Курсы: семестрі: Құрастырушы: Тагабаева Л. М



жүктеу 0,86 Mb.
бет2/9
Дата21.11.2018
өлшемі0,86 Mb.
#23195
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Тесттер:

1. Стационарлы емдік мекемелерге кіретіндер:

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек керсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

1) б, в, д, и 2) а, г, д, е, з 3) г, д, ж, к 4) б, г, д, з 5) б, в, и, г, к




  1. Қала типтес ауыл тұрғындарына көмек көрсететін, кұрамында 1-3 дәрігері бар, ауруханадан тыс емдік мекеме_______аталады.

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника
3. Қай емдік мекеме территориалды-бөлімшелі принцип бойынша жұмыс істейді:

а) медициналық-санитарлық бөлім

б) госпиталь

в) диспансер

г) емхана

д) санаториялар


4. Амбулаториялық емдік мекемелерге жатады:

а) емхана

б) санаториялар

в) амбулатория

г) аурухана

д) клиника

е) әйелдер консультациясы

ж) диспансер

з) госпиталь

и) медициналы-санитарлы бөлім

к) жедел көмек көрсету станциясы

Жауаптардын дұрыс комбинациясын таңдаңыз:

1) а, б, д, и, к 2) а, в, е, ж, и, к 3) б, в, г, з, и 4) а, д, ж, и, к 5) б, в, е ж, и
5. Көрсетілгендердің кайсысы топтык наукастарға емдік – профилактикалық көмек көрсетуге арналған емдік - профилактикалык мекеме болып табылады:

1) емхана

2) аурухана

3) жедел көмек көрсету станциясы

4) диспансер

5) клиника


6. Санатория типті мекемелерге жатады:

1) туберкулезге карсы санатория

2) дене шынықтыру диспансері

3) курортты ауыл тұрғындарына арналған емдік пункті

4) әйелдер консультациясы

5) курортты пансионат кызмет ететін емхана


7. Емханаға ұйінен кұйіп калған ауруды алып келді. Сіз медбикесіз, сіздің тактикаңыз? Бұндай ауруды сіз емханада емдейсіз бе?

1) бірінші көмек көрсетпей үйіне кайтару

2) ия

3) қажетті бірінші көмекті көрсетіп, стационарға жіберу



4)жок

5) ауруға ауруды токтататын дәрі беру


8 Патронаж дегеніміз не?

1) үнемі аурулардын үйіне барып тексеру

2) медбикенің жасөспірімдермен жұмысы

3) медбикенің кәрі адамдармен жұмысы

4) медбикенін бөлімшедегі жұмысы

5) профилакториядағы медбикенің жүмысы


9. Қандай ауруларға стационарлы емдеу көрсетіледі?

1) емханадан бағыт алған ауруларға

2) стационарлы-курортты емдеуден өткен ауруларға

3) диспансерлі тіркеуде тұрған ауруларға

4) туб диспансерде тіркеуде түрған ауруларға

5) диагностиканын күрделі әдістерін және жүйелі кадағалауды талап етілетін ауруларға


10. Емдік профилактикалық мекеме нешеге бөлінеді?

1) 3


2) 2

3) 5


4) 6

5) 4
СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР.

1. Ауру түру орны бойынша, емханаға күрсак бөлігінде операцияны талап ететін хирургиялык аурумен шағымданды. Ол қандай емдік мекемеге жіберілуі керек?

2. Ауруды буындар ауруы бойынша стационардан емдеп шығарды. Ауруға ары карай минералды ванналарды және балшыктарды кабылдау үсынылды. Ол кандай емдік мекемеге жіберілуі керек?


11. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады


12. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 1- бөлім , 154 – 173 бет




3– сабақ

  1. Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі медициналық мекемелеріндегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттары

  2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

  3. Сабақ түрі: теориялық

  4. Сабақтың мақсаты:

  • оқыту: оқушыларды әртүрлі медициналық мекемелеріндегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру

  • тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын этика және деонтологиялық нормаларға тәрбиелеу.

  • дамыту: ауруханаларда медицина қызметкерлерінің жұмыс істеу қабілеттілігін дамыту.

5. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013


Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.


7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

- емдік-профилактикалык мекемелердің күрылыс түрлері, олардың кұрылымы;

- жеке ЕПҰ бағыттары;

- ЕПҰ түрлері медбикелік кызметкерлердін негізгі бағыттары;

- медбикенің күкығы мен міндеттері;
9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:


  • Мейірбике процесінің негізгі бес кезеңі

  • Мейірбикелерге квалификциялық сипаттама

  • Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізуі

  • Халі ауыр науқастарды күтімі

  • Адамға керек 14 қажеттілік А.Маслоу бойынша

Мейірбике процесі бұл қазіргі кездегі мейірбикелер ісінің модельдер негізінің түсінігі. Мейірбикелер ісі бойынша оқыту стандартының талабына сәйкес, мейірбике процесі- бұл науқасты күтуді ұйымдастыру әдісі және науқасты мейірбикелік күтуді орындауға және адамның , отбасының, қоғамның, физикалық, психологиялық және әлеуметтік талабын қанағаттандыруға бағытталған шара.

Мейірбикелердің қызметі науқасты дұрыс қарауға және денсаулығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған. Ол үшін мейірбике науқасты жеке жан-жақты қарап, өзінің жұмысын дұрыс ұйымдастырған жағдайда ғана науқас уақытына сәйкес сырқатынан жазылады, ал ол мейірбикелердің әлеуметтік мәртебесін және қоғамдағы абыройын жоғарылатады. Мейірбикелер науқастың алып жатқан әр түрлі ем – шараларына ағзаның беретін жауап реакциясын бақылауы керек және жасалып жатқан шаралар туралы науқастың да пікірін тыңдағаны дұрыс. Мейірбике процесін жүргізуде ең әуелі өзін-өзі бақылауы тиісті және алға қойған мақсатына жеткенін мейірбикенің өзі анықтайды. Мысалы, мейірбике науқасқа ауыратын жерін басатын дәрі салды делік, арада шамалы уақыт өткен соң мейірбике міндетті түрде, оның нәтижесін бақылауы керек.
Мейірбике процесі негізгі бес кезеңнен тұрады:

1-кезең. Мейірбикелердің науқасты зерттеуі немесе тексеруі.

Науқастың денсаулығы жайлы мәлімет жинау, бұл субъективті және объективті сипатта болады. Субъективті әдіске - науқас туралы физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелер жатады. науқастан мәліметті сұрау арқылы немесе бұрынғы тексерілген құжаттары болуы мүмкін немесе дәрігермен болған әңгімелері немесе туыстары арқылы алынады. объективті әдіс – бұл науқастың физикалық жағдайын көзбен көріп, қолмен ұстап тексеріп, оған баға береді. Науқастың бойын, салмағын өлшейді, дене қызуын, тыныс алу санын, қан тамырларының соғуын, артерия қысымын өлшеп анықтайды және оларға баға береді. Бұл кезеңде алынған мәліметтерді мейірбике науқастың ауру тарихына немесе мейірбикенің байқау картасына жазады, бұл мейірбикенің кәсіби дербес қызметтерінің құжаты болып есептеледі.


2-кезең. Науқас мәселесін тұжырымдау және мейірбике диагнозын құрастыру.

Науқас мәселесі қазіргі және алдағы уақытта болатын мәселе болып бөлінеді. Қазіргі мәселеге яғни науқасты дәл қазір не мазалайды, сол мәселе жатады, ал потенциалды мәселе болса, ол дәл қазір жоқ, бірақ кейіннен пайда болуы мүмкін. Кейбір жағдайда науқасты бір емес бірнеше мәселе мазалайды, мұндай жағдайда мейірбике жан-жақты ойланып науқасқа сол мәселелердің ішінде қайсысы өте қауіпті екенін анықтап барып, соған қарсы әрекет жасайды.

Мейірбике диагнозына келетін болсақ, дәрігер диагнозы мен мейірбике диагнозы арасында айырмашылық бар. Дәрігер диагнозы науқаста пайда болған белгілі аурудың негізінде қойылса, ал мейірбике диагнозы науқастың қазіргі немесе потенциалды проблемасына сәйкес науқас ауруының ағзаға берілетін реакциясының негізінде қойылады.
3-кезең. Мейірбикелер күтімінің мақсатын анықтау және мейірбикелер қызметін жоспарлау.

Мейірбике күтімін жоспарлау мақсаты тез арада немесе ұзақ уақыт ішінде жетістікке жетуге бағытталған. Мақсатты қалыптастырғаннан кейін нәтижесін күту, орындалу уақыты, әрекеті және жағдайы. Мысалы: мақсаты - науқас мейірбикенің көмегімен 1- наурызда кереуеттен тұруы керек.



Әрекеті –кереуеттен тұруына жағдай жасау - мейірбикенің көмегімен. Күту жайлы мақсаттарды және міндеттерді анықтағаннан кейін мейірбике егжей тегжейлі етіп жасаған жұмыстарын мейірбикелік ауру тарихына немесе мейірбикелік байқау картасына жазады.
4-кезең. Жоспарлы іске асыру әрекеті.

Мейірбике бұл кезеңде аурудың алдын алу, зерттеу, емдеу, науқасты бұрынғы қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Мейірбикенің араласуы үш категорияға бөлінеді. Категорияны таңдау науқастың мұқтаждығына қарай анықталады. Мейірбикенің тәуелді араласуы дәрігердің нұсқауымен және бақылауымен іске асырылады. Мейірбикенің дербес араласуы дәрігерсіз өзінің ойымен, ақылымен жұмыс істейді. Мысалы, науқасты гигиена жайлы үйрету т.б. Мейірбикенің өзара араласуы – мұнда мейірбике дәрігер мен немесе басқа мамандармен бірігіп жұмыс істейді.


5кезең. Мейірбикелер күтімінің нәтижесін бағалау.

Бұл кезеңде мейірбикенің араласуына байланысты науқас реакциясын зерттеу негізінде іске асырылады. Мейірбикелер күтімінің алға қойған мақсатының жетістігінің дәрежесі төмендегі факторлармен сипатталады:



  • мейірбикенің араласуынан науқастағы реакциялық жауап;

  • мейірбикелер күтімінің, алға қойған мақсатының, жетістігінің дәрежесі;

  • науқас жағдайына мейірбике жәрдемінің нәтижесінің әсері;

  • науқастың жаңа мәселесін бағалау және белсенді түрде оны іздеу.

Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау, алынған анализдің нәтижесін салыстырудың рөлі мен маңызы өте зор.
Квалификациялық сипаттама

Мейірбикелер не білуі керек:

  1. Қазақстан Республикасының конституциясын, этикалық және құқықтық қалпын, адамға, қоғамға, қоршаған ортаға қатынасын реттеуді;

  2. Қазақстан республикасының заңының негізгі және нормативтік құқықтық актілерін, олардың мамандықтарына қатысын, мамандық әлеуметтік маңыздылығын;

  3. Мейірбикелер ісінің міндетін, анықтамасын және мейірбикелер жұмысын, мейірбикелер диагнозын;

  4. Мемлекеттік тілді білу;

  5. Жиі кездесетін аурулардың басты белгілерін;

  6. Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген дәрілердің ағзаға тигізетін әсерін , оның мөлшерін, қолдану тәртібін және сақталу әдісін;

  7. Медицина этикасы мен деонтологиясын;

  8. Асептика және антисептика ережесін;

  9. Медицина құралдарын залалсыздандыру және зарарсыздандыру әдістерін;

  10. Бөлімде тазалық және індетке қарсы ережені орындауды және ұйымдастыруды;

  11. Электр жүйесімен және басқа техникалық аспаптармен жұмыс істегенде олардан техникалық қауіпсіздікті сақтануды;

  12. Емдәмнің қасиеттерін;

  13. Өкімет тарапынан экологияға қарсы жасалынып жатқан шараларды;

  14. Өте қауіпті жұқпалы ауру пайда болған кезде, оған қарсы жасалынатын шараларды;

  15. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда халық арасында үгіт насихат жүргізуді білуі керек.


Мейірбикелер не істей алады:

  1. Реанимациялық жараларды жасай алады;

  2. Жарақат алған жағдайда, анафилактикалық шок болғанда, жүрек ауырғанда, суға кеткенде, асылғанда, күйгенде, үсік болғанда, т.б. жағдайда дәрігерге дейінгі шұғыл медициналық көмекті бере алады.

  3. Медициналық шараларды істей алады:

  • Науқастың салмағын, бойын өлшеуді;

  • Науқасты тасымалдауды;

  • Науқастың дене қызуын өлшеуді;

  • Науқастың демалысын, қан тамырының соғуын санауды,

  • Артерия қысымын анықтауды;

  • Қышаны қоюды;

  • Жылытқышты,мұзды қалтаны қолдануды;

  • Тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көктамырға инъекция жасауды;

  • Қан топтарын және резус – факторды анықтауды;

  • Асқазанды жууды;

  • Тазарту, сифон дәрілі клизмаларды қоюды;

  • Көктамырға система арқылы дәріні тамшы күйінде салуды;

  • Қуыққа жұмсақ катетер салуды;

  • Қан тоқтататын бұрамаларды қолдануды;

  • Оттегін беруді;

  • Зарарсыздандыру үшін қолданылатын ерітінділерді дайындай алады.

  1. Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізе алады:

  1. Асқазанның және он екі елі ішектің сөлін зонд арқылы алуды;

  2. Биохимиялық зерттеуге қан алуды;

  3. Клиникалық, Нечипоренко, Зимницкий әдістерімен зәрді тексеруге алуды;

  4. Үлкен дәретті, ішектегі ұсақ құрттарды, жасырын қанды тексеруге материал алуды істей алады.

  5. Мейірбикелер хәлі ауыр науқастарды күте алады:

  1. Төсек-орын, ішкі киімдерін ауыстыруды;

  2. Науқас терісін, ауыз қуысын, мұрынды, көзді, құлақты күтуді;

  3. Науқастың жыныс мүшелерін тазалауды;

  4. Хәлі ауыр науқастарды тамақтандыру;

  5. Науқас құсқанда, оны күтуді;

  6. Науқастың іші өткенде, оны күте алады.

Мейірбикелер Денсаулық сақтау Министрлігінің бекіткен медициналық жұмысын істей алуы керек.



Адамға керек 14 қажеттілік А.Маслоу бойынша:

  1. Ауа қажеттілігі - қалыпты дем алу. Ауа жетіспегенде адамның дем алысы жиіленіп, адам ентігеді, жөтеледі. Ұзақ уақыт оттегі жетіспесе ұлпалар көгеріп, адамның терісі, шырышты қабаттары көгереді.

  2. Тамақтың қажеттілігі - адамның денсаулығы және көңілі - науқастарға тиімді тамақтануды түсіндіріп, режим сақтау туралы әңгіме өткізу қажет.

  3. Қажетті сұйық - адам күніне - 1,5-2 литр сұйық қабылдауы қажет – су, кофе, шай, сүт, жеміс-жидектер. Осы қабылдаған сұйықтықтар бөлінген сұйықтықты толтырып отырады.

  4. Шығару қажеттілігі - қабылдаған тамақ, сұйықтың жартысы организммен зор және нәжіс арқылы шығады.

  5. Ұйықтау және демалыстың қажеттілігі - аз ұйықтағанда қандағы қанттың мөлшері азаяды, миға қант аз барады, ойлау қабілеті нашарлайды. Адамның тек қана отырып, немесе жатқанда дем алмайды, олар серуендеп жүріп, кітап оқып отырып та дем алады.

  6. Тазалық қажеттілігі.

  7. Киініп және шешіне алу қажеттілігі.

  8. Қызуды бір қалыпта ұстау қажеттілігі.

  9. Денсаулықтың жақсы болу қажеттілігі.

  10. Қозғалу қажеттілігі - адам көп қозғалса, көптеген мөлшермен жүйелердің қызметі бұзылады.

  11. Араласу қажеттілігі.

  12. Табысқа жету қажеттілігі.

  13. Ойлану, оқу, жұмыс істеу қажеттілігі.

  14. Мұрағатқа ие болу қажеттілігі.


10. Жаңа тақырыпты бекіту. 20 мин (22%)

Оқушылардың білім деңгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

  1. Мейірбике ісінің құрамдық бөлігі болып есептеледі:

  1. Дәрігерлік практика

  2. Жеке практикалық медицина

  3. Діни ұйымдар

  4. Денсаулық сақтау жүйесі

  5. Муниципальді медицина




  1. Мейірбикенің міндеттері:

  1. Денсаулықты күшейту

  2. Аурулардың алдын алу

  3. Ауруларды емдеу

  4. Азап пен қиналуды азайту және науқасты күту

  5. Аспаптық зерттеулерді жоспарлап тағайындау

Жауаптары:

  1. 1,3,5

  2. 1,3,4

  3. 1,2,5

  4. 2,4,5

  5. 1,2,4




  1. Мейірбикелік процесс бұл:

  1. Науқастың нақты бір ауруын айқындау

  2. Ем жоспарын құру

  3. Негізгі клиникалық симптомдарды анықтау

  4. Науқастың қажеттіліктерін айқындау, ауруына байланысты оның қиындықтарын белгілеу

  5. Аспаптық зерттеулер жүргізу




  1. Мейірбике ісінің негізгі сипаттамасына жатпайтын процесті табыңыз:

  1. Жоспарлылық

  2. Науқасқа бағытталу

  3. Денсаулыққа байланысты қиындыққа негізделу

  4. Күтім мақсатына жетуге бағытталу

  5. Кездейсоқ немесе ара – тұра емдеу




  1. Мейірбикелік процестің кезеңдеріне кірмейді:

  1. Науқастың жағдайын бағалау

  2. Алынған деректерді талқылау

  3. Мейірбикелік араласуды жоспарлау

  4. Рентгелогиялық зерттеу

  5. Құрылған жоспарды іске асыру




  1. Мейірбикенің тәуелді іс – әрекеті - бұл:

  1. Мейірбике дәрігердің тағайындағандарын орындауы

  2. Науқаспен екеу ара оның қиындықтарын талқылау

  3. Науқасқа оның табиғи қажеттіліктерін орындауға көмек көрсету

  4. Науқастың өзін – өзі күтуге үйрету

  5. Науқастың ауруға реакциясын бақылау




  1. Мейірбикенің тәуелсіз іс – әрекеті - бұл:

  1. дәрігердің тағайындағандарын орындауы

  2. Науқаспен екеу ара оның қиындықтарын талқылау

  3. Инфузиялық терапияны жүргізу

  4. Зертханалық зерттеуді тағайындау

  5. Науқасты өзін – өзі күтуді үйрету.




  1. Науқастың нақтылы қиындықтары – бұл:

  1. Тексеру кезінде анықталған қиындықтар

  2. Болашақта мүмкін болатын қиындықтар

  3. Бұрын болған қиындықтар

  4. Мейірбике мен науқастың өзара қиындықтары

  5. Қаржылық қиындықтар




  1. Науқастың потенциалдық қиындықтары – бұл:

  1. Тексеру кезінде анықталған қиындықтар

  2. Болашақта мүмкін болатын қиындықтар

  3. Бұрын болған қиындықтар

  4. Мейірбике мен науқастың өзара қиындықтары

  5. Қаржылық қиындықтар




  1. Науқастың приоритеттік қиындықтары – бұл:

    1. Тексеру кезінде анықталған қиындықтар

    2. Болашақта мүмкін болатын қиындықтар

    3. Бұрын болған қиындықтар

    4. Мейірбике мен науқастың өзара қиындықтары

    5. Қаржылық қиындықтар


СИТУАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР.


  1. Науқас 44 жаста. Ауырғаннан соң 3-күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, аздап басының ауыратынына, тыныс алудың қиындағанына, көзі көрудің нашарлағанына шағымданып ауруханаға түсті. Үй жағдайында маринатталып консервіленген саңырауқұлақ жеген.

Қарап тексергенде: дене қызуы 38 градус, жалпы жағдайы өте нашар, қимылсыз, ес - түсі қалыпта. Анық байқалатыны – жоғарғы қабағының түсіп кетуі, жеңіл анизокерия, даусының мыңқылдауы анық байқалады, жұтуы қиындаған. Бұл қандай ауру?
2. Бір жасар баланы үйінде қарап тексергенде мейірбике оның дене қызуының 39,2 градусқа дейін көтерілгенін байқады. Балаға дәрігерге дейінгі көмек көрсеткенде қандай манипуляцияны істеуге болады?

11. Сабақты қорытындылау. 5 мин (6 %)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



12. Үйге тапсырма беру. 5 мин (6%)

Н-1, 1- бөлім , 173 – 183 бет



4 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясы

2. Сағат саны: 2 (90 мин -100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

оқыту: Оқушыларға ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясымен таныстыру.

тәрбиелік: Оқушылардың мінез - құлқын аурухана ішінің шарттарына, оның тазалығы бұзылу кезінде этика деонтология заңдылықтарын ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: Ауруханалық жұқпаның пайда болуының алдын алу үшін қажетті іс – шараларды қолдана білу қабілеттілігін дамыту.

5.Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 1, 2, 3 бөлмелер.

6. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1. «Мейірбике ісінің негіздері» Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

2. «Мейірбике ісі негіздері» пәні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы. М.Ш.Нурманова., Ж.Т.Матакова., Э.Т.Беискулова –Қарағанды,2012.

3. «Науқас адамдарды жалпы күту» Санов С.- Қарағанды,2013


Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



7. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

8. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)

  • Мейірбике процесінің негізгі бес кезеңі

  • Мейірбикелерге квалификциялық сипаттама

  • Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізуі

  • Халі ауыр науқастарды күтімі

  • Адамға керек 14 қажеттілік А.Маслоу бойынша


9. Жаңа сабақты түсіндіру : 40 мин (44%)

Жоспар:



  • Аурухана ішілік инфекция мәселелерінін мәні;

  • Аурухана ішілік инфекцияның пайда болу себептері;

  • Аурухана ішілік инфекциясының қауіп – қатер себептері;

  • Медицина мекемелерінде кызметкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету жүйесінде ннфекцияны бақылау программасы;

  • медбикелерді буйрыктар және нормативті кұжаттармен таныстыру.


жүктеу 0,86 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау