Лекция. Гендер ұҒымы жайлы түсінік. Тілдің гендерлік жіктелімі: МӘдени-әлеуметтік, тілдік-әлеуметтік мәНІ


ЛЕКЦИЯ №15 ГЕНДЕРЛІК ЖІКТЕЛІМНІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ



жүктеу 194,62 Kb.
бет49/49
Дата01.04.2022
өлшемі194,62 Kb.
#37984
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
genderlik lingvistika darister

ЛЕКЦИЯ №15 ГЕНДЕРЛІК ЖІКТЕЛІМНІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ



Ерлер мен әйелдердің қарым-қатынас жасау тәсілдері де әр түрлі. Әйелдердің көпшілігі үшін тілдесім-өзара қарым-қатынас орнатудың,түсіністікке жетудің амалы. Қарым-қатынаста әйелдерге эмоционалды стиль тән.Олар өздерінің сезімі мен эмоциясын ашық, еркін білдіре алады және қасындағылардың жай-күйімен де бөлісіп отырады.

Ер адамдарға рационалистік стиль тән.Аралас ортада (ерлер мен әйелдер)олар эмоцияға берілмей, өздерін қалыпты ұстайды, ең бастысы, қарым-қатынаста тәуелсіз болуды, мәртебе иеленуді,иерархиялық биік дәрежеге жетуді көздейді.Ерлер қолданысында көңіл-күйге байланысты айтылатын одағайлар көп және олар мағынасы жағынан ерекшеленеді.Олар айтылатын ойдың жалпы сарынына байланысты құбылмалы келеді. Сондықтан, одағайлардың қай мағынада айтылып отырғанын интонациясына қарай ажыратуға болады.Мәселен, әйелдерге қарағанда, ер адамдар палуандар күресін, ат жарысын, ақындар айтысын көп тамашалайды.Бұл өнердің түрлері ерлерді серпілтіп, ерекше бір күйге түсіреді. Осындай сәттерде ерлер өз эмоцияларын, ризашылықтарын, таңырқау, қуану сезім-күйлерін одағай сөздер арқылы көтеріңкі дауыспен екпіндетіп жеткізеді. Әйелдер мұндай одағайларды көп қолдана бермейді.

Көңіл-күйге байланысты айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай,таңдану,реніш бйелдер мұндай одағайларды көп қолдана бермейді.

Көңіл-күйге байланысты айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай,таңдану,реніш білдіру,күдіктену, т.б. алуан түрлі сезім құбылыстарын білдіретін-Уа !-Уай!-Айт де!(палуанға)-Әп бәрекелді!-Жаса,жаса!-Жарайсың ерім!- Жігіт деп осыны айт!- Е,уай пәлі !(ақынға),-Уай,сабаз!-Уай деген! (әншіге) ,-Уа батырым, соқ, соқ!(палуанға), паһ-паһ!-пай-пай!-пәлі!,т.б. бағалауыштық одағайлары ерлер тіліне тән.Ерлер қолданысындағы одағайлар көбінесе жиын-тойларда ақындарға,әншілерге, палуандарға қарата жұмсалады.

Ал әйелдер тілін ерекшелейтін одағай түрлеріне Ойбай-ай!Сұмдық-ай! Құдай-ай! Ойбу!,т.б. жатқызуға болады.Сол сияқты немене,қайтейін, тегі, қарашы, қойшы, бар ғой, білдің бе? Не бетімді айтайын? Сипатты қыстырма сөздер мен құрылымдар да әйелдердің сөйлеу тілінен жиі байқалады.Сұраулы сөйлемдер белгілі бір хабар алу мақсатында ғана емес, сөйлеушінің экспрессивті көзқарасын білдіру мақсатында да жұмсалып, айрықша стильдік мән-мағынаны танытады. Тыңдаушының назарын толығымен өзіне аударып, оған ой салу мақсатымен әйелдер көбінесе риторикалық сұрақ түрлерін қолданады.

Ер адамдар қатынастағы адамының жасын, жынысын, әлеуметтік орнын, т.б. жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық сөйлеу әдебіне сәйкес, қаратпа гендерлектілерді таңдап қолданады. Қаратпа сөздер көбінесе сыйлау, құрметтеу, т.б. мәнін үстейді. Ерлер арасында жас ерекшеліктеріне қарай (үлкен-кіші немесе қатарлас)ақсақал, қария, бауырым, жігітім, інішек, бала, ағайын, батыр (батырым) тәрізді қаратпалар көп пайдаланылады[Мамаева 2003].

Әйел адамдарға қатысты қолданылатын қаратпа гендерлектілер де (әже,апа, тәте, шеше, апай, сіңлім, қызым, қарындас, т.б.) олардың жас мөлшеріне, жынысына , туыстық қатысына қарай таңдалады. Айталық, әже деп қарт ананың өз немерелері ғана емес, сонымен қатар ауылдың үлкені мен кішісі, бейтаныс адамдар да қолдануы мүмкін.

Гендерлік қарым-қатынаста қаратпа сөздердің алатын орны ерекше.Олар туыстық қатынасқа,таныс –бейтанысқа, түрлі әлеуметтік жік пен ресми-биресмилік жағдайға байланысты құбылып отырады. Тіліміздегі ер мен әйелге қатысты гендерлект қаратпалардың басым көпшілігі туыстық атаулардан жасалған.Олар бірде атауыштық, бірде реттеуіштік қызметте жұмсалады да, гендерлік қарым-қатынасты білдірудің амал-тәсіліне айналады.

Туыстық атаулардан жасалған қаратпалар (әке/шеше, аға/апа,ата/әже,жеңге/жезде, балдыз, жиен, бажа, нағашы, құда/құдағи,құдаша/құда бала, т.б.) туыстық байланысты (әке-шеше жағынан,некелік,құдандалық),туыстықтың алыс-жақындығын, жынысын, жас шамасын байқатып тұрады. Туыстық қарым-қатынаста қолданылатын қаратпалардың бірсыпырасы тиісті қосымшалар жалғанғанда (-еке, -жан, -тай, -шым, -шім) жақын тұту, еркелету, кішірейту, т.б. мәнін үстеп, түрлі стильдік реңк алады. Мысалы, ер адамға қарата айтылатын ағажан, ағашым,ағатай, ағеке, әкежан,әкешім, әкетай, атажан, атеке, қайныжан, жездеке,жездежан, бажеке, құдеке, т.б. қаратпалар мен әйелге қарата айтылатын анаш,анашым,анажан, анатай, апажан, апеке, шешежан, шешеке, келінжан тәрізді қаратпалар. Сол сияқты тәуелдік жалғауының (-м, -ым, -ім,-сы, -сі) қосымшалары арқылы жасалған қаратпаларды да атауға болады: інім, бауырым, қайным, әкесі, шалым, отағасы, атасы, ағасы, ұлым; сіңлім, қызым, апасы, шешесі,әжесі, кемпірім немесе қосымшаларды қабаттастыру арқылы ағажаным, апатайым, т.б. жасалады.

Туыстық атауларды қаратпа түрінде қолданудың өзіндік дәстүрлі әдебі бар. Айталық, жеңге, жеңгей, жеңеше, жеңгетай тәрізді синонимдес қаратпалардың мағыналық реңкі бірдей емес. Мәселен, жеңге - туыс, таныс адамдардың арасында, ал жеңгей

-таныс-бейтаныс жағдайда да айтыла береді.Сол секілді жеңеше

-таныстағы өте жақын адамдардың арасында айтылса,жеңгетай

-жалыну, өтініш білдіру, еркелеу мәнінде жиі қолданылады.

Туыстық атаулардан жасалған қаратпалардың кейбіріне й қосымшасы жалғанып (әкей, шешей, ағай, апай, тәтей, жеңгей) екі түрлі қызмет атқарады: 1) туыстық жағынан жақын болғанда; 2) бөгде немесе бейтаныс адамға қарата айтылып, құрметтеу нышанын білдіреді.

Таныс-бейтаныс қарым-қатынаста қолданылатын қаратпалар да гендерлік сипат алған.Қарым-қатынастың бұл түріне тән гендерлік қаратпалардың басым көпшілігі туыстық атауларға –й қосымшасы мен тәуелдік жалғауының (-м, -ым, -ім,) қосымшалары жалғану арқылы жасалатындықтан жас-жыныс айырмашылығы айқын көрініс береді. Мысалы, ер адамға қарата айтылатын ағай, әкей,атай,інім, ұлым және әйел адамға қарата айтылатын апай, шешей,тәтей, жеңгей, әжей, сіңлім, қызым қаратпаларын атауға болады. Бірқатары кісі есіміне аға/ағай, апа/апай, көке, тәте/ тәтей, т.б. тіркесіп келіп не болмаса кәсібін ерекшелеп дәрігер ағай, мұғалима апай түрінде де айтылады. Таныс-бейтаныс қарым-қатынаста жұмсалатын қаратпалар түрлі әлеуметтік ортада әр түрлі стильдік қызмет атқарады (мысалы, жөн сұрасу, танысу, ризашылық білдіру, сыпайылық таныту, сыйлау, құрметтеу, еркелету, ерекше бір қасиетін бағалау, т.б.). Солардың ішінде ерге қатысты қолданылатындары:інішек, жігіт/жігітім, ақсақал, қария, бауыр/бауырым, батыр/батырым, т.б., әйелге қатысты қолданылатындары: қарындас, бойжеткен, бике, бикеш,айнам, сәулем, т.б. қаратпалар.

Ал ресми қарым-қатынаста, салтанатты жағдайда қолданылатын гендерлік қаратпалар ер адамға азамат,мырза (лар), әйел адамға азаматша, ханым(дар) түрінде ерекшеленеді.Әр түрлі әлеуметтік топ өкілдері бас қосқан жиындарда бұларға құрметті, қадірлі тәрізді эпитеттер қосылып айтылып, ресмилікті, сыпайылықты білдіретін реңкті күшейте түседі.

Тіліміздегі гендерлік қаратпалардың бірқатары бұрыңғы қазақ қоғамында әлеуметтік жікті саралап көрсетудің, яғни ел билеушілердің атақ-дәрежесін, мансабы мен қызметін білдіріп тұратын (хан, бай,бек,би,мырза,сұлтан, т.б.)мәртебелік мәнде жұмсалғаны белгілі. Бұл мәртебелік аталымдар мұрагерлік сипат алып, хан, сұлтан балалары мен ұрпақтары хан, сұлтан, мырза болып, сол лауазымдарды иемденіп отырған. Ал әйел адамдар болса, ханым, ханша,ханшайым,бекбике, бикеш аталған. Әрине, бұл лауазымдар қоғам дамуына сай өзгеріп, түрленіп отырды. Соған байланысты олардың қызметтері де елеулі өзгешеліктерге ұшырады. Уақыт өте келе туыстық – әлеуметтік қатынасты көрсететін мұндай атаулардың кейбірі бұрыңғы мазмұнынан ажырап, жалпылама ұғымда қолданыла басталды. Олардың бірі біріккен тұлғалы кісі аттарын жасауға қатысатын арқау-компоненттер болып қалыптасты, енді бірі қарым-қатынастың ресми типінде жиі қолданылатын жалпы «құрметтеу» мағынасын білдіретін гендерлік қаратпа атауға (мырза, ханым) көшті.

Осы тәріздес гендерлік тілдік ерекшеліктерді басқа да халықтар тілінен кездестіруге болады. Айталық, әзірбайжан тіліндегі мирза, гаджи, қазы,сейид, паша,хан,бек, везир, солтан,т.б. мәртебелік аталымдар бұрын оқыған, сауаты бар, лауазымы жоғары ер адамдарға ғана қатысты қолданылатын гендерлік қаратпалар болған. Қазірде бұлардың көпшілігі қолданыстан шығып,ерлер есімінде ғана сақталып қалған: Гаджи, Паша, Солтан, Эльхан, Алибек, т.б. Сол сияқты бір кездері муэллим «мұғалім» сөзі өзінің негізгі мағынасынан тыс тұрып сыйлауды, құрметтеуді білдіретін қаратпа сөз ретінде жасы үлкен немесе қызметі жоғары ер адамға қаратыла айтылатын.Мысалы: Насир муэллим, Кямиль муэллим, Ахмед муэллим, т.с.с.

Бүгінде әзірбайжан тіліндегі гендерлік қаратпалар ер адам есіміне киши «еркек» сөзін, әйел есіміне арвад «әйел» сөзін тіркестіріп айту арқылы ерекшеленеді, мысалы, Гасан киши, Захар киши, Зулиха арвад. Әйел адамды «құрметтеу, сыйлау» мағынасында ханым «құрметтім» қаратпасы қолданылады: Лалэ ханым, Нигяр ханым, Нэргиз ханым, қызға қарата ханым гыз деп айтылады.

Таныс-бейтаныс ортада жасы кішінің үлкенге құрмет көрсетуі, ілтипат етуі мағынасында қолданылатын қаратпа түрлері туыстық атаулардан жасалған хала «нағашы апа», халақызы «нағашы апасының қызы», биби «апа» (әкесінің апасы), бибиқызы (апасының қызы), баджиқызы «жиен сіңлі», баджиоглы «жиен», нэнэ «әже», эми «аға» (әкесінің ағасы), дайы «нағашы аға», змиоглы «немере іні», баба «ата», т.б. Туыстық қарым-қатынаста гендерлік қаратпаларға туысының есімі қосылып айтылады: Хелимэ биби, Сабыр эми, Рашид дайны, т.с.с. [Системы личных имен у народов мира 1986].

Армяндар да отбасылық- туыстық қатынаста қолданылатын қаратпалар әке/шеше жағынан туыстық байланысты ажыратып көрсетеді.Мысалы, әкесі жағынан һорехбайр (әкесінің ағасы), шешесі жағынан-керры (шешесінің ағасы), олардың әйелдерін һорехбайр кник және керру кник деп атайды, ал келінін- һарс немесе әкесінің атымен мәселен, Далаки ахчик (Далаканның қызы) қайнағасын- ехбайр, ахпер(аға), өкіл әкесін- кавор, оның әйелін кавор кник дейді.Бір рудан тараған барлық жасы үлкен ер адамға да осы кавор қаратпасын, сол рудың жасы үлкен әйелдеріне қарата кавори кник қаратпасын қолданады. Шешесінің руына жататындардың ішінде ерлерін –керры, әйелдерін-керру кник деп айырып атайды. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі күнге дейін сақталған.

Күнделікті қарым-қатынаста армяндар кісі есіміне не фамиилясына ынкер (ер адамға), ынкеруй (әйел адамға) «жолдас» сөздерін қосып атайды.Мұндай гендерлік ерекшелік ауыл тұрғындарының сөйлеу тіліне тән.Үлкен кісілерді сыйлау, құрметтеу әдебімен тихайр «мырза», тикин «ханым» қаратпаларымен қоса көп ретте һайрик «әке», майрик «шеше» қолданылады. Ал құрбы-құрдастар арасында ахпер «аға», куйрик «апа» гендерлік қаратпалары кең қолданыс тапқан.

Әлем халықтарының көпшілігіне тән гендерлік тілдік ұқсастық белгілері ол жас-жыныс айырмасын жіктеп көрсететін туыстық атаулардан жасалған қаратпалар.Мәселен, қалмақтар жақын таныстарын өз есімімен атаса,бейтаныс адамдарға қарата туыстық атаулардан жасалған мына қаратпалардын бірін таңдап қолданады: эгч «апа», ду кукун «сіңлі», ах «аға», де кевун «іні», эж «шеше» аав «әке». Ресми қатынаста қызметі (кәсібі) қоса айтылады. Қытай, корей халықтарының дәстүрінде үлкен кісілердің атын атамау, туыстық атауларды пайдалану қалыптасқан жағдай. Бір ерекшелігі, қытай тілінде қаратпаларға туыстарының жас ерекшелігіне сәйкес сандық, т.б. белгілер қослып айтылады: «үшінші аға», «алтыншы апа», «үлкен келін» т.с.с.

Гендерлік ресми қаратпалар ретінде қытайлар ер адамға – тектік есім+сяньшэн «мырза», «мұғалім», әйел адамға – тектік есім+тайтай «ханым», қызға тектік есім +сяоцзе «бикеш» үлгілерін қолданып келген. Кейін бұл қаратпалардың орнына жалпыға ортақ тектік есім + тунчжи «жолдас» сөзін немесе қызметін, лауазымын қосып айту (директор Ван, дәрігер Лю, бөлім меңгерушісі Ли, мұғалім Чжан) дағдыға айналды. Мұндай жағдай корей тілінен де орын алған. Корейлер бұрын ерге қатысты тектік есім + сонсэнним «мұғалім», «мырза», ал әйеоге қатысты тектік есім + ним «ханым», тектік есім сси (құрмет тұту мағынасындағы грамматикалық көрсеткіш) үлгісін қолданған болса, қазір жыныс өкілдеріне ортақ тектік есім + кәсіп (қызмет) үлгісі басым жұмсалады.

Ресми ортада грек тілінде ерлерге қарата кирие (кириос) «мырза», әйелдерге кирия «ханым», деспинис (кафаревуса үлгісінде), деспиниза (демотика үлгісінде) «бикеш» сөздері қолданылады [Системы личных имен у народов мира 1986].

Бірқатар тілдерде гендерлік қаратпалар кісі есіміне арнайы фонетикалық, грамматикалық, т.б. көрсеткіштер қосу арқылы жасалады. [Системы личных имен у народов мира 1986]. Жапондар бір-бірімен фамилиясын атау арқылы қарым-қатынас жасайды. Туыстық қарым-қатыныстан басқа жағдайда адамды есімімен атау (Танака) дөрекілік болып саналады. Жапон тіліндегі қаратпалар фамилияға немесе есімге (еркек пен әйелге бірдей) сан жұрнағын қосу арқылы жасалады. Ерекшелігі, кун жұрнағын қосып айту жапон ерлерінің сөйлеу тіліне тән гендерлік белгі. Бұл гендерлік қаратпаларды ер адам өзінен жасы кіші немесе әлеуметтік жағынан төменгі сатыдағы ер жынысына қарата қолданады. Тағы бір атап өтерлігі, жігіт тің (ер адамның) қызға қаратпасы осы кун жұрнағын қосып айтумен ерекшеленеді және бұл жапон тілінде кең таралған гендерлік қаратпа түрі.

Бирман халқының дәстүріне сәйкес, әкесінен басқа ер адамдардың, соның ішінде орта жастағы әрі жұмыс істейтіндеріне у көмекші сөзін, ал уақытша болса да жұмыс істемейтін болса маунг көмекші сөзін қосып айту қалыптасқан. Сол сияқты маунг сөзін 25 жасқа дейінгі жасөспірімге (мектеп оқушысы, студент) қарата қолданады. 25-30 жас аралығындағы жігітке ко «аға» сөзін, қалағандарына ілгеріде көрсетілген у көмекші сөзін қолданады. Ал 30 жастан асқан жұмыстағы әйелге қарата до (доо) «ханым», «құрметті ханым» деп жұмыста жоқ , жас әйелге немесе оқушы, студент қыздарға қарата ма көмекші буынын қосып айтады.

Кхмерлерде (Кампучии) гендерлік қаратпалар II жақ жекеше түрдегі наэк (адам) есімдігінен жасалған: ерге – наэк, әйелге – наэк срэй. Туыстық мәндегі қаратпалар тек үлкен – кіші қатынасын айқындайды, өйткені олар маағынасы жағынан жыныс өкілдеріне ортақ атауды білдіреді. Мысалы: банг «аға», «апа» о оун, поун «іні», «сіңлі».

Ал ата –аналар жасөспірім жасқа келгенге дейін балаларын жынысына қарай бөліп атайды. Атап айтқанда, ұл бала есіміне а демеулігін, қыз бала есіміне ми демеулігін қосып ерекшелейді. Мысалы: Асыэнг, Мисоуран. Осы тәріздес гендерлік тілдік белгілерді Тям халқының (Кампучии) дәстүрінен де кездестіреміз. Олар ер адам есіміне тя демеулігін (Тямам, Тяса), әйел есіміне ми (Мимах) демеулігін қосып айтады. Жасы үлкендерге қарата туыстық терминдерді пайдаланады. Мәселен, йех «әке», кай «ата», онг «мырза» деп ер адамға, жасы үлкен әйелге мек «шеше», мук «әже» дейді. Ерлі-зайыптылар арасында ер әйеліне қарата тай «қарындас» қаратпасы қолданады немесе баласның атымен, мысалы, Мектяхим (Химнің анасы) деп атайды.

Ал ресми сипатта жиі қолданылатын гендерлік қаратпа түрлері ағылшын, неміс, француз тілдерінде кең қолданыс тапқан. Ағылшын тіліндегі гендерлік қаратпалар бейтаныс жағдайда сыйлау, құрметтеу, әдебімен ер кісіге mister «мырза», әйелге misteress «ханым», қызға miss «бике» (жазбаша түрде Mr, Mrs, Miss) түрінде қолданылады. Аталған қаратпалардың қай-қайсысына да кісі фамилиясы тіркесіп жұмсалады. Жалпы таныс адамдар, әріптестер өзара қарым-қатынаста бір-бірін жеке есімімен немесе фамилиясымен атай алады. Туыстар арасында туыстық мәндегі қаратпалар жұмсалады. Бейтаныс жағдайда мына гендерлік қаратпалардың бірін таңдайды: sir «сэр» - еркеке, madam «мэдэм» әйелге (екпіні бірінші буынға түсірілген), ал madame «мэдэм» қаратпасы (екінші буындағы а созылып айтылады) шаштаразда, т.б. түрлі қоғамдық орындарда айтылады.

Неміс тілінде фамилия алдында еркеке – Herr, әйелге (тұрмысқа шыққан немесе тұрмысқа шықпаған жасы үлкен әйелге) – Frau, қызға (15 жастан жоғары) – Fraulein гендерлік қаратпалары қолданылады. Бұлармен қатар қызметтестер арасында жиі айтылатын қаратпалар: koolege (ерге қатысты) және koolegin (әйелге қатысты). Француз тілінде қалыптасқан ресми мәнді қаратпалар кісі есіміне не фамилиясына тіркесе айтылатын monsieur, madame, mademoiselle, camarade түрлерімен ерекшеленеді[Системы личных имен у народов мира 1986].

Жыныс өкілдерінің сөз саптау стилін, сөйлеу әдебін ерекшелейтін гендерлектілер стилистикалық қырынан зерттелуі маңызды.



Сұрақтар мен тапсырмалар


  1. Тілдің гендерлік жіктелімі дегеніміз не?

  2. Фонетика деңгейіндегі гендерлік ерекшеліктер қалай ажыратылады?

  3. «Еркек-әйел дауысы» деген ұғымды қалай түсінесіз?

  4. Дауыс, дауыс тембрі терминдерінің мәнін түсіндіріңіз?

  5. Интонацияның гендерлік ерекшелігі неде?

  6. Тілдің сегменттік және супрасегменттік деңгейлеріндегі гендерлік белгілерді көрсетініз?

  7. Дыбыстардың дифференциялдық қасиеттері қалай анықталады?

  8. Гендерлік жіктелімнің лексикалық ерекшелігін түсіндіріп беріңіз.

  9. Туыстық атаулардың гендерлік лексикалық сипаты қандай?

  10. Тұрмыстық лексикаға тән гендерлік тілдік белгілерді анықтаңыз.

  11. Табу мен эвфемизмдердегі гендерлік жіктелімді айқындайды.

  12. Гендерлік антропонимдерді сипаттап беріңіз.

  13. Гендердің грамматикадағы көрінісіне талдау жасаңыз.

  14. Гендерлік қаратпаларды жіктеп көрсетіңіз.

  15. Гендерлік аталымдардың сөздіктерде берілу деңгейін анықтаңыз.

  16. Гендерлік жіктелімнің стилистикалық өзгешеліктерін белгілеңіз.

  17. Көркем туындылар тіліндегі гендерлік образдарға талдау жасаңыз.

жүктеу 194,62 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау