Термиялық процестер. Жоғары температура əсерінен мұнайдағы органикалық қосылыстар химиялық түрін өзгертеді, айырылады жəне өзара əр түрлі екіншілік реакцияға түседі. Осы арқылы мұнай өңдеудің термиялық процесі пайда болды. Термиялық процесс нəтижесінде қосымша көмірсутек газдарын, сұйық мұнай өнімдерінің қосымша мөлшерін, терең тығыздану өнімі - мұнай коксін, сонымен қатар бастапқы мұнайдың құрамында болмаған мүлдем жаңа заттар алуға болады.
Пиролиз процесі алғаш рет Ресейде жасалған. Киев пен Казань зауыттарында керосинді пиролиздеп жарық беретін газ алған. Кейінірек пиролиз шайырының құрамында бензол мен толуол сияқты ароматты көмірсутектер бар екендігі анықталған. Осы заттардың өнімін арттыру үшін пиролиз қондырғылары салына бастады. Əсіресе бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пиролиз қондырғылары өте көп жасалды. Себебі, толуол – жарылғаш зат – үшнитротолуол алуға қажет болды.
Термиялық процестер мұнайды химиялық шикізат ретінде қолдануға мүмкіндікті арттырды. Кең тараған бұл процестерге мыналар жатады:
а) нəтижесінде газ жəне сұйық өнімдер алынатын жоғары қысымдағы (2,0-4,0 МПа) сұйық (қазіргі кезде ауыр) шикізаттың термиялық крекингі;
б) нəтижесінде кокс, газ жəне сұйық өнімдер алынатын ауыр қалдықтарды немесе жоғары ароматталған ауыр дистилляттарды төмен қысымда (0,5 МПа-ға дейін) кокстеу;
в) нəтижесінде қанықпаған көмірсутектерге бай газ бен сұйық өнімдер алынатын сұйық немесе газ тəрізді шикізатты жоғары емес қысымда (0,2-0,3 МПа) пиролиздеу (жоғары температуралы крекинг).
Процестердің бұл тобының ерекшелігі реакция аймағындағы температураның жоғары болуында, яғни 450-9000С. Жоғары температураның əсерінен мұнай шикізаты ыдырайды, яғни крекинг процесі орын алады. Бұл процесс жаңа түзілген көмірсутек молекулаларының қайтадан екінші тығыздану реакциясына түсуімен жалғасады. Қысым қатысында жүретін термиялық крекинг процесі əр түрлі мұнай шикізаттарын – лигроинды, газойлдерді, мазутты өңдеп автомобиль бензинін алу үшін қолданылған. Ауыр мұнай қалдықтарын (жартылай гудронды, гудронды) өңдегенде негізгі мақсатты өнім бастапқы қалдықтың тұтқырлығын төмендету арқылы алынған қазан отыны.
Шикізатты терең өзгеріске ұшыратпайтын процесті жеңіл крекинг немесе висбрекинг деп атайды. Мұнай қалдықтарын кокстеуді оларды декарбонизациялау бағытында, яғни бастапқы шикізаттағы асфальт-шайыр заттары қатты өнім – коксте концентрацияланғанда жүргізеді. Нəтижесінде сутекке бай өнімдер – газойль, бензин жəне газ алынады. Процестің мақсатты өнімі кокс болғанымен, түзілген басқа өнімдер де қолданысқа ие болды. Мұнай қалдықтарын жоғары емес қысымда термиялық крекинглеудің тағы бір түрі -құрылымын өзгертіп айдау (деструктивті) процесі. Бұл процесс ауыр сұйық қалдықты аз, ал соляр фракцияларын неғұрлым көп мөлшерде алуға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |