Лекция 1 Кіріспе. Қазақстанның мұнай-газ саласы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің даму болашағы. ҚР және тмд отын энергетикалық балансы


Каталитикалық риформингтің мақсаты



жүктеу 6,39 Mb.
бет53/93
Дата13.04.2023
өлшемі6,39 Mb.
#42139
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   93
Каталитикалық риформингтің мақсаты – алғашқы айдау бензинінің нафтенді жəне парафинді көмірсутектерін ароматты көмірсутектерге айналдыру. Процестің мақсатты өнімі ретінде жоғары октанды ароматты бензин немесе мұнайхимиялық синтезде қолданылатын бензол, толуол, ксилол сияқты жеке ароматты көмірсутектер алынады.
Жеңіл бензин көмірсутектерін (н-пентан жəне н-гексан) каталитикалық изомерлеуді олардың октан санын арттыруға жəне жоғары октанды бензин компоненті ретінде қолдану үшін жүргізеді.
Гидрогенизациялық процестер. Мұнай шикізатын сутек қысымы əсерінен термокаталитикалық өзгерту нəтижесінде құрамы қолайлы өнімдер алуға болады. Гидрогенизациялық процестер сутектің əсер ету тереңдігіне жəне мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді:
Гидротазалауды бензин, дизель отындарының, майлардың жəне басқа да мұнай өнімдерінің сапасын арттыру үшін, əрі олардың құрамындағы күкіртті қосылыстарды бұзып, күкіртті – күкіртсутек күйінде бөліп алу мақсатында жүргізеді. Көбінесе алюмокобальт- жəне алюмоникельмолибден катализаторлары қолданылады. Бұл процесте шикізатты күкіртсіздендірумен қатар қанықпаған көмірсутектерді қанықтыру, ал процесс терең жүргенде ароматты көмірсутектерді нафтен көмірсутектеріне дейін гидрлеу сияқты реакциялар да жүреді.
Гидрокүкіртсіздендірудің мақсаты – күкіртті мұнайлардың ауыр қалдықтарының құрамындағы күкірттің мөлшерін азайтып, оларды қазан отыны ретінде пайдалану.
Гидрокрекингтің мақсаты – бензин, реактив жəне дизель отынын алу үшін мұнай шикізатын (негізінен, ауыр күкіртті дистилляттарды) терең термокаталитикалық өзгерту. Гидрокрекинг жарық мұнай өнімдерінің шы ғымын арттыру үшін жүргізіледі. Сутегісі бар газдардың қысымы 15 МПа жоғары болғанда, бұл 80%-ға дейін жарық мұнай өнімдерін шығаруға мүмкіншілік береді.
Төмен температуралық каталитикалық процесс – зауыт газы негізінде изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилдеу. Мақсатты өнім – алкилат – автомобиль жəне авиация бензиндерінің жоғары октанды компоненті.



жүктеу 6,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау