№№19-20 (251-252) 13 қазан 2016 жыл «Ұстаз аты – мәңгілік»



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата13.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#19049
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


№№ 19-20 (251-252)

13  қазан

2016 жыл

«Ұстаз аты – мәңгілік» 

«Ұстаздар күні»

Мұғалімдер күні бүгін, күні ұстаздың шаттанған,

 Шәкіртіне дем бергізген, жеткізеді,- деп баққа арман. 

Ұстаздардың күні бүгін, бар тілегі өмірде 

Сол шәкірттің өрге жүзген еңбегімен ақталған. 

Мұғалімдер күні бүгін, шаттық күйге кенелген, 

Ұстаз жүрек сырлас әр кез білім атты өнермен.

Олар шәкірт кеуделерге сол білімнен нәр құйып,

 Өмір жолда ізгілікті еңбегімен еленген. 

Тойланатын әр жыл сайын, қазан айы туғанда,

Ұстаздардың мейрамы осы, толы ән мен жырларға.

 Төрдегі орын Сізге, Ұстаз, төр Сіздікі, Мұғалім! 

Барлық жан да соны қалар, ұстаз көңіл тұрғанда. 

Мұғалімдер күні бүгін, көңілге бар сыйлары,

 Шәкірттері оларға гүл, ән де, жыр да сыйлады. 

Тек ұстаздың мерекесі емес бүгін, шынында,

 Сол Ұстаздан тәлім көрген барлық жанның мейрамы!



Даяна МҰРАТОВА 

№ 37 ЖОББМ-нің 

 4 «г» сынып оқушысы

   

Орал қаласы              

Қаламыздағы  №46  ЖОББМ-нің  бастауыш  сынып 

мұғалімдері  кәсіби  мерекелерінде  шәкірттерінің  жасаған 

тосын сыйына тап болып, бала қиялдарының шексіздігіне 

таң  қалып  шын  қуанышқа  бөленді.  Ертесімен  мектепке 

кірген  ұстаздар  дауыс  ұлғайтқыш  арқылы  қосылған 

«Ұстазым» әнін естіп таңырқап жатты. Жылына бір келетін 

мерекелерінде  жүректі  тербейтін  әндері 

жүздеріне  күлкі  сыйлатып  ерекше  сезімге 

бөленді.  

  «Баланың  ұшқыр  қиялы  болмасыңды 

болдырар,  сусыған  құмға  су  құйып,  зәулім 

үй  де  тұрғызар»  демекші  бұл  күні  тосын 

сый мұнымен бітпей сәлден кейін мектептің 

мәжіліс  залында  барлық  жоғары  сыныптың 

оқушылары  ұстаздарын  сахна  төріне  шығарып,  әр  түрлі  

номинациямен  марапаттап  алғыс  хаттарын  табыс  етіп, 

бастауыш сынып оқушылары ән-жырдан шашу шашты. 

Бастауыш сыныптың мұғалімі Ақторғын Қуанова: 

-Мені 

«Ең 


сүйкімді 

ару» 


номинациясымен 

марапатталады,-деп 

шәкірттерім 

сахна 


төріне 

шақырғанда өзімді бірінші сыныптың шәкіртіндей сезіндім. 

Қуаныштан  жүзім  бал-бұл  жанды.    Шыны  керек,  біз 

әріптестерміздің барлығы мұндай сыйды күткен жоқпыз,-

деп  ағынан  жарылды.    Бөлекбай  Мұстафаұлы  «Ең  жас 

ұстаз»  номинациясын иеленсе, мектеп әкімшілігі Жанар 

Хамитқызы,  Самал  Ибатоллақызы,  Әсем  Мақсотқызын 

алғыс хатпен  марапаттады. Аталмыш мектепте жиырма 

сегіз  бастауыш  сынып  болса,  барлық  ұстаздарының 

құшағын  гүлге  толтырып,  өздерінше  сый  жасап,  «Ұстаз 

аты – мәңгілік»,-деп құрмет көрсеткен мектеп шәкірттерінің 

ұстаздар күнін шын мерекеге айналдыра білгендері ұстаз 

есімінің  жадыларында  жаңғырып  тұратындықтарын  тағы 

бір еске салғандай. 



«САМАЛ»

Бастауыш  - бағдаршамы баланың 

Қаламыздың «Зашаған» кенті аумағында орналасқан А.Байтұрсынов 

атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебінде  екі мың үш жүзден  

астам оқушыға  181 мұғалім тәлім-тәрбие беруде. 

С.  Кенжеков  басшылық  ететін  үлкен  ұжым  жыл  өткен  сайын  білім 

сапасын  арттырып  келеді.  Информатика,  химия-физика  мультимедиа 

кабинеттері  заманауи  құралдармен  жабдықталған.  Ұстаздардың  жетпіс 

пайызы  білімдерін  көтеруде  арнайы  түрлі  деңгейлік  курстардан  өткен.   

Білім саласындағы жаңашылдықтарды жүзеге асыруды міндет санайтын 

ұстаздар  оқушыларының  бос  уақыттарында  да  мектептің  қоғамдық 

жұмыстарына араласуды спорт пен өнерге бейім балғындарды мектеп 

үйірмелеріне тартуды қолға алған. Соның нәтижесінде мектепте бүгінде 

11 үйірмеге 570-ден астам оқушы  тартылған. 

Тәуелсіздігіміздің  жиырма  бес  жылдығына  орай,  өткізілген 

республикалық «Дарын-2016» байқауының облыстық кезеңінде мәдениет 

пен    өнер  саласының  дамуына  өзіндік  үлес  қосып  тәрбиелегені  үшін 

Индира  Расылханның  арнайы  дипломымен  мараптталған  А.Құлмырзиева,  

Г. Набидуллина З. Сабыровалардың әдебиет пен мәдениеттің ауыр жүгін 

көтерген ұстаздар. 

  Аталмыш  мектеп  жаңа  оқу  жылында    267  бүлдіршінде  мектепке 

қабылдады. Олардың бәріне Елбасының арнайы «Менің Қазақстаным» кітабы сыйға тартылды. Бес күндік оқу үрдісіне 

көшкен  балғындардың  мектепке  тегін  тамақтануы  да  жақсы  жолға  қойылған.  Бастауыштағы  қырық  екі  мұғалімнің 

барлығы да бүлдіршіндерінің білімге деген құштарлықтарын 

арттырып,  болашаққа  бағыт-бағдар  беруде  бір  кісідей 

еңбектеніп  келеді.  Осы  мектеп  ашылғалы  жетінші 

бүлдіршіндерін орта буынға өткізіп салған С.Сулейменова, 

Л.Қабдоллина, Р.Хамзиналар ұжым мақтанышы. А.Аққайыр, 

А.Қайдоллаева сынды жас ұстаздардың да бүгінде кейінгі 

толқын жас әріптестеріне айтары бар айтулы ұстаздар. 

Кешегі  өткен  ұлы  мерекелерінде  шәкірттері  қолынан 

құшақ-құшақ  гүл  алған  ұстаздардың  ішінен  қалалық 

білім  беру  бөлімі  басшысы  атынан  құрмет  грамотасымен 

марапатталған 

Г.Аманғалиева, 

Ж.Сарсенова, 

А.Шарауовадай  әріптестерімізді  біз  әрқашан  мақтан 

етеміз,  -дейді  тәрбие  жұмысының  орынбасары  Құралай 

Калиоллақызы. Ендеше, ел ертеңінің кезекті толқындарын 

тәрбиелеп  жатқан  ұлттың  ұлы  ұстазы  есімін  иемденген 

үлкен  ұжымның  әлі  талай  білімнің  биік  шыңынан  көрінері 

анық. 


 ҚАРШЫҒА-ҚАЛҚАН

«Ұстаз деген»

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, 

Ұстаз деген – анасы ол адамның. 

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, 

Сен де одан адам болып жаралдың.

 

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен, 



Бар әлемге еңбегімен еленген. 

Сенің бағың өрге қарай өрлесе, 

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

 

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың, 



Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның. 

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында, 

Ол өзіңнің орындалған арманың.

 

 



Айша МҰҚАТОВА

№ 42 «Ақниет»  гимназиясының  

2 «з» сынып оқушысы

Орал қаласы



Ыбырай Алтынсарин 

(шын  аты — Ибраһим, 1841-

1889) — қазақтың аса көрнекті 

ағартушы-педагогы, жазушы, 

этнограф, фольклоршы, қоғам 

қайраткері. 

Ол 1879-1883 жылдар 

аралығында Торғай облысының 

төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, 

Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер 

ашады. 1883 жылы Торғай 

қаласында қолөнер мектебі 

ашылды. 1887 жылы Ырғызда 

қыздар мектебін ұйымдастырады. 1881 жылы Омбы 

қаласында тұңғыш мұғалімде р мектебін ашқан.

«Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Аурудан 

аяған күштірек» сынды әңгімелері үлгі-өнегеге толы.

тексты 

ӘТАРАС 

БУЛЬБАӘ 

и 

др№

h t t p : / / w w w . i l i b r a r y . r u /

t e x t / 1 0 7 0 / p . 5 / i n d e x . h t m l



жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау