«Бисер» үйірмесінің күнтізбелік тақырыптық жұмыс жоспары.
Кіріспе.
Халық қолөнері өзінің қайталанбас көркемділігі мен дәстүрлі әдісі мен дараланып тұрады.
Қолөнердің алатын орны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнеріде дамып отырған.
Қазақтың өрнекті әшекейі мен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Соның бірі бисермен әшекейлеу.
Бисер өнері ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармашылығының бір түрі.
«Бисер» үйірмесінің мақсаты мен міндеттері.
-Оқушыларға халқымыздың қолөнері туралы мәлімет беру;
-Алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, өнерді эстетикалық талғаммен қабылдауға үйрету;
-Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке тәрбиелеу;
-Қыз балалардың ептілікке, шыдамдалыққа баулу, өз бетінше ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту;
-Әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеп, еңбек сүйгіштікке баулып, іске деген қызығушылық сезімін ояту.
Ұйымдастыру жұмысы
Іс-шаралар мазмұны:
Бисер үйірмесінің жұмысын жоспарлау.
Бисер үйірмесіне оқушыларды топтастыру.
Бисер үйірме жұмысын жарнамалау, насихаттау.
-газетке, журналға, интернетке жазу;
-көрме ұйымдастыру.
4. Бисер үйірмесінің шығармашылық іс-әрекеті:
-Ленгер қаласы мұражайларына экскурсия.
Оңтүстік Қазақстанның ежелгі қалаларына саяхат.
- Бисер үйірмесінің сыныбын сабақ өтуге дайындау.
-Елімізде атаулы күндер мен мерекелерді,ұйымдастыру және өткізуге қатысу.
-Мекеменің көпшілік іс-шараларына қатысу.
Ата-аналармен жұмыс
1.Ата-аналар жиналысын өткізу.
2. Бисер үйірмесінің мақсат,міндеттерімен таныстыру.
3. Бисер үйірмесінің қорытындысы.
4. Бисер жұмыстарын көрмеге шығару.
5.Ата-анамен жеке жұмыс.
А)Ата-аналарды түрлі іс-шараны ұйымдастыруға қатыстыру.
Б) Бисер үйірмесі экскурся өткізу.
В)Мерекелік іс-шараларда өнер көрсету.
6. Оқушылардың қызығушылығына қолдау көрсетіп, үйірмеге қатысуын қадағалау.
Әдістемелік-нұсқаушылық жұмыс және бисер үйірме жетекшісінің
педагогикалық біліктілігін көрсету
1.Әдістемелік кеңес және семинарларға қатысу.(әрдайым)
2. Бисер үйірме жұмысын ұйымдастыру.(жыл бойы)
3.Ұлттық дәстүр бойынша оқулықтарды қарастыру.
4. Бисер үйірме жұмысы бойынша кәсіби бағытта жұмыс жүргізу.
5. Бисер үйірмесінің бағыты бойынша тақырыптық журнал жүргізу,безендіру,құрастыру.
6. Бисер үйірмесіне қажетті материалдарды дайындау.
Бисер үйірмесінің қауіпсіздік ережесі бойынша жұмыс іс-әрекет түрі.
Бағыты:
Сыныптың тәртібі мен танысу. Оқушының өзін-өзі ұстануы.
Кіріспе, әңгіме:
Қауіпсіздік ережесін сыныпта оқушыларға түсіндіру.
Қауіпсіздік ережесі бойынша орындауын бақлау:
Күнделікті әңгімелер, іс-жүзінде-сарамандық жұмыс.
|
Тақырыптық мазмұны
|
Сағат саны
|
Теория
|
Іс- тәжірибе
|
1.
|
Кіріспе сабақтар.
|
1
|
1
|
|
2.
|
Су моншақпен әшекей бұйымдар жасау.
|
22
|
7
|
15
|
3.
|
Моншақпен гүл тоқу, ұсақ моншақтардан аппликация жасау.
|
26
|
9
|
17
|
4.
|
Бисерден қуыршақ тоқу.
|
15
|
3
|
12
|
5.
|
Бисерден көбелек тоқу.
|
21
|
9
|
12
|
6.
|
Бисерден қолтырауын тоқу.
|
19
|
4
|
15
|
7.
|
Моншақтан Мәрмәр» алқасын тоқу.
|
20
|
3
|
17
|
8.
|
Моншақтан, күн шуақ алқасын тоқу.
|
20
|
4
|
16
|
Барлығы
|
144 сағат
|
40 сағат
|
104 сағат
|
«Бисер» үйірмесінің қорытынды нәтижесі
«Бисер» үйірме сабағында оқушыға қажетті материалдарды көрсету. Іс-тәжірибе жұмыстарын бағалау. Оқушылардың білімімен еңбегін бағалау. Қолөнер-қол еңбегі. Адам баласын еңбектенуге тәрбиелейді. Қолөнер-бұл кәсіп, экономикада еңбек күшін тауарға айналдыру еңбек ақы алу жолы.
Қолөнер ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан, үлкен даналық ойынан, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы, атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра.
Қолданылған әдебиеттер:
«Мектептегі» технология журналы
«Бисер для девочек» Л. А. Божка
«Фенечки из бисера» Е.Г. Виноградова, А. Р. Магина
«Полная энциклопедия бисероплетения» Е. Г. Виноградова
«Изделия из бисера» Л. А. Божка
Достарыңызбен бөлісу: |