11. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
13. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)
Н - 1, 2- бөлім , 154 – 173 бет
6 - сабақ
1.Сабақтың тақырыбы: Аурухана ішілік жұқпалы ауруды алдын алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары
2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)
3. Сабақ түрі: теориялық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды АІЖА – ның таралу жолдары мен механизмімен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушыларды АІЖА кезінде сақтық шараларын ұстауға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларды АІЖА алдын алу қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Аурухана ішіндегі инфекция .
Аурухана ішіндегі инфекциялар арасында ең көп кездесетіндері
АІИ-ға жататын ауру түрлері
АІИ- тудыратын коздырғыштар
Аурухана ішілік жүкпанын таралу жолдары
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)
Жоспар:
Аурухана ішіндегі ннфекцияның алдын алу
Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз?
Аурухана ішілік инфекцияда амбулаторлық көмек;
Стационарлық медициналық көмекті жүйелі бақылау.
Аурухана ішіндегі ннфекцияның алдын алу.
Аурухана ішініндегі инфекцияның алдын алу үшін емдеу жэне алдын алу мекемелерінде төмендегідей шараларды жүргізеді:
• санитарлық-гигиеналық режим сақтау
• пациенттерді ауруханаға кабылдау тәртібін сактау (пациенттерді битке тексеру, дене кызуын өлшеу, мұрыннан және тамақтан жұғынды алу)
• жиыстыру кұралдарын, дезинфекциялык ертінділерді сақтау
• ережелерін САН ПиН бұйрығы бойынша орындау
• жұмыс киімдерін сақтау ережелерін қолдану
• ауруханадағы пациенттерге санитарлық тазарту жүргізу және киімдер мен төсегін ауыстыру 7-10 күн сайын
• кір киімдерді жинау, сақтау ережелерін бүзбау
• пациенттердің күтуіне колданатын медициналык кұрал-жабдықтарды дезинфекциялау бұйрык бойынша жүргізіледі
• жұқпалы аурулармен ауыратын пациенттерді бақылау, табу, олармен катынаста болған адамдарға бақылау жүргізу уакытын сактау
• тамактандыру режимін кадағалау: ыдыстарды, жиыстыру кұралдарын тазалау, сактау, үйден әкелінген тамакты тексеру
• жұкпалы аурулармен және аса кауіпті аурулармен ауыратын пациенттер болса, бөлімдерде ескерту - схемалары болу керек, онда медициналык кызметкерлерінің жүмыс істеу тәртібі көрсетілген
• жедел жәрдем беру, хабарлау схемасы, керекті жиынтыктар тізбесі
• емдеу және алдын алу мекемелерінде жұмысқа келушілерді тексеріп және зертханалык тексеруден өткізу
• емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию
• медицина кызметкерлерін ЕСМ-нің санитарлык эпидемиялық тәртібі туралы бүйрыктарды және нұсқаулармен таныстырып тұру
Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз - микроорганизмдердің жараға немесе ағзаға түсірумеудің алдын алу мақсатында жүргізіледі. Мысалы: медицина кызметкерлері антисептикалык ерітінділермен қолын жуу, ине егетін орынды тазалау.
Адам денсаулығы - бұл психикалык, физикалық және әлеуметтік әл ауқаттың косындысы. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулық сақтау құқығы Конституциямен бекітілген және Қазақстан Республикасының 19.05.1997 жылғы (17.12.1998 жылғы өзгерістермен, толықтырулармен) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы " заңында жүзеге асырылган.
Амбулаторлык көмек:
1) амбулатория (шағын поселоктың, өнеркәсіптік кәсіпорынның немесе ауылдық жердің түрғындары үшін) немесе фельдшер-акушерлік пункт (ауылдық жерде); амбулаторияда ауруларды қабылдау тек негізгі мамандықтар бойынша жүргізіледі (терапевт, хирург, стоматолог, гинеколог);
2) ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда медициналык кемекті медико-санитарлық бөлім (МСБ) көрсетеді (оның құрамына стационар, емхана, здравпункт, профилакторий кіруі мүмкін);
3) емхана - келген науқастарға, сондай-ақ үйде, аурулардың және олардын аскынуларының алдын - алу бойынша емдеу-профилактикалык шаралар жүргізіледі; барлық мамандық дәрігерлері кабылдайды; лабораторлық, диагностикалық және емдеу бөлмелері бар; науқастарды аныктау, квалифицирленген көмек көрсету, аурушылықты зерттеу, профилактикалык қарау, диспансеризация - аурулардың белгілі бір бөлігінің денсаулығын белсенді бақылау - бойынша жұмыс жүргізеді; диспансерлер - диспансерлік әдіспен жұмыс істейтін ерекше мамандандьфылған емдеу-профилактикалық мекеме, белгілі бір аурумен сыркаттанатын адамдарды емдейді (онкологиялық, психоневрологиялық және т.б.); емдеу жэне алдын-алумен қатар патронаж (науқастарды үйінде жүйелі белсенді түрде бақылау), санитарлы-насихаттық жұмыс жүргізеді;) жоғары квалифицирленген медициналык көмек көрсететін мамандандырылған кеңестік-диагностикалык орталық (көбінесе ірі көпсалалы ауруханаларда, медициналық университеттерде және т.б.); жүктілерді бақылау жұмыстары жүргізіледі; акушерка дәрігерге қабылдау кезінде көмектеседі, жүктілер патронажын жүргізеді, оларды нәрестелерді күтуге және жеке бас тазалығына үйретеді; жедел жәрдем станциясы тәулік бойы жұмыс істейді, түрғьшдарға шүгыл кезде көмек көрсетеді; бригаданы шақыруға езі баратын, өзі алгашқы көмек көрсететін жэне науқасты ауруханага жатқызатын фельдшер басқаруы мүмкін; жедел жэрдем көлігіндегі қазіргі кездегі күралдар стационарға дейінгі жолда шүғыл көмек көрсетуге жэне реанимациялық шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.
Стационарлық медициналык көмек жүйелі бакылауды, емдеу мен тексерудің күрделі түрлерін қажет ететін науқастарга көрсетіледі.
Стационардын түрлері: аурухана - медицина ғылымы мен техникасының соңғы жетістіктерінің негізінде түрғындарга жогары квалифицирленген көмек көрсетеді; көп салалы (әртүрлі ауруларды емдеу үшін) және мамандандырылган (инфекциялық, психиатриялық жэне т.б.) болуы мүмкін; облыстық және республикалық ауруханалар ауыл түрғындарын жогары квалифицирленген медициналык көмекпен қамтамасыз етеді;
2) госпиталь - эскери немесе мүгедек адамдарды емдейтін аурухана;
3) клиника - науқастарды емдеумен қатар ғылыми-зерттеу жүмыстары жэне студенттерді, дәрігерлер мен орта медициналык қызметкерлерді оқыту ісі жүргізілетін ауруханалық мекеме;жалғастыратын стационарлық мекеме; емдік балшыктары бар жайлы климатты шипажаи - науқастардың емш негізінде оны минералдық сулары, жерлерге (курортта) салады.
10. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)
Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.
Тесттер:
1. Аурухана ішілік инфекциянык курылымы қандай?
Вирусты гепатит, ВИЧ-инфекция
Жедел респираторлы ауру, туберкулез, дифтерия
Гастриттер
Іріңді-септикалық инфекциялар
Миокардиттер, перикардиттер
Ішек инфекциялары
Жауаптардың дұрыс комбинациясын анықтаңдар:
А) 1,3,4,5
Б) 1,2,4,6
В) 2,4,5,6
Г) 1,2,3,4
Д) барлық жауаптары дүрыс
2.Наукастардын емдеу мекемелерінде немесе медицина кызметкерлерінін науқастарға көмек көрсету кезінде жұқтырған инфекциялық аурулар қалай аталады.
3. Аурухана ішілік инфекциянын кұрылымындағы қандай инфекциялар манызды орын алады?
Вирусты гепатиттер, ВИЧ-инфекция
Жедел респираторлы ауру, туберкулез, дифтерия
Ішек инфекцнялары
Іріңді - септикалық инфекциялар
4. Аурухана ішілік инфекциялар коздырғыштарының таралуы калай болады?
ұғудың ауа - тамшы жолымен
Жұгудын карым - катыиас жолымен
Сәйкестікті табыңдар:
а) зарарсыздандырылмаған (стерильденбеген) тану материалын колданғанда;
б) инфекция көзі болып табылатын науқастын түшкіруі;
в) лас кол аркылы;
г) көктамырға егу кезінде асептика және антисептика ережелерінің бұзылуы кезінде;
д) ннфекция көзі болатын наукастын жөтелуі кезінде;
е) бір рет колданылатын шприцті кайта колданганда;
ж) операциялық және тану бөлмелерінде масканы кимегенде:
5. Аурухана бөлімшесінде АІИ пайда болған кездегі шаралардын тәртібі қандай?
СЭС-ға АІИ пайда болган жөнінде хабарлау
инфекция көзін оқшаулау және инфекцияның берілу жолдарын жою
инфекция көзін анықтау
СЭС-тін дәрігер - эпидемиологтын толык эпидемиологиялык тексеруі
б.Инфекциянын берілу жолдарын жою мақсатында АІИ кандай алдын алу әдісі колданылады және қандай берілу жолдары бар.
инфекцня таралуынын ауа - тамшы жолында
инфекция таралуынын карым - катынас жолында
Сәйкестіктерді табындар:
а) құралдарды, тану материалын зарарсыздандыру
б) палаталарды кварцтау
в) жедел респираторлы аурумен ауырған наукасты аныктау және окшаулау
г) маска кию
д) мед.кызметкердін колын өндеу
е) сыртқы ортаның әртүрлі объектілерін өңдеу үшін дезинфекция тәсілдерін колдану
7.АІИ көзін аныктау кезінде медбике кандай форманы толтырады?
0 03 у
0 0 І у
058у
004у
8.Адамның инфекцияга сезімталдылығына әсер етпейтін факторды атаныз;
адамның жасы
жагымсыз тамақтар
ағзаның иммунды корғанысынын жеткіліксіздігі
ағзанын созылмалы аурулары
асептика және антисептика ережелерін орындамау
9.Адам ағзасындағы АІИ көп шоғырланатын жерлері:
тері және жүмсак тіндер, зәр шығару жолдары, ауыз, мүрын, жүткыншақ, ішек қуыстары
буындар және бүлшык еттер, бас миы
паренхиматозды мүшелер және сүйектер
тамырлар, нервтер, сіңірлер, байламалар
жүрек, күрсак және плевра қуыстары
Ситуациялык есептер
Хирургтің кол ұшының сырткы жағында кішкене жара бар. Хирургтың колын жаксылап өңдегеннен кейін операцияға кіргізуғе болады ма?
Операциялық бөлмеде істейтін медбикенің санитарлык кітапшасында жұмысқа жіберілмеген белгі бар. Оны операцияға жіберуге болады ма?
Медбике вирусты гепатит В-мен ауыратын науқасқа егу кезінде колына ине шаншып алды. Мұндай жағдайда не істеу керек?
11. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)
Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.
12. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)
Н -1, 2 - бөлім , 154 – 173 бет
7-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Медициналық мекемелеріндегі санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.
2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)
3. Сабақ түрі: теориялық
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды медициналық мекемелеріндегі санитарлы – эпидемияға қарсы шаралармен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушылардың мінезін залалсыз, таза ауруханалық ортасына, емдеу мекемелерінде этикалық – деонотологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушыларда зарарсыздандыру туралы түсінік бере отырып, қазіргі заманға сай зарарсыздандыру түрлерін ажырата білу қабілеттілігін дамыту.
5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.
6. Әдебиеттер:
Негізгі (Н)
1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.
2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.
3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013
Қосымша (Қ)
1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.
7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
Аурухана ішіндегі ннфекцияның алдын алу
Алдын алу (профилактикалык) антисептика дегеніміз?
Аурухана ішілік инфекцияда амбулаторлық көмек;
Стационарлық медициналық көмекті жүйелі бақылау.
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44 %)
Жоспар:
Санитарлы - эпидемиологиялық тәртіптің түсініктемесі
Дезинфекция, асептика антисептика түсініктемесі
Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіптің негізгі мақсаттары
ЕПҮ- дағы медбикенің санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ету
Қазақстандағы ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіпті сақтау негізгі нормативті қүжаттары.
Науқастардың гигиена ережелерін орындау және бөлімше-сінің бөлмелерін санитарлық үстауына байланысты. Науқас ауруханаға түсерде өзінің гигиеналық заттарымен палатаға жа-туға рүқсат етіледі.
Қабылдау бөлімшесінде алғашқы санитарлык өңдеуді өткен педикулезі бар науңас ерекше бақылауға алынады және жеті күннен кейін паразиттерді толық жойғанша қайта өңдеуден өткізіледі.
Жаңа түскен науқаска таза төсек салынады. Оған жеке күтім заттары беріледі: су ішкізетін ыдыс, стакан, түкіргіш және зөр қабылдағыш, дөрет ыдысы.
Жағдайы нашар науқастардың іш киімі және төсек заттары кірлегеніне қарай, калғандарында бір рет жеті-он күн ішінде ауыстырылады.
Кір төсек-орын, киімдер мақтадан жасалынған қаптарда жи-налады. Олар сортталып және сүрыпталып, осы максатка беріл-ген арнайы бөлмелерге өткізіледі. Науқастарға шаштараз қызметі аптасына екі рет көрсетіледі. Науқастар жалпы гигие-налық ережелерін сақтауы тиіс: таңертеңгі жөне кешкі дөрет, тамақ алдында қолдарын жуу. Бөтен төсектерде отыруға болмай-ды. Палатаның ауасын күніне 4 рет тазартады.
Науңас ауруханадан шығарылғаннан кейін жеке күтім заттары жөне оның аурулық киімі мен аяқ киімі дезинфекцияла-нады (кестені қараңыз).
Бөлімше күніне екі рет дымқыл өдісімен дезинфекциялық ерітінділер (0,015% деохлор ерітіндісі) қолдануымен жинасты-рылады.
Жинастыру аспаптары (шелек, шүберек, щеткалар) таңбала-нады жене палатаға, процедуральщ кабинетке, буфетке жөне тағы басқа бөлмелерге белек арналады. Қолданғаннан кейін де-зинфекцияланады (кестені кара).
Барлық ауруханаларда инфекция жүңтырған науқастарды табу жөнінде іс-шаралар жүргізіледі. Осы мақсатпен барлық дене ңызуының жоғарылау кезеңі 5 күнге созылатын безгек-пен ауырғандардың қатаң есебі жүргізіледі. Жүқпалы ауруы-на күдікті болатын науқасты табу кезінде оны дереу палатаға немесе изоляторға (кан тышқақ, вирусты гепатит) оңашалай-ды. Аурухана ішінде инфекция табылса, бөлімшенің барлық кызметкерлеріне кезексіз тексеріс жүргізеді.
Химиялық өдіспен залалсыздандыру дәрілер ішікде көбінесе хлор және оның жарықталған ерітінділері, 0,015, 0,06 % деохлор ерітінділері қолданылады.
Дезинфекцияның сапасын ңараумен баңылау (бөлменің санитарлык жағдайы), химиялық әдіспен (дезинфекциялық ерітінділердің белсенділігін тексеру) жөне бактериологиялық жолмен (егу, жүғынды алу) жүргізіледі. Бөлімшенің аға мейір-бикесі санитарлық-эпидемиологиялық ережелерінің сақталу төртібін бакылайды. Дезинфекцияның сапасы мен дүрыс өткізу жағынан бакылау СЭС (санитарльщ-әпидемиологиялық станция-сы) міндеттеріне кіреді.
Санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп – аурухана ішілік инфекцияның пайда болуына бөгет болатын, эпидемияға қарсы және санитарлы- профилактикалық шараларды ұйымдастыру жүйесі болып табылады.
ЕПҰ-дағы санитарлы- эпидемиологиялық тәртіп- осы мекемедегі науқастарға оптималды гигиеналық жағдайды орнату орнату үшін территориялар мен палаталардың санитарлы тазалығына емдеу мекемелерінің жылуына және вентиляцияны, жарықтығына, жиһаздың және ішкі әрлеуіне аурухананың ғимараты және жерінің жайласуын, жайғасуы бойынша қойылатын талаптарды, және де сонымен қатар аурухана ішілік инфекцияның алдын алуға бағытталған талапты да қамтиды. Емдік мекемелерде санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті сақтауға бағытталған шаралардың негізгі элементтері болып асептика, антисептика бойынша қойылатын талаптарды қатаң сақтау және дезинфекцияны жүргізу болып табылады.
Дезинфекция- сыртқы орта объектілердегі жұқпалы аурудың қоздырғыштарын жоюға болатын заттар мен әдістерді зерттейтін ғылым.
Антисептика – жарадағы, патологиялық ошақтағы немесе ағзадағы микроорганизмдерді жоюға болатын іс – шаралардың жиынтығы.
Асептика – жараға инфекцияның түсуін алдын алуға бағытталған іс – шаралардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасында ЕПҰ- дағы санитарлы – эпидемиологиялық тәртіпті қамтамасыз ететін негізгі нұсқалары әдістемелік құжаттарға мыналар жатады:
СанПиН №8-01-013-03 « Медициналық құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялау. Тәсілдер, құралдар, тәртіптер»;
3.06.2001ж Қазақстан Республикасының СЭС ОМО ұсынысы « Емдік – профилактикалық мекемелерде АІИ- ның алдын алу шаралары»;
СанПиН № 8-01-011-2001 6.03.2001ж « Операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу бойынша шараларды өткізу және ұйымдастыру»;
СанПиН 8-01-083-2002ж « Ана мен бала өмірін сақтау ұйымына және де аурухана ұйымының маңызына және жабдығына қойылған талаптар»;
ВОЗ инструкциясы,1989ж №2 сериясы СПИД « Адамның имунотапшылық вирусы мен әсерлі күресуіне арналған стерилизация және дезинфекция тәсілдері бойынша нұсқау».
Аурухананың негізгі емдік- профилактикалық мекемелерін соғу үшін екі жақты немесе бір жақты кіреберіс жүйесі қолданылады. Туберкулезді және балалар ауруханаларда ашық және жабық балкондар болады, олар науқастардың таза ауада болуына арналған.
Емдеу-профилактик мекемелерін қүрылысында каридор системасы үсынылады. Балалар және туберкулез ауруханаларда ашық және жабық дәліздер және балкондармен қүрылады ол науқастардың таза ауада жүруі үшін. Аурухананың негізгі үяшығы палата болып табылады.Палаталар 1 және 4 керуеттік болып емдеу мекемесінің түріне байланысты. Палатада керуеттің максимал саны 6- дан аспауы керек.
1 Керуетке палатаның 7м2 бөлінуі керек. Палаталардың 10% I керуетгік болып табылады, олар ауыр халдегі науқастар үшін болып табылады. Палаталардың, дәліздердің, бөлімшелердің қабырғасы ашық түстегі бояулар мен боялуы тиіс себебі олардың кірленгені білінуі керек. Майлы бояулармен бояуды ұсынылады себебі ол қабырғалар көп жуылады. Линолеум және пластикпен төселген полдарды күніне бірнеше рет тазалау мүмкіндігі бар.Керуеттердің аралығы бір метрден кем болмауы тиіс,себебі ауруларды көру оларды қозғату және емдік процедураларды жүргізу үшін қажет. Керуерттер никелденген немесе майлы бояумен боялған болуы қажет себебі олар сүртуге ыңгайлы.Ауыр халдегі науқастар үшін функционал керуеттер және жастықшалар қодданылады, себебі науксақа керекті жағдайды жасау үшін, әр керуерттке оттегі және электр сигнал үшін басқыш орнату қажет.Керуерттің жаныңда керуерт маңлы столы болуы қажет, оған науқастың керекті заттары қойылады.Төсек тартып жатқан науқастар үшін қозғалмалы столиктер тамақтану үшін қойылады.
Бөлімшеде құралдарды күтіп ұстау. Күту құралдарына: суартқыштар, грелкалар, мұздатқыштар, шыны эмальданған және резеңкелі Эсмарх табақшасы, дәрет ыдыстары, зәр жинақшалар, мензуркалар, дене, су және ауа температурасын анықтайтын градусниктер, резинадан жасалған дөңгелек қойғыштар, ойық жараның алдын алу үшін қолданылатын матрастар, т.б.жатады. бұл заттар арнайы түрде сақтанылады.
Науқастың күтіміне арналған зттарды стерилизациялау және дезинфекциялау. Дәрет және зәр жинағыш ыдыстарды науқасқа берер алдында олар жылы болу үшін ыстық сумен шаяды. Қолданылғаннан кейін оларды хлорлы әктің 0,5 % % немесе хлораминнің 1% –і ерітіндісінде зарарсыздандырылады. Қолданылған клизма ұштары « лас» деген жазуы бар арнайы шыны ыдыста, ал таза ұштары – сабынмен жуылғаннан кейін қайнататын стерилизаторларда болу керек. Инфекциялық бөлімдерде әр науқастың стационарлардан шыққанға дейін жеке қолданылатын заттар болады.
Ауруханалық құрал – жабдықтар. Аурухана құрал-жабдықтарына, кереуеттер, сөрелер, зембілдер, шкафтар, креслолар жатады. Аурухана құрал – жабдықтарының сақталуына шаруа- медбике жауапты болады. Құрал- жабдықтардың санитарлы тазалығына тазалықшы жауап береді, ал оның жұмысын медбике бақылайды. Бөлімшедегі барлық медициналық, технологиялық, санитарлы-техникалық және басқа да жабдықтар, жиһаз және саймандар әрекеттегі техникалық шарттар мен стандартқа сәйкес болуы қажет. Бұл зарарсыздандыру және ылғалды тазалықты жүргізуге мүмкіндік береді. Науқастарға арналған палаталарда, дәрігерлер мен медбикелердің бөлімшелерінде ыстық және суық сумен жалғастырылған қолжуғыштар орнатылуы тиіс. Әр ір бөлімше механизациясы аз, қажетті және тиісті заттармен қамтылуы тиіс.
Бөлімшенің барлық бөлмелері, құрал – жабдықтары, медициналық және басқа да құрал саймандары таза болуы тиіс. Бөлмелердің ылғалды тазалығы тәуелділігіне екі реттен кем болмауы керек, ал керек болған жағдайда жиірек және жуғыш ерітінділерді және де ҚР ДСМ қолдануға рұқсат етілген қазіргі дезинфектанттарды қолдану керек. Шыны айналар ішкі жағынан айына 1 рет, ал сыртқа жағынан айына -4-6 ррет сүртіледі. Бөлмелерді ылғалды тазалау жұмысына өткізу үшін ұнтақ тәрізді синтетикалық жуғыш заттарды қолдануға болады. Барлық тазартуға арналған жабдықтарда белгілі бір бөлімшені жинау жұмыстарының түрлері көрсетіліп, таңбалануы тиіс,тағайындау бойынша қатаң тәртіппен қолданылады және бөлек сақтанылады.
Палаталардың және басқа да функцияналды, бөлмелердің күрделі тазалығы- қабырғаларды, еденді, барлық жабдықтарды уақытылы жуу және де жиһазды, шаңды, жалюзидегі шаң-тозаңды сүрту сияқты айына бір рет кесте бойынша жүргізілетін іс – әрекеттерді айтамыз. Каридор, дәріхана және басқа да бөлмелердегі қоқысты жинау үшін сауыттар орнатылуы тиіс, ал медико - техникалық процеспен байланысты егу және сол сияқты басқа да бөлмелерге педалді шелектер болуы керек. Стерилдіктілікті , асептика және антисептиканың ерекше тәртібін сақтауды талап ететін бөлмелерді тазалап болған соң және де экспулация процесінде ультра күлгін бактерициді шаңдар мен мерзімді түрді сәулелендіру қажет. Палаталарды тәулігіне 4 рет таза ауамен желдету керек. ЕПҰ- ның бөлмелерінде жылына 1 рет, қажеттілігіне байланысты жиі жеңіл косметикалық жөндеуден өткізілуі тиіс.
Тәртіп ( режим). Ауруханалық тәртіп – науқастардың уақытылы және дұрыс тамақтануын, емдеуін және санитарлы- гигиеналық шараларды қамтамасыз етеді. Күн тәртібіне байланысты бүкіл медицина қызметкерлерінің жұмысы ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |