«Тәрбиелік шаралардың оқушы шығармашылығын, белсенділігін арттырудағы маңызы»



жүктеу 28,92 Kb.
Дата01.11.2023
өлшемі28,92 Kb.
#44095
Баяндама


№26 С.Датов орта мектебі
Менің шығармашылық тақырыбым


«Тәрбиелік шаралардың оқушы шығармашылығын, белсенділігін арттырудағы маңызы»

Дайындаған: Бастауыш сынып мұғалімі


Бисенгалиева Сания Хамитовна
Атырау 2020-2021
«Адамның жақсы болуы тегінде емес,
Тәрбиесінде, ақылында,өнер, білімінде.
Адамға үш адамнан мінез жұғады:
Ата-анадан,ұстазынан, құрбысынан.
Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе,
Содан көп жұғады».

Мақсатым: Ұлт болашағына алаңдайтын ұлы тұлғалар тәрбиелеу.
Міндетім: Тәлім мен қоса тәрбиені де қата беру.
Мектеп білім айдынындағы ең үлкен кеме болса ал мұғалім оның ішінде сынып жетекші осы қоғамдық орында бала мен ата анамен байланыста жұмыс жасайтын басты тұлға.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» -деп дана Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтып кеткен екен.
Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру. Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда оқушыға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Елбасының «Қазақстан-2030» басты стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәрежеде ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігінен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу - ең басты өзекті мәселе.
ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдастығына жалпы әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу - адамзат алдындағы басты міндет. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, Отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Рухани-азаматтық тәрбие сәбидің бойында ең алдымен, анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойылады:
Мемлекеттік тілді оқыту;
Ұлттық мәдени мұраны игеру;
Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;
Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу .
Осы міндеттер жалпы адамзаттың және ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білген рухы биік, жігерлі, нағыз отансүйгіш білімгер тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталған.
Оқушы бойына рухани-азаматтық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Оқушы отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту - ата - ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай - ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе, әрі қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туғызады. Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогикамен байланысына тоқтала келе, «Сегіз қырлы, бір сырлы» толық адам тәрбиелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді:
- Ақылды, арлы, намысшыл азамат болуын қарастыру.
- Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу.
- Тән сұлулығын қарастыру, әсемділікке баулу.
- Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа) баулу
- Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу.
- «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер - өрге сүйрелейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.
- Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
- Дене шынықтыруға тәрбиелеу.
- Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында кітап оқуға баулу.
Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу- тәрбие үрдісінде оқушыларды Отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет.
Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани-азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік рухани-азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы.
Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:

  • еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру;

  • тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру;

  • өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету;

  • отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету;

  • оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;

  • оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;

  • оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

  • оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау,бағалауға үйрету;

  • оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. Тұлғаны рухани–азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-санамызға сәйкес, жан-жақты тазалық жүйесіне негізделген дүниетанымда тәрбие көрген ата-ана, ұстаздың ойы, сөзі, ісі берген тәлім-тәрбиесі мен білімі баланың пәк те таза жүрегіне бұлақтың мөлдір суындай сіңіп, өмірлік тура жол, рухани азық болары түсінікті. Рухани-азаматтық тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүмкіндігін беретін тұлғалық интегративтік қасиетін, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және қалыптастыруды болжайды. Рухани-азаматтық құндылықтармен білім жүйесін қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт. Оқушыларды рухани-азаматтық бағытта тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу - бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-азаматтыққа тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Оқушының сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-азаматтық қасиеттері қалыптасады. Рухани-азаматтықтың негізгі элементтеріне мыналар жатады: ар-намыс сезімінде, тұлғалық ішкі еркіндікте, тәртіптілікте, басқа адамдарға құрмет пен сенім білдіруде, өзінің міндеттерін орындау, патриоттық, ұлттық сезімдерін үйлесімді қиюластыру қабілетінде көрінетін адамгершілік құқықтық және саяси мәдениет.
Рухани-азаматтық тәрбиенің негізгі мақсаты- оқушыларда қоғамдық ізгі мұраттарды, отансүйгіштік сезімін, адамгершілік қасиетін, бейбітшілікке ұмтылысын, қоғам игілігіне еңбек ету қажеттілігін тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының бойына рухани-азаматтық тәрбиені дарытудың жолдары төмендегідей:
- рухани-азаматтық қасиеттерді жеке тұлғаға үйретіп, оның орындалуын талап ету;
- азаматтық құндылықтар туралы пікірлесу;
- әдептілік негіздерін үйретіп, оның орындалу жолдарын көрсету;
- рухани-азаматтық дәстүрлер туралы пікірлесу. Пікірталас, ойжарыс, айтыс ұйымдастырып, ой мен істі ұштастыру.
- ұлттық мәдени уағыздар мен қағидалардың рухани негізі екенін дәлелдейтін түрлі ойындар, қойылымдар ұйымдастыру.
- басылымдар арқылы рухани-азаматтық туралы материалдар оқып талдау;
Оқушылардың рухани дүниесін дамытпай, білім беру қажетсіз дүние. Мұғалімнің зерттеу нысаны-оқушының жеке жан дүниесін қалыптастыра отырып, рухани- азаматтыққа тәрбиелегенде ғана олардың өздігінен жетілуіне мүмкіндік жасалады.
Рухани-азаматтық тәрбиесінде ең маңызды рөлді бастауыш сынып мұғалімі алады. Ол тәрбие жүйесінің мақсаттарын анықтап, оқушы бойында рухани құндылықтарды тәрбиелеуде атқаратын іс-әрекеттерінің нәтижесін болжайды.
Рухани-азаматтық тәрбие берудегі бастауыш сынып мұғалімінің қызметі:
- Өмірдегі маңызды құндылықтар мен рухани-азаматтық құндылықтарды
оқып үйрену.
- Өз адамгершілік қасиеттерін анықтау мақсатында өзін-өзі дамытудың
тренингтерін тәжірибеге енгізу.
- Оқушылармен бірге халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын,
туған өлке, туған қаламыздың тарихы мен дәстүрлерін, өз
отбасылырының дәстүрлерін, мектеп дәстүрлерін оқып үйрену.
- Сынып газетін шығару, көрмелерге бару.
- Рухани-азаматтық мәдениетін дәріптейтін тәрбие сағаттарын ұйымдастыру.
- Оқушылардың бойындағы дарынды, талантты дәріптеу (өлең шығару, шығармашылық тапсырмалар).
Сынып жетекшісінің сыныптағы атмосфераны, әр оқушының бойындағы қабілеті мен қызығушылықтарын анықтау мақсатында өз жұмысында қолданатын диагностикасы:
- Балалар өз түсініктерін жазбаша жеткізеді.
- Рухани-азаматтық нормалары туралы сауалнама.
Оқушылардың тәрбиелік деңгейін анықтау әдісі: «Менің ішкі дүнием», «Адамгершілік қасиеттер шақыру», «Менің айналадағы дүниеге көзқарасымыз қандай?», «Көршіме мінездеме» т.б.
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді. Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсеткендей, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда жатыр деп түсінемін. Жас ұрпақты рухани-азаматтыққа тәрбиелеу қай елдің, қай кезеңнің болмасын маңызды мәселесі болып келгеніне көз жеткізуге болады. Ендеше, оқушыларға халқымыздың рухани байлығын, мәдениетін, дәстүрін, терең таныстырып, ойшылдарымыздың ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінің тірегіне айналдыру, яғни, рухани-азаматтық тәрбиенің жаңарған жүйесін жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
«Тәрбие-баламен әңгімелесумен, сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат – міндеттерімен байланысты болуы керек» - деп өз сөзімді ұлы ұстаз А.С. Макаренконың тұжырымымен ақтаймын.
жүктеу 28,92 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау