Ќызылорда облысы Жањаќорѓан ауданы



жүктеу 143,5 Kb.
бет1/2
Дата14.02.2020
өлшемі143,5 Kb.
#29104
  1   2

Кіріспе


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп, атап көрсеткен болатын.




Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану.




Әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» - деген екен.



Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді.

1957 жылы Кеңес Одағы Жердің жасанды серігін ұшырып, космостық кеңістікте бірқатар алға шыққан болатын. Бұл өз кезегінде АҚШ-да біршама алаңдатушылық тудырып, АҚШ Қорғаныс Министрлігі ақпаратты тасымалдаудың сенімді жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Компьютерлік желі ARPANET деп аталып, 1969 жылы аталған төрт ғылым орталықтарын біріктірді, барлық жұмыстарды АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырып отырды. ARPANET желісінің даму қарқыны өте жылдам болды, оны әр түрлі ғылым саласындағы зертеуші-ғалымдар да кеңінен қолдана бастады.

1984 жылы ARPANET желісіннен бөлек жаңа желілер пайда бола бастады.

Жастар және әр бір қазақ азаматы жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияны жетік меңгеруіміз қажет. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өміртанымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. Қазіргі күнкөріс қамы мен заман ағымының күрделілігі, көптеген ата-аналар тәулік бойы балаларының тыныс-тіршілігіне бақылау жасай алмай, олар шектен тыс бейне монитордың алдында отырғандықтан денсаулығына зор зиянды әсер алады. Сондықтанда менің жұмысымның мақсаты компьютердің бала ағзасына әсерін және де ғаламтордың жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтарында зерттеу. Тақырыптың негізгі мақсаты компьютер біздің өміріміздің бір бөлшегі болып еніп отырғаны соншалықты, біз тіпті оны пайдалану кезінде ол қандай қауіп қатер әкелетінін ұмытып кеттік. Бірақ та, компьютермен жұмыс істеу барысында оқушылар техника қауіпсіздік ережелерін сақтаса,ол біздің ақылды, сүйкімді,қайырымды досымыз бола алады.


Бүкіләлемдік өрмек – Ғаламтор.

Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта

Ғаламтор... Ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар. Сіз саясаттанушы, мәдениеттанушы, болмаса философ яки әлдебір саланың ғалымы болуыңыз шарт емес, көзқарасыңыз өзіңізге, жазыңыз, қалдырыңыз, шамына тиіңіз, сынаңыз, мінеңіз, алғыс айтыңыз – ерік алдыңыздағы компьютердің перне тақтасына басылған саусақтарыңызда. Тек соны орнымен пайдалана  білсек, мүмкіндігін барынша ықтиятпен жүзеге асырып, адами қалпымызды нықтап, білімімізді асыруға жұмсасақ. Академиялық кітапханалардың орнын Интернет баса алмайды. Бірақ оның да ғылыми тегеуріні шексіз. Тек аздаған мәдениет керек... Ғаламтор мәдениетін ерте игермеу өзімізге сын. [5]


Ғаламтор... Тұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз...

Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Сондықтан Ғаламтордың тек жақсы жақтарын пайдаланып керегімізге қолданған жөн!!! Таяқтың екі ұшы болатыны бәрімізге белгілі, дұрыс және бұрыс жақтары да болады.

Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын өз лайығымен дұрыс қолданып, икемді игіліктене білу қабілеті әрбір қоғам мүшесі үшін аса қажетті біліктілік, яғни «сауаттылық» өлшемдерінің біріне айнала бастады. Сондықтан адамдарда ең әуелі компьютерлік сауаттылық, онан соң жалпы ақпараттылық білім, соңында ақпараттық мәдениет мағлұматы болуы қажет.

Қазіргі тұста біз дәстүрлі тәсілмен электронды техника өзара тоғысқан тоғыспалы дәуірде тұрмыз. Байырғы тәсіл өзінің мүмкіндіктерін әлі сақтап қалуға тырысқанымен, жаңа жүие оны тездікпен ығыстырып алға қарай дамып келеді. Ескі жүйе көп ұзамай жаңа жүйеге жол берері анық. Жаңа зат қашанда жеңімпаз болып адамдарды өзіне айрандай ұиытып қызықтыра түсетіні даусыз.

Ғаламтор - тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Мысалы: үкіметтік емес сайттар мен үкіметтік сайттар, ақпарат агенттігінің мәліметтері мен тәуелсіз басылым мәліметтері.Толғандырған сауалдарыңның жауабын табасың

Кісі есімдері мен лауазымдарын нақтылайсың. Мысалы, www.government.kz Үкімет сайты, ҚР Парламент мәжіліс депутаттары.Өткен ескі жаңалықтар мұрағатынан мәліметтерді нақтылау. Өзге елдегі мамандармен байланыс жасап, сұрақтар қоюға болады.Түсінбеген сөзді демде аударуға болады.

Электронды технологияның өмірге біртіндеп енуіне байланысты адамдар айналасындағы заттар мен құбылыстарға және өздеріне жаңаша көзқараспен қарай бастады. Былайғы жерде жаңа ақпараттық технология бәрін де өзгертуі әбден мүмкін. Бұл технология осы ғасырдың тарихын өткендегі ғасырлардан мүлде өзгеше жазбақ, адамзаттың өмір сүру дағдысына, күллі рухани бет бейнесіне де күшті әрі терең әсер етпек. Бұл үрдістен оңды пайдаланбай артта қалған ұлт та, оның келешек ұрпағы да зиян шекпек.


Білгенге ғаламтор ғаламат-ақ!

Бүгінгі таңда ғаламтор техникасын озық деңгейде меңгергендер өз ақыл-парасаттары арқылы қомақты қаржыны тым қиналмай-ақ тауып алатын болды. Біз ғаламтордың жоғарыдағыдай ғаламат мүмкіндіктерін тұтас ұлтымызды дамытып өркендетуге, ұлттық тіл-жазуымызды, халықтық қасиетімізді, күллі құндылықтарымызды қорғап, сақтап, оны онан ары дамыту үшін қызмет еттіруге құлшыныс жасауымыз қажет. Сол үшін Қазақ тілді ғаламторды тез арада дамытуға барынша күш шығаруымыз керек. Бұны ойланып-толғанып, уақыт ұттырып жүрмей, неғұрлым тез қолға алатын төтенше маңызды жұмыстардың бірі деп қарауымыз тиіс.

Қазір ұзын саны тым көп болмасада аздан молайып, әлсізден күшейіп, қадамын енді ғана қаз-қаз басып келе жатқан үкімет және жекелер иелігіндегі Қазақ тілді торап бекеттерінің, жеке блогтардың арт-артынан ашылып ғаламторға қосылуы халқымыздың өрісін онан ары кеңейтіп, әлемнің әр шалғайындағы қандастарымызды жер жүзіндегі және ұлтымыз өміріндегі сан алуан мазмұндағы рухани білімдерден еркін сусындауына оңтайлы орай жаратып берді.

Бүгінгі дәуірде ғылым-мәдениет деңгейі жоғары ықпалды ұлттар ғаламтордан пайдаланып өзін насихаттау арқылы өзгелерді өзгертіп «әлемилендіріп» жатыр. Біз ешкімді де өзгертіп әлемилендірмей-ақ қойайық. Біздің бар назарымыз бөгенайы бөлекше халықтық қасиетімізді сыртқы әсердің, өзгерісшең өмір дауылының, арынды ақпарат тасқынының кері ықпалынан арашалап қорғап қалуға қаратылғаны жөн. [3]

Қазір ғаламтордың ықпалында тұтас жұмыр жердің ол шетімен бұл шеті «ауылы аралас, қойы қоралас» көрші ауылға ұқсап қалды. Осындай жағдайда ғаламтордың бізге ғылым-білім мен озық өркениетті жеткізетін құптарлық жағының болуымен бірге ұлттық психологиямызға, төл табиғатымызға сай келмейтін теріс әсері де айтып тауысқысыз. Ол біздің күнделікті өмірімізге тек жақсылық қана әкеліп жатқаны жоқ, онда не хикімет жақсылық та, не сұм арамдық та бар. Онда бардың бәрі кіршіксіз өнеге емес. Сол себепті оған сын көзбен қарап, ұнамды жақтарын таным таразысына салып дұрыс пайдалана білгеніміз жөн.

Егер сіз ақ пен қараны айқын ажырата алмайтын болсаңыз, мағынасыз өмір тұңғиығына балдай батып, судай сіңіп лағып кетеріңізде дау жоқ. Өйткені, ғаламторды пайдаланушының жас ерекшелігі негізіндегі мәдени деңгейі мен талғамы, түсінік-пайымы оны дұрыс я бұрыс жолға салатыны белгілі жағдай.



Бұл күндері араққа, темекіге, есірткіге құмартқан секілді компьютерге құмартушылар яғни «компьютер соқтылар да» пайда болды. Компьютерге, ғаламторға тәуелділік арақ, темекі, есірткі құмарлық сияқты адамды алжастырып, оны сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып қызықтыратын, адам психикасына, денсаулығына кері әсер ететін жаңа дертке айналды. Сол себепті сиқырлы да сырлы көк экранды ашарда мақсатыңыз әрқашан алдын ала айқын болсын, яғни оны еңбек етіп, мағыналы іс қыларға татырлық тұста орынды пайдаланып, одан тыс уақытта жүйкеңізді босқа шалдықтырып, уақытыңызды ұрлап тоздыратын мағынасыз бос мылжың, орынсыз ойындардан аулақ болғаныңыз жөн. Міне мұны тек өзіңіз ғана біліп қоймай, әсіресе, өмірге көзқарасы әлі толық қалыптаса қоймаған жас буынның санасына да мықтап сіңіру сіз бен бізге бұлжымайтын міндет, ағабуындық борыш болуға тиіс.
Қазір қолы сәл босай қалса, өзінің бүкіл бос уақытын мағынасыз, бұралқы компьютерлік ойындарға сарп етіп, жасанды қияли әлемге неғұрлым тез еніп кеткісі келіп асығып тұратын, өз еркіне өзі ие бола алмайтын жүике жүиесі нашар аз сандағы тежемсіз адамдар, әсіресе жастар мен өспірімдер арасында компьютер соқтылық ауруына шалдыққандар пайда болды. Сондықтан біз ғаламторды еріккеннің ермегі деп санамай, оны әр адамның жас ерекшелігі мен қызмет қажетіне қарай, өз лайығында, дұрыс әрі тиімді пайдалана білу мәдениетін шынайы қалыптастыруымыз

Жаһандану дәуірі  ҒТР-дің (ғылыми техникалық революция) шырқау шегіне шыққасын, қазір, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін жұмысы ғаламторсыз жүрмейтін болды. Елуді егделеп, алпысты алқымдап, тіпті, жетпісті желкелеп қалған кісілерді де агенте хат алмасып отырганын көріп қаламыз. Бұл да болса жаңа заман талабы.

1. Байланысқа кіру. Интернет басқа ақпарат құралдарының (радио, теледидар, газет, журнал) қатарына кіріп, байланысқа кірудің жаңа бір түрін әкелді. Интернет өз бойына жазылған сөз бен суретті, әрі дауысы, әрі бейнежазбаны жинақтайды. Сондай-ақ тәрбие мен білім беруді, әрі мәдениетті күшейтіп, әрі көңіл көтерумен ұштастырады.

2. Кеңінен жайылу. Ғаламтор қызметін пайдаланушылардың саны әлем бойынша 300 миллионнан асады. Олардың 2 миллионы араб әлемінен. Бұл сан уақыт өткен сайын өсу үстінде. Ғаламторды пайдаланушылар көбінесе қоғамдағы өте белсенді адамдар. Өйткені интернетке қатысушылардың 75 пайызының жас мөлшері 16 мен 44 аралығында, ал 45 пайызы университетті толық бітіргендер.

Бүкіл әлем бойынша ғаламтор қызметін пайдаланушыларды саны жыл санап артып келеді.
3. Қатысу. Интернет адамды мағлұматтардың қайнар көзімен тікелей қарым-қатынасқа түсіре алады. Теледидар қатынасы негізінен көрерменге бір жақты және радио да осы сияқты. Ал интернет болса өзіне қатысушы адамға осы мағлұматтарға әртүрлі жолдар арқылы (диалог, іздеп табу, көзқарасын айту сияқты) қатысуға мүмкіндік туғызады.

4. Байланыстың жеңілдігі. Электрондық пошта - әлемдегі байланысу жолдарының ең арзаны, әрі ең жылдамына айналды. Бұл арқылы әлемнің кез-келген бұрышындағы адамға қас-қағым сәтте оншақты беттен тұратын іс-қағаздарын жібере аласыз.

5. Тасымалдау ісінің жеңілдігі. Мағлұматтар мен іс-қағаздарды сақтаудың жеңілдігі. Ғаламтор арқылы төмендегідей істерді атқаруыңызға болады: көп мөлшердегі суреттерді, мағлұматтарды, құжаттарды тасымалдап, оларды компьютер қас-қағымда-ақ сақтап, «есіне» жаттайды».

Ғаламтор және денсаулық.


– Балаларды ғаламтордан қорғау­дың түрлі жолдары бар.

Біріншіден, әр ата-ана баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Балаларды ғаламтордан қорғайтын жалғыз періште – ата-ана. Қазір неше түрлі ақша табуға құралған сайттар бар.



Екіншісі – білім беру компанияларын дамыту. Яғни әрбір ата-ана, ұстаз­дар қауымы балаларға ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек.

Үшіншісі – жаңа технологияларды пайдалану. Қазір ғалам­тордағы сайттарды рет­теп, бақы­лап отыратын арнайы бағдар­лама­лар бар. Сіз бағдарлама арқылы бала­ңыздың қандай сайттарға кіріп жүргенін біле аласыз. 




Ғаламторға кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьютерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз

Сезімдік, нерв жүйесі ауруларына шалдығады.

Интернетке жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Сондықтанда мен компьютерді дұрыс пайдаланбау зиян әкелетінін айтуды жөн көрдім.

Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нәшарлауы. 2. Бастың желке тұсының (қарақұсының), мойын мен иық, жауырын, білектің ауыруы. Көру қабілетінің нәшарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген тәрізді ашып, қызаруы. Көздің барлық көру қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы деп атайды.

Компьютерде ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі ауру болып табылады. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылуы жағдайы байқалады. Бұлшық ет ұлпасының дем алуға мүмкіндігі болмағандықтан, олардың қан айналымы төмендеп, зат алмасуы бұзылып, өнімнің түсуі көбейеді. Нәтижесінде бұлшық ет үнемі шаршау жағдайында болады және ақырында әлсірейді. Бұл белдің қисаюына және қаңқаның басқадай өзгеруіне, бұлшық ет ұлпасының өсуіне әкелуі мүмкін. Басқа синдром бел тунелдің немесе бел каналының синдромы деп аталады. Бұның пайда болуы қол бұлшық ет сіңірлері орталық жүйке жүйесінің әсер етуімен саусақтардың ұзақ ыңғайсыз бүгілуі клавиатурамен жұмыс істеумен байланысты. Ыңғайсыз жағдайда алақан сүйектері көп қайталанантын іс әрекеттер кезінде сіңірлер білезік сүйектері мен байламдарға қажалады. Нәтижесінде жүйке мен сіңірдің қысылуы қатты жетіспеуі дамиды. Аурудың алғашқы белгілеріне: компьютерде жұмысты аяқтағаннан бірнеше сағаттан кейін ғана дірілдеу, қышыну, саусақтадың ұйюы пайда болады. Қолда ақырында ұйып, ауырсыну және ауырлау белгілері қосылады. Білезік тунельдік синдромы ауыр түрінде адамның еңбек қабілеттін ауруды хирургиялық жолмен емдеуді талап етеді.

Ғаламтордың зиянынан сақтандыру


жүктеу 143,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау