Қазақстан Республикасы
2015 жылғы __________
№ ______ қаулысымен
бекітілген
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және
медициналық техниканы төтенше жағдайларды жоюға қатысу
үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін
медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен
құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының
құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан әкету
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ережелері (бұдан әрі - Ереже) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін Қазақстан Республикасының аумағынан кететін медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарының материалдық-техникалық құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібін айқындайды.
2. Осы Ереженің қолданылуы төтенше жағдайларды жоюға қатысу үшін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыратын медициналық және авариялық-құтқару ұйымдары мен құралымдарына (бұдан әрі - ұйымдар) таралады.
2. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды,
медициналық техниканы әкету тәртібі
3. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсатты дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсатты ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруге қағаз және электрондық тасығыштардағы (СD-R, СD-RW, Flash, DVD-R, DVD-RW) өтініш;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы өндірумен немесе дәрілік заттарды көтерме саудада өткізумен байланысты қызметтің кіші түріне қосымшасы бар фармацевтикалық қызметпен айналысуға арналған лицензияның немесе мемлекеттік органның хабарламаны қабылдағаны туралы талонның көшірмесі немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдағаны туралы белгісі бар хабарламаның немесе медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талонның көшірмесі немесе медициналық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның көшірмесі (дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы денсаулық сақтау ұйымы әкеткен жағдайда);
3) ұсынылатын құжаттардың тізімдемесі.
5. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкету есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) беретін есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкетуге рұқсаты болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Көмек көрсетуге арналған, құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкетуді жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды есепке алу мен күзетуді қамтамасыз етеді.
7. Көмек көрсетуге арналған құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарды әкетуді жүзеге асыратын ұйым басшысы өзінің бұйрығымен заңнамада белгіленген тәртіппен есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілген, олардың жеткізілуіне, есепке алынуына, сақталуы мен төтенше жағдайлар ауданында зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылуына жауапты тұлғаларды тағайындайды.
Құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттарға рұқсатты нашақорлық, уытқұмарлық, созылмалы маскүнемдік ауруларының жоқтығы туралы психиатр мен нарколог дәрігерлердің, сондай-ақ олардың арасында жоғары қауіпті көзбен байланысты кәсіби қызметтің жеке түрлерін орындауға жарамсыз болып танылған тұлғалардың жоқ екендігі туралы қорытындысы бар тұлғалар ғана ала алады.
8. Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін пайдаланылатын құрамында есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрілік заттар есепке алынып, арнайы бөлінген орында және басқа дәрілік заттардан бөлек жерде сейфте сақталады.
9. Өтінішті қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
10. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар нөмірленген, тігілген, мөрімен және өтініш иесінің не оның өкілінің қолымен бекітілген болуы тиіс.
11. Уәкілетті орган дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы әкетуге берілген рұқсаттарды есепке алуды жүргізеді.
12. Уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері өтініш иесінің құжатын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактілері анықталған жағдайда уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері белгіленген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан уәжделген бас тарту туралы жазбаша қорытынды береді.
13. Осы Қағидалардың талаптары бұзылған жағдайда (осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсыну жөніндегі талаптарды қоспағанда) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруден бас тартқан жөн.
14. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
15. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат бермеу не уәжделген бас тарту белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, рұқсат берілген болып саналады. Бұл ретте уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық бөлімшелері дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсатты екі жұмыс күні ішінде беруге міндетті.
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық
техниканы әкету
қағидаларына
1-қосымша
дәрілік заттарды,
медициналық мақсаттағы бұйымдарды
әкетуге рұқсат нысаны
_______________________________________________________________
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
_______________________________________________________________
(дара кәсіпкердің Т.А.Ә., заңды тұлғаның толық атауы,
_______________________________________________________________
сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН), мекенжайы, телефоны)
___________ фирмасымен жасалған 20__жылғы «___» ________ №_____ келісімшартқа (шартқа) 20__жылғы «___» ________ №__ өзіндік ерекшелікке сәйкес дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мынадай атауларын Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат етеді:
Р/с №
|
Дәрілік заттардың (дәрілік нысан), медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың атауы
|
Өлш. бірл.
|
Саны
|
Өндіруші және өндіруші елдің атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Уәкілетті тұлғаның лауазымы _____________Т.А.Ә.
қолы
М.О.
Орынд:______________
Тел: ______________
Дәрілік заттарды, медициналық
мақсаттағы бұйымдар мен
медициналық
техниканы әкету
қағидаларына
2-қосымша
дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдарды, медициналық техниканы
әкетуге өтініштің нысаны
____________________________________________________
(уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің атауы)
ӨТІНІШ
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Өтініш иесі
|
|
Өтініш иесінің заңды мекенжайы
|
|
Өтініш иесінің телефоны, электрондық поштасы
|
|
Өтініш иесінің сәйкестендіру нөмірі (БСН, ЖСН) (бар болған жағдайда)
|
|
Жеткізуші
|
|
Өндіруші
|
|
Жеткізушінің заңды мекенжайы
|
|
Жеткізушінің телефоны, электрондық поштасы
|
|
Жеткізушінің елі
|
|
Келісімшарттың (шарттың) нөмірі
|
|
Келісімшарт (шарт) жасалған күні
|
|
Өзіндік ерекшеліктің (қосымша) нөмірі
|
|
Өзіндік ерекшеліктің күні
|
|
Әкету жүргізілетін кедендік орган
|
|
СЭҚТН коды
|
Дәрілік заттың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың атауы
|
Концентрациясы
|
Дозалау
|
Өлшеп-орау (нөмірі)
|
|
|
|
|
|
|
Жиыны
|
|
|
|
Шығарылу нысаны
|
Өлшем бірлігі
|
Саны
|
Өндіруші
|
Өндіруші ел
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтініш иесінің қолы _____________________________ Т.А.Ә.
Мөрдің орны 20__жылғы «______» _______________
Достарыңызбен бөлісу: |