы, “Ғылым”, 1973, 301-бет). Бұл теория бойынша сыртқы дүние бiздiң сезiмде мида түйсiк, қабылдау, елестеу, ой-сезiм түрiнде бейнеленедi. Бұлардың бәрiн кейде бiр сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды. Сана сыртқы дүниенiң бейнесi дегендi қалай түсiнуге болады? Бiздiң миымыз сыртқы әсерлердiң бәрiн қабылдауға, бейнелеуге қабiлеттi. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келедi. Бейнелену процесi әр адамның өмiр тәжiрибесiне, жол мөлшерiне, бiлiм деңгейiне, мақсат-мүддесiне, наным-сенiмiне орай өзiндiк өзгешелiктерге толы болады. Неорганикалық материяның (өлi табиғат) өзiнде де түрлi нәрселер сәулеленедi. Мәселен, заттың айнадағы сәулесiнен бiз оның суретiн көремiз. Ал егер затты алып кетсек, оның суретiнiң де айна бетiнен жоғалып кететiнi мәлiм. Психикалық бейне де осы iспеттес, яғни сыртқы орта әсер етпейiнше, мида ешқандай психикалык құбылыс пайда болмайды. Айна бетiндегi бейне де, адам миындағы бейне де “бейнелену” деген бiр сөзбен аталғанымен бұл екеуiнiң арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетiндегi сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миында болатын бейнелеу процесiнiң айна бетiндегi сәуледен бiр ерекшелiгi — соңғы бейне өте күрделi, ол жүйке процестерiнiң жұмысынан туады. Мидағы бейненiң екiншi бiр ерекшелiгi - сөздiң жәрдемiмен бейнеленуi. Бейнеленудiң осы түрi ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесiнде, адамдардың еңбек ету қызметiнiң негiзiнде пайда болған. Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуi жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсендi түрде сөздiң көмегiмен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтiк өмiрдiң жемiсi болғандықтан, оның бейнелеуi ұғым, пiкiр, ой қортындысы түрiнде көрiнедi. Ол белсендi әрекеттену негiзiнде, әртүрлi объектiлермен қатынас жасап, өзi солардың бейнеленуiне мүмкiндiк туғызады. Бейнелену — заттың миға әсер етуiнен ғана болатын бiр жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектiнiң (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесi. Адам сыртқы ортаның тигiзген әсерiн, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейдi. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшерi, бiлiм, дағды, икемi, тәжiрибесiне орай түрлi деңгейде көрiнiп отырады. Бейнелену теориясының мәнiн басқаша түсiнетiндер де кездеседi. Немiс ғалымы Г. Гельмгольц (1821 —1894): “Мидағы бейнелердiң сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар — заттың бейнесi емес, оның символы”,— дейдi. Бұл теория бiздiң сезiм мүшелерiмiздiң көрсеткенiне сенбеушiлiк туғызады, объективтiк дүниенi жоққа шығарады. Заттың бейнесi бiр басқада, шартты таңба — символ бiр басқа. Бейне “кескiнделетiн” сыртқы заттың объективтiк болуын қажет етедi, ал “таңба” мен “символ” оны турадан-тура жоққа шығарады. Адам санасының табиғатын осылайша түсiнетiндердi ғылымда тұрпайы материалистер дейдi. Мәселен, XIX ғасырда өмiр сүрген немiстiң кейбiр оқымыстылары (Молешотт, Бюхнер, Фохт): “бауыр өттi өзiнен қалай бөлiп шығарса, ми да ойды солай бөлiп шығарады” деп адамның сана-сезiмiн, ойлау процесiн ми шығаратын заттың ерекше бiр түрi деп түсiндiредi. Бұл өте тұрпайы түсiнiк.

3. Психология ғылымының салалары мен тармақтары. Психология сан салалы ғылым. Қазiрде оның қырыққа жуық саласы бар. Қай саласы болса да күнделiктi өмiрiмiзге қызмет етедi. Оларды тудырған — қоғамның нақтылы талап-тiлектерi, өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық экономикалық прогрестiң әсерi. Осы ғылымның кейбiр салалары еңбек, яғни нақты iс-әрекет үстiнде адам санасы қалайша дамып отыратындығын зерттейдi. Осы тұрғыдан жантану ғылымы-педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлiк т. б. болып, бiрнеше салаларға бөлiнедi. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие iстерiнiң оқушы санасына қалайша әсер ететiндiгiн зерттейдi. Психология педагогикалық, медициналық, әскери инженерлiк т. б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi. Мәселен, педагогикалық психология оқу, тәрбие iстерiнiң оқушы санасына қалайша әсер ететiндiгiн зертейдi. Оқу материалының мазмұны мен көлемiн анықтау, балалардың жас мөлшерiне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру - кейбiр оқушылардың екiншi жылға қалу, мектептен шығып кету себептерi, тәрбиеленуi қиын балалармен жұмыс iстеудiң жолдары, жыныс тәрбиесi, бағдарламалап оқыту (алдын ала жасалынған үлгiге қарап оқыту әдiсiн ұтымды етiп ұйымдастыру), педагогикалық психология зерттейтiн ғылыми мәселелердiң бiр тобы. Медициналық психология дәрiгер мен науқастың арасындағы қатынасты, олардың мiнез-құлқының түрлi көрнiстерiн зерттеiдi. Ол өз тарапынан нейропсихология, психоформалогия, психотерапия, психопрофилактика, психогигиена дейтiн салаларға бөлiнедi. Адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелердi инженерлiк психология зерттейдi. Бұл соңғы кездерде кең өрiс алған ғылыми келешегi мол жантану салаларының бiрi.“Адам — машина” жүйесiнде әрекеттi тиiмдi етiп ұйымдастыру, басқару жүйелерiнiң құрылымын үйлестiру, мұндағы творчестволық мiндеттердi тиiмдiлiкпен шешу, информацияны сақтау, өңдеу, оны жобалау, оперативтi моделдер қалыптастыру үлкен орын алады. Инженерлiк психологияның негiзгi проблемаларына операторларды кәсiптiк тұрғыдан таңдап алу, оларды үйрету және жаттықтыру, тиiстi информациялық модельдер мен басқару орындарын жобалау, операторлардың хал-күйiн (шаршау, болдыру т.б.) анықтау, техникалық эстетика мен эргономиканың, ЭВМ-нiң алгоритмдерiне қойылатын талаптарды тұжырымдау, түрлi агрегатты басқарудағы адамның дара психологиялық өзгешелiктерiн, оның ерiк-сезiм сферасын, интеллект деңгейiн зерттеу т.б. жатады. Мұндағы инженерлiк-психологиялық мiндеттердi шешу консультациялық және сан салалы тәрбие жұмысымен айналысатын ұйымдар үшiн қолданбалық мәнi зор. Психологиялық ғылымының келесi бiр топқа енуiне даму принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала, жас-өспiрiм, балаң, кемел, егде жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кемiс адамдардың түрлi жақтарын зерттейдi. Салыстырмалы психологияға зоопсихология, этология дейтiн салалар кiредi. Мәселен, балалар психологиясы коғамдық жағдай мен биологиялық факторлардың баланың дүниеге келгеннен кейiнге дейiн психикалық дамуына тигiзетiн әсерiлердi зерттейдi. Салыстырмалы психология жануарлар психикасымен үқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады. Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигiзетiн ықпалын зерттеу iсiмен психологияның әлеуметтiк (қоғамдық) деп аталатын саласы айналысады. Психологияның спорт, сот, космос, кiтапхана, сауда, өнер т. б. сияқты өмiр салаларына байланысты да түрлерi бар. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т. б. ғылымдарының соңғы жаңалықтары психологияға кеңiнен енiп, оның жан-жақты дамуына игiлiктi әсер етiп отыр. Мәселен, автоматтык машиналар мен тiрi организмдердi басқару мәселесiн қарастыратын кибернетика ғылыми психикалық әрекеттiң заңдылықтарын зерттеп, оның модельдерiн (үлгiлерiн) қолдан жасап шығаруға мүмкiнд;к туғызады. Осының нәтижесiнде адамның ақыл-ой құбылыстарын табиғаттағы түрлi құбылыстармен салыстыра зерттеуге жағдай туды. Психология мен этиканың арасында да тығыз байланыс бар. Этика адамдардың мiнез-құлық нормаларын, адамгершiлiк принциптердiң заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Мораль мәселесiнiң кейбiр жақтарын да (адамның моральдық сезiмдерi, саналылық дәрежесi) психология ғылымы қарастырады. Бiрақ этикаға қарағанда психологияның зерттеу объектiсiнiң көлемi ықшам. Психология сана құбылыстарының пайда болу жолын, қалыптасу жағдайын зерттейдi, ал этика болса бүкiл адамгершiлiк қасиетке қатысты мәселелердiң бәрiн карастырады.Психология сондай-ақ жаратылыстану (биология, физиология, неврология т.б.) педагогика, пән методикасы ғылымдарымен де тығыз байланысып жатады. Психология ғылымы нарық экономикасына көшу кезеңiндегi адамдардың көңiл-күй ерекшелiктерiн, егемендiк пен тәуелсiздiктiң адам психикасына қалайша әсер етiп отырғандығы; ұлттық оқу-тәрбие процесiнде болып жатқан түрлi жаңалықтарды психологиялық тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты мiндеттерi болып табылады.

4.Психология ғылымының зерттеу әдістері Жанды зерттеу әдiстерi бiр қарағанда бiздiң әрқайсымызға оңай, тiптi таныс сияқты болып көрiнетiн жәйт күнбе-күнгi психикалық өмiрiмiзге мұқият үңiлiп қарасақ, өзiне тән заңдылықтары бар аса күрделi қасиет. Психикалық өмiрдi де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын. Адамның психологиялық ерекшелiктерiн бiлу үшiн, осы ғылымның зерттеу әдiстерiмен танысуымыз керек. Әр ғылымның өзiндiк ерекшелiгiне карай дербес зерттеу әдiсi болады, осы әдiстер арқылы сол ғылымның сан алуан заңдылықтарын зерттеуге мүмкiндiк туады. Егер ғылымда өзiне тән әдiс, яғни зерттеу әдiстерi болмаса, ол нағыз ғылым болудан қалады. Басқа да ғылымдар тәрiздi психология ғылымының да өзiне тән әдiстерi бар. Бұл әдiстер осы ғылымның көп жылғы даму жолында түрлi тексерулерден өтiп, сұрыпталу арқылы қалыптасқан. Психикалық әрекеттi де белгiлi мақсатқа байланысты жоспарлап, арнайы белгiленген және мұқият ұйымдастырылған әдiстер арқылы зерттейдi. Зерттелiнетiн адамның көп рет қайталанған iс-әрекеттерi мен қылықтары, сөз саптауы мен бет пiшiнiндегi мәнерлi қозғалыстары да, бiзге оның ойлауы мен сөйлеуiнiң, сезiмi мен еркiнiң, темпераментi мен мiнезiнiң ерекшелiктерiн бiлуге бiршама жәрдемдеседi. Ғылыми психология адамның ой-өрiсi, сана-сезiм дәрежесi iс-әрекеттен, оның нәтижесiнен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана iс-әрекеттiң бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етедi. Сана мен iс-әрекет бiр-бiрiмен тығыз байланысты. Сананың белсендiлiк сипаты да, оның мiнез-құлықты реттейтiн басқарушылық функциясы да осы принципке негiзделедi. Осы айтылғанға орай психологиясын нақтылы iс-әрекет үстiнде зерттеу ғылыми психологияның ең негiзгi принципi. Кейбiр психологтар: “Адамның психикалық құбылыстарын зерттеуде оның өзi берген мәлiметтер шешушi орын алады, сондықтан да өзiн-өзi байқау (интроспекция) әдiсiнiң деректерiне ерекше көңiл бөлу қажет” дейдi. Бұл шындыққа жанасымсыз пiкiр. Мұндай жолмен адамның iшкi жан дүниесiн бiлу қиын. Өйткенi адам өзi туралы көп жағдайларда қателеседi, оның шынын айтқысы келмеуi де ықтимал, сондай-ақ адам өзiнiң психологиялық ерекшелiктерiн жете бiлмеуi, не оны басқа бiреуге дұрыс жеткiзiп бере алмауы мүмкiн. Өзiн-өзi байқау — адам психикасын зерттеудiң әдiсi болып табылмайды, ол әркiмнiң өз басындағы рухани ерекшелiктерiн аңғара алуын көрсететiн бiр факт. Мұндай жолмен адам психологиясының мәнiн, оның қалыптасу жолын түсiндiруге болмайтындықтан, психиканы объективтiк жолмен зерттеуде бiз осы принциптен ешбiр ауыт-қымауымыз қажет. Жантануда адамның психикалық ерекшелiктерiн зерттейтiн бiрнеше әдiстер бар. Олардың бiр тобы негiзгi әдiс, екiншi тобы қосалқы әдiс деп аталынады. Осындай негiзгi әдiстердiн бiрiне байқау әдiсi (А) жатады.




жүктеу 78,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау