Лекция жинағы Шымкент, 2020ж №1- дәріс Заманауи психология пәні, міндеттері мен әдістері. Жоспары


Психикалық әрекеттi ғалымдар бейнелеу



жүктеу 78,15 Kb.
бет5/12
Дата12.03.2022
өлшемі78,15 Kb.
#37779
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
352464 (1)

Психикалық әрекеттi ғалымдар бейнелеу теориясы негiзiнде түсiндiредi. Осы қисынның iрге тасы әл-Фараби еңбектерiнде алғаш сөз болған (“Сыртқы әсерлердiң әсерiмен... заттардың образдары пайда болады”). Әл-Фараби “Философиялық трактаттар”. Алматы, “Ғылым”, 1973, 301-бет). Бұл теория бойынша сыртқы дүние бiздiң сезiмде мида түйсiк, қабылдау, елестеу, ой-сезiм түрiнде бейнеленедi. Бұлардың бәрiн кейде бiр сөзбен адамның санасы немесе психикасы деп те атайды. Сана сыртқы дүниенiң бейнесi дегендi қалай түсiнуге болады? Бiздiң миымыз сыртқы әсерлердiң бәрiн қабылдауға, бейнелеуге қабiлеттi. Мидағы бейне, образ сол бейнеленген зат пен құбылысқа дәл келедi. Бейнелену процесi әр адамның өмiр тәжiрибесiне, жол мөлшерiне, бiлiм деңгейiне, мақсат-мүддесiне, наным-сенiмiне орай өзiндiк өзгешелiктерге толы болады.

Неорганикалық материяның (өлi табиғат) өзiнде де түрлi нәрселер сәулеленедi. Мәселен, заттың айнадағы сәулесiнен бiз оның суретiн көремiз. Ал егер затты алып кетсек, оның суретiнiң де айна бетiнен жоғалып кететiнi мәлiм. Психикалық бейне де осы iспеттес, яғни сыртқы орта әсер етпейiнше, мида ешқандай психикалык құбылыс пайда болмайды. Айна бетiндегi бейне де, адам миындағы бейне де “бейнелену” деген бiр сөзбен аталғанымен бұл екеуiнiң арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Айна бетiндегi сәуле “жансыз” сәуле болып табылады. Ал адам миында болатын бейнелеу процесiнiң айна бетiндегi сәуледен бiр ерекшелiгi — соңғы бейне өте күрделi, ол жүйке процестерiнiң жұмысынан туады. Мидағы бейненiң екiншi бiр ерекшелiгi - сөздiң жәрдемiмен бейнеленуi. Бейнеленудiң осы түрi ұзақ уақыттық тарихи дамудың нәтижесiнде, адамдардың еңбек ету қызметiнiң негiзiнде пайда болған.

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адам миында бейнеленуi жануарлардан бөлек, өзгеше жолмен, белсендi түрде сөздiң көмегiмен жүзеге асады. Адам қоғамдық-әлеуметтiк өмiрдiң жемiсi болғандықтан, оның бейнелеуi ұғым, пiкiр, ой қортындысы түрiнде көрiнедi. Ол белсендi әрекеттену негiзiнде, әртүрлi объектiлермен қатынас жасап, өзi солардың бейнеленуiне мүмкiндiк туғызады. Бейнелену — заттың миға әсер етуiнен ғана болатын бiр жақты процесс емес, субъект (адам) пен объектiнiң (сыртқы орта) өзара байланысының нәтижесi. Адам сыртқы ортаның тигiзген әсерiн, шама-шарқынша өңдеп, саналы түрде бейнелейдi. Бейнелену ми қабаты жықпылдарында адамның жас мөлшерi, бiлiм, дағды, икемi, тәжiрибесiне орай түрлi деңгейде көрiнiп отырады.

Бейнелену формаларының шығуына құрамында белоктық заттары бар тiршiлiктiң пайда болуы шешушi роль атқарды. Тiтiркенушiлiк, яғни тiрi организмнiң сыртқы әсерге жауап бере алу қабiлетi, жүйке жүйесi күрделi сипат алған сайын организмнiң сыртқы ортамен байланысында елеулi орын ала бастайды. Мәселен, балықтардың миы өте мардымсыз болса, сүтпен коректенушiлердiң миы бұған қарағанда жақсы дамыған. Жануарлар миының алдыңғы жағы (маңдай бөлiгi) өскен сайын олардың сыртқы ортамен байланысының дәрежесi, яғни бейнелеу мүмкiншiлiгi де арта түседi.

Бейнелену теориясының мәнiн басқаша түсiнетiндер де кездеседi. Немiс ғалымы Г. Гельмгольц (1821 —1894): “Мидағы бейнелердiң сыртқы дүние заттарымен ешқандай ұқсастығы жоқ, бұлар — заттың бейнесi емес, оның символы”,— дейдi. Бұл теория бiздiң сезiм мүшелерiмiздiң көрсеткенiне сенбеушiлiк туғызады, объективтiк дүниенi жоққа шығарады. Заттың бейнесi бiр басқада, шартты таңба — символ бiр басқа. Бейне “кескiнделетiн” сыртқы заттың объективтiк болуын қажет етедi, ал “таңба” мен “символ” оны турадан-тура жоққа шығарады.

Адам санасының табиғатын осылайша түсiнетiндердi ғылымда тұрпайы материалистер дейдi. Мәселен, XIX ғасырда өмiр сүрген немiстiң кейбiр оқымыстылары (Молешотт, Бюхнер, Фохт): “бауыр өттi өзiнен қалай бөлiп шығарса, ми да ойды солай бөлiп шығарады” деп адамның сана-сезiмiн, ойлау процесiн ми шығаратын заттың ерекше бiр түрi деп түсiндiредi. Бұл өте тұрпайы түсiнiк. Шынында, сана сол материяның өзi болса, бұдан материя мен сана арасындағы айырмашылық жойылады да, бұл екеуi бiрдей болып шығады. Ғылыми түсiнiк бойынша, психика, сана зат емес, оны көруге де, суретiн түсiрiп алуға да болмайды. Сана — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесi. Ол материалдық бейне емес, идеалдық бейне. Сана шындықтың жай суретi, оның жансыз көшiрмесi емес, адамның басында, жүйке жүйесiнде жасалып жататын шындықтың күрделi бейнесi.




жүктеу 78,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау