-щик/чик: буфетчик, весовщик, поливальщик;
-ец: горец, китаец, нанаец;
-ник: защитник, охотник, соратник;
-ист:автомобилист, очеркист, пессимист;
-анин:горожанин,молдаванин,южанин;
-ор/ер: комбайнор, лифтер;
-тель: исполнитель, читатель, целитель;
-ант:квартирант, музыкант, практикант;
-ун:игрун, прыгун,свистун,т.б.
ә) әйел жынысын бейнелейтін атаулар жұрнақтары:
-к/а: богачка,литовка, скрипачка;
-щиц(а)\чиц(а):брощюровшица, отметчица, перепесчица;
-иц(а):мастерица,любимица;
-ница: мошенница, сказительница;
-ш/а: атаманша,бригадирша, кондукторша;
-я(а):резвунья,хвастунья;
-их\а:повариха,купчиха, пловчиха, т.б.
Орыс тілі гендері тұлғалық формаларынын әртүрлілігіне қарамастан, қазақ тіліндегі аудармада басым түрде –шы, -ші нұсқасымен, түсініктемемен берілген. Қазақ тілінде гендерлік мағына тудырушы қосымшалар орыс тілімен салыстырғанда аз. Ішінара кейбір жұрнақтар жынысқа тән келіп, сөзге гендерлік сипат береді.Мысалы: -ша (хан-ханша, азамат-азаматша) мен –а (мұғалім-мұғалима) қосымшаларын ғана айтуға болады. Бірақ бұл тәсіл қазақ тілінде өнімсіз. Алайда бір түбірден өрбіген туынды сөздер, яғни гендерлік түбірлес сөздер тілімізде жеткілікті. Мәселен, аға, ағажан, ағай, ағалық, ағасын; еркек, еркексі, еркексіре, еркектей, еркектік, еркекше; ана, анажан, аналы, аналық, анаш; шеше, шешей, шешелес , шешелі, шешелік,т.б.
Көптеген тілдерде есімдіктер жүйесі III жақта жыныстық бөлінуді көрсетеді (он/она he\she). Жапон тілінде жыныс белгілері есімдіктердің үш жағын да қамтиды.I жақ watakushi формасын ерлер де, әйелдер де қолдана алады, бірақ ер адамдар оның орнына boku, ал әйелдер atashi( watakushi формасының қысқартылған түрі) деп атауға бейім тұрады. I жақ есімдіктің екі түрі болғандықтан, anata түрі әйелге де, еркекке де қаратыла айтылады, kimi түрін тек ерлер ғана пайдаланады және де ерлерге қарата немесе өздерімен әлеуметтік жағдайы тең әлде төмен әйелдерге қарата қолданады [ Коатс 2005].
Коасати (Луизиана) үндістері тілінде ерлер мен әйелдердің өзіндік арнаулы тұрақты қолданылатын етістік формалары болады [Вахтин, Головко 2004, 49 б.]. Осыған ұқсас жағдай қазақ тіліндегі етістік саласында да кездеседі. Мысалы: жігітке байланысты алып қашты десе, қызға байланысты қашып кетті дейді. Сол сияқты әйелге байланысты қолданылатын етістіктер:кетіп қалу, сәлем етті, құрсақ көтерді, табалдырық аттады, аяғы ауырлады, бала көтерді, бала тастады, дауыс салды, жерік болды, т.б. атауға болады. Ал ерге байланысты қолданылатын етістіктер: әйел тастады, шымылдық ашты, мұрның бұзды, қу тізесін құшақтады, малдас құрды, аяқ салды, аяғын шырмады, талақ етті, сәлде орады, т.б.
Еркектер көбінесе дерексіз (абстрактілі) зат есім қолданса, әйелдер нақты зат есіммен (жалқы есімдермен) сөйлеуге әуес. Ерлер зат есім мен сын есімді қолдануға бейім болса, әйелдер етістікті көп қолданады. Сөздік қор ерлерге қарағанда , әйелдерде көп. Бұл әсіресе сын есім мен үстеуде аңық көрінеді. 1000 сөз қолданысында ерлерде 243 сын есім және 81 үстеу болса, әйелдерде 234 және 164. Солай болғанымен де, еркектер заттар мен құбылыстарға сапалық жағынан қараса, ал әйелдер олардың түрі мен түсіне және әртүрлілігіне қарайды [Вейлерт 1976, 138-143 бб.].
Синтаксистік байланысты қолдану жағынан ер адам көбіне сабақтас сөйлемге ден қояды, сондай-ақ мезгіл, мекен мақсат бағыныңқылыны қолданады, ал әйелдерде қарсылықты бағыныңқылыны қолдану басым. Айталық, ер адам құрған сөйлем әдетте әйел құрған сөйлемнен қысқа болып келеді [Хасанұлы 2005, 17-18 бб.].
Қысқасы, еркек пен әйелге байланысты қолданылатын тілдік бірліктерді ажыратып, олардың сөз қолданысына тән гендерлік грамматикалық ерекшеліктерді айқыңдаудың да реті бар.
Достарыңызбен бөлісу: |