ЛЕКЦИЯ №14. ГЕНДЕРДІҢ ГРАММАТИКАДАҒЫ КӨРІНІСІ
Морфология мен синтаксисте гендерлік жіктелім жиі байқала бермейді. Десек те, бірқатар ғалымдар бұл мәселеге қатысты өз дәлелдерін келтіреді. Ілгеріде атап өткеніміздей, феминистік лингвистика зерттеушілері андроөзектіліктің дамуын грамматикалық тек категориясымен байланыстырады.Тек категориясының көптеген тілдерге тән екендігі бәрімізге белгілі. Мысалы, көптеген көне тілдер, авестиналық, санскрит, грек, латын, т.б. үштектік жүйені, ал хеттік екітектік жүйені көрсетеді. Бұл үндіеуропалық тілдердің грамматикалық құрылысының сипаттық белгісі болып табылады.
Ағылшын тілінде аналитизмнің дамуы жалқы есімдердегі сөздердің өзгеруін бұзып, тектердің қарама-қайшылығының жойылуына алып әкелді, тек жасырын категорияға айналды.., ол теқ қана анафористік есімдіктер he,she,it (он, она, оно) арқылы көрінеді. Иран тілдерінде де тек категориясы айтарлықтай бұзылған... Тектің айыру қызметі неміс тілінде (der-die-das) роман тіліндегідей ( французша un-une, le-la) флексиядан артикльге көшеді... Кейбір тілдерде тек болмайды, мысалы, фин-угор, түркі, моңғол, банту, т.б.[Лингвистический энциклопедический словарь 1990,417 б]. Тиісінше, қазақ тілінде де грамматикалық тек категориясы жоқ, сондықтан да гендерлік ерекшелік мән-мәтіндік мағынадан ұғынылады.
Орысша-қазақша сөздікте келтірілген гендерлік аталымдарға зер салсақ [1978-1981], орыс гендері көбінесе әйел жынысына қатысты атауларда ерекше аударылады. Дәлірек айтқанда , қазақша аудармада жақша ішінде «әйел» сөзін тіркестіріп түсіндіру орын алған.Мысалы: весовщица – таразышы (әйел), курьерша-курьер (әйел), лгунья-өтірікші (әйел). Сонымен бірге гендердің бір тобы орыс тіліндегі нұсқасын сақтап берілген ( ассистент-ассистентка, оптимист-оптимистка, лаборант-лаборантка),бірқатары тіліміздегі сөз тудырушы өнімді қосымшалар (-шы, -ші, -лық, -лік, -дық, -дік, -лы,-лі,-ды,-ді,-шыл,-шіл, т.б.) арқылы аударған. Мысалы: азиатка- азиялық әйел, завертчица- ораушы әйел, мотовка- ысырапшыл әйел, работница- жұмысшы әйел, т.б.
Қазақ тіліндегі гендерлік аталымдардың көпшілігі тіркескен я қосарланған сөздер түрінде келеді. Атап айтсақ:
А)әйел гендерлектілері (аталымдары): әйел заты, жесір дауы, жүкті әйел, кіндік шеше, қалың мал, қайын сіңлі, салпы етек, ұзатылған қыз тәрізді тіркесті сөздер, апалы-сіңлілі, бәйбіше-тоқал, келңн-кепшік, кемпір-сампыр, қатын-қыз, қыз-қырқын сияқты қос сөздер;
Ә)еркек гендерлектілері (аталымдары):жез мұрт, жігіт ағасы,ер азамат, еркек кіндік, нағашы аға, немере іні, шал адам,аға-іні, әкелі-балалы, жігіт-желең, т.б.
Гендерлік аталымдардың ендігі бір тобы қарама-қарсы мағынадағы (антонимдес) сыңарлардан құралған қосарлама қос сөздер арқылы берілген: ата-ене, апа-жезде, әйел-еркек, әке-шеше, бай-бәйбіше, еркек-ұрғашы, қыз- бозбала, іні-қарындас, ұл- қыз. Бұлар бір жағынан, лексика-грамматикалық сипатына қарай әлеуметтік-жыныстық жіктелуді көрсетеді.
Орыс тіліндегі гендер негізінен ер тегі (мужской род) тұлғасына қосымшалар жалғану арқылы,яғни аффиксация тәсілімен өнімді жасалған. Сөйтіп әйел тегіне (женский род) сәйкес келіп отыратын әйел жынысына қатысты атаулардың туындауына ұйтқы болады. Ер мен әйел жынысына қатысты атауларды ерекшелеп, дербестеуге сөзжасам қосымшалар бейім. Бұл әсіресе орыс тіліне тән ерекшелік. Гендерлік сөз тудыруда жиі жұмсалатын аффикстер:
а) ер жынысын бейнелейтін атаулар жұрнақтары:
Достарыңызбен бөлісу: |