-лебіз, күлкісі: Жаздың лебіндей лебізі, сыбызғыдай жіңішке даусы, күмістей сыңғырлаған үн, күлкісі күміс қоңыраудай.
-қимылы: Жібектей жеңіл, ақ мамықтай, ақша бұлттай нәзік оттай айнақшып, сұқсырдай сыланған, қаздай майпаңдаған,
-мінезі: Уыздай таза, балға ашытқан қымыздай тәтті, жаздағы таңдай сызылған мінез, бұлтсыз күндей ашық жайдары, т.б. түрінде бейнелеген.
Тілімізде әйелге арналған тұрақты теңеулердің басым көпшілігі ақ түспен, ақ түсті заттармен ассоциацияланады. Мәселен, ақ маралдай керілген, атқан таңдай аппақ ақ етің,аппақ нұрдай аққу қыз, жұмыртқадай ақ келін,ақ мамықтай қыз тәріздес теңеулер әйелдердің дидар сұлулығы мен жан- дүние әсемділігн сипаттауда ерекше орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |