Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Графикалық редакторлардың түрлері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Графикалық редактордың түрлері. Графикалық деректердің негізгі көрінісі. Графикалық ақпараттың нүктелік, векторлық және фрактальды көрінісі туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын, ой - өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа (ашық) сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіре баяндау әдісі, сұрақ - жауап әдісі, көрнекілік әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, слайдтар, бағалау парақтары
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын қайталау
3. Жаңа сабақ түсіндіру
4. Практикалық жұмыс
5. Сабақты бекіту.
6. Оқушыларды бағалау
7. Үй тапсырмасын беру
Үй тапсырмасы: Слайдтарды безендіру. Жан бітірімді баптау. Көрмелерді көрсету. «Тәуелсіздігімізге 25 жыл» тақырыбында слайд
Сабақ жүрісі
Адам өмірінде суреттің орны ерекше. Бұрынғы уақытта жазуды білмейтіндер сурет арқылы өз өмірлері туралы жеткізетін болған және де кез-келген затқа сурет салатын болған. Олар үшін суреттің орны ерекше. Неге балалар кітаптарында суреттер көбірек бейнеленген? Себебі сурет арқылы ең қиын деген мәліметтің өзін оңай игеруге, яғни қабылдауға болады.
Ал, информатика пәніндегі сурет – бұл компьютерлік графика. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыз: «Компьютерлік графика. Графикалық редактордың түрлері».
Графика дегеніміз – бұл сызба құралдарының көмегімен жасалған сурет. Ал, графикалық редактор дегеніміз – графикалық бейнелерді құруға немесе өзгертуге арналған программа.
Компьютерлік графика – компьютер көмегімен құрылған кескіндерді айтамыз. Компьютерлік графика әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:ғылыми графика, іскерлік графика , конструкторлық графика , суреттеу графикасы (көркем графика), жарнамалық графика.
Кескіндердің құрылу әдістеріне байланысты компьютерлік графика екі өлшемді және үш өлшемді графикаға бөлінеді.
Компьютерлік графиканың бірінші түрі –
Достарыңызбен бөлісу: |