Туризмнің даму тарихы
Туризм – қазіргі таңда әлем бойынша қарқынды дамып келе жатырған ауқымы кең сала. Ол демалыспен, бос уақытпен, спортпен байланысты. Ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың дамуына ықпалын тигізбек.
Туризм саласының тарихы қашан басталды? Қалай басталады? Қазақ жеріндегі «Жібек жолының» туризмнің алғаш сатысы деуге келе ме? Бұл сұрақтар қазіргі таңда әрбір жанның көкейтесті білгісі келетін мәселелері деп білемін.
Қазіргі кезде әлемдік туризмнің дамуының 4 кезеңі бар: 1 – кезең ежелгі заманнан бастап ХІХ ғ. басына дейін созылып, туризмнің басы саналады. Бұл кез сауда мақсатындағы сапарлар болды. 2 – кезең ХІХ ғ. мен ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең. Бұл ғасырларда параход, паравоз құралдары пайда болып, туризмнің дамуына үлес қосты. Ағылшындардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастырған Томас Кук өзінің алғашқы турды ұйымдастырғанын білмесе керек. Туризм саласының 3 – кезеңіне ІІ дүниежүзілік соғыстың кері әсері болды. 4 – кезеңі сол уақыттан бастап қазіргі кезеңді қамтиды.
Ал алғаш Қазақстандық туристік нысан болып табылатын, ол – Ұлы Жібек жолын, бұрын болашақта үлкен бастама боларын кім білген?
Қазақстан туризмнің дамуына түрткі болған Елбасының бастамасы. Сол бастама арқылы Қазақстанның ірі қалалары дамыған туристік аймақтарға кіреді. Әлі де Қазақстанның туристік бейнесін көтеру үшін бірқатар шаралар қажет. Сондықтан да «Қазақстан» сөзі әлемге танылу үшін бізге арнайы туристік имидж қалыптастыру қажет.
Ақмаржан қала – Ақтау нағыз туристік орталық бола алатын бірден – бір қала. Киіз үйге ұқсайтын таулар, табиғаттың өз қолымен жасалған басқа да ғажайыптар, жартастардан аққан су – келер туристерді қызықтырмай қоймайтыны белгілі. Себебі өңірімізге туристік мақсатта келушілер, қызығушылар саны артуда. Сондықтан да менің арнанымның бірден – бірі Каспий теңізінің жағасын түлету. Теңіз жағасына ересектер үшін демалыс орындары, балалар үшін лагерьлер ашуға орындарды тауып, мемлекеттің қолдауымен қаламызға туристерді тарту.
Орындаған: ФКС-18/3топ студенті, Оңғарбаева Гүлайым
Тексерген: доцент, п.ғ.к. Ахметов Нұрсапа Абдикеримович
Достарыңызбен бөлісу: |