Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Модуль 2 МҰНАЙ ФРАКЦИЯЛАРЫН ЕКІНШІЛІК ӨҢДЕУ



жүктеу 6,39 Mb.
бет49/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93
Модуль 2 МҰНАЙ ФРАКЦИЯЛАРЫН ЕКІНШІЛІК ӨҢДЕУ


Лекция 15
Термиялық процестер. Бензинді екіншілік өңдеу.
Шикізаты, өнімі және технологиялық схемасы

Мұнай мен газ шикізатын өңдеудің химиясы мен технологиясының негізгі мақсаты оларды жоғарғы температураның (термиялық процестер), жоғары температура мен катализатордың (термокаталитикалық процестер) немесе тек катализатордың (төмен температуралы каталитикалық процестер) əсерімен өзгерту болып табылады. Бұл процестердің барлығын екіншілік немесе қайта өңдеу процестері деп атайды.


Термокаталитикалық процестерді қолдану арқылы ауыр мұнай фракцияларынан қосымша жоғары сапалы ашық мұнай өнімдерін алуға болады. Мысалы, вакуум газойлін каталитикалық крекинглеу арқылы (мұнайға есептегенде 20-30% массасын құрайтын 350-5000С фракция) қосымша 45-50% масса, яғни мұнайға есептегенде 10-15% бензин алуға болады. Сонымен қатар, дизель отыны ретінде қолданылатын жеңіл газойль алынады.
Қайта өңдеу процестерін (екіншілік процестер) қолданудың тағы бір себебі, мұнайды тура айдау арқылы (əсіресе парафинді мұнайды) сапасы қанағаттанарлық бензин алу мүмкін емес. Мысалы, Маңғыстаудың Өзен мұнайынан алынған бензиннің октан саны бар болғаны - 37. Осындай төмен октанды бензиннен каталитикалық риформинг процесі арқылы октан саны 85-90 (моторлы әдіспен), яғни 95-100 (зерттеу әдісімен) болатын бензин алуға болады.
Қайта өңдеу процестері нəтижесінде мұнайхимия синтезіне қажетті шикізаттарда (газ тəрізді жəне сұйық олефиндер, тазалығы жоғары жеке ароматты көмірсутектер) алынады, ал олардың негізінде пластмассалар, жасанды каучук, талшықтар жəне басқа материалдар өндіріледі.
Қазіргі кезде біздің елімізде күкіртті жəне жоғары күкіртті мұнайлардың үлесі жоғары болып отыр. Олардан алынатын өнімдердің (біріншілік айдаумен де, екіншілік процестермен де) құрамында күкіртті қосылыстар болады. Олар құрал-жабдықтарды жəне қозғалтқыш бөлшектерін коррозияға ұшыратады, ал отынды жаққанда күкірт ангидридіне айналып, қоршаған ортаға зиян келтіреді.
Гидрогенизация процестерін қолдану мұндай күкіртті қосылыстарды күкіртті сутекке айналдыруға мүмкіндік береді. Ал оны газ тəрізді өнімдерден оңай бөліп алып, əрі қарай күкіртке немесе күкірт қышқылына айналдырады.
Мұнай шикізатын қайта өңдеудің екіншілік процестерін анық, дəл жіктеу қиындау. Екіншілік процестердің қысқаша сипаттамасын келтірейік.

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау