Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет51/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93
Пиролиз – термиялық крекингтің ең қатаң түрі. Процестің мақсаты – газ күйіндегі қанықпаған көмірсутектерді, негізінен, этилен мен пропилен алу; ал жанама өнім ретінде ароматты көмірсутектер (бензол, толуол, нафталин) түзіледі.
Термиялық процестер жоғары температурада өтеді. Олардың қатарына:
1) термиялық крекинг жəне висбкрекинг;
2) кокстеу;
3) пиролиз;
4) битумды өндіріс;
5) техникалық көміртектің өндірісі жатады.
Жоғары қысымдағы термокрекинг (2-4 МПа), екіншілік немесе ауыр дистилляттарды фракциялардың жəне олардың қоспаларының қалдық өнімдерінен, жеңіл көліктердің жанармайларын өндіруге арналған.
Висбкрекинг – төмен қысымдағы жəне 500°С температурадағы жеңіл термокрекингтің процесі болып табылады. Бұл процесс ауыр мұнай қалдықтарынан қазандық отындардың құрауыштарын (мысалы, гудронның) немесе арнайы көміртекті материалдардың өндірісі үшін қажет шикізат-дистиллятты өнім алуға арналған. Висбкрекинг процесі ең жақсы дамитын процестер қатарына жатады.
Кокстеу – мұнай коксының құрауыштарын өндіру үшін шикізат болып табылатын, дистилляттарды өндіру мақсатында төмен қысым- да (0,2-0,3 МПа) мұнай қалдықтарын жəне олардың ауыр газойльдер- мен қоспаларын термоөңдеу процесі болып табылады.
Пиролиз – 700-900°С төмен қысымда олефині бар газды алу мақсатымен көмірсутекті шикізатты термоөңдеудің қатаң түрі болып табылады.
Битумдардың өндірісі – жол, құрылыс жəне басқа да битумдардың маркаларын алуға арналған.
Техникалық көміртекті өндірісі 2000°С дейін сұйық немесе газтектес көмірсутекті шикізатты (пиролиз шайыры, крекинг қалдықтары жəне т.б.) термоөңдеу болып табылады.
Бензинді екіншілік өңдеу. Шикізаты, өнімі және технологиялық схемасы. Бензинді екіншілік өңдеу қондырғысының шикізаты тұрақтандырудан өткен кең бензин фракциясы болып табылады. Қондырғы өнімі келесі бензин фракциялары болып табылады:
1) бастапқы қаайнау температура 62°С - оның іске қосу қасиеттерін қамтамасыз ететін автомобиль бензинінің қажетті компоненті ретінде пайдаланылады; ол пентандар мен изогексаннан, сондай-ақ бутан мен гексаннан тұрады;
2) 62-85°С- платформинг қондырғыларында бензол алуға арналған шикізат:
3) 85-105°С -платформинг қондырғыларында толуол алуға арналған шикізат;
4) 105-140 °С -платформинг қондырғыларында ксилолдарды алуға арналған шикізат;
5) 140-180 °С -авиациялық 'керосиннің компоненті ретінде немесе октан санын арттыру үшін каталитикалық риформинг қондырғыларының шикізаты ретінде пайдаланылады.
Кейбір қондырғыларда алынатын фракциялардың жиынтығы басқаша: 62-85°С, 85-120°С, 120-140 °С фракцияларын алады.
Бензиннің қайта айдау қондырғысының жүйесі 15.1 суретте берілген. Бастапқы қайнау температурасы (б.қ.) 180°С бензин фракциясы (2) жылу алмастырғыш арқылы (3) колоннаға түседі, оның жоғары жағынан б.қ.-85°С фракциясы бөлінеді, (15) колоннаның жоғары жағынан б.қ. 85-105°С фракциясын, ал төменгі жағынан 140-180°С фракциясын алады. Осы колоннадан бүйірлі айдалушы есебінде 105-140°С алады. Бүйірлі айдалушы (19) буландыру колоннасына түседі, онда одан (15) қайта оралушы жеңіл фракциялар айдалады.

1, 6, 8, 13, 14, 18, 20, 22 – сораптар; 2 – жылу алмастырғыштар; 3, 10, 15, 19 – колонналар; 4, 11, 16 – конденсатор-тоңазытқыштар; 5, 12, 17 – сыйымдылықтар; 7 – бу қыздырғыш; 9, 23 – құбырлы орталық; 21 – қайнатқыш. І – б.қ.-180°С фракциясы; ІІ – 105-140°С фракциясы; ІІІ – 85-105°С фракциясы; ІV – б.қ.-62°С фракциясы; V – б.қ.-140-180°С фракциясы; VІ – б.қ.-62-850°С фракциясы.

15.1 сурет -Бензинді қайта айдау қондырғысының технологиялық сызбанұсқасы




Бұл фракция одан кейін (10) колоннаға түседі, одан ол б.қ.-62°С жəне 62-85°С екі фракцияға бөлінеді. 85- 180°С фракциясы (3) колоннаның астынан (15) колоннаға беріледі. (3, 10, 15) колонналарда ректификация процесін жүргізу үшін қажетті жылу, (9) жəне (23) пештерін қыздырушы жыланша құбырларынан, колонналардың төменгі жағынан шығатын өнімдердің қайта айналу жылуы арқылы беріледі. 105-140°С фракциясынан жеңіл компоненттерді айдауға қажетті жылуды (21) қайнатқыш арқылы береді. (21) жылу беруші ретінде (23) пештен қайта келуші колоннаның рециркулятының бір бөлігі пайдаланады. (3,10,15) ректификация колонналарының жоғары жағының өнімдері (4,11) жəне қапталма құбырлы су конденсаторларында конденсацияланады. Конденсатор (5,12,17) рефлюкс сыйымдылық-тарында жиналады, олардың біраз бөлігі колоннаға қайтадан өткір ағын есебінде беріледі. Балансты оның мөлшері əрі қарай өңдеуге жіберіледі немесе қондырғыдан шығарылады.
Технологиялық режим. Технологиялық режим алынушы фракциялардың аралығына байланысты. Төменде 15.1 кестеде (15) колоннаның жоғары жағынан 85-120°С қайнайтын фракция алудағы режим көрсеткіші келтірілген:
15.1 кесте - Колоннаның жоғары жағынан 85-120°С қайнайтын фракция алудағы режим көрсеткіші


жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау