Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы



жүктеу 6,39 Mb.
бет2/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Қазақстанның мұнай-газ саласы. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында өндірістің мұнай-газ саласына ерекше назар аударылған. Отын-энергетикалық ресурстардың потенциялын күшейте отырып, ұзық мерзімдік басымдылықтар ретінде бағдарлама барлық мұнай-газ кешеніне қатысты маңызды мәселелерді шешуді көздейді. Ең алдымен басты міндет – әрекет етуші кен орындарын өңдеуді қарқындандыру және Каспий теңізінің қайрандық зонасы мен құрлықтағы перспективтік құрылымдарды іске қосу есебінен мұнайгаздық шикізатты өндіру көлемін арттыруға қол жеткізу керек. Қазірге дейін 2,8 млрд тонна мұнай мен 1,7 трлн м3 газ көлемінде жалпы өндеу қоры бар 200 астам көмірсутек кен орны барланды. Мұнай көлемін арттыру негізінен Солтүстік Каспийдегі кен орындарын, атап айтқанда, мұнай қоры 6-9 млрд баррельге теңеліп отырған, әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі – Қашаған кен орнын барлауға негізделген. Қазақстандағы шикі мұнайдың тең жартысы негізінен үш ірі кен орнында – Теңіз, Өзен және Қарашығанақта барланады. Алдағы уақытта осы кен орындардың қатарына Шығыс Қашаған аймағының қосылуымен Қазақстан әлемдегі мұнай өңдіретін елдердің арасында маңызды орынды иеленеді деп күтілуде. Сонымен қатар, көмірсутек қорларын өңдіру көлемін арттыру арқасында, 2005 жылы 40 млн тонна құраған шикі мұнай экспорты 2010 жылы 71 млн тоннаға жетіп, ал 2020 жылы бұл көрсеткішті 80 млн тонна жеткізу көзделіп отыр. Қазақстандағы мұнай өндіру саласының дамуы негізінен мұнай өнімдерінің барлық түрімен тұрақты қамдамасыздандыруға негізделген. Кеңес Үкіметі құлдырағаннан кейін, шетел инвесторларына ұлттық мұнай саласына қаражат құю мүмкіндігін беру Қазақстан 73 үшін экономикалық жағдай тұрғысынан тиімді болды. Сонымен, ірі Теңіз мұнай кен орны бірлескен ұйым құру мақсатында, «Шеврон Оверсиз» американдық компаниясына берілген болатын. Қазіргі таңда бұл жобада Қазақстан Республикасының үлесі тек 20% ғана құрайды. Қалған үлесі «Эксон Мобил Казахстан Венчур Инк» (25%), «Шеврон» (50%) және «ЛукАрко» (5%) компанияларына тиесілі. Барлау жұмыстары алдыңғы ғасырдың 80 жылдары басталған ірі мұнай кен орындырының бірі – Қарашығанақ кен орны казіргі кезде «Карачаганак Петролеум Оперейтинг В.V.» халықаралық конконсорциумымен басқарылады. Оның құрамына үлесі 32,5% «Би Джи Групп» (Ұлыбритания) мен «ЭНИ» (Италия), «Шеврон» (АҚШ, 20%) және «ЛукОйл» (Ресей, 15%) компаниялары кіреді. Тағы бір үлкен Солтүстік Каспий жобасының іске асырылуы халықаралық консорциум арқылы жүргізіліп, Қашаған кен орнындағы көмірсутек қорын өндірумен айналысады. Қазақстанның консорциум қатарындағы үлесі 16% құрып отыр. Қашаған кен орны мұнай газ қоры бойынша әлемдегі ірі кен орындарының бірі болып табылғанымен, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясың құрылған Акционерлік Коғамында ешқандай үлеске ие болмады десек болады. Тіпті акционерлердің бірі – «Бритиш Газ» компаниясы өзінің 16,67% көлемінде акция пакетін сатқан кезде де, бұл акцияны толық сатып алу мүмкіндігі болмады, себебі Қазақстан Республикасы конституциясы бойынша, жер қойнауындағы байлық халыққа тиесілі делінген. Оған қоса, Қазақстан 16.81% акция пакетін иелену үшін, жоғарғы биліктің араласуы қажет болды. Мемлекетке өз активтерін қайтару бойынша «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясың атқарған осы шарасын қызметтегі алға басқан үлкен қадамы ретінде қарауға болады.Соңғы он жылдықта Қазақстандағы экономикалық өсу арқасында ұлттық кен орындары қызметінде шетел инвесторларына айрықша құқық беріп, мемлекет құқығын шектейтін кейбір заңдық құжаттарда өзгертулер енгізуге жол ашылды. Маңызды түзетулерді атап кетсек: Биржалық құн деңгейіне байланысты мұнай экспортына салық салу туралы салық заңнамасына түзетулер енгізу (2003ж.); Екінші нарықта мұнай активтерін сатып алудағы мемлекеттің айрықша құқығы туралы заңы (2005ж.); Акционерлердің іс-әрекеті ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайда, жасасқан келісім-шарттарға кері күш беру туралы жер қойнауын пайдалану заңнамасына түзетулер енгізу (2007ж.).

жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау